Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 08:55, курсовая работа
Бүгінгі таңда біздің мемлекетіміздің экономикалық жағдайы даму үстінде. Қазіргі кезде көптеген экономикалық мәселелердің басын анықтауда ақша теорияның мәні зор болып табылады. Қандайда болмасын уақытында сай жаңа қоғамдық жүйе мемлекеттің реттеуінде болады. Сол сияқты ақша теорияларының қаншалықты дамуына байланысты барлық экономикалық, әлеуметтік мәселелерінің шешімі табылады. Осыған байланысты қазіргі кездегі экономика саласының актуальді мәселелерінің бірі болып, ақша теорияларының қазіргі кезіндегі даму деңгейі табылады.
Кіріспе..................................................................................................................3
1 Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні.............................3
1.1 Ақшаның даму тарихы..................................................................................5
1.2 Ақшаның атқаратын қызметтері,олардың мазмұны ...................................9
1.3 Ақшаның түрлері мен қазіргі формалары .................................................15
1.4 Ақшаның қажеттілігінің анықтамасы ............……………....……...........
2 Ақша теорияларына сипаттама.....................................................................20
2.1 Ақшаның металдық теориясы......................................................................20
2.2 Ақшаның номиналистік теориясы...............................................................23
2.3 Ақшаның сандық теориясы..........................................................................25
Қорытынды............................................................................................................28
Пайданылған әдебиеттер тізімі..............
Ақшаның тауар айналысында
атқаратын екінші қызметі-айналым
құралы. Басқаша айтқанда тауарлардың
бір-бірімен айырбасталғанда
Осындай мүмкіндіктердің нәтижесінде жекелеген айырбас актілері араласып, түйісіп, біртұтас тауар айналысы процесін құрайды. Осы процестер барысында ақша бірініші, екінші, үшінші кісіге және т.с.с. қолдан қолға өтіп, ақша айналысын құрайды. Сөйтіп ақша айналыс құралы ретінде сансыз сатып алу, сату процестеріне қызмет көрсетіп, үнемі айналыста жүреді.
Ақшаның айналыс құралы қызметінің ерекшеліктері:
Демек, ақшаның айырбас
құралы қызметін аз ғана уақыт атқаруы
және тауар ақша айналымының шапшаңдығы
толық құнды металл ақшалардың орнына
жүретін кембағалы монеталар, кейін
қағаз ақшаларды қолдануға
Ақшаның төлем құралы қызметі тек тауар айналысын қамтумен шектеліп қоймай, сонымен бірге ақша қаржылық және несиелік қатынастарға да қызмет көрсетеді. Барлық төлемдерді төмендегідей топтастыруға болады:
Ақшаның төлем құралы қызметтінің айналыс құралы қызметінен өзгешеліктері бұл қызметінде ақша сатып алу сату процестерін аяқтайды және қолма қол ақшамен қатар несие ақшалары жүреді. Дамыған нарық жағдайында ірі сауда келісімдерінде ақша көбінесе төлем құралы ретінде қолданылады. Ақша төлем құралы қызметін орындауға байланысты айналысқа қажетті ақша мөлшері, яғни ақша айналысы заңы толық мәңге ие болады. Атап айтқанда тауар несиеге сатылғанда айналысқа қолма қол ақша түспейді. Сондықтан ол айналымға керек ақша мөлшерін азайтады. Бірақ төлем уақыты келгенде қарызды өтеу үшін айналымғаақша қажеттілігі өседі. Ал айналымға қажетті ақша мөлшері өзара өтілетін міндеттемелер сомасына азаяды. Егер айналымның бір буынында қарыз міндеттемелері бойынша уақытында төлемдер түспесе, онда ол төлемеушіліктің тізіміне іліктіреді. Сөйтіп ақшаның төлем құралы қызметі несие қатынастары мен несие жүйесін дамытты. Ол алтын ақшаны айналыстан ығыстырудың тағы бір айғағы.
