Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 11:05, курсовая работа
Ұсынылған бағыт Қазақстан экономикасын дамыту қағидаларына негізделген, ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары Ел Президентімен Қазақстан халқына: «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауында, яғни Қазақстан экономикасын жақсарту және оған серпінді сипат беру, өзара байланысты мақсаттар кешенін шешу көзделді.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламалары.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жолындағы мақсаттар 1997 жылы Президенттің «Шағын бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шаралары туралы» және «Қазақстан Республикасында шағын бизнесті қолдау мен дамытудың жергілікті бағдарламалары туралы» жарлықтарынан бастау алады. Осы нормативтік актілерде мемлекеттік саясаттың осы сферадағы бағыттары көрсетіледі. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың шағын кәсіпкерлікті өолдау координациясы, сондай-ақ олардың халықаралық қаржы институттарымен шағын кәсіпкерлк бағытына техникалық және қаржылық көмек жасау туралы қарым - қатынаста болуы сипатталады. Бұл бағыттарды қолдау Қазақстан Республикасының экономика және сауда министрлігі құрамындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау Агенттігіне жүктеледі. Қазіргі таңда шағын бизнесті қолдау облысындағы қызметтер Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрлігіне тапсырылады.
Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы алғашқы бағыттар мыналар болып табылады:
- халық тауарларын өндірудІ дамыту, импорт, құрылыс материалдарын, әртүрлі құрылғы түрлерін шығару;
- қызмет сферасын дамыту:
- аграрлық жүйе өнімдерін шығару өндірісін дамыту.
Қазіргі таңда Қазақстандағы шағын бизнес жағдайын сандар көрсеткіштері көмегімен қарауға болады. Статистика көрсеткіштері бойынша республикада 2003 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша 442,3 мың шағын бизнес субъектілері тіркелген. Шағын бизнес салмағының мөлшері 17,6 %-ды құрады. Сондай-ақ,республикада шағын кәсіпорын саны да артып келеді, яғни 2004 жылдың бірінші тоқсанында 135 мың шағын бизнес субъектілері тіркелді. Шағын кәсіпорындардың қызмет сферасына келетін болсақ, олардың көп бөлігі (39 %) сауда, автокөлік ремонты, үй заттарын тұтыну жақтарында мамандандырылады. Шағын кәсіпорындардың аздаған бөлігі өндірістік қызметпен айналысады, осы жерде олардың жалпы санының өскендігі байқалады: егер 2003 жылдың екінші тоқсанында 7,9 мың өндірістік шағын кәсіпорындар қызмет етсе, 2004 жылдың екінші тоқсанында олардың саны 8,1 мыңға дейін өсті.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 31 наурызында қабалданған «Шаруа қожалығы туралы» заңы шаруа қожалығының шағын кәсіпкерліктің ерекше пошымы ретінде құрылып жұмыс істеуінің негізін егжей - тегжейлі айқындап берді. Сондай-ақ, кәсіпкерліктің бір пошымы азаматтық - құқықтық және әкімшілік - құқықтық қатынастар субъектісі ретінде шаруа қожалығының құқықтық негізі қосымша жиырмадан астам басқа да нормативтік - құқықтық актілермен реттелетінін атап өткен жөн.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, шаруа қожалығының банктерде есепшот ашу және банкідегі өз ақшасына иелік жасау құқығы бар. Өз күшіндегі заңдарға сәйкес шағын кәсіпкерлік (бизнес) субъектісіне жатқызылған фермерлер шаруашылықтарына мемлекеттік қолдаудың төмендегі түрлері көрсетілуі мүмкін:
1) мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап үш жыл ішінде жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу үшін ақы төлеуден босатылады. Шаруа қожалықтарын мемлекеттік тіркеу ол үшін ақы төлемей, өз басы келіп тіркелу сипатында болады;
2) табиғи монополист кәсіпорындардың қызметін монополияға қарсы реттеуді қолдана отырып, электр энергиясымен, жылумен, сумен жабдықтау жөнінде қосылатын қуаттар үшін ақы төлеуден заңдарға көзделген тәртіп пен жағдайда босатылады;
3) мемлекет қатынасын екінші деңгейдегі банктерде ақы алынбай есепшот ашылады;
4) жеке кәсіпкер ретінде бухгалтерлік және статистикалық есептерді оңайлатылған тәртіппен береді;
5) салық заңдарына сәйкес табыс салығын салық патенті негізінде не салықтың белгіленген сомасын, не салық базасын анықтау мен салық есебін жүргізудің оңайлатылған жүйесі байынша төлейді;
6) шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мемлекеттік мұқтаждар үшін тапсырыстарды орналастыру (беру) кезінде басым құқықпен пайдаланады;
7) тиісті жылға аралған мемлекеттік бюджетте шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық қолдау шеңберінде белгіленген шекте статистикалық және ақпараттық қызметті, сондай-ақ, ғылыми - техникалық таңдамалар мен технологияларды жеңілдікті шартпен алады;
8) шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін көзделген қаражат есебінен кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ісін жүргізеді.
