Компьютерлік жүйелер мен желілер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 10:43, курс лекций

Краткое описание

Пән дәрісінің негiзгi мақсаты – студенттерге электроника,
электрондық және компьютерлік технологиялар, ақпараттық жүйелер мен
желілер жөнінде жалпы мағлұматтық білім беру. Сонымен қатар,
студенттерді ақпараттық жүйелер мен желілерді құрудың негізгі тәсілдері,
моделдері

Содержимое работы - 1 файл

6.pdf

— 313.43 Кб (Скачать файл)
Page 1
1
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫЫ
РАДИОТЕХНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ФАКУЛЬТЕТЫ
ЭЛЕКТРОНИКА КАФЕДРАСЫ
БЕКIТЕМIН
РТжБФ деканы
___________ Медеуов У.И.
«__»____2012 ж.
5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
мамандығы бойынша
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР МЕН ЖҮЙЕЛЕРІ
пәнiнiң
CИЛЛАБУС
Оку түрі - күндізгі
Барлығы
2
кредит
Курс
3
Семестр
Дәрістер
4
32
СӨЖ
45
Өзiндік жұмыс
58
Аудиториялық
32 сағат
Емтихан
4 семестр
Алматы 2012

Page 2

2
Бағдарлама
5В0719000

Радиотехника,
электроника
және
телекоммуникациялар мамандына арналған Компьютерлік желілері мен
жүйелері пәнінің үлгілік бағдарламасына негізделіп құрастырылған. №10
хаттама.20.06.2012 г.
Жұмыс бағдарламасын құрастырған «Электроника» кафедрасының аға
оқытушысы Дегембаева Ұлболсын Құспановна .
«Электроника» кафедрасын меңгерушысы____________________А.Т.Ибраев
Оқытушы туралы мәлімет:
Дегембаева Ұлболсын Қоспановна, Электроника кафедрасының аға
окытушысы, Алматы энергетика институтың бітірген, жалпы педагогикалық
-22 жыл.
Мекен жайы: 050013, Алматы, Байтұрсынов көшесі 126. АЭжБУ.
Электроника кафедрасы, кабинет № 416
Тел: 278-46-06

Page 3

3
1. Алғы сөз
1.1 Пәнді оқытудың мақсаты:
«Компьютерлік желілері мен жүйелері » пәні жоғарғы оқу
орындарының студеттері үшін міндетті пән болып саналады және оқу
жоспарларына негізгі пән ретінде енгізіледі.
1.2 Пән дәрісінің негiзгi мақсаты – студенттерге электроника,
электрондық және компьютерлік технологиялар, ақпараттық жүйелер мен
желілер жөнінде жалпы мағлұматтық білім беру. Сонымен қатар,
студенттерді ақпараттық жүйелер мен желілерді құрудың негізгі тәсілдері,
моделдері
және
қағидаларымен
таныстыру,
инфокоммуникация
саласының кезеңдік дамуының мазмұны мен стандарттарымен таныстыру.
1.3 Преквизиттер
ТЭЦ негіздері 1 және ЭжАСҚ 1 пәндерінің материалдарында
негізделенеді.
1.4 Постреквизиттер
Берiлетiн материалдар студенттердiң физика, химия, математика,
электр тiзбектері теориясы пәндерiне негізделіп, келешекте «Электроника
және аналогтық құрылғылар схемотехникасы 2», «Цифрлық құрылғылар мен
микропроцессорлар», «Сымсыз байланыс технологиялары» т.б. сабақтарға
тiзгiн
болып,
курстық
және
дипломдық жобалауларда
кеңiнен
пайдаланылады.

Page 4

4
2. Студенттердің білімін бағалау жүйесі
Білімді бақылау формаларының құрылымы мен олардың меншікті салмағы

Бақылау формалары
Пайыздағы меншікті салмақ
1
Ағымдағы
20
2
Аралық
20
3
Үй (СӨЖ)
20
4
Қорытынды (емтихан)
40
Барлығы:
100
2.2. Календарный график сдачи всех видов контроля по дисциплине
«ОРЭТ1”
Таблица 2
Апталар 1
2
3
4
5
6
7
8
9
Бақылау
түрлері
ӨЖ ӨЖ ӨЖ ӨЖ ӨЖ ӨЖ ӨЖ ӨЖ СБ
Балл
6
4
6
4+10 6
4
4
6+10 40
Бақылау түрлері: ӨЖ- өзіндік жұмыс; СБ – соңғы бақылау.
Сіздің курс бағдарламасы бойынша қол жеткізген жетістіктеріңіз
АЭжБИ-нде қабылданған қорытынды бағалардың жалпы жүйесі негізінде
бағаланады.
Әріп
жүйесі
бойынша баға
Баллы
Пайыздық өлшем
Дәстүрлік жүйе бойынша
баға
А
4.0
100
Өте жақсы
А-
3.67
90-94
В+
3.33
85-89
Жақсы
В
3.0
80-84
В-
2.67
75-79
С+
2.33
70-74
Қанағаттанарлық
С
2.0
65-69
С-
1.67
60-64
D+
1.33
55-59
D
1.0
50-54
F
0
0-49
Қанағаттанарлықсыз
Курстағы академиялық тәртіп және әдеп саясаты
Күнделікті сабаққа қатысу керек.

Page 5

5
Оқу үрдісіне белсенді түрде қатынасу керек.
Уақытында үй тапсырмасын орындау қажет.
Үй жұмысын орындамаған жағдайда, қорытынды баға төмендейді.
Сабаққа іскери киіммен келу керек.
Сабаққа кешікпей келу керек.
Сабақ кезінде сөйлеспеу керек, ұялы телефонды өшіру қажет.
Сабақты жібермеу керек (ауырған жағдайда анықтама әкелу қажет).
Жіберіп алған сабақтарын оқытушы белгілеген кезде келіп тапсыруы
керек.
Тілектесті және жанжақты болу керек.
Ұқыпты болуы қажет.
Курсты оқып үйрену үшін қажет әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
1.
Информатика: Учебник / Под ред. проф. Н.В.Макаровой. –
М.:Фин. и статистика, 2004. –768 с.
2.
Информатика: Учебник / Под ред. проф. Симоновича. – М.:Фин.
и статистика, 2004. –768 с.
3.
Э. Таненбаум. Архитектура компьютера. СПб.: Питер, 2005. – 699
с.
4.
Алексеев А.П. Информатика-2002. – М.: Солон-Р, 2002. – 400 с.
5.
Берікұлы А. Электрондық дәрістер жинағы. – АИЭС, Алматы.
2005. (Кафедралық серверде).
Қосымша әдебиеттер:
6.
Острейковский В.А. Информатика: Учеб. для вузов. – М.: Высш.
шк., 2004. – 511 с.
7.
Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере /
Под ред. проф. Н.В.Макаровой. –М.: Финансы и статистика, 2003. – 256 с.
8.
Есипов А.С. Информатика: Учебник. – СПб: Наука и Техника,
2001. – 384 с.
9.
Веретенникова Е.Г., Патрушина С.М., Савельева Н.Г.
Информатика: Уч. пособие. Ростов н /Д: Издательский центр «МарТ», 2002. –
416 с.
10. Безручко В.Т. Практикум по курсу «Информатика». Учебное
пособие. – М.: Финансы и статистика, 2003. – 544 с.
(Аталған әдебиеттерді АЭжБИ кітәпханасынан табуға болады).