Ақшаның келесі қызметі - қор жинау және байлық құру құралы. Ақшаның айналыс және төлем құралдарын қызметін орындауы үшін қажетті мөлшерде белгілі бір уақытқа ақша қорын жинау керек. Әртүрлі жағдайларға байланысты тауар айналысы тоқтап қалуы мүмкін. Осының нәтижесінде ақша айналысы да тоқтап белгілі бір тауарларды сатқаннан соң ақша жиналып қалады. Тауар айналымының үзіліссіз бір қалыпта жүруі үшін қажетті ақша мөлшері өзгеріп отырады. Сондықтан бір кезде айналысқа қосымша мөлшерін қосып, кейде керсінше ондағы ақшаны шығару қажет болады.
Айналым құралдарын және тұтыну заттарын сатып алуға қағаз немесе несие ақшалары қолданылады. Ақша қорын жинау ұйымдардың жинақтары және адамдардың жеке жинақтары түрінде болады. Бұлардың біріншісіне кәсіпорындардың, ұйымдардың банктердегі есеп және дипозиттік шоттарындағы ақша қаражаттарының қалдығы түріндегі жинақтар. Ал екіншісіне халықтың банктердегі мемлекеттік облигациялардағы және тағы басқа салымдары түріндегі жинақтары жатады. Несие механизмі арқылы ұйымдар мен халықтың жинақ қаражаттары банктік несие түрінде қайтадан айналымға түседі. Сөйтіп елдің ішкі қажеттілігін өтеуге толық құны жоқ ақша, яғни қолма қол ақша және несие ақша қорлары қызмет көрсетеді.
Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы. Шаруашылық байланыстарының интернационалдануы, тауар және ақша айналысының ұлттық шеңберден шығып, әлемдік нарықтың пайда болуына әсер етті. Бұл экономикалық қатынастар ақшаның дүниежүзілік қызметінің алғышарты. Сондықтан ақша халықаралық сауда-саттыққа қызмет көрсетеді. Ақшаның бұл қызметі қоғамның капитализмге дейінгі сатыларында пайда болып, әлемдік нарық тұсында кең өрістеуде. Бұл нарықта ақша өзінің ұлттық мундирын шешіп, яғни алтын құймасы формасында айналысқа түседі. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін тек алтынға бекітті. Сол кезде алтын дүниежүзілік ақша ретінде таңылып, үш түрлі бағытта қолданылуда. Атап айтқанда:
Айта кетеін жәйт, дүниежүзілік ақшаның түрлерінің өзгеруі ұлттық ақша белгілерінің бастапқыда металл ақшадан біртіндеп несие ақшаларына өту жолдарын едәуір кешігіп барып қайталауда.
Кейбір елдердің ұлттық
ақша белгілеренің дүниежүзілік ақша
ретінде қолданылуының
Біріншіден, бұл елдердің дүниежүзілік сауда мен несие қатынастарында жоғарғы үлесті салмағы бар.
Екіншіден, бұл елдердің басқа елдерге айтарлықтай несие беруге мүмкіндігі бар.
1.3. Ақшаның
түрлері мен оның қазіргі
Ақшаның айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яни ақша біртекті масса болып табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен бірге айналым шарттары бойынша алуан түрлі болып келеді. Іс жүзінде ақшаның формасы дегеніміз- ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас құны, ол айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауарларға, бағалы металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар, қағаз және несиелік ақшалар баршаға аян.
Ақша өзінің даму барысында екі түрге бөлінеді толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.
Толық құнды ақшалар номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.
Мұндай ақшаларға металл ақшалар, сонын ішінде: мыстан, күмістен, алтын жасалғандар жатады. Металл ақшалар әртүрлі формада болған монета түріндегі формасы. Бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы аверс, артқы жағы реверс және гурт деп аталады. Алтын айналысына бірқатар елдерде ХХ ғасырдың екінші жартысында бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің орталарымен бірге ағылшын елі алған.
