Ақша теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2012 в 10:57, курсовая работа

Краткое описание

Ақша туралы осы уақытқа дейiн талай – талай шығармалар жазылып, ақшаны бiреулерi пайдалы тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын тигiзедi деп даттауда. Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi, ол бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе, ал бiреулердi қайғылы оқиғаға ұшыратады.
Сонымен, ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.

Содержание работы

Кiрiспе

І-тарау. Ақшаның мәнi, қызметтерi және ақша айналысы

1.1. Ақшаның шығу тегi
1.2. Ақшаның экономикалық мәнi және ақшаның қызметтерi
1.3. Ақша айналысының жалпы сипаттамасы

ІІ-тарау. Ақша теориясының дамуы және ақша жүйесi

2.1 Ақша теориясының дамуы және олардың айналысы:
а) Ақшаның металдық теориясы
б) Ақшаның номиналистiк теориясы
в) Ақшаның сандық теориясы

2.2 Ақша жүйесi жөнiнде түсiнiк, элементтерi мен
түрлерi

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

Акша теориясы.doc

— 189.50 Кб (Скачать файл)

Несиелiк және қағаз ақшалар қазына жинау құралы қызметiн атқара алмайды,  себебi олардың меншiктi құны жоқ.  Бiрақта осы қызмет негiзiнде олар қорлану қызметiн жүзеге асырады.

Ақша айналыс саласынан уақытша шығып қалғаннан кейiн олар қорлана бастайды. Қорлану қызметiнде ақша өзiнiң сол формада сақтай отырып,  олар кез-келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым құралы ретiнде түсе алады.  Шынында да бұл елдегi ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында, яғни инфляцияның болуына байланысты ғана мүмкiн.

Тауар өндiрiс жағдайында қорлану екi формада жүредi:

       кәсiпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттiк шоттарындағы ақшалай қаражат қалдығы түрiнде ұжымдық қорлану;

       банктердегi салымдар, мемлекеттiк облигациялар.

Несиелiк механизмнiң арқасында кәсiпорындар мен халықтың ақшалары банктен берiлетiн қарыздар түрiнде қайтадан айналыс процесiне түседi.  Сөйтiп, ақшалар бұл қызметiнде ұлттық табыстың қалыптасу , бөлу және қайта бөлу процесiне дәнекер болады.

Дүниежүзiлiк ақша қызметi.   Тауар шаруашылығының кеңеюi, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы,  дүниежүзiлiк нарықтың пайда болуы дүниежүзiлiк ақшалар қызметiнiң пайда болуына сбеп болады.  Дүниежүзiлiк ақшалар интернационалдық құн өлшемi, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретiнде қызмт етедi.

Бұл қызметтi бастыпқыда толық бағалы ақшалар(алтын) , ал кейiннен нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарады.  1867 жылы Париж келiсiмi дүниежүзiлiк ақша қызметiн алтынға балап бекiттi.

Егер де елдiң iшiнде ұлттық ақша бiрлiктерi формасында қызмет етiп жүрер болса, ал одан тысқары жерде К. Маркстiң айтуынша: “ақшалар өзiнiң ұлттық киiмдерiн шешiп, бастапқы қымбат бағалы металл формасын киедi” , яғни жалпыға бiрдей эквивалент формасына өтедi. 

Бiрақ алтын айналысы тұсында да ағымдық халықаралық есеп айырысуларға алдынғы елдердiң ұлттық валюталары қызмет етедi. 1913 ж. Халықаралық есеп айырысулардың 80%-зы ағылшын фунт стерлингiнде бейнеленген аударым вексельдер көмегiмен жүзеге асырылады, ал алтын халықаралық есеп айырысулардың қалдығын жабуға ғана қызмет еттi.

Бреттон – Вудстағы (1944 ж)  мемлекетаралық келiсiмге келу,  доллар мен фунт стерлингке резервтiк валюталар мәртебесiн бердi.  Кейiннен дүниежүзiлiк ақшалардың жаңа формалары:  СДР – арнайы қарыз алу құқығы;  ЭКЮ – еуропалық есепке алу бiрлiгi  пайда болды.  Ал 1999 ж.  1 қаңтарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық елдердiң ортақ ақша бiрлiгi “еуро” айналысқа шықты.

Демек,  дүниежүзiлiк ақшалардың дамуы ұлттық ақшалардың металл ақшадан несиелiк ақшаға өту жолын кеш те болса қайталауда.

