Криминализация
мен Декриминализация
- Криминализация- бұл әрекетті қылмыс деп тану, оны қылмыстық заңнамада көрсету және ол үшін қылмыстық жаза бекіту
- Декриминализация – бұл кері процесс, әрекетті қылмыстық емес деп тану, қылмыстық заңнамадан алынып тастау және бұл әрекетті істеген үшін жазаның болмауы.
ҚР дағы декриминализация
мен криминализацияның мақсаты:
- қылмыстық жазалау жүйесінде қылмыстылықтың алдын алу онымен күресуге азаматтың құқығын қорғауға қылмыс жасаған адамды дер кезінде түзеүге бағытталған оңтайлы шара іздеу
- Біздің республикамызда қылмыстылықпен күресу теориясы мен өндірісін әрі қарай дамыту және жүзеге асыру үшін жазалау емес позитивті қылмыстық жауаптылықтың орын алуы.
- Президент 2011 жылы 18 қаңтарда «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық заңнаманы одан әрi iзгiлендiру және қылмыстық процестегi заңдылықтың кепiлдiктерiн күшейту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» № 393-IV ҚР Заңына қол қойды.
- Құқықтық саясатта, қылмыстық құқықты әрі қарай дамытуда мемлекеттің қылмыстық саясаттағы екі векторлық жағдайы есепке алып, ізгіліктің кәмілеттік жасқа толмағандарға, олардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қауіп төндіретін қылмыстарға, бірініші рет ауыр емес және орта ауырлықтағы қылмыс жасағандарға, әлеуметтік жағынан төмен тұрғындарға, жүкті және жеке басты және жас балалары бар әйелдерге, жасы үлкен адамдарға ғана қатысты бағытталды.
- Сонымен қатар,құқық бұзудың кейбір түрлеріне декриминализациялау енгізілді, оларды әкімшілік құқық бұзушылық саласына ауыстырды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-атқару Кодекстеріне өзгертулер енгізілді, қылмыстық жауаптылық және жазалау кәмелеттік жасқа толмағандарға жеңілдеді, альтернативті шараны кеңінен қолданудын алғышарттары айыппұл және бас бостандығын шектеу, қоғамдық жұмыстарды өтеу, үйде қамауда ұстау; мемлекетке келтірген шығынның орны толық жабылған жағдайда, қылмыстық жауаптылықтан босатуға жаңа негіздер енгізу.
- Қылмыстық заңдардың әрі қарай дамуы міндетті түрде мынандай қағидаларды қатаң түрде сақтау арқылы жүргізілуі көрсетілген: заңдылық, заң мен сот алдындағы теңдігі, қылмыстықтық жауапкершілік пен жазадан босатпау, кінәлі жауапкершілік, кесілген қылмыстық жазаның дұрыстығы, қылмыстық мәжбүрлеуді азайту, жәбірленушінің, оның ішінде мемлекеттің өзінің құқығын қорғау, ізгілік. «Қылмыс» пен «құқық бұзушылық» түсініктерінің қарым-қатынас проблемасына ігілік қағидасыныңтікелей қатынасы бар. Себебі ігілік қағидасы, қылмыстық құқықтағы ең маңызды қағидалардың біріне жатады және заң шығаруда құқықтық қолдану тәжірибесіндегі кең көлемде пайдаланылатын қағида болып табылады.
Мұнда, мәселе ең
алдымен, тек қоғамға қауіпті
әрекеттерді криминализациялау
емес, керісінше қылмыстық заңдағы
бар әрекеттерді декриминализациялау
болып отыр.
1.09.2011 жылы Елбасымыздың
жоғарыда көрсетілген мәселесі
туралы айтқаны:
- «Қазақстанда сүйікті сөзге айналып кеткен гуманизация мәселелеріне аса сақтықпен қарау керек. Ізгілендіргені сонша, оны бизнеске (коррупциялық - ҚазТАГ) айналдырып жіберді», - деді Н.Назарбаев бейсенбі күні парламент палаталарының бірлескен отырысында.
- Оның айтуынша, гуманизациялаудан кейін зорлау оқиғалары бойынша істердің саны артып кетті, полиция қызметкерлері зорлау, бұзақылық туралы істерді ақша үшін «шешіп беретін» оқиғалар да болған. «Қазір былай келіседі екен: қалтасында ақшасы бар адамды ұстайды, кейін полицейлермен келіседі де, ақшасын алғанша жүгіреді», - деді Назарбаев.
- «Мұның бәрін милиционерлер емес, сот шешуге тиіс», - деді мемлекет басшысы депутаттардың алдына құқық қорғау заңнамасын жетілдіру міндетін қоя отырып.