Алтын айналысы тұсында
құнның қағаздай белгілерінің пайда
болуының мынадай объективтік
Алтын айналысы не бары Бірінші Дүниежүзілік Соғысқа дейін болды. Және соғысушы елдер өзінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Сонын нәтижесінде біртіндеп алтын айналыстан шыға бастады.
Толық құнсыз ақшалар- номиналдық құны нақты құннан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар. Оларға мыналар жатады:
Ақша өзінің даму эволюциясында мынадай сатыларды өтті:
Металл ақшалар- толыққұнды, нағыз ақшалар, олардың номиналдық құны нақты құнына, яғни өздері дайындалған металл құнына сәйкес келеді. Олар монета түрінде шығарылады.
Монета –бұл заңмен бекітілген формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы бар металдан дайындалған ақша белгісі.
Мемлекет монетадағы таза металдың құрамын, салмағын, массасын, типін, эмиссия ережесін және т.б. белгілейді.
Метал ақшалар өз дамуында ұзақ жол жүрді, яғни олар мыс монета түрінде біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ-ІІ ғасырларда Римде пайда болды. Ең алдымен белгіленген салмағы және пробасы бар және сәйкес таңбалармен бекітілген металл құймалар айналымға шыққан.
Алғашқы монеталар біздің дәуірімізге дейінгі VІІ ғасырда Лидия мемлекетінде құйыла бастады, ал біздің дәуірімізге дейінгі 279-жылы Римде металдың стандартты бөліктері монета деп аталды.
Өз бейінін монетада кескіндеген тұлға А. Макендонский болды.
Айналымға сәйкестірілген, стандартты монаталардың еңгізілуі ақшалардың толық көлемде құн шамасының қызметін, айналым мен жинақтау құралы қыметін атқаруы үшін жағдайлар жасады. Монеталардан да, сонымен бірге өте арзан түсті металдардан және олардың қоспаларынан дайындалады.
Монаталарды құю, эмиссиясы ретінде қарастырылады. Эмиссия латындық «emissio» сөзінен аударғанда «шығару» мағынаны береді. Ақшаның эмиссиясы –бұл ақша белгілерінің барлық түрлерінің айналымға шығару, ол айналымдағы ақша массасын ұлғайтуға бағытталған.
Ақшаның ролі тарихи тұрғыдан алтынға бекітілген. Алтынның барлық басқа тауарлар құнын өрнектеу қасиеті шынайы табиғи қасиет болып саналмайды. К.Маркс табиғат ақшаны жасамайды деп атап көрсеткен. Бұл қасиет алтынға қоғам тарапынан беріледі. Алтын жалпы балама ролін атқару үшін өте сәйкес келетін тауар болып саналады, ол мыналарға байланысты болады:
Біріншіден, тұрақты, әдемі, жеңіл, шығынсыз бөліну сияқты табиғи қасиеттеріне;
Екіншіден, оның жоғарғы құны бар,
яғни басқа металдармен
Алтының негізгі өндірушілері болып Оңтүстік Африка Республикасы, Ресей, Өзбекстан саналады.
Құнның қағаздан жасалған белгілері екіге бөлінеді. Қағаз ақшалар және несиелік ақшалар.
Қағаз ақшалар-бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктермен байланысты.
Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысу себептері төмендегідей:
Қағаз ақшалар тапшылығын жабу үшін шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.
Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне байланысты шығарылуымен түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді. Олардың құнсыздану себептеріне айналысқа басты артық қағаз ақшалардың шығарылуын эмитентке деген сенімнің төмендеуін және төлем балансының қолайсыздық жағдайын жатқызады. Мұнын барлығы бағаның өсуіне әкеліп соқтырады. Халықты әлеуметтік жағынан қорғауды қамтамасыз ету үшін үкімет жалақыны, зйнетақыны, жірдемақыны өсіріп отырады. Халық тұтынатын тауарлардың бағасы өспейінше баға өсе береді. Баға-жалақы-баға... деген тіздек айнала береді. Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы экономикаға тән нәрсе.
Информация о работе Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні