Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 11:34, реферат
. Ол үшін мынадай міндеттерді орындау көзделді:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы мәселенің ғылыми-теориялық негіздерін айқындау;
- сыбайлас жемқорлықтың болмысын, түрлерін, негізгі белгілерін, ерекшеліктерін, субъектілерін анықтау, сондай-ақ пайда болу себептерін айқындау;
- сыбайлас жемқорлық қылмыстарды себептік-кешендік факторларына қарай топтастырып, оларға сипаттама беріп, жіктеу;
- әлем мемлекеттерінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу мәселесіндегі тәжірибесін зерттеу;
- дүниежүзілік қауымдастықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қолданылатын халықаралық-құқықтық актілеріне шолу жасап, олардың әр мемлекеттің даму ерекшеліктеріне қарай қолданылуын талдау.
I СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1 Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері
2 Сыбайлас жемқорлық қылмыстың себептік-кешендік факторлары
3 Халықаралық құқық пен Қазақстан Республикасының заңнамасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің даму тарихы
II СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰРАЛДАР
1 БҰҰ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық актілері
2 Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы конвенциялары
3 Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының парақорлыққа қарсы күрес жөніндегі конвенциялары
4 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын халықаралық құрылымдар
Республиканың заңнамасында осы заңда алғаш рет сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылыққа заңдық ұғым ретінде анықтама беріледі, олардың субъектілері айқындалады. Заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі бағыттары тұжырымдалған, олардың ең бастысы Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген лауазымды адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол бермеушілік болып танылады. Заңда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықпен және ол үшін жауаптылық шаралары арнаулы тарауда тұжырымдалған. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық үшін тәртіптік, азаматтық - құқықтық, әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделген. Сыбайлас жемқорлық мәселесі заңмен қоса, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің 13 тарауының 41бабында, сондай-ақ 176 бабының 3 тармағында: жеке меншікке қарсы қылмыстар; 193 бабының 3 тармағы мен 209 бабында: экономика қызмет саласындағы қылмыстар; 307-315 баптарында: мемлекеттік қызмет қызығушылығына қарсы бағытталған жемқорлық әрекеттер, 380 бапта: әскери қылмыстар жайы. Ал, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің жемқорлық мәселесі 532 - 537 баптар аралығында айтылған.
Осы заңды орындау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 7 желтоқсандағы Жарлығымен 1999 - 2000 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алғашқы мемлекеттік бағдарламасы бекітілген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі №1015 қаулысымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың әлеуметтік - экономикалық және қаржылық шараларын жүзеге асыру бойынша Үкімет іс-қимылының бағдарламасы бекітілген.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңын, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі стратегиясын іске асыру мақсатында 2001 жылғы 5 қаңтарда 2001-2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің екінші мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Аталған бағдарлама алдынғы бағдарламаның логикалық жалғасы болып, сыбайлас жемқорлықты, әсіресе экономика саласындағы сыбайлас жемқорлықты, туғызатын жағдайларды айқындаудың және жолын кесудің тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған шараларды көздейді..Адам құқықтарын қорғаудың соттан тыс институттары нығаюда. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қарашадағы «Адамдар мен азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру» Жарлығымен халқаралық стандарттарға сай келетін Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілінің (Омбудсмен) құқық қорғау мүмкіндіктері кеңейтілді. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы жолдауында сыбайлас жемқорлыққа және қылмысқа қарсы күрестің нәтижелері мен мәселелерін талдай келе, Қазақстанның кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңды қабылдаған алғашқы мемлекет екенін ескеріп, халақаралық конвенцияларға қосылғанын атап өтті. Осы мәселеде Қазақстан соңғы орында еместігі баршамызға мәлім.
2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасында (үшінші бағдарлама) сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономикаға көшу, инвестициялар тарту процестерін тежейді, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына жағымсыз әсер етіп, еліміздің болашақта дамуына қауіп төндіретіні айтылған.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына 2006 жылғы 1 наурыздағы жолдауында мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес белгіленді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметіндегі тәртіпті нығайту бойынша шаралар туралы» Жарлығы жүзеге асырылуда. Осы Жарлықты орындау үшін әкімдердің, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалықты бұзғаны үшін жауаптылықты арттыру бойынша шаралар қолданылуда.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы Жарлығымен «Мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы кодексі» бекітілген. Бұнда әлемдік тәжірибе ескеріліп, мемлекеттік билік органдарының беделін арттыруға бағытталған мінез-құлықтың негізгі этикалық нормалары белгіленген. Елбасы Президент Әкімшілігі, Үкімет, Парламент өкілдерінің, облыс және Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің, құқық қорғау және бақылау органдары басшыларының қатысуымен өткізетін кеңестерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін талқылау еліміздің саяси өмірінің нормасына айналды. Сан алуан түрде көрініс беретін сыбайлас жемқорлықтың басты ерекшеліктері ескеріле отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңнаманың іс жүзінде жыл сайын жетілдіріліп жатқанына көзіміз жетіп отыр. Мемлекет басшысының «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресгі мемлекеттік саясатқа жаңа серпін берді. Президент жолдауында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыруға орай және әкімшілік реформаның мақсаттарынан туындайтын мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыру міндеттері қойылған.
