Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 11:07, реферат
Баршамызға белгілі, Қазақстан посткеңестік республикалар арасында алғашқы болып құқықтық салада қылмыстық және қылмыстық атқару жүйесіне қатысты халықаралық нормалар талаптарына сәйкес келетін заңнамалық негіздерді қалыптастырды. Соның негізінде еліміздің қылмыстық заңнамасын жетілдіру, ізгілендіру бағытында көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Баршамызға белгілі, Қазақстан посткеңестік республикалар арасында алғашқы болып құқықтық салада қылмыстық және қылмыстық атқару жүйесіне қатысты халықаралық нормалар талаптарына сәйкес келетін заңнамалық негіздерді қалыптастырды. Соның негізінде еліміздің қылмыстық заңнамасын жетілдіру, ізгілендіру бағытында көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мысалы, биылғы жылы Парламентте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралып, қабылданды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ел тәуелсіздігіне жиырма жылдығы қарсаңында аса ауыр емес және орташа ауыртпалықтағы қылмыс жасаған тұлғаларды жауаптылықтан босатуға бағытталған «Рақымшылық туралы» заңға қол қойды. Яғни, «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты Рақымшылық туралы» заң осы жылдың 22 қаңтарынан бастап күшіне енді.
Соған орай, Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ресми мәліметтеріне сүйенсек, рақымшылыққа 16 мың адам ілінген. Нақтырақ айтар болсақ, мысалы, темір тордағы 2696 адамға рақымшылық жасалып, оның 2199-ына бостандық берілсе, қалған 497 сотталушының жаза мерзімі қысқартылған. Құзырлы органдар деректері рақымшылыққа ілінгендердің басым бөлігінің түрмеде мерзімінің төрттен бірін өтегендер екенін көрсетіп отыр. Сонымен қатар, рақымшылыққа кәмелетке толмаған жасөспірімдер, балалары бар әйелдер мен жүкті аналар ілікті. Осы тізімді Ұлы Отан соғысына қатысушылар және Ауғанстанда әскери борышын өтегендер мен Чернобыльдегі апатқа атсалысқандар да толықтырған. Тағы бір айта кетер жайт, ел аумағында бұған дейін шартты түрде сотталған 9320 азаматтың да жазалары алынып тасталған. Заң бойынша рақымшылық сотталған адамға қатысты 1 рет қана қолданылады.
Азаттық алған 20 жылда мұндай рақымшылық осымен жетінші рет жасалып отыр. Жалпы алғанда, амнистия барлық әлем елдерінде бар үрдіс. Айталық, біздің елде ең алғаш рет «Рақымшылық туралы» заң 1994 жылы Халықаралық отбасылар күніне орай қабылданды. Ал, соңғы рет дәл осындай заң 2006 жылы мақұлданды. Сол жылы 34 мың адам бостандық алып, отбасыларымен қауышты. Адами тұрғыда сараласақ, дәл қазіргі таңда біз үшін мұндай заңның рөлі зор. Себебі, елімізде жаппай түрмеге түсіп жатқандар саны жылдан-жылға көбейіп кетті. Сондықтан, Елбасының шалыс басқандарға мүмкіндік беруі құптарлық жағдай. Өткенге көз салсақ, «Рақымшылық жасау туралы» заң мемлекет үшін маңызды кезеңдерде қабылдануда. Ал, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы ел өміріндегі осындай аса маңызды кезеңнің бірі екені айтпаса да түсінікті. Өмірде қателеспейтін жан жоқтығын ескерсек, әруақытта адам баласына жақсылық жасап, оған сеніммен қараған артықтық етпейді. «Рақымшылық жасау туралы» заңда қандай санаттарға рақымшылық жасалатыны тайға таңба басқандай көрсетілген. Біздің Қазақстан ғана емес, басқа да елдер осындай шараны жүзеге асыруда. Мысалы, Түркіменстанның да Ораза айты кезінде осындай шараны қабылдағаны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылды. Соңғы ақпараттарға жүгінсек, бостандыққа шыққандардың ішінде өзге өңірлерге қарағанда Шығыс Қазақстан облысындағы абақтылардан рақымшылыққа ілінгендер саны көбірек болыпты. Осы жерде айта кетер жайт, аталған заңның жүзеге асуы барысында Ақмола облысы қылмыстық атқару жүйесінің мекемелерінде қамауда отырған 17 азаматтың рақымшылық бойынша босап шығудан бас тартқаны БАҚ-тар арқылы мәлім етілді. ҚАЖК өкілдерінің айтуынша, бас тартуға босап шыққан соң баратын жердің жоқтығы себеп болыпты. Дегенмен, мұндай көріністер өзге жандардың қуанышына көлеңке түсіре алмайды. Әрине, қылмыстық заңнаманы ізгілендіру – уақыт талабы. Өйткені, 16 миллион халқы бар еліміздің түрмеде отырғандардың саны жағынан дүниежүзінде үшінші орынға шыққан кезі де болды. 2010 жылдың қорытындысы бойынша 22-ші орындамыз. Бұл – ізгілендірудің, «Рақымшылық туралы» заңның жетістігі.
