Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 08:59, реферат
1. Ежелгі халықтардың құқықтары
2. Қазақ халқының құқықтары
3. Конституция. ҚР-ның Конституциясы
4. Адамдардың құқықтары мен бостандықтары
10-желтоқсан
құқық қорғау күні.
1. Ежелгі халықтардың құқықтары
2. Қазақ халқының құқықтары
3. Конституция. ҚР-ның Конституциясы
4. Адамдардың
құқықтары мен бостандықтары
10-желтоқсан
құқық қорғау
күні.
«Адам құқығының
жалпыға ортақ Декларациясы».
Адамға деген қамқорлық
1948 жылы 10 желтоқсанда Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы «Адам құқығының жалпығы ортақ Декларациясы» қабылдады. Дүние жүзiлiк тарихта тұңғыш рет адамдардың негiзгi құқықтары мен бостандықтарын қарайтын заңды құжат қабылдады. Бұл құжатты дұние жұзiнiң барлық мемлекеттерi басшылыққа алап, iске асыруға мiндеттi.
Декларация Кiрiспе мен 30 баптан тұрады. Оның бiрiншi бабында былай деп жазылған: «Барлық адам болмысынан тең құқылы және азат болып туады.Барлық адамға ақыл-ой берiлген, сондықтан бiр-бiрiмен бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиiс».
Декларация
– бүкiл халықтармен
Адамзат болашағы – бала. Декларацияда бала жағдайы да қарастырылған. 26-бапта:
«Әр адамның бiлiм алуға құқығы бар.
Бастауыш және жалпы бiлiм тегiн болуы тиiс.
… Ата-аналар жас балалары үшiн бiлiм беру түрiн таңдауға құқылы» делiнген. Бұл - әлем балаларына, олардың болашағына деген қамқорлық.
Адам
– табиғаттың ең асыл байлығы. Адам
- әр бiр мемлекеттiң баға жетпес ұлттық
қоры. Бұдан шығатын қорытынды – Адам
мемлекет тарапынан қорғалуға тиiс. Жер
шарының барлық адамдары ұлтына, нәсiлiне
қарамай ынтымақта тiршiлiк етуi керек.
Өйткенi, барлық адам – Жер ананың перзентi.
Бейнелеп айтсақ, дүние жүзi халықтары
бiр кемеде келе жатқан жолаушы секiлдi.
Ал «кемедегiнiң жаны бiр».
1. Ежелгі халықтардың құқықтары.
Жер бетіндегі
алғашқы мемлекеттердің бірі Ежелгі
Вавилон. Хаммурапи - Вавилон патшасы
б.з.б. 1792-1750 ж. арасында патшалық еткен.
Шынында да заңдар жинағы Хаммурапидің
өзін-өзі мадақтап, мақтауымен басталды.
«Мардук мені адамдарды әділдікпен басқарып,
елге бақыт беру үшін жібергенде, мен ел
аузына шындық пен әділдікті салдым және
адамдардың жағдайын жақсарттым,»-деген.
Хаммурапи заңы 282 баптан тұрады.
1-6 бап | Жеке |
6-25 бап | Жеке меншікті ұрлаудаң әр түрлі жағдайы туралы айтылған |
26-41 бап | Жауынгерлердің құқығы мен міндеттері баяндалған |
42-126 бап | Жер, сауда, қарыз беру, кепілдік беру мәселелерінің заңдық жүйелері сипатталған |
127-194 бап | Отбасы, мұрагерлік бала асырып алу тәртібі туралы жазылған |
195-214 бап | Біреудің денесін зақымдағаны, қорлағаны үшін берілетін жазалар белгіленген |
215-277 бап | Емшілердің, мал дәрігерлерінің жауапкершілігі айтылған |
278-282 бап | Құлдарды сатып алу мәселесі айтылған |
195. Егер ұлы әкесін ұрса, оның қолын кесу керек.
218. Егер
емші қола пышақпен адамға
қиын операция жасаса және
ол адамды өлтірсе, немесе
Ежелгі
Рим мемлекетінде, Ежелгі Ассирияда
т.б мемлекеттерде заңдар болған.
2.
Қазақ халқының
құқықтары
Қазақ
хандығы тұсында бірлік, ынтымақтастық,
бейбітшілікті орнықтыру
Жеті Жарғы
1. Көтеріліс жасап, бүлік шығарғандарға өлім жазасы бұйырылсын.
2. Түркі халықтарының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендерге өлім жазасы бұйырылсын.
3. Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасы бұйырылсын.
4. Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені бұзушыларға өлім жазасы бұйырылсын.
5. Өрде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын.
6. Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін:
а) Біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді. Ал қызы болмаса, қыздың қылың малын береді.
ә) төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.
7. Ұрлаған жылқы өзге де құнды мүлік үшін, он есе артық төлеттірсін.
3. Конституция. ҚР-ның Конституциясы
Әділетті өмір орнату жолындағы ізденістердің барысында ХVІІ – ХVІІІ ғасырларда Конституция өмірге келген екен. «Конституция» деген сөз латыншадан аударғанда «құрылыс» деген ұғымды береді оның мәнін қазақшаласақ өміріміздің тыныс-тіршілігіміздің ел болып, жұрт болып бірігіп мемлекет құруымыздың құрылысын жасау механизмі деп түсінеміз. Міне осындай Конституция алғаш рет ХVІІ ғасырда Англияда 1679 жылы «Хабеак корпус акт» және 1688 жылы «Құқықтар жөніндегі биль» деген атпен қабылданған екен. Жазба түріндегі Конституция ең алғаш 1787 жылы АҚШ-та, одан кейін 1791 жылы Франция мен Польшада өмірге келген.
Тотолитарлық жүйенің тұсында 3 рет Конституция қабылданған. 1-ші 1924 жылы қабылданған Қазақ Автономиялық Республиканың Конституциясы бірақ бұл Конституция 1936 жылға дейін бекітілмеді, танылмады. 2-ші Конституция 1937 жылы қабылданған мемлекет тарихында ол сталиндік Конституция, болмаса социализм жеңген елдің Конституциясы деп атаған. Ал, 3-ші Конституцияны біз 1978 жылы Одақтық 1977 жылы қабылданған Конституцияның негізінде жасадық міне, бұл үш Конституциялар шындығында келгенде, бұлардың тәуелсіздігі қағаз жүзінен асқан жоқ.
Қазақстан
Республикасы Тәуелсіздік алғаннан
кейін алғаш Ата заңын
Қазақстанның Республикасының 2-ші Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Ата заңымыз 9 бөлім, 98 баптан тұрады.
1 бөлім. Конституцияның құрамы. Жалпы ережелер
2 бөлім. Адам және Азамат
3 бөлім. Президент.
4 бөлім. Парламент.
5 бөлім. Үкімет.
6 бөлім. Конституциялық кеңес.
7 бөлім. Соттар және сот төрелігі.
8 бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзінөзі басқару.
9 бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер.
14 – бап.
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
30 – бап.
1. Азаматтардың
мемлекеттік оқу орындарында
тегін орта білім алуына
74 – бап.
2. Адамның
және азаматтың Конституцияда
баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына
нұқсан келтірілген деп танылған заңдар
мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің
күші жойылады және қолдануға жатпайды...
4. Адамдардың құқықтары мен бостандықтары
Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары 3 топқа жіктеледі.
1. Өзіндік құқықтары мен бостандықтар.
2. Адамзаттың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтары.
3. Саяси құқықтары мен бостандықтары.