Page 6

6
Календарлық жоспар
А
п
т
а
л
а
р
Аудиториялық сабақтар
Тақырып аты
Дәріс
(сағат
)
Лаб.
жұмыс
Тараулар СӨЖ
1
1 Модуль. Кіріспе.
1
Лекция.
Информатиканың
негізгі
түсініктері мен анықтамалары.
2
Лекция.
Информатиканың
математикалық негізі.
2
1 лаб.
жұмыс
1. [1,2,3];
3. [1,2];
5.
[Қосымша
А,В];
1 тап-
сырма
2
2
Модуль.
Есептеу
жүйелерінің
архитектурасы
3 Лекция. Компьютердің типтік схемасы,
фон- Нейман принципі.
4 Лекция. Компьютердің адрестілігі,
бұйрық-тардың орындалу схемасы.
2
2 лаб.
жұмыс
1. [4,5];
2. [2,3];
3. [5,6];
2 тап-
сырма
3
5
Лекция.
Компьютердің
орталық
процессоры: басқару құрылғысы мен
арифметико-логикалық құрылғы.
6 Лекция. Компьютер құрылымының
логикалық негіздері.
2
3 лаб.
жұмыс
1. [4]; 2.
[2,3];
3. [6];
3 тап-
сырма
4
3 Модуль.. Компьютердің периферийялық
құрылғылары.
7-8
Лекциялар.
Компьютердің
периферийялық құрылғылары.
2
4 лаб.
жұмыс
1. [4]; 2.
[2];
4 тап-
сырма
5
4 модуль. Есептеу техникасының жүйелік
және қолданбалы программалары.
9-10 Лекциялар. Есептеу техникасының
жүйелік және қолданбалы программалары.
Операциялық жүйелер.
2
5 лаб.
жұмыс
1. [8,9,12];
2.[6];
3.
[6];
5 тап-
сырма
6-7
5 Модуль. Электронды таблицаларды
жобалау және оларды басқару.
11-14
Лекциялар.
Электронды
таблицаларды есептеулерде пайдалану.
4
6,7 лаб.
жұмыс
1. [14];
6,7 тап-
сырма
Аралық емтихан
8
6 Модуль. Мәліметтер базасы.
15-16 Лекциялар. Мәліметтер базасын
2
8 лаб.
жұмыс
1. [15]; 3.
[7];
8 тап-
сырма

Page 7

7
жобалау және оның негізгі объектілері.
9
17-18 Лекциялар. Microsoft Access 2000
СУБД-мен жұмыс істеу
2
9 лаб.
жұмыс
1. [15]; 3.
[7];
9 тап-
сырма
10
7 Модуль. Ақпаратты архивациялау және
сығылған деректермен жұмыс жасау
әдістері
19-20 Лекциялар. Ақпаратты архивациялау
және сығылған деректермен жұмыс істеу
тәсілдері. Ақпаратты қорғау.
2
10 лаб.
жұмыс
1. [11];
10 тап-
сырма
11
8. Модуль. Компьютерлік желілерге
кіріспе.
21-22
Лекциялар.
Компьютерлердің
әсерлесу деңгейлері және деректерді желі
арқылы берудің хаттамалары.
2
11 лаб.
жұмыс
1. [6]; 3.
[8];
11 тап-
сырма
12
23-24
Лекциялар.
Желінің
негізгі
программалық
және
аппараттық
компоненттері
2
12 лаб.
жұмыс
1. [6]; 3.
[8];
12 тап-
сырма
13
9.
Модуль.
Интернет
ауқымды
ақпараттық желісі. 25-26 Лекциялар.
Интернетпен жұмыс жасау принциптері
мен оның протоколдары
2
13 лаб.
жұмыс
1. [6]; 3.
[9];
13 тап-
сырма
14
27-28 Лекциялар. World Wide Web
технологиясы.
Web-құжаттарды
гипермәтіндік белгілеу тілі – HTML.
2
14 лаб.
жұмыс
1. [6]; 3.
[9];
14 тап-
сырма
15
29-30
Лекциялар.
Гипермәтіндік
сілтемелер, фреймдер.
2
15 лаб.
жұмыс
1. [6]; 3.
[9];
15 тап-
сырма
30
30
30
Қорытынды емтихан
Студенттердің білімін бағалау
Сабаққа
қатысу
және
сабақтағы
белсенділігі
7,5 %
Лабораториялық жұмыстарды орындау 22,5 %
Үй тапсырмасы
30 %
Аралық емтихан
10 %
Қорытынды емтихан
30 %

Page 8

8
Барлығы
100 %
Рейтинг ұпайларын тарату

п/п
Бақылау
түрі
Ұпай
Апталар
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 Барлығы
1
Сабаққа
қатысуы мен
белсенділігі
0,5 * * * * * * * * * * * * * * * 7,5
2
Жазбаша үй
жұмыстары
2
* * * * * * * * * * * * * * * 30
3
Лабор.
жұмыстар
1,5 * * * * * * * * * * * * * * * 22,5
4
Аралық
емтихан
10
*
10
5
Қорытынды
емтихан
30
6 Барлығы
100
Сабаққа қатысу және сабақтағы белсенділігі – дәрістік және
лабораториялық сабақтарға қатысу міндетті. Студент дәріс тақырыбына
байланысты көрсетілген тақырыптарды қарап, дәріс сабағына сауалдар
дайындап келуі керек.
Лабораториялық жұмыстар компьютерлік класстарда орындалады да,
сабақтың соңында қорғалады. Сабақтың соңына дейін жұмысты орындап
үлгермеген студенттерге аптаның соңына дейін уақыт беріледі. Егер аптаның
соңына дейін тапсыра алмаса аттестацияға дейінгі уақытта тапсыруға
мүмкіндік беріледі, бірақ мұндай жағдайда 0,5 ұпай кемітіледі.
Лабораториялық жұмыстарға арналған тапсырмалар мен әдістемелік
нұсқаулар, оларды қорғау түрлері кафедрада қабылданған ОӘК (УМК)-да
көрсетілген (Интернеттегі сайтты қараңыз).
Үй тапсырмасы (СРС) – әрбір студент өз бетінше орындайтын, өткен
тақырып бойынша құрастырылған әртүрлі тапсырмалар болып табылады.
Жазбаша үй жұмыстарына арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар,
оларды қорғау түрлері кафедрада қабылданған ОӘК (УМК)-да көрсетілген
(Интернеттегі сайтты қараңыз). Жазбаша үй тапсырмасын қорғау шарттары

Page 9

9
алдыңғы пунктке сәйкес. Студент жазбаша үй тапсырмасын мұғалімнің
офис-сағатында қорғауға міндетті.
Аралық емтихан емтихан өткізілетін уақытқа дейінгі барлық дәрістер,
лабораториялық және үй тапсырмаларындағы сұрақтардан құралады да,
семестр ортасында, аттестациялық аптада график бойынша өткізіледі. Егер
студент аралық емтиханға себепсіз келмей қалса, немесе төмен баға алған
жағдайда, ол емтиханға 0,8 ұпайлы коэффициентпен бір рет қайта
тапсыруға жіберіледі.
Қорытынды эмтихан – курс бойынша өткен тақырыптардың барлығын
дерлік қамтиды. Емтиханның ұзақтығы - 3 академиялық сағат. Емтиханда
алған бағаны жоғарылату үшін, емтиханның алдында немесе одан кейін,
ешқандай тапсырма берілмейді.
Баға қою саясаты: Семестр соңында, семестр бойы жинаған ұпайлардың
қосындысы түрінде жалпы баға қойылады. Финалдық баға ҚБТУ-да
қабылданған бағалар шкаласына сәйкес қойылады.
Курс саясаты сабақтан қалмау және сабаққа кешікпей, уақытылы келу.
Сабақ үстінде ұялы телефонды пайдаланбау. Берілген тапсырмаларды
уақытылы орындап, тапсыру.
Көмек: Тапсырмалардың барлық түрі бойынша қиындық тудырған сұрақтар
бойынша оқытушыға көрсетілген офис сағаттар кезінде келіп көмек алуға
болады.
№ 1 - ЛЕКЦИЯ
ФУНКЦИОНАЛДЫ - ҚҰРЫЛЫМДЫ ҰЙЫМЫ
ДК негізгі блоктары мен олардың мәндерi
Компьютер сәулетi єдетте пайдаланушыға мањызды қасиеттер
жиынтығымен анықталады. Негізгі назар машинаның негізгі жєне қосымша
құрылымына жєне функционал мүмкіншіліктеріне бөлінеді.
Негізгі функциялар ЭЕМ тағайындалуын: ақпаратты өњдеу жєне
сақтау, сыртқы объектілермен ақпарат айырбасуды анықтайды.
Қосымша функциялар негізгі функциялардыњ орындалу нєтижелерiн
жоғарлатады: оныњ жұмыс режимiнiң эффектiлiгiн, пайдаланушымен
диалог, және т.б. қамтамассыз етедi. Аталған ЭЕМ функциялары оныњ

