Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 21:52, курсовая работа
Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол – заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған қылмысына сәйке жаза тағайындалады.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
ЖАЛПЫ БӨЛІМ
І ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ...............................7
1.1 Жаза тағайындаудың жалпы негіздері............................................................7
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
II ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ........................................................20
1.2 Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау..............................20
1.2.1 Бірнеше қылмыс бойынша жаза тағайындау............................................27
1.2.2 Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау.............................................................................................................30
1.2.3 Аяқталмаған қылмыс үшін, қатысып жасалған қылмыс үшін және қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау...............................32
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................39
Істің ерекше жағдайы дегеніміз қылмыс жасау барысында оң мақсаттар мен игі себептердің болуы, айыпкердің қосалқы рөлі, оның қылмыс жасау кезіндегі немесе одан кейінгі мінез-құлқы, күшпен немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесінде қылмыс жасау, т.б. Бұл жерде ескеріліп отырғаны қылмыс зардабын болдырмауға бағытталған мінез-құлық, залалдың орнын өз еркімен толтыру, шын жүректен өкіну, кінәсін мойындап келу, т.б.
Жекелеген жеңілдетуші мән-жайлар да, ондай мән-жайлардың жиынтығы да ерекше мән-жайлар бола алады.
1.2.3 Аяқталмаған қылмыс, қатысып жасалған қылмыс және қайталанған қылмыс үшін жаза тағайындау
Қылмыстық кодекс аяқталмаған қылмыс, қатысып жасалған қылмыс және қайталанған қылмыс үшін жаза тағайындаудың кейбір ерекшеліктерін қарастырған.
ҚК-тің 56-бабына сәйкес аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындағанда (қылмысқа дайындық кезінде немесе қылмыс жасауға оқталғанда) бұрын көрсетілген мән-жайлардан басқа қылмыстың аяқталмай қалуына себеп болған мән-жайды есепке алу қажет, сонымен қатар қылмыс жасауға калай оқталғандық ескеріледі. Қылмыс жасау пиғылы жүзеге асса, ол жүзеге аспай қалғаннан қауіптірек. Қылмыстың аяғына дейін жетуіне тосқауыл болған мән-жайды есепке алудың қажет екендігі заңда орынды көрсетілген. Мысалы, әйел зорлауға оқталған адам әйелдің жанұшыра қарсыласуы нәтижесінде өзінің қылмыстық әрекетін аяғына дейін жеткізе алмайды. Екінші жағдайда қылмыскер өзінің сондай пиғылын қылмыс жасау орнына ІІМ қызметкерлерінің тосыннан келіп қалуы нәтижесінде жүзеге асыра алмайды. Бірінші жағдайға қарағанда екінші жағдайда қоғамға қауіптілік дәреже жоғары. Бұл жерде өзінің қылмыстық пиғылын жүзеге асыру үшін қылмыскерде қаншалықты нақты мүмкіндік болғанын, мақсатқа жетуге қаншалықты жақын қалғанын ескеру кажет. Сонымен қатар егер адам қылмысқа дайындалғанда немесе қылмыс жасауға оқталғанда сол қылмысты аяғына дейін жеткізетіндей өзінде шама болмаса да мүмкіндігін асыра бағаласа, сот бұл мән-жайды есепке алып айыпкерге, осындай әрекеттерді басқа мән-жайларда жасаған адамға қарағанда, жеңілдеу жаза тағайындауға тиіс. Қылмысқа дайындықпен салыстырғанда қылмыс жасауға оқталу қауіптірек әрекет болғандықтан заң қылмысқа дайындық жасауға қарағанда сол қылмысты жасауға оқталғандық үшін қатаңырақ жаза қолдану мүмкіндігін қарастырады. ҚК-тің 56-бабының 2 бөлігінде қылмысқа дайындалғаны үшін тағайындалатын жазаның мерзімі мен мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі аяқталған қылмыс үшін көзделген жазаның неғүрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің жартысынан аспауы керек делінген. Мысалы, егер адамға ҚК-тің 127-бабының 1 бөлігінде көзделген қылмысқа дайындалғаны үшін жаза тағайындалса, оған берілетін ең қатаң жаза 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түрінде бола алады, егер ҚК-тің 231-бабының 1 бөлігі бойынша 1 жыл көзделген болса.
Қылмысқа оқталғаны үшін жазаның мерзімі мен мөлшері ҚК-тің Ерекше бөліміндегі тиісті бапта ерекше қылмыс үшін көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғарғы мерзімінің немесе мөлшерінің төрттен үшінен аспауы керек (ҚК-тің 56-бабының 3 бөлігі). Қылмыстың жоғарыда келтірілген түрлеріне оқталғанда ең қатаң жаза, тиісінше, 2 жыл 3 ай және 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айырудан аспауға тиіс.
Қылмысқа дайындалғаны және қылмыс жасауға оқталғаны үшін өлім жазасы мен өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы, тіптен бұл жаза шаралары айыпкерге қолданылатын ҚК-тегі баптардың санкциясында көзделген болса да, тағайындалмайды.
Қатысып жасалған қылмыс үшін әдетте жаза тағайындаудың ерекшелігі сонда, заң соттың жоғарыда көрсетілгендермен қоса мына мән-жайларды ескеруін талап етеді: қылмыс жасауға адамның іс жүзінде қатысу сипаты мен дәрежесін, осы қатысудың қылмыс мақсатына жетудегі маңызын, оның келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның сипаты мен мөлшеріне ықпалын (ҚК-тің 57-бабы).
Бұл жағдайда қылмысқа қатысушылардың әрқайсысының қоғамға қаншалықты қауіпті екендігі және оларға тиісінше жаза тағайындау мүмкіндігі анықталады. Сонымен қатар, егер банданың алдына қойған мақсатқа жетуіне, сондай-ақ келтірілген немесе келуі мүмкін зиянның сипаты мен мөлшеріне бандитизмді ұйымдастырушы екі адамның әрқайсысының ықпалын өзара салыстырсақ, айырмашылықты көру қиын емес.
Топтасқан қылмысқа қатысушыларға жаза тағайындау жөнінде ҚК-тің 57-бабында мынадай тағы бір міндеттеу бар: қатысушылардың біреуінің жеке басына қатысты жауаптылық пен жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар тек сол қатысушыға жаза тағайындау кезінде ғана ескеріледі. Мысалы, қылмысқа қатысушылардың біреуінің өз айыбын мойындап келуі сол қылмысқа катысушы басқа адамдарға жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілуге тиіс емес.
Қылмыстың қайталануы — адамның сотталғаннан кейін қайта қылмыс жасауы, оның қоғамға аса қауіпті екендігінің белгісі, сондықтан да заңда қылмыс қайталанған жағдайда жаза тағайындаудың арнайы ережесі белгіленген (ҚК-тің 59-бабы). Оның мәні мынада: қылмыстардың қайталануы бойынша жаза тағайындай отырып, сот бұрын жасалған қылмыстардың санын, сипатын және қоғамдық қауіптілік дәрежесін, оның алдындағы жазаның түзетушілік ықпалының жеткіліксіздігіне себеп болған мән-жайларды, сондай-ақ жаңадан жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескеруге тиіс.
Қылмыстардың қайталануы жағдайында жасалған қылмыс үшін жазаның мерзімі мен мөлшері, жасалған қылмыс үшін көзделген ең қатаң жаза түрінің ең жоғарғы мерзімі мен мөлшерінің жартысынан төмен болмауға тиіс.
Қылмыстың қауіпті қайталануы жағдайында тағайындалатын жаза жасалған қылмыс үшін көзделген ең қатаң жаза түрінің ең жоғарғы мерзімі мен мөлшерінің үштен екісінен, ал қылмыстың аса қауіпті қайталануы жағдайында - төрттен үшінен төмен болмауға тиіс (ҚК-тің 59-бабының 2 бөлігі). Мысалы, қасақана жасаған бұрынғы қылмысы үшін сотты болған адам ҚК-тің 175-бабының 1 бөлігі бойынша сотталады. ҚК-тің көрсетілген бөлігінің санкциясында балама ретінде берілген бес түрлі жазаның сот айыпкерге ең қатаң түрін - бас бостандығынан айыруды тағайындай алады. Бұл жағдайда қылмыстың жәй қайталануы орын алғандықтан, ҚК-тің 59-бабының 2 бөлігіне сәйкес сот айыпкерге 1 жыл 6 айдан 3 жылға дейінгі мер-зімге бас бостандығынан айыруды тағайындай алады. Егер сотгалғанның әрекетінде қылмыстардың қауіпті қайталану нышаны болса - 2 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге, егер қылмыстардың аса қауіпті қайталануы болса — 2 жыл 3 айдан 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасынтағайындай алады.
Егер Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің қолданылып отырған нормасы соттылықтың болуын саралаушы белгі ретінде қарастырса, мұндай қылмыстардың қайталануында сот жазаны ҚК-тің 59-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіпті ескермей-ақ тағайындайды, яғни сот жаза тағайындаған кезде жазаның ең аз мөлшеріне қатысты ауқыммен шектелмейді. Бұл, мұндай жағдайларда қылмыстың қайталануы қылмыстық -заң нормаларында бұрыннан ескерілгендігіне байланысты, сондықтан да жаза тағайындау кезінде оны қайта есепке алудың қажеті жоқ. Сонымен катар қылмыстардың қайталануы болып және ҚК-тің 55-бабында көзделген ерекше мән-жайлар орын алса, бұл жағдайда да жаза ҚК-тің 59-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіпті есепке алмай тағайындалады. ҚК-тің 59-бабының бұл ережелеріне түсініктеме беру үшін мына мысалдарды қарастырайық. Мысалы, айыпкер ҚК-тің 175-бабы 3 бөлігінің «в» тармағы бойынша бұрын екі немесе одан көп соттылығы бар адам ретінде бұзақылық (кез-келген формасы) немесе корқытып алушылық үшін сотталды. Мұндай адамға жаза тағайындау кезінде ҚК-тің 2-бабында көрсетілген ережені ескереді (қылмыстардың қайталану белгісі бола тұрса да), яғни мүлкін тәркілеп 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындай алады.
Басқа мысал. Қылмыстардың қайталану белгісі бар жағдайда адам ҚК-тің 175-бабының 1 бөлігі бойынша сотталуда. Бірақ сот іс материалдарында ҚК-тің 55-бабында көрсетілген ерекше мән-жайлардың бар екендігін анықтады. Бұл жағдайда да сот айыпталушыға жазаны ҚК-тің 59-бабының 2 бөлігінде көрсетілген ережелерді есепке алмай тағайындайды, яғни ҚК-тің 175-бабының 1 бөлімінің санкциясында көзделген жазалардың бас бостандығынан айыруға қарағанда жеңілдеуін тағайындай алады. Егер бәрі бір бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, ол 6 айдан 3 жылға дейінгі мөлшерде болуға тиіс.
Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар дегеніміз - айыпкердің жеке басына және ол жасаған қылмысқа қатысты әртүрлі факторлар, олар жасалған қылмыс пен оны жасаған қылмыскердің қоғамға қауіптілігін тиісінше азайтады немесе арттырады, нәтижесінде жауаптылық деңгейі де өзгереді, ол факторлар жаза белгілеуге де ықпалын тигізеді.
Жеңілдететін мән-жайларды есепке алу сотқа мынадай құқық береді:
а) балама санкция болса жазаның жеңілірек түрін қолдануға;
б) ҚК-тің сол қылмыс сараланатын бабындағы санкция белгілеген ең аз немесе соған жақын мерзім тағайындауға;
в) ҚК-тің 55-бабын пайдаланып, сол қылмыс үшін көзделгеннен жеңілдеу жаза қолдануға;
г) шартты түрде соттауды немесе жаза өтеуді кейінге қалдыруды қолдануға.