Қазiргi уақытта дүниежүзiлiк несиелiк ақшалардың жобалары жасалуда, бiрақ одан әлi нәтиже жоқ.  Енгiзiлген шартты есептеу бiрлiктерiнiң ( СДР,  ЭКЮ)  өзiндiк меншiктi құндары жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде дүниежүзiлiк ақшаның қызметiн атқара алмайды . Бұл қызметтi тек қана алтын нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады.

 

 

1.3    Ақша айналысының сипаттамасы.

 

Қайта құру кезеiне дейiн “ақша айналымы” мен “ақша айналасы” ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма – қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендiктен ол қолма – қол және қолма – қолсыз айналым мағынасын сипаттайды.

Ақша белгiлерi әр түрлi жағдайда қамтамасыз етiледi. Қолма – қол ақша тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етiлсе,  қолма – қолсыз ақшалар – бөлуге арналған өндiрiс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етiледi.

Мұндай жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында ғана мүмкiн болады, себебi ол уақытта кәсiпорындар мен халықтың қолында ақша қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны белгiлi болған. КСРО-ның таратылуына, бағаның босатылуына,  меншiктiң мемлекет иелiгiнен алынуына және т.б. байланысты жүзеге асыру асыру мүмкiн емес болып қалды.

Ақша айналысы мен ақша айналымы арасында шек жойылды. Тауар айналысы процесiндегi қолма – қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезiнде қызмет көрсету, сонымен бiрге кәсiпорындар мен қаржы несие мекемелерiнiң арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша айналысы деп аталады.

Ақша айналысының объективтi негiзi – тауар өндiрiсi мен тауар айналысы болып табылады. Құн формасыныңөзгерiп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшiн қолданылуы , ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкiндiк жасайды.

Бiрақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екi процесс бiр-бiрiнен жекешеленiп жүредi. Тауарлар , оларды сатып алғанан кейiн, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүредi.

Айналыста жүре отырып ақша әрi айналыс құралы, әрi төлем құралы функцияларын атқарады. Сонымен,  тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мүмкiн. Өз кезегiнде , қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшiн қолданылуы мүмкiн.

Жалпы ақша айналысының көлемi тауар бағаларының соммасынан әрдайым  артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуi тек сатып алу – сатумен шектелмейтiнi түсiндiрiледi.  Ақша еңбекақы, зейнетақы төлеу үшiн, бюджетке төлемдер аударку үшiн, банктен қарыз алу үшiн және т.б. мақсаттар үшiн қолданылады.

Ақша айналысың реттеудiң маңызды элементi - қолма – қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келедi. Бұл мәселе бiздiң елiмiзде кәсiпорындар арасындағы есеп айырысулардан қолма-қол ақшаның шектеу , есеп айырысу чектерiн ендiру арқылы ғана шешiледi.

Банк жүйесiн реформалау және ақша банкнотасын өндiруге байланысты өзiнiң меншiктi қуатын енгiзуi, Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты жағдайды түбiрiмен өзгерттi.  Осыған байланысты 1992 – 1993 ж.ж.  қолма-қол ақшаның тапшылығы тұсында енгiзiлген директивтi саясаттың орнына Республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдiстерiнiң алғышарттары жасалынды.

Дамыған елдерге бұл процесс кеңiнен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз ақша айналысы өрiс алып жатыр.  АҚШ – та халықтың есеп айырысуларының 25-27%- зы ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны чек, несиелiк карточталар т.б. көмегiмен жүргiзiледi. Өмiрлiк тәжiрибе көрсеткендей , ақша айналысын ақша айналымынан бөлуге болмайды.  Ақша айналымын қолма-қол және қолма- қолсыз деп қана қатаң түрде шектеудi ғалымдар онша қабылдай қоймады.

Бұл екеуi өзара тығыз байланыста, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналысында қолма – қолдан қолма қолсыз ақшаға (және керiсiнше) өтедi.  Мысалы, кәсiпорынның бөлшек саудасынан түскен түсiм банкке түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражатарына айналады да, ол бұдан өз жiктеулерiне ақша аударуы мүмкiн.