Елбасының 2010 жылғы тамыздың 17-дегі жарлығына сәйкес қоғамға қауіп төндірмейтін қылмыстар бойынша заңды жұмсарту қолға алынды. Осы орада экономикалық саладағы құқық бұзушылықтар енді әкімшілік санатта қарастырылатын болды.
Серікбол Сапарғалиев, Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы:
- Бұл заң үстіміздегі жылғы ақпанның 6-нда өз күшіне енді. Оған сәйкес қылмыстық жауапкершілікті талап ететін кейбір құқық бұзушылықтарға жол бергендер әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ. Оның ішінде ҚР ҚК 105- бабы «денсаулыққа жеңіл зақым келтіру», 223 -бабының «Тұтынушыларды алдау» және т.б. баптар бар.
Қылмыстық кодексті ізгілендіруге байланысты бұл құқық бұзушылықтар үшін 50-ден 300 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл немесе 45 тәулікке қамауға алу қарастырылған. Заң қолданысқа енгеннен бері мамандандырылған әкімшілік сотта ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 79- бабы бойынша 136, 320-бабы бойынша 4 әкімшілік іс қаралған.
Серікбол Сапарғалиев, Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы:
- ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320 -бабы бойынша әкімшілік істердің біреуі тоқтатылып, 3 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды . 2011 жылғы шілденің 9-нда шекаралық бақылау кезінде «Петропавл-Омбы» бағытындағы жолаушылар поезында жалпы салмағы 269,31 грамм марихуана сақтаған азамат Макутунович ұсталған болатын.
Мамандандырылған әкімшілік соттың қаулысына сәйкес бұл азамат әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ғана айыпты деп танылды. Сезікті 10 тәулікке қамауға алынып, есірткі заты жойылған.
Қазақстан Республикасының 18.01.2011 жылғы №393-IV «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 105 бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) алынып тасталды.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған заңмен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне де өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Нақтырақ айтатын болсақ, кодекстің 79-3 бабы 2-ші бөліммен толықтырылып, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Және де ҚР ҚК-нің 296 бабының 1 бөлігіне де өзгерістер енгізілген, яғни жол-көлік оқиғасы салдарынан денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтірілгені үшін қылмыстық жауаптылық алынып тасталған.
Енді жол-көлік оқиғасы салдарынан жәбірленушінің денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірген кінәлі адам Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 468-1 бабымен жауапкершілікке тартылады.
Айта кететін жайт, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 79-3 және 468-1 бабтары бойынша жауапкершілік айтарлықтай қатал, яғни 79-3 бабының 2 бөлігі бойынша төленетін айыппұлдың мөлшері 50 ден 300-ге дейінгі айлық есептік көрсеткішке дейін, ал 468-1 бабы бойынша 200 ден 500-ге дейінгі айлық есептік көрсеткішке дейін барады. Және де жоғарыда аталған бабтар бойынша 45 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған.