Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 12:19, курсовая работа
Осы аталған жағдайларда істелген әрекет немесе әрекетсіздік сырттай қылмыс белгілеріне ұқсағанымен, оларда қоғамға қауіптілік болмағандыктан, кылмыс катарына жатпайды. Өйткені бұл аталған институттар коғамға пайдалы іс-әрекеттер қатарына жатады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
-Іс әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән жайларына жалпы сипаттама
-Іс әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән жайларына заңға сәйкес сипаттама беру
-Курстық жұмыстың мазмұнын толық ашу
Кіріспе.......................................................................................................................3
1.Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлардың түсінігі.........................4
2.Түрлері...................................................................................................................5
2.1.Қажетті қорғану.................................................................................................5
2.2Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезiнде зиян келтiру...............14
2.3 Аса қажеттiлiк..........................................................................................16
2.4. Жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру...........................................18
2.5. Орынды тəуекел ету...............................................................................20
2.6. Күштеп немесе психикалық мəжбүрлеу...............................................22
2.7. Бұйрықты немесе өкiмдi орындау.........................................................24
Қотынды.............................................................................
3) зиян қасақана келтiрiлсе;
4)
зиян қауiп төндiрушiге емес, үшiншi
тұлғаларға немесе қоғам мен
мемлекеттiң мүдделерiне
Аса қажеттiлiк қажеттi қорғану сияқты қоғамға пайдалы əрекет.
Дегенмен, олардың арасында мынадай айырмашылықтар бар:
а). қажеттi қорғануға құқық ҚР Конституциясының 13-бабында жəне ҚК-те көрсетiлiп кепiлдiк берiлген, ал аса қажеттiлiк институты тек қылмыстық заңмен ғана реттеледi;
б). қажеттi қорғануда қауiптiлiк көздерi ретiнде тек адамның қоғамға қауiптi əрекеттерi танылса, аса қажеттiлiкте адамның əрекеттерiмен бiрге, табиғат күштерi мен құбылыстары, жануарлардың шабуылы, физиологиялық немесе патологиялық процестер, жоғары қауiптiлiк көздерiнiң əсерi жəне т.б. табылады;
в). қажеттi қорғануда зиян қолсұғушыға, ал аса қауiптiлiкте үшiншi (заңды не жеке) тұлғаларға келтiрiлуi;
г). қажеттi қорғануда қол сұғушылықты болдырмау мүмкiндiгiнiң əр түрлi жолдары болса; аса қажеттiлiкте қауiптiлiктi тойтарудың жалғыз жолы – зиян келтiру болып табылады;
д). қажеттi қорғануда қолсұғушыға келтiрiлген зиян тойтарылған зиянға тең, немесе одан елеулi болуы мүмкiн, ал аса қажеттiлiкте тойтарылған зияннан кем зиян келтiрiлуi тиiс;
е).
қажеттi қорғану шегiнен қасақана
шығу үшiн ҚК-те жауаптылық қарастырылған,
ал аса қажеттiлiк жөнiнде мұндай тиiстi
нормалар көрсетiлмеген.
2.4. Жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру
Қазақстанның қылмыстық заңы ұзақ уақыт бойы жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру кезiндегi құқық қорғау органдары қызметкерлерiн құқықтық қорғау туралы мəселенi заңда реттемеген едi. 2001 жылғы 16-наурыздағы Қазақстан Республикасының « Ұйымдасқан қылмыстылық пен жəне жемқорлықпен күрестi күшейту мəселелерi бойынша Қазақстан Республикасының бiрқатар заңдарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралың № 163 Заңымен Қылмыстық кодекс 34-1 « Жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыруң бабымен толықтырылды. Аталған норма əрекеттiң қылмыстылығын жоятын мəн-жайлардың қатарын кеңейттi. ҚК-тiң 34-1 бабына сəйкес « Уəкiлеттi мемлекеттiк орган қызметкерiнiң не осы органмен қызметтес өзге адамның осындай органның тапсырмасымен жедел-iздестiру шараларын орындауы кезiнде заңға сəйкес жасаған əрекетiмен осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге келтiрген зияны, егер бұл əрекет бiр топ адам, ұйымдасқан топ немесе алдын ала сөз байласып жасаған қылмысты болғызбай, анықтау, ашу немесе тергеу мақсатымен жасалса, сондай-ақ егер құқыққорғау мүдделерiне келтiрiлген зиян аталған қылмыстарменкелтiрiлетiн зиянға қарағанда онша мəндi болмаса жəне егер оларды болғызбау, ашу немесе тергеу, сол сияқты қылмыс жасауға кiнəлi адамдарды əшкерелеудi өзге тəсiлмен жүзеге асыру мүмкiн болмаса, қылмыс болып табылмайдың. Жедел-iздестiру қызметi қылмыстылықпен күресудiң құралы ретiнде құқыққорғау қызметiнiң бiр бөлiгi болып табылады. Қазiргi уақытта жедел-iздестiру қызметi саласын реттейтiн негiзгi нормативтi құқықтық құжат болып 1994 жылғы 15-қыркүйектегi «ҚР Жедел-iздестiру қызметi туралың Заңы табылады. Жедел-iздестiру шараларының түсiнiгi мен оны жүзеге асыратын субъектiлерлiң тiзiмi, олардың құқықтары мен мiндеттерi сол заңда анықталған. ҚК- 34-1 бабының 2-бөлiгiне сəйкес адамның өмiрi мен денсаулығына қауiп келтiрумен, экологиялық апатқа, қоғамдық зiлзала немесе өзге де ауыр зардаптарға ұштасқан адамдардың əрекеттерiне 34-1 баптың1-бөлiгiнiң ережелерi қолданылмайды.
Сонымен, жедел-iздестiру шаралары кезiнде қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру мынадай заңға сəйкестiк шарттары бар;
1). Егер жедел-iздестiру шаралары тек мемлекеттiк өкiлеттi органмен немесе осы органмен қызметтес өзге адамның осындай органның тапсырмасымен орындалуы;
2). Егер бұл əрекет бiр топ
адам, ұйымдасқан топ немесе
алдын ала сөз байласып
3). Егер оларды болғызбау, анықтау, ашу немесе тергеу, сол сияқты қылмыс жасауға кiнəлi адамдарды əшкерлеудi өзге тəсiлмен жүзеге асыру мүмкiн болмауы;
4).
Егер құқыққорғау мүдделерiне
келтiрiлген зиян аталған
5). Жедел-iздестiру шараларын
2.5. Орынды тəуекел ету
Заң əдебиеттерiнде орынды тəуекел ету институты бiраз уақыттан берi зерттелiп келгенiмен, қылмыстық заңда ол жаңадан қарастырылды. Заңға енгiзiлгенге дейiн құқық қолдану органдарының тəжiрибесiнде орынды тəуекел көп жағдайларда аса қажеттiлiк ережелерi бойынша шешiлiп жатты. Орынды тəуекел ету жөнiнде жеке бап енгiзудiң қажеттiлiгi қазiргi жағдайдағы ғылым мен техниканы жетiлдiру жəне қоғамдық даму процесiнiң жылдамдатылуы кезiнде жаңа техснологияларды игерумен байланысты кəсiби қызметтердi атқару белгiлi бiр тəуекелге баруға əкеп соғатындығымен түсiндiрiледi. ҚР ҚК-ң 35-бабының 1-бөлiгiнде қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткiзу үшiн орынды тəуекел еткен ретте қылмыс тық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру қылмыс болып табылмайтындығын баяндайтын жалпы ереже қарастырылған. Орынды тəуекел етудiң түсiнiгi ҚК-ң 35-бабының 2-бөлiгiнде берiлген: егер аталған мақсатқа тəуекелмен байланыссыз iс-əрекетпен қол жеткiзiлмейтiн болса жəне тəуекелге жол берген адам қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтiрiлуiн болғызбау үшiн қажеттi шаралар қолданса, тəуекел орынды деп танылады. Орынды тəуекел негiзiнен белгiлi бiр жаңа эксперименттердi жүргiзу, бұрын қолданылмаған аппараттарды сынау, жаңа технологияларды игеру кезiнде өндiрiс, ғылыми-техника, шаруашылық, дəрiгерлiк жəне т.б. қызмет салаларында орын алады.
Осыған байланысты көптеген заң əдебиеттерiнде орынды тəуекелдi мынадай түрлерге бөлу қалыптасқан :
1).
Өндiрiстiк тəуекел, яғни заңмен
қорғалатын мүдделерге қауiп
2). Шаруашылық тəуекел ету заңмен қорғалатын материалдық мүдделердi қауiптi жағдайда қалдыру арқылы экономикалық пайда алуға ұмтылумен байланысты.
3). Коммерциялық тəуекелге
4). Ғылыми-техникалық тəуекел
а).
əрекет немесе əрекетсiздiк қоғамға
пайдалы мақсаттарға қол
б). қоғамға пайдалы мақсатқа тəуекелмен байланысты емес өзге əрекеттермен қол жеткiзу мүмкiн болмауы
қажет;
в).
адам заңмен қорғалатын мүдделерге зиян
келтiрiлуiн болғызбау үшiн
жетiстiктерге, кəсiби бiлiмiне, өмiрлiк əдiсiне негiзделуi тиiс;
г).
тəуекел ету адамдардың өмiрi
мен денсаулығына көрiнеу қатер
төндiрумен, экологиялық апатқа,
қоғамдық күйзелiске немесе өзге ауыр
зардаптармен ұштаспауы қажет. Тəуекелдi
орынды деп тануға негiз беретiн бiр немесе
бiрнеше жағдайлардың болмауы кезiнде
зиян келтiргендiк үшiн адамды жауаптылыққа
тарту кезiнде ҚК-ң 53-бабының 1-бөлiгiнiң
«зң тармағына сəйкес аталған жағдай жауаптылық
пен жазаны жеңiлдетушы мəн-жай ретiнде
қарастырылады.
2.6. Күштеп немесе психикалық мəжбүрлеу
Адамның iс-əрекетiн заң қылмыстық iс-əрекет деп тану ұшiн, ол саналы жəне ерiктi түрде жасалуы қажет. Ал iс-əрекет күштеу немесе психикалық мəжбүрлеу нəтижесiнде жасалса, қылмыстық жауаптылық мəселесi қалай шешiледi? ҚР ҚК 36-бабы осы мəселе жөнiндегi жалпы ережелердi қамтиды: егер күштеп мəжбүрлеудiң салдарынан адам өзiнiң əс-əрекетiне ие бола алмаса, күштеп мəжбүрлеудiң нəтижесiнде қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру қылмыс болып табылмайды. Психикалық мəжбүрлеудiң нəтижесiнде, сондай-ақ күштеп мəжбүрлеудiң нəтижесiнде қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтiргенi үшiн соның салдарынан адам өзiнiң iс-əрекетiне басшылық жасау мүмкiндiгiн сақтаған болса қылмыстық жауаптылық туралы мəселе аса қажеттiлiк ережелерiн ескере отырып шешiледi. Қылмыстық құқық теориясында күштеп мəжбүрлеу деп адамның денесiне немесе бас бостандығына əсер ете отырып оны өз қалауынша əрекет ету мүмкiндiгiнен айыруды айтады. Ал психикалық мəжбүрлеу деген адамның психикасына қорқыту, бұйыру, гипноздау жолдарымен информациялық əсер ету. Бұл екi жағдайда да мəжбүрлеудiң мақсаты – жəбiрленушiге белгiлi бiр əрекеттi жасату. Күштеп мəжбүрлеу адамды ұрып-соғу, денесiне зиян келтiру, бас бостандығынан айырып қамап қою əрекетiнен көрiнсе, ал психикалық мəжбүрлеу ауызша не жазбаша қорқыту, жүйкесiне əсер ететiн заттарды қолдану, гипноз жасау, бопсалау əрекеттерiмен жасалуы мүмкiн. Күштеп мəжбүрлеу нəтижесiнде адам өз iс-əрекетiн басқара алмаса, онда ол қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Мысалы, аяқ қолын байлап тастаған түнгi күзетшiнi күзет ереже лерiн бұзғаны үшiн жауаптылыққа тарта алмаймыз. Өйткенi, мұнда күштеп мəжбүрлеу тойтарылмайтын күш сипатын иемденiп тұр. Ал егер күштеп немесе психикалық мəжбүрлеуге қарамастан адамда өз iс-əрекетiн басқару мүмкiндiгi сақталса, яғни оның əрекеттi таңдау мүмкiндiгi бола тұра заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтiрсе тұлға мына жағдайларда жауаптылыққа тартылмайды:
а). егер мəжбүрлеу нəтижесiнде жасалған əрекет қауiп қатер төндiретiн күштен сақтанудың қажеттi жəне жалғыз құралы болса;
б).
осы əрекеттiң нəтижесiнде
2.7. Бұйрықты немесе өкiмдi орындау
Əрекеттiң қылмыстылығын жоятын мəн-жай ретiнде заңшығарушы бұйрықты немесе өкiмдi орындауды айтады. ҚК-ң 37-бабында бұл жөнiнде былай делiнген: өзi үшiн мiндеттi бұйрықты немесе өкiмдi орындау жөнiнде iс-əрекет жасаған адамның қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтiруi қылмыс болып табылмайды. Мұндай зиян келтiрiлгенi үшiн заңсыз бұйрық немесе өкiм берген адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Бұйрық немесе өкiм – белгiлi бiр əрекеттердi орындауға мiндеттi адамға жүктелген заңға немесе заңғатəуелдi актiлерге негiзделген өкiлеттi адамдардың билiк талаптары. Егер бұйрықты не өкiмдi беруге өкiлеттi адам өз өкiлеттiлiгiнiң шегiнен шықпай жəне тиiстi нысандарын сақтай отырып берсе, бұйрық не өкiм заңды деп танылады. Ал мұндай шарттар сақталмаса берiлген бұйрық не өкiм заңсыз болып саналады.
1). егер бұйрықты не өкiмдi орындаушы тұлға бұйрық не өкiм берген лауазымды тұлғаға қызметi бойынша бағынышты жəне бұйрықты не өкiмдi орындауға мiндеттi болса,
2). аталған бұйрық не өкiм соны беруге өкiлеттi адам арқылы берiлсе;
3). мiндеттi бұйрықты не өкiмдi орындау
кезiнде мұндай бұйрық не
1). егер қылмыстық бұйрықты не өкiмдi орындау кезiнде зиян келтiрген адам ол бұйрықтың қылмыс екенiн
ұғынбаса жəне ұғынуға мiндеттi емес немесе ұғынуына ешқандай мүмкiндiгi болмаса, онда ол
жауаптылыққа тартылмайды, ал келтiрген зиян жазықсыз келтiрiлген зиян деп танылады.
Информация о работе Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлар