Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 19:47, реферат
Кеден заңының маңызды бөлімдерін құрайтын кеден құқығының келесі институтына кедеп рәсімдеуі мсн кеден бақылауын жатқызуға болады.
Кедендік рәсімдеуі нақты анықталмаған кеден режимі бойынша тауарлар мол көлік кұралын тасымалдау мақсатындағы әрекеттерді жүзеге асыру мсн осы рәсімдеуді кеден заңына сәйкес аяктауды білдіреді.
Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік-құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлері және мөртаңбалары, белгіленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң органдарында шоттары болады.
Комитеттің мемлекеттік мекеме нысанындағы заңды тұлғалар болып табылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын және тарататын аумақтық кеден органдары бар, оларға: облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Кедендiк бақылау департаменттерi, кедендер және мамандандырылған кедендік мекемелер жатады.
Жұмысты тиімді ұйымдастыру мақсатында Комитет кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыру мәселелері бойынша аумақтық кеден органдарының қызметін үйлестіреді, кеден ісі саласында заңнаманы сақтау мәселелері бойынша аумақтық кеден органдарына тексеру жүргізеді, сондай-ақ аумақтық кеден органдарының белгіленген тәртіппен оларға жүктелген функцияларды тиісті дәрежеде орындауына бақылауды жүзеге асырады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарда өзінің атынан түсе алады.
Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Комитет төрағасының немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрықтарымен ресімделетін, заңнамада белгіленген тәртіппен дербес қолданылатын құқықтық кесімдерді шығарады.
Комитеттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Қаржы министрімен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы бекітеді.
Комитеттiң заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 10. Комитеттiң толық атауы – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендік бақылау комитетi» мемлекеттік мекемесi.
Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитетке Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Комитеттiң негізгі функциялары мен құқықтары
Комитет Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі құзыретінің шегінде заңнамада белгіленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Қазақстан Республикасында кеден ісін басқаруды жүзеге асыру және орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарының сақталуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес кедендік әкімшілдендіруді жүзеге асыру;
Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасын жүргiзуді жүзеге асыру; бюджетке түсімдерді болжауға қатысу және мемлекеттік бюджетке кірістердің түсуі саласында мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын анықтау;
сыртқы сауданың кедендiк статистикасын және Қазақстан Республикасының арнайы кедендiк статистикасын жүргiзу;
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету;
кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал ететін жағдайлар жасау;
Кеден кодексіне және Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асыру;
Кеден кодексімен белгіленген тәртіппен кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды тұрақты негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы хабарландырып отыруды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының Кеден кодексінде көзделген тізілімдерді жүргізу;
мемлекеттің меншігіне айналдырылған тауарлар мен көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының салық, валюталық және өзге де заңнамалары саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауда, алдын алуда және жолын кесуде салық қызметі органдарына және басқа да мемлекеттік органдарға жәрдем көрсету;
кеден органдары қызметiнiң қауiпсiздiгiн, кеден органдарының лауазымды адамдары мен олардың отбасы мүшелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңға қарсы әрекеттерден қорғауды қамтамасыз ету;
кеден ісі саласында өтеусіз кеңес беруді жүзеге асыру;
кеден iсi саласында ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргізу кеден iсi бойынша мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және бiлiктiлiгін арттыруды, кедендік зертханаларда, басқа да ведомстволық бағынысты ұйымдарда жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлауды қамтамасыз ету;
кеден ісі саласында келіп түскен сұрау салулар мен ұсыныстардан туындайтын жауаптардың уақтылы қаралуын және ұсынылуын немесе өзге де іс-әрекеттердің жасалуын қамтамасыз ету;
олар бойынша тексеру жүргізу сатысында тұрған, сондай-ақ олар бойынша іс жүргізу шешімі қабылданған құқық бұзушылықтардың барлық фактілерін қоса алғанда, кеден ісі саласында жасалған құқық бұзушылықтар туралы статистикалық және жедел ақпаратты жинауды, қорытындылауды және талдауды жүзеге асыру;
ұлттық қауіпсіздік органдарымен және басқа да тиісті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
өз құзыреті шегінде сот актілерін, прокурорлардың, сондай-ақ құқық қорғау органдарының басқа да адамдарының жазбаша тапсырмаларын орындау, оларға жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жасауға жәрдем көрсету;
төмен тұрған кеден органының және кеден органының лауазымды адамдарының шешіміне, заңсыз әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау;
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын қорғауды және кедендік бақылау аймағы режимінің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
Кеден кодексінде белгіленген тәртіппен бюджетке белгіленген мерзімдерде төленбеген кедендік төлемдердің және салықтардың сомаларын, сондай-ақ олар бойынша өсімпұлды өндіріп алуға бақылауды жүзеге асыру;
оларды алу Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген кедендік төлемдер мен салықтардың дұрыс есептелуіне және бюджетке уақтылы енгізілуіне бақылауды жүзеге асыру;
тауарлардың шығарылған елін анықтаудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;
тарифтік преференцияларды ұсынудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;
СЭҚ ТН-ға сәйкес тауарларды жіктеуді бақылауды жүзеге асыру;
тауарлардың кедендiк құнын белгiлеудiң дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткiзу пункттерiнде радиациялық бақылау жүргізуді ұйымдастыру;
өз құзыреті шегінде валюталық бақылауды жүзеге асыру;
кедендік төлемдердің және салықтардың толық өндіріп алынуын және бюджетке уақтылы аударылуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
контрабандаға, кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтаруға және кеден iсi саласындағы өзге де қылмыстарға қарсы күресті жүзеге асыру;
Кеден кодексімен және Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасымен белгіленген лицензиаттардың олардың белгіленген құзыреттер шегiндегi лицензия талаптарын қамтамасыз етуi жөнiндегi қызметiн бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру;
кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге қызметке қатысушыларды тексеруді жүзеге асыру;
кеден ісі саласында сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды тексеруді ұйымдастыруды және жүргізуді бақылауды жүзеге асыру;
ақпараттық жүйелерді енгізуді және алып жүруді, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жұмыс істеуін қатамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпаратты қорғау және ақпаратты қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
олар бойынша тексеру жүргізу сатысында тұрған, сондай-ақ олар бойынша іс жүргізу шешімі қабылданған құқық бұзушылықтардың барлық фактілерін қоса алғанда, кеден ісі саласында жасалған құқық бұзушылықтар туралы статистикалық және жедел ақпаратты жинауды, қорытындылауды және талдауды жүргізу;
Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету;
шет мемлекеттердің кеден және өзге де органдарымен әрі халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.