Инертті газдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 07:31, реферат

Краткое описание

Инертті газдар, асыл газдар – элементтердің периодтық жүйесінің VIII тобындағы химилық элементтер. Олар: гелий, неон, аргон, криптон, ксенон, радон. Инертті газдар – түссіз және иіссіз, молекулалары біратомды, сұйылу, қату температурасы өте төмен. Аздаған мөлшерде ауада, минералдар құрамында, табиғи газдарда, еріген күйінде суда кездеседі. Сондай-ақ алып планеталар (Юпитер, Сатурн) атмосферасынан да табылған. Атомдық массаларының өсуіне қарай олардың сұйылу, қату температурала

Содержимое работы - 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 261.84 Кб (Скачать файл)

Инертті газдар, асыл газдар – элементтердің периодтық жүйесінің VIII тобындағы химилық элементтер. Олар: гелийнеонаргонкриптонксенонрадон. Инертті газдар – түссіз және иіссіз, молекулалары біратомды, сұйылу, қату температурасы өте төмен. Аздаған мөлшерде ауадаминералдар құрамында, табиғи газдарда, еріген күйінде суда кездеседі. Сондай-ақ алып планеталар (ЮпитерСатурнатмосферасынан да табылған. Атомдық массаларының өсуіне қарай олардың сұйылу, қату температуралары артады. Гелий,неон, ауадан жеңіл, ал қалғандары ауадан ауыр. Инертті газдар атомдарының сыртқы электрондық қабаты басқа элементтерге қарағанда берік (гелийде 2, басқасында 8 электрон), сондықтан олар электрон беріп не алып химиялық реакцияға түспейді, яғни инертті, бірақ молекулалары арасындағы Ван-дер-Ваальс күштерінің әсерінен немесе координациялық байланыс арқылы қосылыстар түзеді. 1962 ж. америкалық ғалым Н.Бартлетт (1932) газ күйіндегі ксенон (Xe) мен PtF6-ны әрекеттестіру арқылы Xe(PtF6) жәнеXe(PtF6)2 қосылыстарының қоспасын алды. Бұдан кейін XeF2XeF4XeF6 және XeF8 қосылыстары, сондай-ақ оксифторидтері және тіпті оттекті қосылыстары синтезделді. Бұл жаңалықтардан кейін оларды инертті деп айту қиын болды. Дегенмен, химиялық активтігі төмен болғандықтан, оларды (металдарға ұқсатып)асыл деп айта бастады. Асыл газдардың химиялық қосылыстардағы ең жоғарғы валенттілігі 8 болғандықтан, оларды нөл тобының орнына VIII топтың негізгі топшасы деп санау ұйғарылды. Инертті газдар аэростаттарды толтыру, температураны төмендету үшін, ал аргон мен неон жарық беретін шыны түтіктерде қолданылады. Сонымен қатар Инертті газдар түрлі заттарды ауа, т.б. орта әсерінен қорғауға пайдаланыла  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Аргон (латынша Argon), Ar — Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің 3-ші периодының VІІІ тобына жататын элемент, реттік саны 18, атомдық массасы 39,948. Инертті газдарға жатады. Аргонның Жер атмосферасындағы үлесі 0,93%-ды құрайды. Оны 1894 жылы Дэвид Рэлей және Уильям Рамзай ашқан.

Аргон — түссіз және иіссіз бір атомды, химиялық жағынан инертті газ. Аргон басқа атомдармен химиялық емес, ван-дер-ваальс күштері арқылы байланысқан бірнеше қосынды алынған.

Аргон инертті ортаны қажет ететін металлургиялық және химиялық процестерде, жарық техникасында (флуоресцентті  лампыларда, қызу лампыларында, разряд түтікшелерінде, аргонды түтікшелер көкшіл түске боялады), электроникада,ядролық техникада (ионизациялық санағыштар, камералар) қолданылады.

Неон((лат. Neonum), Ne –элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы хим. элемент, ат. н. 10, ат. м. 20,179; инертті газдарға жатады. Жерде негізінен атмосфераның құрамында кездеседі, 1 м3 ауада 16 см3 Ne болады. Атмосф. Ne тұрақты үш изотоптан: 20Ne (90, 92%), 21Ne (0,257%), 22Ne (8,82%) тұрады. Ne-ды ағылшын ғалымдары У.Рамзай (1852 – 1916) мен М.Траверс сұйық ауаның ұшқыш фракциясын зерттеу кезінде ашқан (1898). Ne қалыпты жағдайда түссіз, иіссіз газ. 0ӘС-та тығызд. 0,900 г/л, балқу t –248,6ӘС, қайнау t –245,9ӘС. Суда ерігіштігі 10,4 мл/л. Қатты Ne-ның кристалдық торы кубты. Н. молекуласы бір атомды; атомының сыртқы электрон қабатында 8 электроны бар және олар өте тұрақты. Ne-ның хим. қосылыстары синтезделінбеген. Ауаны ыдырату кезінде алынады. Ne негізінен электртех. өнеркәсіпте қолданылады. Ne-мен толтырылған қызыл түс беретін шамдар порттарда, әуежайларда, т.б. пайдаланылады. Сұйық Ne төмен темп-ра алу үшін қолданылады.  