Page 10

10
компоненттері: аппараттық жєне программалық
құралдардыњ
арқасында іске асырылды.
Компьютер құрылымы - бұл құрылым, рет жєне оның құрамына
енетiн компоненттерінiң єрекеттестік принциптерін орнататын қандай да бiр
модель.
Дербес компьютер - бұл қолданудың арзандық, ємбебаптық
талаптарын қанағаттандыратын столға қоятын немесе тасымал ЭЕМ.
ДК жақсы жақтары:
- дара сатып алушыға қол жетерлік шектегi құны;
- автономдық тұтынудағы қоршаған ортаға байланысты арнайы
талаптардың болмауы;
- сєулет иілгіштігінiң басқару, ғылым, білім, тұрмыс салаларында
бейiмделуiн қамтамасыз болуы;
- операциялық жүйе мен басқа программалардың арасындағы
"достық" қатынастың арнайы кєсіптік дайындығы жоқ тұтынушының
жұмыс iстеу мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi;
- жұмыс сенімділігінiң жоғары болуы (5 мың сағаттан артық жұмыс iстеуi).
Дербес компьютер құрылымы.
ДК негiзгi блоктарының құрылысы мен тағайындалуын қарастырайық.
Ескерту. Мұнда және кейiнiрек ДК ұйымы қазiргi кезде ењ көп
таралған IBM PC-тектес компьютерлер түрлерiне сәйкес қарастырылады.
Микропроцессор (МП). Бұл машинаның барлық блоктарының
жұмысын басқару мен ақпаратқа арифметикалық жєне логикалық
операциялардыњ орындалуын iске асыратын ПК орталық блогы.
Микропроцессор құрамына:
басқару құрылғысы (БҚ) - орындалатын операцияныњ спецификасы мен
алдыңғы операция нєтижелерімен ерекшеленетiн уақыттыњ керек кезiнде
белгiлi басқару сигналдарын (басқару импульстерi) қалыптастырып, оларды
машинаның барлық блоктарына бередi; орындалатын операцияның
қолданылатын жады ұяшықтарының мекенжайларын қалыптастырады жєне
оларды ЭЕМ-ның сәйкес блоктарына тапсырады; басқару құрылғысы
импульстiң негiзгi тiзбегiн тактiлi импульстер генераторынан алады;

Page 11

11
арифметикалық - логикалық құрылғы (АЛҚ)- сандық жєне символдық
ақпаратқа барлық арифметикалық жєне логикалық операцияларды орындау
үшін арналған (кейбiр ДК модельдерiнде АЛҚ операцияларының орындалуын
жеделдету үшiн қосымша математикалық бірлес процессор (сопроцессор)
қосылады);
микропроцессорлы жады (МПЖ) – қысқаша мерзiмдi мінез, жазу мен
ақпарат беру үшін машинаның жұмысының жақын арадағы есептеу тактілер
кезiнде қолданылады. Өйткенi негізгі жады (НЖ) ақпаратты жазу, іздеу жєне
оқуда жылдам микропроцессор нәтижелi жұмысына қажеттi жылдамдықты
єрқашан да қамтамасыз ете алмайды. Регистрлер - єртүрлі ұзындықты
жылдам жұмыс iстейтiн (1 байт стандартты ұзындығы бар және жылдамдығы
төмен НЖ-ға қарағанда) жады ұяшықтары;
микропроцессор интерфейстік жүйесі - ДК басқа құрылғыларымен
бiрiгуiн және байланыс орнатуын іске асырады; өзінiң құрамына МП ішкі
интерфейсiн, буферлі есте сақтайтын регистрлер жєне енгізу-шығару
порттарының (ЕШП) басқару схемаларын жєне жүйелік шинаны қосады.
Интерфейс (interface) - компьютер бiрiгу жєне байланыс құралдарыныњ
жиынтығы және олардыњ қарым-қатынасының эффектiлiгiн қамтамасыз
етуші. Енгізу-шығару порты (I/O – Input/Output port) - ДК басқа құрылғысын
микропроцессорға қосуға мүмкіндік беретін бiрiктiру аспабы.
Тактiлi импульстер генераторы генераторы. Ол электрлік импульстер
тiзбегiн генерациялайды; генерацияланатын импульстер жиілігі машинаның
тактiлi жиілігін анықтайды.
Көршілес импульстер арасындағы уақыт аралығы машина жұмысының
бір такт уақытын немесе машина жұмысының тактін анықтайды.
Тактiлi импульстер генераторының жиiлiгi персоналды компьютердiң
негізгі сипаттамаларының бірі, өйикенi машинадағы єрбір операция тактілер
аралығында орындалады және ол машина жұмысыныњ жылдамдығын
анықтайды.
Жүйелік шина. Ол компьютердiң барлық құрылғылардыњ өзара
бiрiгуiн жєне байланысын қамтамасыз ететiн негізгі интерфейстік жүйе.
Жүйелік шина төмендегi шиналардан тұрады:

Page 12

12
мәлiметтер кодты шинасы (МКШ), өзiне операндыныњ сандық
кодтардың (машиналық сөз) барлық дєрежелерін паралельді беру үшін сымдар
мен бiрiгу схемаларынан тұрады;
адрестiң кодты шинасы (АКШ), паралельді беру үшiн негiзгi жадыныњ
мекенжай ұяшықтарының барлық код дєрежелерініњ немесе сыртқы
құрылғының енгізу-шығару портыныњ сымдары мен бiрiгу схемаларынан
тұрады;
нұсқаулардыњ кодты шинасы (НКШ), машинаның блоктарына
нұсқауларды (басқарушы сигналдар, импульстер) беруге арналған сымдар мен
бiрiгу схемаларынан тұрады;
қоректену шинасы, ДК блоктарын энергоқоректену жүйесіне қосуға
арналған сымдар мен бiрiгу схемаларынан тұрады.
Жүйелік
шина
ақпарат
тасымалдаудың
үш
бағытымен
қамтамасыздандырады:
- микропроцессор мен негiзгi жады арасында;
- микропроцессор мен сыртқы құрылғылардыњ енгізу-шығару порттары
арасында;
- негiзгi жады мен сыртқы құрылғылардыњ енгізу-шығару порттары
(жадыға тiкелей кiру режимiнде) арасында.
Блоктар емес, дәлiрек алғанда олардыњ енгізу-шығару порттары шинаға
біркелкі сәйкес бірыњғайлы алмалы-салмалы (стыктар) арқылы қосылады:
тiкелей немесе контроллерлер (адаптерлер) арқылы. Жүйелік шинаны
басқаруы микропроцессормен немесе тiкелей, не жиірек негізгі басқару
сигналдарын қалыптастырушы қосымша микросхема - шина контроллері
арқылы жүзеге асырылады.
Негізгі жад (НЖ). Ол ақпаратты сақтау мен машина басқа блоктарымен
шапшањ айырбас үшін арналған. НЖ есте сақтайтын екі түрлi құрылғылардан
тұрады: тұрақты есте сақтайтын құрылғы (ROM – Read-only memory) жєне
жедел есте сақтау құрылғысы (RAM–Random access memory).
ROM өзгермейтін (тұрақты) программалық және анықтамалық
ақпаратты сақтау үшін қызмет етеді, сақталған ақпаратты шапшањ оқуға ғана
болады (ROM-да ақпаратты өзгертуге болмайды).

Page 13

13
RAM берiлген уақыт аралығында ДК-дың тiкелей ақпараттық-есептеу
процесiнде қатысатын ақпаратты (программалар мен мәлiметтер) шапшањ
жазу, сақтау жєне оқу үшін арналған. Жедел жадтың басты жақсы жағы ол
оның үлкен жылдамдығы мен жадтың єрбір ұяшығына жеке кiру
мүмкіншілігін бередi (ұяшыққа тiкелей адрестік кiру). RAM кемшiлiгi ретінде
машинаны өшiргеннен кейiн ақпаратты сақтаудың мүмкіншілігiнiң болмауы
(энерготәуелдiлiк).
Сыртқы жад. Ол ДК-дың сыртқы құрылғыларына жатады жєне кез келгені
уақытта қандайда бiр мақсаттар үшін керек болатын ақпаратты ұзақ
мерзiмге сақтау үшін қолданылады. Сыртқы жадта компьютердiң бүкiл
программалық қамтамасы сақталады. Сыртқы жад есте сақтайтын
құрылғылардыњ єр түрлі түрлерi болады, бірақ ењ көп таралған, барлық
компьютерлерде болатын қатты (HDD - Hard disk drive) жєне иілгіш (FDD -
Floppy disk drive) жинақтағыш магниттік дискiлер.
Бұл жинақтағыштардыњ тағайындау - үлкен көлемді ақпаратты сақтау,
жазу жєне сақталған ақпаратты қалауынша жедел есте сақтау құрылғысына
беру. Сонымен қатар сыртқы жад құрылғылары ретінде магниттік дискеталар,
оптикалық дискiлердегi жинақтағыштар (CD-ROM - Compact Disk Read Only,
DVD – Digital Video (Versatile) Disk, Memory - тек оқылатын жадтағы компак-
диск) жєне басқа есте сақтау құрылғылаы қолданылады.
Қоректену көзi. Бұл ДК-дiң автономды жєне желілік энергоқоректену
жүйесiнiң блогы.
Таймер. Бұл керек кезде уақыт моментiн (жыл, ай, сағат, минут, секунд
жєне секунд үлесi) автоматты түрде анықтайтын машинаның iшкi
электрондық сағаты. Таймер автономды қоректену көзi – аккумуляторға
жалғанады жєне машинаны ток көзiнен өшiргенде жұмыс істей бередi.
2-ЛЕКЦИЯ
ПРОГРАММАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР
Программа - магниттік тасымалдаушыда (дискіде) файл түрінде сақталып,
әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп, орындауға
арналған машина тіліндегі нұскаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара

Page 14

14
байланыста бір-бірімен біріге отырьш жүмыс істейтін программалар
кешендерінін көмегімен шешіледі.
Алдын ала келісім (соглашение) нақты программа аркылы орындалатын
әрекеттер (функциялар) жиынының және әр функцияның орындалу
вариантын анықтайды.
Үнсіз келісім (по умолчанию) егер жұмыс істеп отырған адам айқын
түрде нұсқамаса, көрсетілген немесе басқа әрекеттің, яғни функцияның
нақты атқарылу параметрлерін (басқа да варианттары болғанда) алдын ала
тағайындайды.
Интерфейс - программалық жабдық пен жүмыс істейтін адам арасындағы
сұхбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны.
Программалық жасақтама — информаииялық технологиялардық елеулі
бір бөлігі. Программасыз кез келген аппаратура жәй элементтер жиыны
болады да, ол ешнәрсе істей алмайды.
ЭЕМ программалары екі топқа бөлінеді, олар:
1) жүйелі программалық жасақтама;
2) қолданбалы (кәделі) программалық жасактама.
Жүйелі программалар ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтар жұмысын
басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қолданбалы программалармен
байланыстырады.
Жүйелі программалық жасақтаманы бірнеше топқа
жіктеуге болады:
1) операциялық жүйелер;
2) утилиттер;
3) сервистік программалар.
Операциялық жүйелер - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы
программамен байланысы бар нақты программа.
Дербес компьютерлер үшін кең тараған операциялык жүйелерге МS (РС)
DОS,WINDОWS 98, WINDОWS 2000, WINDОWS NT, ОS/2, UNІХ жатады.

Page 15

15
Дербес компьютерлерге арналған операциялық жүйелердің барлығы да тек
бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетте бір
компьютерде жұмыс істеуін елестету қиын ғой.
WINDОWS 98 WINDОWS NT, ОS/2, UNІХ көп мақсатты жүйелер болып
саналады. Көп мақсаттылық - бір компьютерде бір уақытта қатарласа
бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып
жатуы. Мысалы, Сіз мәтін көшіріліп жатқан шақта ойнап та отыруыңызға
болады, өйткені бұл жұмыстарды әртүрлі құрылғылар атқарады немесе ол
қүрылғылардың жұмыс жылдамдығы адамның жылдамдығынан өте жоғары
болып келеді.
Көптеген ІВМ - үйлесімді компьютерлер дискілік МS DОS
операциялық жүйесі
мен
көп
терезелі
WINDОWS
графикалық
операциялық жүйесін пайдаланады. .
Операциялық
жүйелер
көптеген
функцияларды
орындайды:
информацияны дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды
ұйымдастырады, компьютер құрылғыларының өзара байланыста жұмыс
істеуін, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын
қамтамасыз етеді. Бұл жүйе ЭЕМ іске қосылғаннан кейін иілгіш не қатты
дискіден алғашқы жүктелетін кешенді программа болып табылады.
Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы
утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге
қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу (қысу) программаларын,
компьютердің
жұмыс
істеу
қабілетін
(диагностика) тексеретін
программаларды (тест программалары) айтуға болады.
Сервистік программалар - әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс
істеуін жеңілдететін программалар тобы.
Қолданбалы программалар арқылы біздер өз есептерімізді шығарамыз.
Мұндай программалар "қолданбалы" (приложение) деп те аталады.
Қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан
бастап күрделі есептерді шығара алатын қуатты мамандандырылған
жүйелерді (мәтіндік процессор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер
т.б.)» ғылыми мәселелерге арналған және жалпы көпшілікке қызмет ету
кешендерін де жатқызуға болады,
Қолданбалы (каделі) программалық жасақтама - белгілі бір мамандық
саласында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны. Олар белгілі
бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді.

Page 16

16
Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын программалық жасақтама әр
адамның нақты есептерін шығаруға арналған, сондықтан оны пайдалану
аймағы да шектеулі. Мұндай программаларды жұмыс иесі өзі жасайды
немесе оның талабы бойынша маман программалаушылар жасап береді.
Дербес компьютерлердің кең тарауына басты себеп олардың алдын ала
дайындалған әмбебап программалық жабдықтамаларының кең таралуы еді,
бұл программалар тек бір есепті шығарып қана қоймай, белгілі бір мамандық
саласында
есеп
жұмыстарын
түгел
автоматтандыруды
немесе
информацияның белгілі бір түрлерін өңдеуді түгел қамти алатын болды.
ӘртүрлІ
информацияларды
өңдеуге
мүмкіндік беретін
әмбебап
программалық жасақтың негізгі түрлері мыналар:
- мәтін редакторлары;
- графикалық редакторлар;
- электрондық кестелер;
- оқыту және ойнау программалары;
- информациялық жүйелер және т.б.
Мәтіндік информацияларды
даярлау
мен
өндеуге
арналған
программалар мәтін редакторы деп аталады. Өмірде кез келген ЭЕМ-де
жұмыс істейтін адамдар әртүрлі есеп-қисаптар мен құжаттар дайындау,
мақала және басқа жазбалар жазу сияқты мәтін дайындаумен айналысады.
ДЭЕМ-дерді осы мақсаттарға пайдаланса, баспа машинкасына қарағанда
жұмыс өнімділігі күрт өсетіні талас тудырмаса керек.
Мәтін редакторлары экранда мәтіндерді түзетуге, қателерін уақытында
табуға, абзацтардың сол жақ, оң жақ шеттерін туралауға, мәтіндерді
дискілерде ұзақ уақыт сақтап, қажет болғанда бірден тауып алуға, бірнеше
алфавитті (латын, орыс, казақ) қатар пайдалануға, құжаттарды кағазға
бірнеше дана етіп басып шығаруға мүмкіндік береді.
Дербес ЭЕМ-дер кітап, журнал, газет, т.б. шығаруда кең пайдаланылады.
Компьютердің машинкаға қарағанда көптеген артықшылығы бар: қате оңай
түзетіледі, материалдарды дайыңдау шапшаңдайды, оларды безендіру
жолдары женілдейді. Өте жоғары сапалы басылым шығара алатын лазерлік
принтерлермен жабдықталған шағын баспахана жүйелерінің одан да күшті
мүмкіндіктері бар (осы оқулық та компьютерлік баспа жүйесінде
дайындалды).
Кең тараған мәтін редакторларына Місrosoft Word, РаgеМаkег, Word
Реrfect т.б. жатады.

Page 17

17
Графиктік редакторлар графиктік информацияны дайындау мен өңдеуге
арналған программа болып табылады. Олар өмірде жиі кездесетін есептеу
нәтижелерін график түрінде шығаруда өте ыңғайлы. Оның үстіне
графикалық редакторлар бейнелерді әртүрлі етіп - схемалар, сызбалар,
суреттер және т.б. түрлерде бере алады.
Графикалық редакторлар мәліметтердің есептелу нәтижесін график
бейнесінде көрсетуде және өз қалауымызша түрлі сызықтар тұрғызуда да
қолданылады. Графиктерді әртүрлі қылып, мысалы, түзу немесе қисық сызық
түрінде, дөңгелек диаграммалар мен гистограммалар бейнесінде салуға
болады, оларға автоматты түрде масштаб енгізу керек болса, онда
координата остеріне сандар мен атауларды жазып қоюға да болады. Күрделі
графикалық бейнелер тұрғызу кезінде түрлі- түрлі фигура мен контурларды
пайдаланып, олардың әрқайсысын әртүрлі түстерге бояуға да болады.
Осындай мүмкіндіктері бар графиктік редакторларға Раіnt, СоrеlDrаw, Grаf-
іn-thе-Вох, РС Illustrator т.б. жатады.
Электрондық кестелер жүйесінде миллионнан аса торлар (ұялар) болады,
олар пернелермен информацияны енгізу арқылы немесе формулалар өрнегін
есептеу нәтижесі бойынша компьютерде жазу арқылы толтырылады. Мұнда
кестелік мәліметтерді түзету, оларды дискілерде жазып сақтау, түрлендіру,
қағазға басып алу сияқты көптеген өрнекеттер өте жылдам орындалады. Кең
тараған эдектрондық кесте жүйелеріне Lotus 1-2-3, SuреrСаlс, QuatroРго,
Ехсеl сияқты программалар жатады.
Ойын программалары дербес ЭЕМ-дeрдeгі қызғылықты, кез келген жан
әуестенетін топқа жатады. Дербес компьютерлердің кеңінен тарауына да
себепші болған ойын программалары еді. Компьютерлік ойындар -
демалудың жаңа технологиясы. ЭЕМ-де ойнағанда онымен шектен аса
әуестенудің зиян екенін есте сақтаған жөн.
Оқыту программалары оқу-үйрну сабақтарын үйымдастырады, олардың
мектепте не үйде тарихтан, информатикадан, тілден, биологиядан,
математикадан, физикадан т.б. пәндерден сабаққа дайындалу кезінде өте
ыңғайлы екені талас тудырмайды. Компьютерлер сабақ оқуда электрондық
оқулық
және
тренажерлер
түрінде,
лабораториялық аспап,
әрі
информациялық анықтамалық жүйе есебінде кеңінен пайдаланылады.
Институттарға қабылдау емтихандарын өткізу кезінде компыютерлер
"қазы" рөлін де әділ атқара алатын құрал екені белгілі.
Іс программалары қызметте керекті әртүрлі информацияларды дайындау,
сақтау және өңдеу үшін кеңінен қолданылып жүр. Бұлар іс қағаздарын
жүргізуді компьютрлендіру кезінде құжаттар дайындау, жүмыс кестелерін
жасау, кезекшілік графиктерін салу сияқты әрекеттерде де өте ыңғайлы
болып табылады.

Page 18

18
Информацияның көптеген түрлерін сақтау, іздеу, жалпы ұйымдастыру
жүмысында информациялық жүйелер қолданылады. Бұларға мәліметтер
базасы, кітапханада информация іздеу жүйелері, театрларда, әуе жолында
және темір жолдағы билет сату мен оларды тіркеу тәсілдері жатады.
ЭЕМ желілері мен информациялық коммуникациялар негізіндегі осы сияқты
жүйелерді жасау мен дамыту қоғамымызды информацияландыру
бағдарламасының ірге тасын қалайды.
Болашағы бар информациялық құралдарға білімдер базасы мен
эксперттік жүйелерді жатқызуға болады. Олардың көмегімен кейбір
мамандық салаларында эксперттер тәртібін модельдеу арқылы медициналық
тақырыптардан консультациялар мен әртүрлі қызмет салаларынан
анықтамалар беру, өнертапқыштарға, технологтар мен конструкторларға
көмек беру істерін жүзеге асыруға болады.
Әмбебап
программалық жасақтың
дамуының
аркасында
күрделі
біріктірілген (интегралданған) жүйелер жасалынып жатыр. Олар бірыңғай
командалар жүйесі арқылы бір форматты пайдалана отырып мәтін
редакторын, электрондық кестелерді, графикалық редакторды, мәліметтер
базасын басқару жүйесін, калькуляторды және тағы басқаларды біріктіріп,
бір интерфейс арқылы осылардың барлығын да пайдалану мүмкіндігін
береді. Біріктірілген жүйелердің ішінде кең таралып, белгілі болғандарына
Framework, Symphony, Master және т.б, жатады. Әмбебап программалық
жасақтама дербес компьютерлермен жабдықталған әртүрлі мамандық
иелерінің жұмыс орындарын автоматтандыруды іске асырады. Мұндай
жүйелерге, мысалы, кострукторлық жобалауды, электрондық тақшалар жасап
дайындауды, экономикалық және бухгалтерлік жұмыстарды автоматтандыру
істерін жатқызуға болады. Инженерлік практикада қазір осындай мақсаттарға
MatLab, MatCad, Еureka сияқты программалық дестелер кеңінен қолданылып
жүр.
Қоғамымызды дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен және
информациялық қорлармен толық қамтамасыз ету бұрынғы "қағаздағы"
мәліметтерді қолдану жұмыстарын толықтыра отырып, информация алу,
тарату, пайдалану жұмыстарын ұйымдастыруды жаңа белеске көтерді. Мұны
өзі қоғамымызда информацияландыру процестерін дамытудың негізі болады
деп толығынан айта аламыз.
Қолданбалы программалар арасындағы ерекше топқа қолданбалы
программаларды даярлаудың аспаптық құралдары (инструментальные
средства) жатады.