Сонымен,  бүкiл ақша айналысы : қолма – қол және қолма – қолсыз ақшалар болып бөлiнедi.  Сондай-ақ:

       өнiмдi өндiру және сату процесiн , яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;

       тауалы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы ;

       ақша айналысы бiрнеше тарихи кезеңдерден өттi және металл,  қағаз , несие ақшалар көмегiмен жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-тарау.  Ақша теориясының дамуы және ақша жүйесi

 

2.1   Ақша теориясының дамуы және олардың айналысы:

 

а)  Ақшаның металдық теориясы 

 

              Бұл теорияның өкiлдерiне капиталдың алғашқы қорлану кезеңiндегi меркантелистер ( Т омас Мэн, т.б.)  жатады. Оларға қоғамның байлығын ақшамен өлшеуге,  сонымен қатар ақшаны бағалы металдармен бiрдей деп санау тән болған.  Олардың пiкiрiнше қоғамның нағыз байлығы алтын мен күмiс,  яғни бұлар өзiнiң табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады.  Ақшаның металдық теориясы фетишистiк исипатта ,  себебi бұл теорияның пайымдауынша ақшаның ролiнде алтын, күмiс сияқты кез-келген бағалы металл бола алады,  ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндiрiстiк қатынастарын сипаттайтын ақша екендiгi жөнiнен хабарсыз. Ресейде металдық теорияның өкiлi атақты мемлекеттiк қызметкер   М.М.Сперанский  (1771-1839 ж.ж.) болып табылады.  Ақша туралы оның теориясының барлық пайымдауларының негiзi – ақшаға тек нағыз бiр ғана ақша деп қарау керек деген көзқарасы бар.  Сперанский ең мықты ақша материалды күмiс деп санады. Ақша ның қызметтерiн орындауда металдың қатысуы XIX ғ. теоретиктермен қолданылған. Бұл iс жүзiнде тек бiр тарихи кезең, яғни ақша жүйесiнiң жоғары және күрделi формаларына өту кезеңi болды. Алтын айналысының тар мағынада қолданылуы XIX ғ.    дүниежүзiлiк  экономиканың шеңберiне сыймады.  Өндiрiстiң дамуы ақша базисiнiң адекватты түрiнiң болуын талап еттi.  Объективтi түрде, металдық жүйенiң негiзiнде жаңа төлем әдiстерi мен формалары қалыптасты, олар несиеге негiзделдi.

              Немiс экономистерi ақша деп тек қана бағалы металдарды емес, сондай-ақ металға айырбасталатын Ұлттық банктiң банкноталары да аталады деген.  Ол кездерi ақшаның металдық теориясы ақша реформасына негiзделiп қолданылады.  Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн француз экономистерi Ж. Рюэфф және М. Дебре, ағылшын экономисi Р. Харрд халықаралық айналысқа алтын стандартын енгiзу идеясын ұсынады. Себебi 70-шi жылдардың басында жойылған Бреттон – Вуде валюталық жүйенiң орнына жаңа алтын стандартын енгiзуге тырысқан.  Жекелей алғанда, АҚШ –тың экс-президентi Р. Рейган сайлау алдындағы күрес кезiнде алтын стандарты қайта оралуы мүмкiн деп санады.  1981 жылдың қаңтарында, ол президент болып тұрған кезiнде осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрады, бiрақ ол комиссия алтын стандартын енгiзу онша қажет емес деген шешiмге келедi. Жалпы алтын стандартының мағынасы нарықтың күрделенуi, ұлғаюы және дамуымен байланысты өзгередi. Қағаз – несиелiк ақшаларды алтын қорымен жасанды түрде үйлестiру натуралдық айырбас формасына немесе бақыланбайтын стихиялы ақшалай эквивалентке әкелiп соқтыруы сөзсiз, өйткенi алтын қорының өсiмi физикалық тұрғыдан экономикалық дамуға қарсы тұра алмайды, сөйтiп бұл ақша бiрлiгi құнының тым аса ұлғаюына әкелiп соқтырып, соның салдарынан ақшаның айырбасталынуы тәрiздi аса маңызды қасиетiнiң ( экономикалық бөлiнгiштiк) жоғалуы т.б. пайда болды.

              Сонымен, ақшаның iшкi мазмұны бағалы металдың N мөлшерiне берiлген құжат ретiнде бiртiндеп иелерiнiң эмиссиялық орталыққа, оның iшiнде мемлекетке деген сенiмi ауысады. Үкiметке деген сенiмсiздiк, соғыстар және басқа да форс-мажорлық жағдайлар классикалық алтын стандартына қайта келуiне әкеледi. Нақты экономика тұрғысынан қарағанда қарапайым тауар болса да алтын ерекше орында тұрады.

              Қазiргi кезде алтынның негiзгi экономикалық қызметiнiң мәнi, оның капиталды инфляциядан сақтау құралы ретiнде қызмет етуiмен, несие алуды қамтамасыз ету құралы болуымен және маңызды өнеркәсiптiк шикiзат болып қала беруiмен сипатталады.