Ал, ауырлататын мән-жайлардың болуы, керісінше, сотқа мынадай мүмкіндік береді:
а) балама санкцияда көрсетілген жазалардың ауырын тағайындауға;
б) ҚК-тің сол қылмыс сараланатын бабындағы санкция белгілеген ең көп немесе соған жақын мерзім тағайындауға;
в) ҚК-тің 55-бабын қолдану мүмкіндігін болдырмауға;
г) шартты түрде соттау немесе жаза өтеу мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігін болдырмауға. ҚК-тің 54-бабы 1 бөлігінің «а» тармағында көзделген ауырлататын мән-жайлар болса, сот тағайындайтын жазаның ең аз шегі ҚК-тің 59-бабының 2 бөлігіне сәйкес анықталады.
Жеңілдедетін және ауырлататын мән-жайлардың болуы тек жаза тағайындау процесінде ғана емес, айыпкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту-тартпау немесе жауапкершіліктен мүлде босату жөніндегі мәселені қарастырғанда да ескерілуі тиіс. Мысалы, қылмыстық жауаптылықтан босатудың ҚК-тің 375-379 және 381-баптарында көзделген түрлерін қолдану жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың болуына байланысты.
Қолданылған әдебиеттер
1. Беляев Н.А. Цели наказания и средства их достижения в исправительно-трудовых учреждениях/ Н.А. Беляев.- Л., 1963.- 25-26 б.
2. Карпец И.И. Наказани:Социальные, правовые и криминологические проблемы/ И.И. Карпец.- М.: Юрид. Лит, 1973.- 141 б.
3. Тарбагаев А.Н. Понятие и цели уголовной ответственности/ А.Н. Тарбагаев.- Красноярск, 1986.- 102 б.
4. Марцев А.И. Теоретические вопросы общего и специалъного предупреждения преступления: Заң ғылымдарының докторы диссерт. Автореф/ А.И. Марцев.- Свердловск, 1975.- 24-25 б.
5. Карпец И.И. Көрсетиген жүмыстың 156-157 беттері, жазадан босату. — М., 1973.- 6 б.
6. Шаргородский М.Д. Наказание по советскому уголовному праву/ М.Д. Шаргородский.- М., 1958.- 198 б.
7. Полубинская С.В. Цели уголовного наказания/ С.В.Полубинская.- М., Наука.- 1990.-486 б.
8. Карпец И.И. Индивидуализация наказания/ И.И. Карпец.— М., 1962.- 27 б.
9. Ефимов Е.А. Условное осуждение и условно-досрочное освобождение от наказания/ Е.А. Ефимов. - М., 1963. — Б. 6.
10. Шаргородский М.Д. Наказание по советскому уголовному праву/ М.Д. Шаргородский. — М., 1958. — Б. 156-157
11. Ломако В.А. Применение угловного осуждения/ В.А. Ломако. -Харьков, 1976. – 27 б.
12. Ткачевский Ю. М. Освобождение от отбывания наказания/ Ю. М. Ткачевский. — М., 1970.- 20 б.
13. Анашкин Г.З. Условное осуждение и практика его примененш/ Г.З. Анашкин, З.А. Вышинская, В.С. Минская. — М., 1981, 116.
14. Г.З. Анашкин, З.А. Вышинская, В.С. Минская. Көрсетиген жұмыс.-Б.6 .
15. Кейбір мәліметтерге қарағанда шартты түрде соттаудың 1972 жылғы өзіндік үлесі 23—25% болған. Караңыз: Наказания, не связанные с лишением свободы. -М., 1972. - 21 б.
16. Эффективность применения уеоловного закона. - - М., 1973. -124 б.
17. Г.З. Анашкин, З.А. Вышинская. В.С. Минская. Көрсетілген жұмыс.-Б. 24.
18. Хламов П.И. О некоторых особенностях применения наказания военнослужащим/ П.И. Хламов. — Правоведение. 1964.- N4. –Б. 74-88.
19. Г.З. Анашкин, З.А. Вышинская, В.С. Минская. Көрсетііеен шығарма. —Б. 16.
20. В.А. Ломако. Көрсетшен жүмыс. –Б. 73.
21. Интернет желісі.