Page 19

19
Аспаптық кұралдар - басқа программалар мен автоматтан-дырылған
жүйелерді даярлау үшін программалаушылар пайдаланатын программалар
мен программалық кешендер.
Дербес компьютерде кең тараған аспаптық құралдарға ВАSІС, РАSСАL,С
және ASSEMBLER сияқты программалау тілдері жатады, олар үшін соңғы
кездерде әмбебап программалау жүйелері жасалған болатын. Бұл тілдердің
әрқайсысы белгілі бір мәселелер тобын шешуге өте қолайлы. Онын үстіне,
әртүрлі ЭЕМ-дерде белгілі бір тілге ғана үстемдік беріледі.
Программалау жүйелері шыққанға дейін әр адам өзі қолданатын программа
мәтінін программалау тілінде жазып, оны ЭЕМ-ге арнаулы мәтін редакторы
арқылы енгізіп, сонан соң тағы бір арнайы программа - компилятор
(транслятор), көмегімен өз мәтінін машина тіліне аударатын. Ең соңында
үшінші бір арнаулы жинақтаушы программаның арқасында бөлек
модульдерден орындалатын программалық файл алынатын.
Бүгінгі күн талабына сәйкес келетін программалық жүйелерді пайдалансақ,
мұндай күрделі жұмыстар атқарудың ешбір қажеті жоқ сияқты. Қазір
біріктірілген бір-ақ программалық десте осы аталған операциядарды түгел
қамтиды. Соңғы кездердегі ДЭЕМ программалық жүйелерін жасайтын
алдыңғы қатарлы фирмаларға Місrosoft Соrроrаtіоn және Воrland Іnternational
сияқтыларды жатқызуға болады. Місrosoft фирмасы өзінің Quick Ваsic,Visual
Ваsic және Місrosoft С++ деген программаларын, ал Воrland фирмасы -Тurbо
Ваsіс, Воrland С, Тurbо Раsсаl программалық тілдерін жасап таратуда. Бұл
жүйелердің әрқайсысының күшті де, әлсіз де жақтары бар, сондықтан оларды
таңдауда алдына қойған мақсатына қарай әр адам өзі шешеді.
Қазіргі
кезде
жасалынып
жатқан
программалар
теледидар,
тоңазытқыш, шаңсорғыш тәрізді өндірістік өнімдер санатына кіреді. Бұл
программаларды жасау мен тарату - өндірісті жүргізу заңдылықтарымен
бірдей деңгейде болады деген сөз. Бұл күндері тегін берілетін, шартты түрде
(жартылай) тегін және сатылатын программалар бар. Программаларды сатып
алу және тарату шарттары сол программамен бірге берілетін оның сатушысы
не авторы дайындаған құжаттарда жазылады. Біреудің программасын
пайдалану үшін осындай мәселелерге көңіл бөліп отыру қажет екенін естен
шығармаған жөн.
№3 ЛЕКЦИЯ
Сыртқы құрылғылар (СҚ).
Бұл кез келген есептеу кешенiнiң негiзгi құраушы бөлігі. Кейде СҚ ДК-
дың бағасының 50-80%-ға дейiн жететiнiн айтса жеткілікті. ДК-дың басқару

Page 20

20
жүйелері мен халық шаруашылығындағы қолдану мүмкіншілігi СҚ құрамы
мен сипаттамасына байланысты болады.
ПК-дың СҚ-ы машинаның қоршаған орта, пайдаланушы, басқару
объектілері жєне басқа ЭЕМ-лармен қарым-қатынасымен қамсыздандырады.
СҚ єр түрлі жєне өздерiнiң қасиеттерiне байланысты бiрнеше топтқа бөлiнедi.
Тағайындалуына байланысыт СҚ келесі топтарға бөлiнедi:
- сыртқы есте сақтау құрылғылары (СЕСҚ) немесе ПК-дың сыртқы
жады;
- тұтынушының диалогтық құралдары;
- ақпаратты енгізу құрылғылары;
- ақпаратты шығару құрылғылары;
- байланыс жєне телекоммуникациялық құралдар.
Тұтынушының диалогтық құралдарына құрамына видеомониторлар
(дисплейлер), сирек пульттық жазу машинкалары (пернелiгi бар принтерлер)
жєне сөйлеу (речевой) енгізу-шығару құрылғыларын жатқызуға болады.
Видеомонитор (дисплей) – ПК-ға енгізілетін жєне шығарылатын
ақпаратты бейнелеуге арналған құрылғы.
Сөйлеу (речевой) енгізу-шығару құрылғылары мультимедиа құралдарына
жатады. Сөйлеу (речевого) енгізу құрылғылары - бұл єртүрлі микрофондық
акустикалық жүйелер, мысалы, адамның айтқан єріптерi мен сөздерiн
анықтап, кодтауға болатын күрделі программалық қамтамасы бар "дыбысты
тышқандар".
Сөйлеу (речевой) шығару құрылғылары - бұл компьютерге жалғанған
динамиктер немесе дыбыс колонкалары арқылы енгiзiлетiн цифрлік кодтарды
єріптер мен сөздерге түрлендiретiн єртүрлі дыбыс синтезаторлары.
Ақпаратты енгізуі құрылғыларына төмендегiлер жатады:
пернелiк (пернетақта) – ДК-ға сандық, мєтіндік жєне басқарушы
ақпаратты қолмен енгізуіге арналған құрылғы;
графикалық планшеттер (диджитайзерлер) – планшет бойына арнайы
көрсеткіш (қалам) арқылы графикалық ақпаратты қолмен енгізуіге арналған;
қаламның орнын ауыстырғанда оныњ координаталары автоматты түрде
оқылып, оның орналасқан жерi ДК-ға енгiзiледi;

Page 21

21
сканерлер - автоматты түрде қағаздан машиналық мєтін, графиктер,
суреттер, сызбаларды оқып, ДК-ға енгізеді; сканердiң кодтау құрылғысында
мєтіндік режимдегi символдар арнайы программалар көмегiмен арнайы
эталондық нұсқалармен
салыстырылғыннан
кейін
ASCII
кодына
түрлендiрiледi, ал графикалық режимде оқылған графиктер мен сызбалар екі
өлшем координаталар жүйесiне түрлендiрiледi;
манипуляторлар (сiлтеу құрылғылары): джойстик - рычаг, тышқан,
оправадағы трекбол-шар, сәулелi қаламұш жєне басқалар - дисплей экранына
графикалық ақпаратты енгiзу үшiн экрандағы курсор қозғалысын басқарып,
оның координаталарын кодтап ДК-ға енгіземiз;
сенсорлы экрандар - полиэкраннан ДК дисплейiне бөлек бейне,
программа немесе команда элементтерін енгізуге арналған.
Ақпаратты шығару құрылғыларына төмендегiлер жатады:
принтерлер - ақпаратты қағазға тіркеуге арналған баспа құрылғысы;
график жасаушылар (плоттерлер) – қағазды тасымалдаушыға ДК-дан
графиктiк ақпарат шығаруға арналған (графиктерді, сызбаларды, суреттерді);
плоттерлер қалам көмегiмен бейненi сызатын векторлық және растрлi:
термографикалық, электростатикалық, құйылма сиялы жєне лазерлiк болады.
Құрылымына қарай плоттерлер планшеттi және барабанды болып бөлiнедi.
Барлық плоттерлердiң негiзгi сипаттамлары ұқсас болып келедi: сызу
жылдамдығы -100-1000 мм/с, жақсырақ модельдерiнде түсті бейнелеу жєне
жартылай тонды беру мүмкiндiктерi бар; ең жоғары шешу қабiлетi мен
бейнелеу анықтылығы лазерлiк плоттерлерде, бірақ олар ењ қымбат.
Жабдықтар
мен
автоматизация
құрылғылармен
(интерфейстердіњ
келiстiрушiлерi, адаптерлер, цифрлi-аналогты жєне аналогты-цифрлік
түрлендіргіштер жєне т.б.) жєне ДК-дi байланыс каналдары, басқа ЭЕМ-лары
мен есептеу желiлерiмен (желілі интерфейстік тақша,"жапсарлар",
мәлiметтердi берудiң мультиплексорлары, модемдер) байланысу үшiн
арналған байланыс пен телекоммуникация құрылғылары.
Жеке жағдайда желiлi адаптер ДК-дiң сыртқы интерфейсi, оны байланыс
каналы арқылы басқа ЭЕМ-дермен есептеу желілерi қрамында ақпарат
айырбастау үшiн қосу мақсатында қызмет етедi. Жалпы тораптарда желiлi
адаптердiң функциясын модулятор-демодулятор орындайды.
Жоғарыда аталған құрылғылардың көбi шартты белгiленген топқа –
мультимедиа жабдықтарына жатады.
Мультимедиа құралдары (multimedia – көп орталы) – бұл адамға
компьютермен қатынасуға мүмкiндiк беретiн аппараттық жєне бағдарламалық