Гелий[1]

 (лат.: Helium) —, Не – элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы химиялық элемент; ат. н. 2, ат. м. 4,0026. Гелийді 1868 ж. француз астрономы Ж.Жансен мен ағылшын астрономы Дж. Н. Локьер күн сәулесінің спектрінен тапқан, 1895 ж. ағылшын химигі У.Рамзай радиоактивтік клевеит минералынан бөліп алған. Қалыпты жағдайда Гелий – бір атомды түссіз, иіссіз, инертті газ, қайнау t – 268,93°С, тығызд. 0,178 г/л. Сұйық Гелий кванттық сұйықтықтарға жатады, себебі оның атомдары макроскопиялық көлемде кванттық қасиет көрсетеді. Сұйық 4Не (бозе-сұйықтық) 2,17 К° темп-ра мен 0,005 МПа қысымда фазалық өзгеріске ұшырап, Не І және Не ІІ сұйықтықтарына ыдырайды. Не ІІ – аса аққыш сұйықтық, өте жіңішке түтікшелерден ешқандай үйкеліссіз ағып өтеді. Оның мұндай қасиетін 1938 ж. П.Л. Капица ашқан. Не І қатты қайнаса, Не ІІ баяу қайнайды, бұл ерекшелік Не ІІ-нің өте жоғары жылу өткізгіштігімен байланысты. Сұйық 3Не (ферми-сұйықтық) абсолюттік нөл темп-ра мен 3,4 МПа қысымда аса аққыштық қасиетке ие болады. Сұйық Гелий басқа сұйықтықтарға қарағанда қалыпты қысым мен 0°К темп-рада қатпайды, оның кристалдануы үшін өте жоғары (2,5 МПа астам) қысым қажет. Газ күйіндегі Гелий пластмассадан, шыныдан және кейбір металдардан жасалған қоршаулардан жеңіл өтіп кетеді. Гелийді табиғи газдар қоспасын арнаулы аппараттарда төмен темп-рада басқа газдардың барлығын сұйылтып барып алады. Газ күйіндегі Гелий металдарды жоғары темп-рада кесу, пісіру, балқыту процестерінде; жартылай өткізгіштер өндіруде, тағамдарды консервілеуде қолданылады. Сұйық Гелий ғылыми-зерттеу жұмыстарында төмен температурадағы процестер үшін салқындатқыш ретінде және өте төмен температураны өлшейтін термометрлерді толтыру үшін пайдаланылады.

Криптон(Krypton), Kr – элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы хим. элемент; инертті газ, ат. н. 36, ат. м. 83,3. Тұрақты 6изотопы (78 – 86), жасанды жолмен алынған 18 радиоактивті изотопы бар. Криптонды 1898 ж. ағылш. химиктері У.Рамзай мен М.Траверссұйық ауаны буландырғаннан қалған бөлігінен тапқан. Криптон түссіз, иіссіз газ, балқу t –157,1°C, қайнау t –153,2°C. Молекуласы бір атомнан тұрады. Криптон табиғатта атмосферада (салмақ бойынша 0,0003%) кездеседі. Сыртқы электрондық қабатының 8 электроны тұрақты болғандықтан хим. реакцияға өте баяу түседі. Криптон молекулааралық күштер әсерінен қосылыстар түзеді. Криптон газ ажыратқыш.

 Ксенон (Xenonum), Xe – элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы хим. элемент, инертті газ. Ксенонды 1898 ж. ағылшын химиктері У.Рамзай мен М.Траверс алғаш рет криптонды зерттеу кезінде ашқан, сондықтан оны “Ксенон” (грек. xenos – бөтен) деп атаған. Тұрақты 9 изотопы бар, радиоактивті изотоптары жасанды жолмен алынған. Сыртқы 8 электрондық қабаты тұрақты болғандықтан реакцияға тек ерекше жағдайларда түседі. Молекулааралық күштер әсерінен ғана қосылыстар түзеді. Көп зерттелгені – фторлы қосылыстары: XeF2, XeF4 сұйық ауаны ректификациялау арқылы алынады. Техникада электр вакуумдарда және медицинада әр түрлі зерттеу жұмыстарында қолданылады. Ксенонның фторидын әр түрлі процестер мен аппараттарда, ракеталық техникада тотықтырғыш ретінде, ал оксид қопарғыш зат ретінде пайдаланады.

Радон (Radonum), Rn — элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы радиоактивті химиялық элемент, инертті газдар тобына жатады. Радонды алғаш американдық физик Р.Оуэнс торийдің ыдырауы кезінде байқаған (1899). Ең тұрақты изотопы 222Rn (Т1/2= 3,823 тәулік). Радон табиғатта сирек кездеседі. Қалыпты жағдайда түссіз, иіссіз, дәмсіз газ; тығыздығы 9,9 г/л (0°С-та), балқу t –71°С, қайнау t –61,8°C; фтормен әрекеттесіп, фторид (RnF2) түзеді. 500°С-та Радонды сутекпен тотықсыздандырады. Толуолда, фенолда, суда ерігенде  клатраттар түзеді. Радон радий тұздарынан алынады. Ол өте улы, ыдырау кезінде организмнен қиын шығарылатын, ұшпайтын радиоактивті өнімдер (Po, Bі, Pb изотоптары) түзеді. Медицинада (радонды ванна, т.б.), техникада, биологияда, табиғатта радиоактивті элементтерді анықтауда қолданылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

            Менделеев құрастырған  химиялық элементтердің 

                                      периодтық кестесі

     
       
       

Информация о работе Инертті газдар