19-20 ғғ. Бас кезіндегі Қазақстан мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2011 в 19:55, реферат

Краткое описание

Бір жағынан қазақ қоғамының дәстүрлі негіздерінің талқандалуы және екінші жағынан–жаңа қоғамдық -экономикалық қатынастардың қабылдануы адамдар қызметінің бұрын белгісіз түрлерін өмірге алып келді. Еңбектің қоғамдық бөлінуінің тереңдей түсуі халықтың мәдениеті мен рухани өміріне шынайы әсер етті. Қазақстан Ресейдің, Англияның, Францияның, және басқа мемлекеттердің мүдделері түйіскен жерінде қалған, сөйтіп, өлкені өнеркәсіптік – көліктік, саудалық және басқа тұрғыдан игеру айтарлықтай тездетілген жағдйда ғылым, техника, мәдениет жетістіктерін кім ертерек менгерсе, сол халықтың тарихи болашағы жарқын болатындығын түсінушілік қоамдық санада берік орнықты .

Содержание работы

1. Кіріспе бөлім .
2. Халық ағарту ісі .
3. Ғылым және Қазақстанды ғылыми зерттеу .
4. Көркемдік мәдениет. Баспасөз .
5. Қазақтардың материалдық мәдениеті .
Әдеп - ғұрыптары мен ырым – жоралары .

Содержимое работы - 1 файл

Культура Казахстана в 19-20 веках.doc

— 72.00 Кб (Скачать файл)

      Қазақтардың материалдық мәдениеті  халықтың шаруашылық тұр- мысының  ерекшеліктерін бейнеледі, дала малшыларының бұрыңғы ұрпақтары мәдениетінің дәстүрлеріне негізделді. Шаруашылық-экон- омикалық құрылыс, тамақ, киім олар өмір сүрген табиғат жағдайлар- на неғұрлым бейімдендірілген  қалыпта болды. Халықтың материал дық және рухани өмірін олардың салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптары да бейнелейді. Тарихтық аңыз әнгімелерде сақталып қалған қазақтар- дың әлеуметтік, заңдық және шаруашылық-тұрмыстық терминология сында тарихи бағалылықтар аз емес.

      Қазақтың халықтық әдет-ғұрыптары,үйлену  жоралары–«құдалық салтта» айқын ашыла түседі. Қалыңдық туысқандарының күйеу балаға деген көзқарасы ісләм белгілеген көптеген ырымдардан азат болды. Келісуден және қалымның алғашқы жарнасы берілгеннен кейін болашақ күйеу қалыңдығымен жасырын жолығыса алды және оның алғашқы келуі-ұрын келу, әдетте, қалыңдығының әке-шешесін- ен жасырын түрде, сол қалыңдығының аға-інісінің немесе туыстары- ның үйінде өтті. 15-17 ғғ.қазақдардың отбасылық өміріне ісләмнің ықпалы онша болған жоқ, молданың қатысуымен қалыңдықтың неке-сін қию ғұрпы қолданылмады. Ерлі-зайыптылық халықтың жаппай мақұлдауымен, бәрі қосылып той салтанатында орындалатын «жар-жар» өлеңін айтумен бекітілді.  

        Қазақтардың халық жылнамасының негізін ғасырлар бойы жинақ талған астрономиялық түсініктер мен аспан жұлдыздары ілімі құрады. Халықтың шаруашылық тірлік-тынысында табиғат құбылыстарының мезгілдігін бақылап отырудың практикалық зор маңызы болды. Көш- пелі шаруашылық уақытты есептей білуді және табиғат құбылыстары- ның мезгілдігін түсінуді талап етті. Қазақтар аспан жұлдыздарының қозғалысын бақылап отырды. Шетсіз, шексіз даламен үнемі көшіп-қонып жүру оларды әлемнің әр тұсын жақсы бағдарлауға, жұлдыздар бойынша жолды таба білуге, мекендердің, құдықтардың, жайылымдардың қай жерге орналасқан дәлме-дәл анықтай алуға үйретті.    

       Көшпелі мал шаруашылығы мен суармалы егіншілік Қазақстан тайпаларының бірыңғай мәдениетінің негізін қалады. Қазақ халқының мәдениетіне көрші халықтардың, әсіресе, Еділ маңы, Сібір және Орта Азия халықтарының мәдениеті едәуір ықпал етті. Сондай-ақ мұсылм- мандық мәдениет те айтарлықтай із қалдырды. Сайып келгенде, 15-20 ғ.- дың басында Қазақстанда қазақ далаларының ежелгі тайпалары мәдениетінің таңдаулы дәстүрлеріне негізделген бірыңғай мәдениет іс-әрекетте болды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе 19-20 ғғ. Бас кезіндегі Қазақстан мәдениеті