Page 22

22
құралдардыњ кешені және ол адам үшiн қолайлы ортаны қолданады: дыбыс,
бейне, графика, мєтіндер, анимация жєне т.б.
Мультимедиа құралдарына ақпаратты сөйлеп енгізу жєне шығару
құрылғылары жатады; қазiргi кезде кеңiнен таралған сканерлер (олар баспа
мєтіндер мен суреттердi компьютерге автоматты түрде енгiзуге мүмкiндiк
бергендiктен); жоғары сапалы бейне- (video-) жєне дыбыстық- (sound-)
платалар, бейнемагнитофоннан немесе бейнекамерадан бейнеердi көшiрiп,
оны ПК-ға енгізетiн бейненi басып алу (videograbber) платалары;
күшейткіштерi бар жоғары сапалы акустикалық жєне қайта орындайтын
жүйелер, дыбысты колонкалар, үлкен видеоэкрандар. Бірақ, негiзiнен,
мультимедиа құралдарына дыбысты жєне бейнеақпаратты жазуға арналған
үлкен сыйымдылықты сыртқы есте сақтау құрылғылары - оптикалық
дискiлердi жатқызуға болады.
Компакт дискiлердiң (CD) құны олардыњ үлкен тираждалу салдарынан арзан,
ал олардың үлкен үлкен сыйымдылығын еске ала (650–700 Мбайт, ал жања
үлгілерінде 8 Гбайт жєне одан жоғары), жоғары сапасын ескергенде, CD-де
ақпаратты сақтау магниттiк дискiлерге қарағанда едәуiр арзанға түседi.
Компакті-дискiлерiнде кењ мөлемде мәлiметтер қоры мен кітапханалар
ұйымдастырылған; CD-де сөздіктер, анықтамалар, энциклопедиялар, әр түрлi
репетиторлар, ой тапқырлығын дамытатын жєне жалпы білімге үйрететiн
программалар бар.
CD шетел тілдерін, жол ережелерін, бухгалтерлік есептеу, зањ саласын,
сонымен қатар салық зањдарын үйренуде кењ көлемде қолданылады. Бұның
барлығы мєтіндер, суреттер, сөйлеу жєне мультипликация, музыка жєне
бейнелермен бiрге берiледi. CD-нi тұрмыс аспектісінде аудио- жєне
бейнежазбалардыњ
сақтау
үшін
плейерлi
аудиокассеталар
мен
видеокассеталар орнына қолдануға болады. CD-де көптеген программалар мен
компьютерлік ойындардыњ сақталғанын ескеркен жөн.
Сөйтiп келгенде, CD-ROM компакт-дискiлерде жазылған єр түрлі және өте
үлкен көлемдегi ақпаратты функционалды тағайындауы мен қайта оқу
ортасына жол ашады.
Үзу (тоқтату) – берiдген уақытта мањызды (басты) программаны шапшањ
орындау мақсатында басқасының орындалуын уақытша тоқтату.
Үзулер компьютер тұрақты жұмыс жасағанда болып тұрады. Ақпаратты
енгізу-шығару процедуралары үзулермен орындалатыны, мысалы, таймерден
үзу үзулер контроллерінен пайда болады және одан қызметтi секундына 18 рет
(әрине тұтынушы оларды сезбейдi) алатыны туралы айтса жеткілікті.

Page 23

23
Үзулердiњ контроллері үзу процедураларына қызмет етеді, сыртқы
құрылғыныњ үзуге сұраным қабылдайды, бұл сұраным басты дењгейін
анықтайды жєне МП-ға үзу сигналы береді. МП бұл сигналды қабылдап,
ағымдағы программа орындауын тоқтатып, сыртқы құрылғы сұраған үзуге
қызмет ететiн арнайы программаны орындауға көшедi. Қызмет етеу
программасы аяқталғаннан кейін үзілген программа орындалуы қалпына
келтіріледі.
№4 ЛЕКЦИЯ
Машиналық iшкi жүйелік интерфейсi.
Машиналық iшкi жүйелік интерфейсi - ЭЕМ түйіндердіњ жєне
блоктарының өзара байланысы - электр желілерініњ, компьютер
компоненттерімен бiрiгу схемаларының, тасымалдау протоколдардыњ
(алгоритмдердіњ) жєне сигналдарды түрлендiрудiң байланыс жүйесi.
Машиналық iшкi жүйелік интерфейсiнiң ұйымдастырылуының екі нұсқасы
бар.
1. Көпбайланысты интерфейс: ДК-дiң єрбір блогы басқа блоктармен өзiнiң
жергілікті сымдарымен байланысқан; интерфейс әдетте қарапайым
тұрмыстыларда қолданылады.
2. Бiр (жеке) байланысты интерфейс: ДК-дiң барлық блоктары өзара жалпы
немесе жүйелік шина арқылы байланысқан.
Қазiргi кездегi ДК-лердiң басым көпшілігiнде жүйелік интерфейс ретінде
жүйелік шина қолданылады. Жүйелік шина құрылым жєне құрамы алдында
жоғарыда айтылған болатын. Жүйелік шина негiзгi функционал
сипаттамалары: оның қызмет көрсететiн құрылғылардыњ саны мен өткiзу
қабілеті, яғни ақпарат тасымалдаудың максимал жылдамдығы. Шинаның
өткiзу қабілеті оныњ разрядына (8-,16-,32- жєне 64-разрядты шиналар бар)
жєне шина жұмыс істейтін жиілігiне байланысты.
Жүйелік шина ретінде әр түрлi ДК-ларда келесi шиналар қолданылған жєне
қолданыла алады:
кењейту шиналары – көптеген єр түрлі құрылғыларды қосуға мүмкіндік
беретін жалпы тағайындалу шиналары;
жергілікті шиналар – берiлген кластың бiрнеше ғана құрылғыларынна қызмет
етедi.