              Металдың ақша ретiнде қызмет етуiмен барып, одан бiрте – бiрте монеталар пайда бола бастады.  Көпестер классының бөлiнуiмен алғашқы монеталар пайда болды. Олардың пайда болуы ақшаның қалыптасуындағы соңғы кезеңдi сипаттайды.

              Монета – ол формасы, сыртқы пiшiнi, салмақтық құрамы заңмен бекiтiлген металдан жасалған ақша белгiсi.

              Монета бет жағы – аверс, келесi жағы – реверс, кесiндiсi – гурт болып ажыратылады.

              Егер монетаның номиналды құны құрамындағы металдың құнына сәйкес келсе, онда бұл толық құнды ақшалар. Толық құнды еместерi биллонды ақшалар деп аталады.

              Монеталық ақша айналысы тарихында мынадай түсiнiктемелер бар:

              Биметализм – жалпыға бiрдей эквивалент ролiн екi немесе одан да көп металл атқарады, яғни айналыста алтын және күмiс монеталар пайдаланылады.

              Монометализм – жалпыға бiрдей эквивалент ретiнде бiр ғана металл түрi ( алтын, күмiс, т.б.) қолданылатын ақша жүйесi.

              Осылай, б.э. дейiн III – II ғ. римде мыс монометаллизмi, Ресейде 1843-1852 ж.ж. аралығында – күмiс монометаллизмi 1897 ж. II Николай патша тұсында енгiзiлдi.

              Түрiкше “акче” сөзi, қазақша “ақша” , яғни “ақ” сөзiнен күмiс монетаның түсiне қарап шыққан.

 

 

 

б) Ақшаның номиалистiк теориясы.

              Меркантелистердiң металлизмге қарсы iс әрекетiнен ақшаның номиналистiк теориясы пайда бболды.  Тауар өндiрiсi мен айналымының өсуiне байланысты металл монеталарды вексель, банкнот түрiндегi несиелiк айланыс құралдарына жартылай ауыстыру бiртiндеп орын алды. Ақшалар мен бағалы металдардың арасындағы iшкi байланыстарды жоққа шығара отырып,  номиналистер құн белгiлерiнiң жүру құқығын негiздедi, ол үшiн олардың металдық құрамын белгiледi.

              Номинализмнiң негiзгi ережесi мынадай:

       Ақша идеалды есеп бiрлiгi болып саналады және олардың көмегiмен тауарлардың айырбас құны анықталады;

       Бұл бiрлiк ешқандай да iшкi құнға ие емес;

Сонымен номиналаистер аұшаның құндық жаратылысын толық жоққа шығара отырып,  оларды техникалық айырбас құралы ретiнде қарастырады.  Адам Смиттiң айтуынша,  ақша – бұл айырбас процесiн жеңiлдететiн техникалық дөңгелек, айырбас және сауда құралы.  Ол ақшаның құны екi жақты мәнге ие дп санайды:

       Қандай-да бiр заттың пайдалылығын көрсетедi;

       Басқа тауарды сатып алу мүмкiндiгi,

XIX ғ. аяғында және XX ғ. басында саяси экономияда номинализм үстемдiк ете бастады. Бiрақ бұрынғы номинализмнен айырмашылығы оның объектiсiне қағаз ақшалар жатады.

              Номинализмнiң мәнi немiс экономисi Кнаптың (“Государсвенная теория денег” , 1905 ж.) еңбегiнде жақсы берiлген. Оның негiзгi ережелерi төменгiдей құрылған:

       Ақша – құқықтық тәртiптiң өнiмi, мемлекеттiк билiктiң туындысы;

       Ақша мемлекеттiк  хартальдiк төлем құралы, яғни ол мемлекеттiң төлем күшiмен жасалған төлем белгiлерi болып табылады;

       Ақшаның негiзгi қызметi – төлем құралы.

1929 – 1933 жж. Кономикалық дағдарыс тұсында номинализм әрi қарай дами түстi.  Сөйтiп, Дж.М. Кейнс (1930ж. “Трактат о денгах”) алтын ақшаларды “жабайылық сарқыншағы” , “арбаның бесiншi дөңгелегi” деп хабарлайды.  Ол идеалды ақшаларға қоғамның өркендеуiн үнемi қамтамасыз етiп отыратын қағаз ақшаларды жатқызды. Кнапп теориясының жеңiсi деп қарастырды. Кейнс барлық өркениеттi ақшалар қарапайым түрiнде қалып, кнапптық партализм толық жүзеге асты деп санады.

Информация о работе Ақша теориясы