Шағын кәсіпкерліктің қаржы мөлшерін иеленудің бір жолы аудандық несие серіктестігін құру болмақ. Ұлттық банк өзінің басқармасының 2000 жылғы 29 шілдедегі Қаулысымен Әділет министрлігінде «Несие Серіктестіктері туралы» ережені тіркеуден өткізді. Ұлттық банк Ауылдық коммандиттік несие серіктестігінің үлгі түріндегі жарғысын мақұлдады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі күрделі экономикалық жағдайында жекелеген шаруа қожалықтарының қиыншылықтары жетіп артылады. Бұл қиыншылықтарды жеңу жолдарының бірі - олардың неғұрлым ірі шаруашылық пошымына бірігуі. Атап айтқанда, олар ерікті негізде кәсіпкерліктің өндірістік кооператив, қоғам, серіктестік секілді ірі ұйымдық -құқықтық пошымдарына бірігуінде болады.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы жаңа заң еліміздің құқықтық, саяси және экономикалық жүйесінің дамуының жаңа кезеңін ескере отырып, жаңа өкілеттіктер белгіледі. Оларды біліктілікпен жүзеге асыру, әсіресе кәсіпкерлік сияқты аса маңызды және үнемі дамып отыратын салада, басқарушылық және құқықтық сауаттылыққа, олардың жаңашылдық қабілетіне және ең бастысы - бастамашылдығына байланысты болып табылады.
2.2 Шағын бизнесті несиелендірудің қалыптасқан механизмін
талдау
Кәсіпкерлік - бұл қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын әлеуметтік - экономикалық шарттардағы инновациялық өндірістік форма болып табылады. Қазақстандағы жаңа экономикалық жүйенің құрылуы шағын кәсіпкерлік қызметінің, соның шағын, орта және ірі (корпоративті) кәсіпорындар қызметіндегі өндірістік - коммерциялық масштаб байынша олардың өзара әсер ету қарым - қатынасындағы бір жақты реттеуін көрсетеді. Шағын кәсіпкерлік іскерлік өмірдегі негізгі құрал болып саналады. Тұтынушылар мен өндіріс тауары бола отырып, шағын кәсіпорындар нарық тербелісіндегі көптеген өзгерістерге әсер ететін көптеген факторлардың бірі болады. Шағын кәсіпкерлік негізгі рөлді аймақтық экономикада алады. Аймақтар әкімшілдік - территориалдық, әлеуметтік - экономикалық дамуды көрсететін меншік элементтерінің өзара қарым - қатынасы арқылы жүретін басқару жүйесінің негізгі элементі болып табылады. Сондықтан да, шағын бизнестің және аймақтың әлеуметтік - экономикалық дамуы, біріншіден еңбек, материалдық техника, табиғи, қаржылық және ақпараттық ресурстарын қолдануға, екіншіден аймақтық экономиканы басқару жүйесіндегі ұлттық экономиканың ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттарын бағдарлауға байланысты. Аймақтық басқару жүйесі шаруашылық субъектілерінің өзара қарым - қатынас орнатуына, сондай-ақ нарықтың жеке, корпоративті қатысушыларына экономикалық және әлеуметтік нәтижелермен қамтамасыз ету жүйесі болып табылады.
Сондай-ақ, шағын бизнесті несиелендірудегі негізгі жетістіктер оны дамытудағы маңызды бөлшектерді иеленеді. Осыған байланысты шағын бизнесті несиелендіру бұл экономиканы одан әрі дамытудағы аса маңызды ерекше орынды көрсетеді.
1-кесте Шағын бизнес кәсіпорындарының саны
2004 жылдың 1 қазанына
| тіркелгені | жұмыс істеп тұрғандары | ||||
бірлік | қорытын дысына % - бен
| барлығы | олардан белсенділері | |||
бірлік | қорытын дысына % - бен |
бірлік | Қорытындысына % - бен | |||
Қазақстан Республикасы Ақмола Ақтөбе Алматы Атырау Шығыс Қазақстан Жамбыл Батыс Қазақстан Қарағанды Қостанай Қызылорда Маңғыстау Павлодар Солүстік Қазақстан Оңтүстік Қазақстан Астана қаласы Алматы қаласы | 140921
4579 5532 6083 3588 9276 4136 2981 8963 5457 2699 3830 6839 3247 12900 11458 49553 | 100,0
3,2 3,8 4,3 2,5 6,6 2,9 2,1 6,4 3,9 1,9 2,7 4,9 2,3 9,2 8,1 35,2
| 99993
3337 4218 4451 3148 6650 2904 2555 6430 4252 2265 3149 5262 2669 8658 9428 30617 | 3,3
100,0 4,2 4,5 3,1 6,7 2,9 2,6 6,4 4,3 2,3 3,1 5,3 2,7 8,7 9,4 30,5 | 49635
2447 1890 3226 1331 3663 1116 1377 3002 2218 1424 1387 2675 1402 3898 4476 14103 | 100,0
4,9 3,8 6,5 2,7 7,4 2,2 2,8 6,0 4,5 2,9 2,8 6,4 2,8 7,9 9,0 28,4 |
Шағын бизнес кәсіпорындарының 1000 тұрғынға шаққандағы саны кәсіпкерліктің даму деңгейінің әлемдік тәжірибеде қабылданған көрсеткіші болып табылады. Шағын бизнестің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарының, сондай-ақ шаруа қожалықтарының өңірлер бөлінісінде Қазақстанның 1000 тұрғынға шаққандағы саны төмендегі кестеде берілген.
2-кесте Өңірлер бойынша шағын бизнес кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарының 1000 тұрғынға шаққандағы саны
2004 жылдың 1 сәуіріне
| шағын бизнес кәсіпорындары 1000 тұрғынға шаққанда | шаруа қожалықтары,ауылдық жердің 1000 тұрғынына | ||
жұмыс істеп тұрғандары | олардан белсенділері | тіркелгені | олардан жұмыс істеп тұрғандары | |
Қазақстан Республикасы Ақмола Ақтөбе Алматы Атырау Шығыс Қазақстан Жамбыл Батыс Қазақстан Қарағады Қостанай Қызылорда Маңғыстау Павлодар Солтүстік Қазақстан Оңтүстік Қазақстан Астана қаласы Алматы қаласы
| 6,3 4,7 5,8 2,7 6,5 4,4 2,8 4,1 5,0 4,5 3,6 8,6 8,6 3,7 3,7 16,5 24,0 | 3,2 2,6 2,4 2,0 2,9 2,5 1,2 2,2 2,3 2,4 2,2 3,7 3,7 1,9 1,4 8,0 12,1 | 25,6 11,2 15,4 35,6 7,6 22,3 20,5 10,9 25,3 18,7 7,3 8,6 13,5 14,2 46,6 0,0 0,0 | 20,7 7,0 10,8 28,8 4,6 21,2 15,8 8,1 21,0 9,9 2,9 4,1 8,8 10,9 41,0 0,0 0,0 |
Халықтың кәсіпкерлік белсенділігі Алматы (1000 тұрғынға шаққанда 24 кәсіпорын) және Астана (16,5 кәсіпорын) қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау (8,6 кәсіпорын) және Павлодар (6,9 кәсіпорын) облыстарында аса жоғары. Шаруа қожалықтары бойынша Оңтүстік Қазақстан (ауылдық жердің 1000 тұрғынына шаққанда 46,6 шаруа қожалығы), Алматы (35,6) және Қарағанды (25,3) облыстары көзге түседі.
2004 жылдың 1 сәуіріне есептік деректер бойынша республиканың шағын бизнес кәсіпорындарында жұмыс істейтіндер саны 2003 жылдың 1 сәуіріне қарағанда 4 %-ға өсіп, 481,9 мың адамды құрады. Барлық жұмыспен қамтылғандардың 32 %-дан астамы - сауда, автокөліктерді, тұрмыстық бұйымдарды және жеке адамдар пайдаланатын заттарды жөндеу саласына қатысты шағын бизнес кәсіпорындарында, 15,3 %-ы өнеркәсіпте, 14,9 %- ы - құрылыста болып табылады.
Осы көрсеткіштерді негізге ала отырып, республиканың шағын бизнес субъектілерінің экономикада қандай орын алатынын айқын көруге болады. Сондай-ақ, экономиканың күннен - күнге өркендеп дамып келе жатқанын да мемлекеттің жасап отырған қызметтерінен көруге болады.
Сонымен бірге қазіргі таңда елімізде шағын бизнесті несиелендірудің жаңаша шарттары жасалып, олар бойынша көптеген мақсатты бағыттыр жүзеге асырылуда деп айтуға болады.
3-кесте 2004 жылғы қаңтар-қыркүйекте өңірлерді өнім өткізуден түскен табыс бойынша бөлу
Өңірлер | Облыстар, қалалар | Жалпы табыстағы үлес салмағы,%-бен |
Қазақстан Республикасы Орталық Батыс
Шығыс
Солтүстік
Оңтүстік
Астана қаласы Алматы қаласы |
Ақмола,Қарағанды Ақтөбе,Атырау,Батыс Қазақстан,Маңғыстау Алматы,Шығыс Қазақстан
Қостанай,Павлодар,Солтүстік Қазақстан Жамбыл,Қызылорда,Оңтүстік Қазақстан Астана қаласы Алматы қаласы | 100,0 8,2
11,7 13,9
13,3
6,9 8,8 37,2
|