Page 24

24
Кењейтулер шиналары
Multibus 1 шинасының екі модификацияыы бар: PC/XT bus (personal Computer
eXtended Technology – кеңейтiлген техлогиялы ДК) жєне PC/AT bus (PC
Advachnology - жетілдірілген технологилы ДК).
PC/XT bus шинасы - 4,77 МГц такт жиілікке есептелген 8-раазрядты
мәлiметтер шинасы мен 20-разрядты адрестi шина; адаптерлi үзулерге
арналған 3 сызық пен жадпен тiкелей байланыс жасау 3 каналы (DMA
каналдары - Direсt Memory Access) бар. Адрес шинасы 1 Мбайт мөлшердегi
микропроцессордың адрестік кењістігін шектедi. Ол 8086,8088 МП-ларда
қолданылады.
PC/AT bus шинасы – 16-разрядты мәлiмет шинасы және 24- разрядты адрестiк
шина, 8 МГц такт жиілікте жұмыс iстейдi, бірақ шина контроллерi жиілікті
екiге бөле алатындықтан, ол 16 МГц такт жиіліктi МП-мен қолданыла алады;
адаптерлі үзулерге арналған 7 сызығы жєне DMA-ның 4 каналы бар. 80286
МП-мен қолданылады.
ISA (Industry Standard Architecture - өнеркєсіптік сєулет стандарты) шинасы -
16-разрядты мәлiметтер шинасы жєне 24-разрядты адрестiк шина, такт жиілік
жұмысы16 МГц, бірақ 50 МГц такт жиіліктi МП-мен қолданыла алады (бөлу
коэффициенті үлкейтiлген); PC/XT және PC/AT шиналарымен салыстрғанда,
аппараттық үзулер сызығы 7-ден 15-ке дейiн жєне жадпен тiкелей байланыс
жасау каналдары 7-ден 11-ге дейiн өстi. 24-разрядты адрестiк шина көмегiмен
адрестік кењістік 1-ден 16 Мбайтқа дейiн өстi. Теориялық жағынан шинаның
өткiзу қабілеті 16 Мбайт/с, бiрақ оныњ қолдану ерекшеліктеріне байланысты
оның нақты өткiзу қабiлетi төмен, 3-5 Мбайт/с төңiрегiнде. 32-разрядты
жоғағры жалдамдықты МП-лер шығуына байланысты ISA шинасы ПК
жылдамдығының артуына кедергі болды.
EISA (Extended ISA – кеңейтiлген ISA) шинасы - 32-разрядты мәлiметтер
шинасы жєне 32- разрядты адрестiк шина, 1989 жылы шығарылды. Шинаның
адрестік кењістігi 4 Гбайт, өткiзу қабілеті 33 Мбайт, МП-КЭШ-ЖЖ каналынан
айырбас жылдамдыға жад микросұлба параметрлерімен анықталады, кењейту
алмалы-салмалыларыныњ саны артқан (теориялық жағынан іске 15, ал
практикалық жағынан 10-ға дейiн құрылғы қосыла алады). Үзулер жүйесi
жақсарған, EISA жүйенi конфигурирациялау мен DMA-ны басқаруды
автоматты
түрде
қамтамасыздандырады;
ISA
шинасымен
толық
сәйкестендiрiлген (ISA-ны қосуға арналған алмалы-салмалылар бар), шина
есептеу жүйелерінiњ көп процессорлы сєулетін қолдай алады. EISA шинасы
өте қымбат, ол жылдам ПК-лер, желілі серверлер мен жұмыс станцияларында
қолданылады.

Page 25

25
MCA (Micro Channel Architecture – микро каналды сәулет) шинасы -1987 жылы
IBM фирмасымен PS/2 машиналарына арналып жасалған, 32-разрядты шина,
өткiзу қабiлетi 76 Мбайт/с, жұмыс жиілігi 10-20 Мгц. Өзiнiң сипаттамасы
жағынан EISA шинасына ұқсас, бірақ ISA-мен де, EISA-мен де сәйкес
келмейдi. PS/2 ЭЕМ-ларына арналған қолданбалы программаларының аз
болуына байланысты олар кењ таралмады, сондықтан MCA шинасы да сәйкес
кеңiнен тарай алмады.
A.
Жергілікті шиналар.
Соңғы есептеу жүйелерiнiң сипаттамалары:
микропроцессорлар (мысалы, Pentium МП-ы 64-разрядты мәлiмет шинасынан
528 Мбайт/с жылдамдықпен мәлiметтер шығара алады) және кейбiр сыртқы
құрылғылардыњ (цифрлiк толық экранда жоғары сапалы бейненi алу үшiн 22
Мбайт/с өткiзгiштiк қабілет керек) жылдамдығының тез өсуi;
интерфейстік операциялардыњ (мысалы, Windows-та графиктер өњдеу
рограммалары, Multimedia ортасында жұмыс) үлкен санының орындалуын
талап ететін программалардың шығуымен.
Бір уақытта бірнеше құрылғыларға қызмет етететiн жағдайда кењейту
шиналарыныњ өткiзу қабілеті тұтынушының қолайлы жұмысына жеткіліктісіз
болды, өйткені компьютерлер ұзақ "ойлана" бастады.
Интерфейсті құраушылар МП тактiлi жиілігінде жұмыс істейтiн (бірақ оныњ
ішкі жұмыс жиілігiнде емес) және МП шинасының өзiне қосылатын, МП-ға
қарағанда сыртқы жылдам құрылғыларымен: негiзгi жєне сыртқы жадпен,
видеожүйелермен жєне т.б. байланысты қамтамасыз ететiн жергілікті шиналар
шығару жолына түстi.
Қазіргi кезде ємбебаб жергілікті шиналардыњ екі негізгі стандарты бар: олар
VLB және PCI.
VLB (VЕSA Local Bus – VESA жергілікті шинасы) шинасы - 1992 жылы
Видеоқұрылғылар Стандарттарыныњ Қауымдастығымен (VESA - Video
Electronics Standards Association) жасалған, сондықтан оны VESA шинасы деп
атайды.
VLB шинасы, негiзiнде, видеоадаптер және сирек винчестермен байланысқа
арналған МП-дың ішкі шинасының кењейтуi болып келеді, жақын рада 64-
разрядты шина түрi шығу керек. VLB-ның деректердi тасымалдауының нақты
жылдамдығы - 80 Мбайт/с (теориялық жағынан оны 132 Мбайт/с-қа дейiн
жеткiзуге болады).
Шина кемшiлiктерi:

Page 26

26
80386,80486 МП жұмысына есептелген, Pentium, Pentium Pro, Power PC
процессорларына бейімделмеген;
МП тактiлi жиілігiне тєуелділігi (єрбір VLB шинасы тек бiр нақты жиілікке
ғана есептелген);
қосылатын құрылғылар санының аз болуы – VLB шинасына тек төрт құрылғы
ғана қосыла алады;
шинаның арбитражының жоқ болуы - қосылатын құрылғылар арасында
даулар бола алады.
PCI (Peripheral Component Interconnect - сыртқы құрылғылардыњ қосуы)
шинасы - 1993 жылы Intel фирмасымен шығарылған.
PCI шинасы VLB-ға қарағанда ємбебаб болып келеді. Кез келген МП-мен:
80486, Pentium, Pentium Pro, Power PC және т.б. жұмысына бейiмделе алатын
өзiнiң адаптері бар; оның автоқұрылым мүмкіншілігі бар және ол єр түрлі
құрылымды 10 құрылғыны қоса алады, өзiнiң "арбитражы", мәлiметтер
тасымалдаудың басқару құрылғылары бар. PCI шинасы єзірше өте қымбат .
PCI разрядтылығы 32 бит, 64 битке дейiн кењейтуге мүмкіншілігі бар,
теориялық жағынан өткiзу қабілеті 132 Мбайт/с (нақты ол екі есе төмен).
PCI шинасы жергілікті болғанына қарамастан, кеңейту шинасының көптеген
функцияларын орындайды, ISA, EISA, MCA (PCI шинасы оларға сәйкес)
кеңейту шиналары PCI шинасы бар кезде тiкелей МП-ға қосылмай (VLB
шинасын қолданғандағы сияқты), PCI шинасының өзiне қосылады (кењейту
интерфейсі арқылы).
ДК-де VLB- немесе PCI- шинасын пайдалану сәйкес аналық тақшаның бар
болуын талап ететiнiн ескерген жөн. EISA/ISA, VLB және PCI шиналарын
қолдануға мүмкiндiк беретiн мультишиналық, VIP (VLB, ISA және PCI
сөздерiнiң бiрiншi әрiптерi) шинасы деп аталатын аналық тақшалар
шығарылуда. Бірақ қазiргi кезде VLB шиналары шығарылмайды, ал ISA
шиналарды пайдаланудан шығуда, олардың орнына өткiзу қабiлетi жоғары
бейнедаптерлер немесе басқаша 3D үдеткіштер деп аталатын AGP сияқты
жаңа шиналар шығуда.

Page 27

27

Page 28

28

Page 29

29

Page 30

30

Page 31

31

Информация о работе Компьютерлік жүйелер мен желілер