Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2013 в 14:40, реферат
Айдар (ғұрып). «Тұлымдысын тұл қылды, Айдарлысың құл қылды» («Қобыланды»). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластыра өріп қояды. Мұны —«айдар» дейді. Бұрын ел бұл ғұрыпты көп қолданған. Мысалы Кенесарының інісі атақты Наурызбай батырдың айдары болған. Балаға Айдар деп те ат қойылады, ол осыдан шыққан. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.
Айдар
Айдар (ғұрып). «Тұлымдысын тұл қылды, Айдарлысың құл қылды» («Қобыланды»). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластыра өріп қояды. Мұны —«айдар» дейді. Бұрын ел бұл ғұрыпты көп қолданған. Мысалы Кенесарының інісі атақты Наурызбай батырдың айдары болған. Балаға Айдар деп те ат қойылады, ол осыдан шыққан. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.
Алтыбақан
«Алтыбақан» (дәстүр, ойын).—«Бәрекелде, мына қызықты қара! Мынау ауыл алтыбақан теуіп жатыр» (М. Әуезов). Алтыбақан — ұлттық ойын болғанымен оның салт-дәстүрлік маңызы одан гөрі жоғары тұр. Кешкілік ауылдың қыз-жігіттері аулақтау жерге алтыбақан құрып ойын-сауық жасайды. Бұл жастардың өнерін, ойын, көзқарасын, танымын қалыптастыруда зор тәрбиелік қызмет атқарады. Әншейінде «қызға қырық үйден тиым» дейтін қазақтың қыздарын алтыбақанға жібермеуге хақы жоқ. Алтыбақанда жастар ән салып, түрлі ойын ұйымдастырып, түн ортасына дейін сауық жасайды.
Асату
Асату (дәстүр). «Есет атам ет асатар, Ет асатса бес асатар» (Жаңылтпаш). Ет желініп болғаннан кейін төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатуға тиіс. Бұрынғы кезде жас балалар «ет асаймыз»— деп, қонақ келген үйдің маңайында жүретін болған. Мұндай халықтық дәстүрді жазушы С. Мұқанов кең насихаттап, қолданып, жалғастырып отырған.
Ат қою
Қазақ отбасында нәрестенің дүниеге келуіне байланысты қазақ халқы ат қоюға ерекше мән берген. Бала дүниеге келгеннен кейін нәрестеге үш күннен кейін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалы, кейде үлкен қуаныштың үстіне келіп қалған «құтты аяқ» құдайы қонақ балаға ат қояды. Ат қою дәстүрінде халықтың ұлттық ерекшелігі, наным түсінігі, салт-санасы, арман-мүддесі айқын көрінеді. Ерте заманда қазақ елінде қалыптасқан дәстүр бойынша ат қоюшы адам баланың құлағына: «Сенің атын ... (баланың аты айтылады)», - деп үш рет қайталайды. Ат таңдаған кезде түрлі ырымдар, түсініктер, тілектер ескеріледі. Қазіргі таңда ат қоюды мешітке нәрестені алып барып молдаға қойғызады немесе молданы арнайы үйге шақыртып қойғызады.
Ауызына түкірту
Ауызына түкірту (ырым). Ертеден келе жатқан ырым бойынша қазақтар белгілі батырлар мен билерге, ақындарға, тағы басқа белгілі адамдарға жас сәбидің ауызына түкіртіп немесе оның отырған орнына аунатып алатын болған. Оның мақсаты - сәби сол адамдардай өнегелі кісі болсын деген ұғымнан туған.
Ашамайға мінгізу
Ұл бала қара табан болып, жетіге дейінгі жерден жейтін таяғынан құтылып, кез келген қурай мен шыбықты ат қып айнала шаба бастасымен өзі құралпы қыздардан бөліне бастайды. Есіл-дерті дүзге, малға ауады. Ал қыздар көбелек қуып, қуыршақ жасап, сұлу көрініске үйір болып, үйден ұзамауға тырысады.
Қашан да тағдырын малға сүйейтін қазаққа осы малды бағу үшін бала керек. Бала болғанда — ұл.
"Бір ұлы бардың бір
ру елде малы бар, екі ұлы
бардың екі ру елде малы
бар. Үш ұлы бардың төрт ру
елде малы бар. Бес ұлы бардың
төбеден салған жолы бар, алты
ұлы бардың алладан басқада
несі бар" деп Еркенекті
Саршуаш би айтқандай, казақ
үшін баланың көптігі жақсы.
Баласы көп болса, той-
Ашамай — ердің қарапайым түрі. Ағаштан жасалады. Кеңдігі баланың ауына лайық. Алды-артында ердің қасы сықылды сүйеніші бар. Үзеңгісі жоқ. Үстіңде жұмсақ көпшігі болады. Осыны жуас атқа ерттеп, үстіне баланы мінгізеді. Ауыл қалмасын деп басыңда қол-аяғын байлайды. Сонан соң тізгінді балаға ұстатып, біреу атты алдымен арқан бойы жерге, онан соң алысқа жетектейді. Сөйте-сөйте атпен баланың өзі жүреді, бір-екі күннен соң аяғын байламайды. Сонымен айналасы бір жетіде атқа жақындық қаныңда бар қазақ баласы ашамайды тастай сап ер-тоқымға мінеді. Үзеңгіге аяғы жетпесе, таралғыға салады.
Өмірінің қақ жартысы ат үстіңде өтіп, ауы ерде тозатын, қамыт аяқ, қайсар қазақ алғашқы ашамайға мінгізу тойын өткізеді.'
Бұл той әр әке-шешенің шама-шарқына қарай болады. Байлар ірі-қара сойып кәдімгідей той жасайды. Кедейлері бүйрегі бітеу, ұлтабары толатыңдай майы бар лағын сойып, көршілеріне ырым жасайды. Әулеттілер күзде бие ағытып, сірге жияр бергенде бір құлынға ен салып, ашамайға мінген баласына бәсіре атайды. Жоқтар колындағы бір биесінің алдыдағы құлынын алдын ала атап қояды.
Қазақ үшін алдымен ашамайға,
артынан тай-құнанға міну ат жалын
тартты деген сөз — азаматтың
бастамасы: Өйткені қазақ баласы
ұдайы жаугершілікте
"Астына ала шолақ
ат-мінгізсең, Алты ай мініп
арытпас. Қолына қырық найза,
оқ берсен, Дұшпанға бірін атып,
дарытпас" — дегендей көп ынжықтың
бірі болып шығады. Ашамайға баланы
мінгізіп көрші-қолаң, жақын-
Бауырына салу
Баурына салу (ғұрып). Баласы жоқ адамдар біреудің баласын асырап алуы яғни «бауырына салуы» ежелден бар қағида. Мұның да жөн-жоралары бар. Мысалы, жаңа туған баланы асыраушы анасы шаранасымен етегіне салып алады. Қазақтың ежелгі заңы бойынша асыраушы адам жаңа туған балаға атын қойып, оң қолына асық жілік ұстатады. Асық жілік ұстаған бала сол үйдің баласы деп есептеледі. Кейде баланың өз әке-шешесі балаға таласқан жағдайда асыраушы адам «оң қолына асық жілік ұстатып едім ғой» деп дауласады. Бұл үлкен дәлел, куәлік есебінде жүреді. Алайда, бала қайтыс болған жағдайда оның туған әке-шешесінің, аты айтылып, жаназасы шығарылады. Кейде ата, әже өзінің бірінші немересін «бауырына салып» алады. Бірақ ол асырап алғанға жатпайды.
«Бауырына салу» немесе
бала асырап алуда баласы жоқ
адамдар балалар үйінен
Базарлық
Базарлық (дәстүр). Алыс сапарға, саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады.
Байғазы
Байғазы (дәстүр). —«Уа, сатира сарбазы, Алырнаңа байғазы!» (С. Әбілкәкімов). Байғазы — балалардың, жастардың жаңа киімі үшін (мысалы қамшы, шана, ер-тоқым) берілетін ақшалай, заттай сый. Байғазы сұраудың еш артықтығы жоқ.
Қазіргі таңда көп жағдайда байғазыны жеңіл көлік, үй (пәтер) немесе көрнекті бір зат алғанда қайырлы болсын, жаңа үйге кіргенде үйінің іші құтты болсын деп жатады.
Бесік той
Бесік той (салт). Туған-туыстары жиылып, нәрестені бесікке салу дәстүрін өткізеді. «Бесік алып бару» - қазақтың бір жерге келін болып түскен қызы тұңғышын босанғанда орындалатын дәстүрі. Бесіктің жасауын қыздың анасы даярлайды. Оған қоса киетін, зергерлік бұйымдармен дастарқанға қойылатын тәттілерін салып алып барады. Алып барған китінің ішіне тоғыз түрлі заттар салады. Тоғызға бағалы киімнен бастап, ұсақ заттар да кіреді.
Тойға жиналған қонақтар асқа
отырып, шүйіркелесе әңгімелесіп, құдағилармен
танысады. Шай ішіліп, әңгімелер
айтылады. Сонан соң «бесікке салу»
басталады. Құдағилары алып келген бесікті
ашпас бұрын, сол үйдің басқа
келіндері көрімдік сұрайды. Бесікті
ашатын әйел көрімдігін береді. Жөргектен
шығарып, иткөйлек кигізетін сәбиді
бесікке әйелдердің ішінен жас жағынан
болсын, мінез-құлық, іс-әрекет жағынан
болсын парасатты, бойы таза, инабатты,
жөн білетін, ел-жұртқа сыйлы, балалы-шағалы
болған бәйбішелердің бірі салады.
Баланы бесікке саларда бесікті
аластау ырымы жасалады. Бұл отқа
табыну дәуірінен қалған ырым. Баланы
бесікке саларда бесікті
Жеті ата
«Жеті ата» (ғұрып), «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» (Мәтел). Әр адам өзінің жеті атасын білуі — көргенділік пен білімділігін, ата көргендігін танытады. Білмесе «жеті атасын білмейтін жетесіз»—деп сөккен. Жеті атаны үйрету әр ата-ананың басты борышы. Мысалы: өзі, әкесі, атасы, бабасы және онан арғы ата-бабасының есімдерін білу жеті атаны білу деген сөз.
Кіндік кесер
Кіндік кесер (салт). Ел ішінде "кіндік шешесі" немесе нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер дайын тұрады. Кейде олардың "жол менікі" деп аталатын кездері де болады. Кіндік кесу - мәртебелі абыройлы іс. Байыпты әжелердің шешімімен кіндік кескен әйелге "кіндік кесер" кәдесі беріледі. Кейінде "кіндік шеше" деп аталатын әлгі әйел сол баланың анасы есепті құрметке ие болады. Кіндік баласын оның өз анасынан кем санамауы керек. "Кіндік шеше" кейін келіп бала үйінен өз қалауын ала алады.
Баланың кіндігі түскеннен кейін "елдің қорғаны болсын" деп ер баланың кіндігін ат шаптырым жерге апарып көмеді. Қыз "Отбасының тірегі болсын" деп от орнына немесе табалдырыққа көмеді.
Қалжа
Қалжа (ғұрып). «Менің сорлы шешеме қалжа қайда, Қой сат деп әкем шапты көрші байға» (С. Торайғыров). Жас босанған әйелге арнаулы мал сойылып, берілетін тамақ-«қалжа» деп аталады. Жақын адамдар да «қалжа» әкеледі. Бұл әрі сыйластық, кұрмет, әрі босанған әйел тез сауығып кетсін деген мақсаттан туған елдік дәстүр, ғұрып.
Құрсақ шашу
Құрсақ шашу (дәстүр). «Құтты болсын деді де, Құрсақ шашу жеді де, қайтадан халқы тараған» («Алпамыс»). Жас келіннің екіқабат болғаны белгілі болса, оның абысын-ажындары, енелері әйелдерді шақырып, құрсақ тойын (кей жерде «құрсақ шашу» дейді) жасап, оның аман-сау қол-аяғын бауырына алуына (яғни босануына) тілек білдіріп шашу шашып, дастарханды түрлі дәмге толтырып, сауық жасайды. Ғұрып бойынша бойына бала біткен келіншекті «күмәнді», «аяғы ауыр», «ішінде көжесі бар» деп тұспалдап айтады. Бұл сөздің мәнісі жас келін қысылып, ұялмасын, тіл-көздің сұғынан сақтасын деген ойдан шыққан.
Жас келін бала біткен соң бойына ас сіңбей кұса береді. Әлдеқандай тағамға көңілі шабады. Мұны жерік болды дейді. «Бәйбіше келді алаңдап, Жас беріше жалаңдап, Жерігі қанбай сандалды» («Алпамыс»). Мұндайда әйелдер жерік ананың көңілі қалаған асын табуға тырысады. Жерігі қанбаған әйел басы айналып, ауыра береді. Мұндайды «ит жерік» дейді. Қалаған асы табылып, жерігі қанған әйелдің құмары тарқап, ерекше сезімге бөленіп, денсаулығы жақсара бастайды. «Жерік асын жегендей қуанды» деген сөз осындайдан шыққан. Жеріктікті басудың тек анаға ғана емес, іштегі сәбидің де денсаулығына зор әсері бар. Мысалы жерігі қанбаған ананың балалары әлжуаз, аурушаң, кейде кем тууы да мүмкін. Сәбидің аузынан суы шұбырып жүруі де осындайдан болады дейді халық даналығы.
Халық екіқабат ананы да
тәрбиелеу жолын әсте ұмытпаған.
Оны мәпелеп, аялай білген, ренжітпеген.
Бұл жөнінде жазушы Зейнеп Ахметова
былай деп жазған: «Қарағым, биік
тауға қара-көңілің өседі, көңілің
өссе-немерең кең пейілді
Дәстүр бойынша жас келін босанғаннан кейін оның анасы әдейі келіп, қуанышқа ортақтасады. Бұл ананың басты парыздарының бірі.
Құрсақ тойы
Құрсақ тойы (салт). Жас келіннің бойына бала біткеннен кейін оны тіл көзден сақтау мақсатымен қамқор ана ауыл әйелдерін жинап, «құрсақ тойын» өткізген. Оған жиналған әйелдердің бәрі шашуларын әкеп келіннің үстіне шашқан, келінге бата-тілектерін білдірген. Бұл «құрсақ шашу тойы» деп аталған. Көптен бері – бала көтере алмай жүрген әйел бойына бала біткеннен кейін, әйелдің жақын араластың құрбылары, құрдастары (негізінен әйелдер) жиналып, «құрсақ шашу» ырымын жасайды. Ол үшін құрсақ көтерген әйел үйінде дастарқан жасайды, ал келген әйелдер ақша мата тәттілер және т.б. шашу ретінде әкеліп, болашақ нәрестенің аман-есен босануына тілектестігін білдіріп, шағын той жасалады. Оңтүстікте мұны «құрсақ той» деп те атайды.
Қырқынан шығару
Қырқынан шығару (салт). Ерте заманнан келе жатқан әдет қазақ туғанына қырық күн толғанда баланы қырқынан шығарған. Қырық күн өткеннен кейін баланың өмірінде жаңа кезең басталады деп есептелген, себебі қазақ халқының ұғымында қырық саны қасиетті сандардың бірі. Қазақ халқының ғұмырында 7, 9, 30, 41 сандары қасиетті деп есептеледі. Ұл баланы қырық күнге жеткізбей, болашақта үйленгенде қалын малы аз болсын деп, 37 не 39 күнде, ал қыз баланы қалын малы көп болсын деп 42 не 44 күнде қырқынан шығарған. Нәрестенің ит көйлегін шешкен күні, яғни қырқынан шығарған күні ауылдағы әйелдер жиналады, ішіндегі немерелі-шөберелі болған кемпірдің бірі, немесе абысыны немесе өзінен үлкен әйел қырқынан шығару ырымын істейді. Баланың қарын шашын қалаған адамына (ер адам немесе әйел адам) алғызады, одан кейін қырық қасық суды үстінен құйып тұрып, «отыз омыртқан жылдам бекісін, қырық қабырған жылдам қатсын» деген тілекті айтып шомылдырады да, баланы шешесіне береді. Бала шомылдырып ыдысқа шақырылған ауыл әйелдері 40 қасық су құйып, сақина, жүзік сияқты заттар салады, теңгелер салған суға баланы шомылдырып, сонан соң шашы мен тырнағын алған. Сақиналарды бала шомылдырған әйелдер өзара бөліскен. Кейбір қарт әйелге көйлектік маталар береді. Баланың қарын шашын алған еркекке де азын-аулақ сыйлық береді. Баланың қарын шашын алған соң тастай салмай, сақтап қояды. Баланың қарын шашын шүберекке түйіп, тұмарша етіп тігіп, баланың киімінің он иығына қадайды. Бала қырқынан шыққанша әлсіз болады. Сондықтан бір тал шашын тастамай, сақтау керек деп біледі. Ал тырнағын көміп тастайды.