Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 18:31, доклад
Бизнес-жоспар — кәсіпорынның алдына қойған экон. мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б. нақты көрсетіледі. Бизнес-жоспар, көбінесе, банктен кредит алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады.
Бизнес – жоспар деген не?
Бизнес-жоспар не үшінқажет?
Бизнес – жоспар бөлімдері.
Жоспар:
Бизнес-жоспар — кәсіпорынның алдына қойған экон. мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б. нақты көрсетіледі. Бизнес-жоспар, көбінесе, банктен кредит алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады.
Бизнес-жоспар болжалды қаржылық нәтижесі көрсетілген жалпы сипаттамадан және он тарауға бөлінген негізгі бөлімнен тұрады:
жоба бойынша өндірілген тауарлар (не қызмет) түрлері және олардың бәсекелесу қабілеті сипатталады;
тауарларға сұраныс деңгейі мен көлемі ескеріле отырып, өнім өткізу нарығы, өндіріс көлемі мен тауарға қойылатын баға анықталады;
бәсекелестер мүмкіндігі (тауарларының сапасы мен бағасы) туралы мәліметтер талданады;
маркетингтік зерттеу нәтижелері (тауарларды өткізу және баға саясаты, өнімді сатуда ынталандыру, жарнамалау, т.б.) сараланады;
өнім (не қызмет) өндіру жоспары мен өндірістік байланыстар, өндірістік шығындарды азайту және өнім сапасын жақсарту әдістері айқындалады;
ұйымдастыру-басқару жұмыстары және қызметкерлермен жұмыс істеу бағдары белгіленеді;
жобаның ұйымдық-құқықтық негіздерін көрсететін заңдық құжаттар жасалады;
жұмыс барысында кездесетін қауіп-қатерді болжау және оның алдын алу шаралары қарастырылады;
жобаның барлық буындарының
құндық көрсеткіштері жинақталып, ақшаға
шағып көрсетілген қаржы
қаржы көздері (жобаны іске
асыруға жеткілікті соманы қайдан,
қанша мөлшерде ала алады және
жоба қандай мөлшерде пайда кіргізеді,
кредитордан алынған қаражатты
мерзімінде қайтара алу қабілеті,
т.б.) жобаланады. Бизнес-жоспар тауар,
ақша, өндіріс факторы қозғалысының
жалпы балансын айқын бейнелейді.Өз
бизнесін бастау үшін қай салада жұмыс
істегіңіз келетіндігін анықтау керек.
Еңалдымен, өзкүшіңіздібағалапалып, қолыңызданкелмейтін,
түсінбейтінжобаларғакірісудіңқ
Бизнес-жоспар – бұл бизнестің жоспары,
яғни сіздің болашақ жобаңыздың жоспары.
Ондаболашақжобаңыздыңбарлықтар
Бизнес-жоспар не үшінқажет?
Ол барлығын ойластыруға көмекістеседі, себебі оны жасау барысында бұрын назарыңызға ілінбеген бүкіл ұсақ-түйектерді қарастыруға тура келеді. Инвесторлар да іздеу кезеңінде бизнес-жоспар қажетті нәрсе, себебі ешбір инвестор күдікті жобаға ақшасын салмайды. Жоба үшін инвесторды таба алу қиын емес, жақсы идеялардаға әрдайым қызығушылық танытып отырады. Қайткен күнде де, бүгінгі күде көптеген банктік мекемелерімен бизнесті ашу үшін тиімді несиелік бағдарламаларын ұсынылады.
Бизнес-жоспардың мазмұны
Бизнес-жоспардың мазмұны
оның қандай мақсатпен жасалып
Бизнес-жоспардың стандарты жоқ. Бизнес-жоспардың құрамы және оның толық берілу дәрежесі келешек жобаға және соның өзі жататын салаға байланысты болады.Мысалы, егер қайсыбір жаңа өнім түрін әзірлеу көзделіп отырған болса, онда өнімнің өзінің күрделі құрылымымен және сол өнім нарығының күрделі құрылымымен негізделіп отырған аса толық түрдегі жоспар әзірленуі тиіс. Егер де әңгіме қайсыбір өнімнің бөлшек саудада сатылуы жайлы болып отырса, онда бизнес-жоспар анағұрлым қарапайым болуы мүмкін.
Бизнес-жоспардың құрамы сонымен қатар көзделіп отырған өткізу нарығының ауданына, бәсекелестердің бар-жоғына және құрылып отырған бизнестің өсу келешегіне байланысты болады.
Кіріспе бөлімі, әдетте, бүкіл жоспар жасалғаннан кейін жазылады. Ол қысқа болып (ары кеткенде 2-3 беттен тұрып) және дербес жарнамалық құжат ретінде пайымдалуы тиіс, себебі мұнда бүкіл бизнес-жоспардың негізгі жағдайлары беріледі. Мұнда кәсіпорынның атауы мен мекенжайы, құрылтайшылардың есімдері мен мекенжайлары, ұсынылып отырған жобаның негізгі ережелері, оның мәні мен мақсаты, жобаның құны, жұмсалатын қаржы көрсетіледі.
Ұсынылып отырған жобаның мәні .Бұл бөлімде сатып алушыларға ұсынылатын өнім немесе қызмет түрлерінің нақты анықтамасы мен сипаттамасын беру қажет. Өнімді өндіру үшін қажет болатын технологияның кейбір аспектілерін көрсетіп кету керек.
Өнімнің негізгі сипаттамаларын
беру кезінде сол өнімнің техникалық
егжей-тегжейлеріне емес, оның потенциалды
сатып алушыларға беретін артықшылықтары
жайлы айтылады. Технологиялық үдеріс
жайлы толық ақпаратты
Өнімдердің немесе қызмет көрсету түрлерінің бірегейлігін немесе ерекшеліктерін көрсетіп кеткен маңызды. Мұны түрлі формада көрсетуге болады: жаңа технология, тауардың сапасы, төмен өзіндік құн немесе сатып алушылардың қажетсінулерін қанағаттандыратындай қандай да бір ерекше артықшылығы. Сонымен қатар сол өнімді жетілдірудің мүмкіндігін көрсетіп кету қажет.
Егер жоспарды өзіңізге арнап, алайда инвесторларды немесе серіктестерді іздестіру мақсатында жазып отырсаңыз, онда ықтимал инвесторлар мен серіктестерге мұқият түрде сипаттама беру қажет.
Үлкен (макро) орта мен саладағы істің мән-жағдайын талдау.Бұл бөлімде келешек бизнес-жобаның қызметінің негізгі бағыттары мен мақсаттары суреттеледі. Жаңа жобаның идеясын үлкен орта мен саладағы істің мән-жайын ескере отырып ұсынған өте маңызды. Бизнестің өзіне және сол жұмыс істеп және бәсекелесетін ортаға баға беру қажет, себебі бәсекелес күрестегі жеңіске жетудің критерийлерінің біріне нарықтағы жағдай жатады.
Бизнес-жоспарда саладағы істің ағымдағы мән-жайына талдау жасау ұсынылады. Сонымен қатар соңғы жаңа өнімдер (қызметтер) бойынша анықтама беріп, потенциалды бәсекелестерді атап, солардың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетіп кету ұсынылады. Сонымен қатар сол сала бойынша жасалып отырған барлық болжамдарды зерттеп және соның нәтижесінде сіздің бизнестегі тауарлардың немесе қызметтердің тура қандай тұтынушыға арналғаны жайлы сауалға жауап беруге болады.
Нарықты талдау.Нарық және маркетинг компаниялардың барлығы үшін шешуші факторлар болып табылады. Сол себептен бұл бөлімді жазу аса қиын шаруа болып табылады. Сізге өз-өзіңізді және ықтимал инвесторларды өнім үшін нарықтың бар екендігіне және өзіңіздің сол нарықта өніміңізді сата алатыныңызға сендіру қажет. Ол үшін сіз үшін басты болып табылатын нарықтың сегментін анықтау қажет. Әдетте, жаңа бизнестер нарықтың тек бір ғана өте тар сегментінде бәсекелесе алады. Мұндай сегментті таңдау бәсекелес күрестің шиеленісуіне де байланысты болуы мүмкін, ол өнімнің бір түрі үшін қалыпты, өзге бір түрі үшін күштірек болуы мүмкін.
Нарықтың бәсекелес сегментін анықтаудан кейін сол сегменттің ішіндегі сатып алушылардың сипаттамасы келтіріледі.
Кез келген бизнес және атап айтқанда, өнімді жетілдіру жөніндегі жақсы идеяларға ие бизнес ерте ме кеш пе бәсекелестік проблемасына кез болады. Сол себептен тікелей бәсекелестерді, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, әр бәсекелестің нарықтағы потенциалды үлесіне баға берген өте маңызды. Сіздің өніміңіз сапасы, бағасы, таратылу, жарнамалау және өзге көрсеткіштер жағынан бәсекелесе алатынын көрсету қажет.
Маркетинг жоспары.Бұл бөлімде клиенттердің өнімді неліктен сатып алатынын көрсету қажет. Мұнда сіздің тауарыңыздың немесе қызметіңіздің қалайша сатылуы көзделіп отырғаны, ол үшін қандай бағаның белгіленетіні және жарнаманы қалай жасауға болатыны сипатталады. Нақты бөліктер жиі жағдайда күрделі болып келеді және баға саясаты, сауда саясаты, жарнама және т.б. салаларды қозғайды.Бұл бөлімде өнімнің (жұмыстардың немесе қызметтердің) бәсекелесуші баламаларымен салыстырғандағы негізгі сипаттамалары көрсетілген. Бағалар, баға саясаты, сауда саясаты, өткізу арналары, өнімді жарнамалау және нарықта ілгері жылжыту, өнімді қолдау саясаты, ықтимал сатып алушылардың қызығушылық танытуы, өнімді өткізудің болжамы тәрізді мәселелер қаралған.
Өндірістік жоспар.Бұл бөлімде тауарды немесе қызметті өндірудің барлық процестері суреттелуі тиіс. Мұнда панажайлармен, олардың орналасуымен, жабдықтармен, қызметкерлермен байланысты болып келетін мәселелер қарастырылған. Егер құрылып жатқан бизнес өндірістік санатқа жатса, онда өндірістік процеске толықтай сипаттама беру қажет: өнімнің өндірісін ұйымдастыру, өндірістік процестерді бақылау, өнім құнының негізгі элементтерін бақылау. Егер кейбір операцияларды орындауды қосалқы мердігерлерге тапсыру көзделіп отырған болса, солар жайлы мәлімет беру керек, яғни қосалқы мердігердің атауы, мекенжайы, соның таңдалу себептері, бағалары және жасасқан келісімшарттар туралы ақпарат көрсетілуі тиіс. Өздерін өз күшімен орындау көзделіп отырған операциялар бойынша өндірістік ағымдардың сұлбасын, өндірістік жабдықтың, шикізат пен материалдардың тізімін, соған қоса жеткізушілерді (атауын, мекенжайын, жеткізу шарттарын), жуықтап алынған бағасын көрсетумен, сондай-ақ келешекте қажет болуы мүмкін өндірістік жабдықтың тізімін беру қажет. Ақыры, бұл бөлімде өнімнің шығарылуын қаншалықты жылдам түрде арттырып немесе қысқартуға болатыны жайлы мәселелер көрінісін табуы тиіс.
Қоршаған ортаның аспектілері, әлеуметтік аспектілер.Бизнес-жоспардың бұл бөлігінде өнім өндірудің қоршаған ортаға тигізетін әсері талданады. Нақты жағымды және жағымсыз жақтары, сондай-ақ мемлекеттің осындай өндіріспен байланысты қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптары бағаланады.
Өндірістің әлеуметтік аспектілеріне де баға беру қажет. Олар жоспар өздеріне арнап жасалып отырған негізгі топтардың бірі ретінде мемлекеттік органдар немесе заң шығарушылар болып отырған болса, ерекше маңызды болып табылады.
Ұйымдастыру жоспары.Бұл бөлімде бизнестің меншік түрі көрсетіледі: бұл жеке кәсіпкер бола ма, жеке кәсіпорын немесе серіктестік бола ма. Егер бұл серіктестік болса, сол өздеріне негізделген шарттарды келтіру қажет.
Келешек бизнестің құрылымдық
ұйымдастырылуы (құрылымы) көрсетіледі.
Қызметкерлердің саны туралы және штаттың
кеңейтілуі туралы, мамандарды оқыту
мен даярлау туралы, сондай-ақ кеңес
берушілерді, кеңесшілерді, менеджерлерді
тарту туралы мәліметтер беріледі.Бұдан
әрі кәсіпорынға жетекшілік ету
мен басқару мәселелері қаралады.
Басқарушы топтың қандай ұстаным
бойынша құрылғаны
Қаржылық жоспар бизнес-жоспардың
құрамдас бөлігі болып табылады. Қаржылық
жоспардың негізгі
Тәуекелдерге баға беру.Әрбір жаңа жобаның жолында соның жүзеге асырылуына қауіп төндіретін белгілі түрдегі қиындықтар кездесіп отырады. Кәсіпкер үшін мұндай қиындықтарды алдын-ала болжап және соларды жеңу стратегиясын алдын-ала әзірлеп қою өте маңызды.
Бизнес үшін тәуекелдермен
байланысты болып келетін басты
жағдайлар қарапайым және объективті
түрде көрсетілуі тиіс. Қауіп-қатер
бәсекелестерден, маркетинг пен
өндірістік саясат саласындағы қате
есептеулерден, басқарушы мамандарды
іріктеудегі қателіктерден
Ықтимал тәуекелді сәттер
туындаған жағдайда әрекет ету стратегиясын
әзірлеп және солардан шығу жолдарын
алдын-ала болжап отырған пайдалы.
Ықтимал инвестордың алдында
баламалы бағдарламалар мен
Қосымшалар.Көп жағдайларда потенциалды серіктестер немесе инвесторлар үшін бизнес-жоспарда көрсетілген фактілер мен қорытындыларға растау ретінде соларға құжаттарды қосарлау қажет болып жатады. Мұндай құжаттарға келісімшарттардың, лицензияның және т.б. көшірмелері, өздерінен бастапқы мәліметтер алынған құжаттардың көшірмелері, жеткізушілер мен бәсекелестердің бағалық анықтамалары, статистикалық материалдар, ғылыми, сондай-ақ маркетингілік зерттеулердің материалдары және өзге де көптеген нәрселер жатуы мүмкін. Қосымшалардың міндетіне бизнес-жоспарды сендіретіндей ақпаратпен толықтыру жатады.