Президент Н. Назарбаев Қазақстанның әлемнің ең бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену бағдарламаларын ұсынды, онда сыбайлас жемқорлықпен күрестің жалпы ұлттық бағдарламаларын дәйекті түрде жүзеге асыру күрестігіне баса назар.
Елбасы жанында консультативті-кеңестік орган – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасын сақтау мәселелері жөніндегі комиссия құрылып, жұмыс жүргізуде. Осы орган өзін тек талдау органы ғана емес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша нақты істер атқаратын орган ретінде де орнықтырды. Сонымен бірге 2004 жылы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттік (қаржы полициясы) құрылған. Осы органның жұмысы экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстың себептерін анықтауға, осындай құбылысты туғызатын жағдайлардың жолын кесуге бағытталған. Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылығы 25 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігін (қаржы полициясы) қайта ұйымдастыру туралы» Жарлығы қабылданып, агентіктің Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастыруын жүктеді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылығы 8 сәуірдегі «Қолданыстағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге оларда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жағдай туғызатын нормалардың болуы тұрғысында тексеріс жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» №82-Өкімі шықты. Осы өкімде тексеріс жүргізудің нәтижесінде қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін көрсетілді. Осының нәтижесінде, 2007жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ведомствоаралық комиссия құрылды. Сол жылдың 20 наурызында «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 217 қаулысы шықты. Ондағы Нормативтік құқықтық актілер жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге жолдау өлшемдеріне сәйкес келетін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша міндетті сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге өзгерістер еңгізілді. Қазіргі кезде қолданыстағы заңнамалар аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жүргізуді Қазақ гуманитарлық-заң университетінің құқықтық қамтамасыз ету және сараптама орталығы жүзеге асырады. Жемқорлыққа қарсы алғашқы нормалар қоланыстағы заңдарды жетілдіру мәселесі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның екінші отырысында мақұлданған. НҚА жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес анықталады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сыннан өткен шараларды тұжырымдау жөнінде қоғам мен мемлекет арасында өзіндік көпір бола отырып, осы функцияны «Нұр-Отан» халықтық-демократиялық партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жуырда құрылған қоғамдық кеңес те өз жауапкершілігіне алып, көптеген іс тындыруда.
Осы жылдың 4 мамыр күні біз БҰҰ-дың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Конвенцияның мүше-мемлекеті болып кірдік. 140 мемлекет қосылған Конвенция елімізге осынау қоғамдық індетпен күресте жаңа міндеттер жүктейді. Сондықтан Конвенцияға қосыла отырып, Салық кодексіне салық органының салық төлеушіден ірі сомадағы сатып алу немесе сату, дүние мүлкі туралы сұрау салуға құқық беру туралы арнайы баптар енгізу қажет. Жүргізілген зерттеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру үшін, адамның жеке басына, оның құқықтары мен заңды мүдделеріне төніп тұрған жемқорлықпен күресу салаларында, сондай-ақ экономика және қоғамдық қауіпсіздік салаларында жағдайларды саралауға; Республикада жемқорлықпен күресудің барлық жүйесін ресурстармен және кадрлармен қамтамасыз етуді жетілдіру туралы ұсыныстар жасауға баса назар аудару қажет екендігін көрсетеді. Сөйтіп, қорыта келе айтатынымыз, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында мемлекет жүргізген жүйелі және дәйекті саясаттың арқасында бірсыпыра оң нәтижелерге қол жеткізілгені байқалып отыр.
Сыбайлас жемқорлық – бұл нақты заңдық анықтамасы жоқ әлеуметтік құбылыс және кез келген құбылыс іспетті ол өзіне тән белгілермен сипатталады, әрі өз дамуында үлкен әлеуетке ие. Сыбайлас жемқорлықтың ерекше белгісі - ол қылмыс субъектілерінің өз қызмет бабын, құқықтық мәртебесін және қызмет мүддесіне қайшы әрі құқық пен ар-ожданның қалыптасқан нормаларына қайшы орналасқан лауазымның беделін пайдалану жолымен істелінеді. Осы әрекеттер мүліктік не өзге пайда табуға және қандай да бір мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға тікелей бағытталған. Мысалы, саяси сыбайластықты саясаткерлердің, саяси үміткерлердің немесе олармен байланысты адамдардың сайлауды дайындау және өткізу, белгілі бір мемлекеттік лауазымға тағайындау немесе бекіту кезіндегі іс-әрекеттері ретінде анықтауға болады. Мемлекеттік билік және басқару органдарында жемқорлық қылмыстардың тікелей нысаны мемлекеттік қызметтің беделін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық мәселесін зерттей отырып, сыбайлас жемқорлық мүдделі топтардың экономикалық мүдделерінің көлеңкелі ықпал ету түрі ретінде осы мәселеге қатысты төмендегідей түйін жасауға болады.
Біріншіден, барлығы мойындағандай, сыбайлас жемқорлық – саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Өйткені лауазымдық тұлғаның игіліктерді бөлуге құқығы бар жерде, мүдделі тұлғалар тарапынан үнемі әлеуметтік үқсастық жасау мүмкіндігі болып тұрады. Яғни, игілік деп біз тек қана материалдық ресурстарды меңзеп тұрмаған болармыз, сонымен қатар оған лауазым иесінің түрлі әрекеттерге тыйым салу немесе рұқсат ету тағы басқа құқығы да жатады.
Екіншіден, сыбайлас жемқорлық жоғары деңгейге көтерілуі бұл мәселеге шындап көңіл бөлуді талап етеді. Заманауи жемқорлықпен күресу шаралары тек қана репрессивтік сипатта болмауы қажет, заңнамалардың да жетілдіруіне баса назар аударған жөн.
Үшіншіден, осы қоғамдық зауалға қарсы қоғамның бірігуі жемқорлықпен күрестің жеңісіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Толығырақ қарастыратын болсақ, сыбайлас жемқорлықты терең зерттеуге толық қол жете қойған жоқ. Іс жүзінде, анық дүниенің өзіне өмір күнделікті өзгерістер енгізіп отыр. Болашақта көлеңкелі әрекеттер сыбайлас жемқорлықтың жаңа түрлерін туындатуы әбден мүмкін. Қоғам мен мемлекеттің алдындағы басты міндеті – осы қылмыстың деңгейін неғұрлым азайту болып табылады.
Жемқорлықты болдырмау үшін, біздің пікірімізше, экономикалық, құқықтық және саяси сипаттағы шаралар кешенін қабылдау керек, олар:
1. Сыбайлас жемқорлықтың сайлау үдерісіне ықпалын азайту. Сайлау рәсімінің тазалығы және ашықтығы, ең алдымен – сайлау науқандарын қаржыландыру.
2. Заң шығару органдарына сыбайлас жемқорлықтың ықпалын кеміту. Ол үшін депутаттарды қылмысты жауапқа тарту рәсімін ықшамдау керек. Конституция мен елдің заңдарына сүйене отырып, партия қызметіне мемлекет тарапынан бақылауды күшейту. Партиялардың құрылуын қолдау қажет, үміткерлердің сайлаушылар алдында жауаптылығын арттыру, оларға ашық түрде өздерінің үміткерлерін таныстыру, саяси әлеуметтік тетігіне ие болу және олар үшін жауап беру.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүргізуші кадрлардың біліктілігінің жеткіліксіздігі, сондықтан олардың жұмысын жетілдіру, ішкі сатқындардан тазарту – ең алдыңғы міндеттердің бірі. Бұл мәселені шешу үшін:
1. ең алдымен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын көтеру;
2. құқық сақтау органдарын заманауи техникамен қамтамасыз ету деңгейін көтеру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды енгізу қажет.
4. Жемқорлыққа қарсы ведомстволық бағдарламалар қабылдау. Әр ведомствоға өздерінің ерекшеліктеріне сай, сыбайлас жемқорлық қылмыстар құрылымы және жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыру тәсілдері бар. Олардың әрқайсысына сырттан мамандарды тарту арқылы ерекше бағдарламалар жасау керек. Ведомстволық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаларды әрбір үш-бес жылда жаңартып отыруды тәжірибеге енгізу қажет. Осы салаға алуан түрлі сыбайлас жемқорлықты жұқтырған мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларға ревизия жасау да жатады.
5. Насихат және хабардарлық. Бұл шаралар кешені төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:
1. басқа елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты бағдарламаларды
зерттеп, игеріп, үлгісін тарату;
2. аймақтардың, ірі кәсіпорындардың, салалардың, билік тармақтарының шешімдерін және олардың өкілдерінің әрекеттерін бір-бірімен салыстырып отыру, сыбайлас жемқорлық деңгейінің көрсеткіштерін бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты жариялау және пайдалану;
3. сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде тұрақты ақпарат беріп тұру.
6. Халықаралық ынтымақтастық. Егер ұлттық сыбайлас жемқорлық нақты бір елдегі жалпы проблемалардың пайда болуына себеп болса, халықаралық өзара әрекеттен туындаған сыбайлас жемқорлық осы өзара әрекеттердің толық жетілмегеніне байланысты. Сондықтан өзара әрекет ету тетігін жетілдіруге бағытталған күш қолдану қажет. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жемісті нәтиже беру үшін мынадай ұсыныстар ескерілуі тиіс: