Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 10:04, реферат
Керамика-деп keramike грек сөзі (keramos- сөз деген сөзден шыққан)-қыш өнері деген мағынада.
Керамика-деп keramike
грек сөзі (keramos- сөз деген сөзден
шыққан)-қыш өнері деген
Керамикалық материалдар мен бұйымдар
өнеркәсібі қазіргі кезде бүкіл процестерді
механикаланған және автоматикалынған
өндіріс саласы. Мұндағы ең басты өндіріс
процесі-қалыпталынып кептірілген шикі
материалдар мен бұйымдарды пештерде
жоғарғы температурада белгілі режимде
өртеу. Сондықтан, бұл өндірісте шығарылатын
өнімдер күйдірілген материалдар мен
бұйымдар деп аталады. Керамикалық материалдар
номенклатурасы орасан көп. Оларға жататындар:
кәдімгі күйдірілген кірпіштер, түрлі
мақсатқа арналған керамикалық тастар,
черепицалар, құбырлар, электр айырушы
материалдар мен бұйымдар, жеңіл толтырушылар
және жылу оқшаулағыш материалдар (керамзит,
перлит, вермикулит,аглопорит) және т.б
толып жатқан түрлі керамикалық материалдар
мен бұйымдар.
Керамика біздің ерте заманнан бері қолданылып
келе жатқан өте көне материалдың бірі.
Керамикалық өнеркәсіптің соңғы жүз жылдықтардағы
дамуы орыс ғылымдарының еңбектерімен
байланысты екенінде дау жоқ. Әсіресе
акдемик В.И.Вернадскийдің және проф. А.П.
Земятченскийдің керамика өндірісіне
керекті шикізат қасиеттерін зерттеу
жұмыстары, академик П.П.Будниковтың Д.Н.
Полубояриновтың, А.К.Киптенко және т.б.
ғылымдардың крамикалық материал өндірісін
жетілудіру тұрғысындағы еңбектері, керамикалық
өнеркәсіптің жан-жақты дамуына,
сан-алуан құрылыстық керамиканы жергілікті
шикізаттар негізінде қалыптасқан технологиясымен
жасап шығаруға және санын көбейтіп, сапасын
жақсартуға ғылыми-өндірістік әсер етеді.
Жақсылап дайындалған сапалы шикізаттардан
технологиялық нақтылы режимде жасалынып
күйдірілген материалдар мәңгілік жетерліктей
басым және де түсі, фактурасы бойынша
сырты ешбір қосымша өндіруді қажет етпейтіндей
болып шығады.
Саздан жасалынып, жоғары температурада
өртенген материалдар керамика технологиясында
керамикалық шыны (черепок) деп аталады.
Шикізат құрамына және қүйдіру температурасына
байланысты керамикалық материалдар екі
топқа бөлінеді: толық күйдірілген, сындырылған
жері жылтыр, тығыз структуралы керамика-су
сіңіруді 2-4 –дан аспайды (мысалы,фарфорлар,шала
фарфорлар, жол кірпіші, еден плиталары
және т.б) жарым-жартылай күйдірілген,
сондықтан, кеуектілі керамика – су сіңіру
8-20 –ға дейін (толық денелі, қуыс денелі
және жеңіл кірпіш, керамикалық тас,черепица,
қаптаушы плиталар, дренажды құбырлар
және т.б). Тағы дөрекі (ірі) және жұқа (майда)
керамикаға бөлінеді. Дөрекі керамика
сынығы беркелкі емес, ірі түйіршікті
структурасымен сипатталады (мысалы,құрылыс
және шамот кірпіштері), ал жұқа керамиканікі-майда
түйіршіктері, біртекті және бірыңғай
боянған структура (мысалы фарфор, шала
фарфор, фаянс).
Керамикалық өнеркәсіпте қолданатын негізгі
шейкі заттар- саздар мен каолиндер. Дегенмен,
металлургия, электротехника, радиотехника
өндірістерінде қолданатын аспаптар жасау
қажеттігі және т.б. өндірістерінің қатандау
және жеке талаптары таза тотықтар, карбидтер,
нитридтер, боридтер және т.б. с.с. қосындылар
негізінде отқа тұрақты, электроайырушы
және т.б. техникалық керамика материалдарын
өндіруге сабепкер болды. Олардың кейбіреулерінің
балқу температурасы 3500-40000 С дейін жетеді.
Әсіресе, металл мен керамикадан тұратын
керамет деп аталатын бұйымдарының практикалық
маңызы орасан зор. Ауыспалы құрамдағы
отқа берік материалдар тамаша қасиеттері
бойынша теңі жоқ қазіргі өндірістерде
қолданатын жаңа материалдар өкілі. Бұл
материалдардың бір беті қиын балқитын
таза металдан тұрады да, екінші беті-отқа
берік керамикалық материалдардан, мысалы,
бериллий оксидінен жасалынады. Осы аталған
екі қабат аралығындағы материалдар құрамы
кілт өзгермей біртіндеп жұмсақ өзгеретіндіктен,
материалдардың жылулық соққыға тұрақтылығы
басым болады.
Көптеген техникалық керамика материалдарының
қасиеттері саздан және каолиннен жасалынған
бұйымдардың қасиеттерінен мүлде басқаша.
Сондықтан, барлық керамикалық материалдар
мен бұйымдарды бірлестіретін белгі ретінде
оларды жоғарғы температурада күйдіріліп
алынуын және өнадірісте ұқсас технологиялық
тәсілдері (шикізаттарды өндеу және керамикалық
массаны дайындау, материалдарды қалыптау,
кептіру және күйдіру) қолдануын айтуға
болады.
Керамикалық материалдарды және бұйымдарды
әшекейлеу үшін және оларды сыртқы әсерлерден
қорғап мәңгілігін қамтамасыз ету мақсатымен
бетінангобамен немесе глазурмен сырлайды.
Бұйымдарды әшекейлеу керамикалық бояуларды
жағу арқылы орындайды. Отқа төзімді керамикалық
жамылтқы металдарды тотығудан және жоғары
температура әсерінен қорғайды.
Керамика бұйымдарының пайдаланулық және
көркемдік-әшекейлік тамаша сапалары
оларды тек қана құрылыста ғана емес, техника
мен тұрмыста да кең қолданылуына арқа
болды. Сонымен керамиканы құрылыстық,
техникалық және тұрмыстық деп те ажыратуға
болады.
Керамикалық құрылыс материалдары мен
бұйымдары арналулары бойынша былайша
топталынады: қабырғалық материалдар-кәдімгі
құрылыс кірпіші, қуыс денелі кірпіш және
тас, кеуекті және жеңіл кірпіш керамикалық
кірпіштен және тастан жасалынған қабырғалық
блоктар мен панельдер үй фасадын ( үй
қас мандайын) қаптаушы материалдар мен
бұйымдар-беттік кіршіш және тастар, плиткалар
іштей қаптаушы керамика материалдары-
қабырғалар және едендер үшін плиталар
мен плиткалар санитарлық-техникалық
бұйымдар жол және жерасты коммуникациясы
үшін- жол кірпіштері, құбырлар, жылу айырушы
материалдары –жеңіл кірпіш және фасонды
бұйымдар, қышқылға төзімді керамика-кірпіш,
плитка, құбыр және т.б. отқа төзімді керамикалық
материалдар және толтырушылар-түрлі
керамикалық бұйымдар, керамзит, алгопорит,перлит,
вермикулит және т.б.