Республикалық бюджеттің көздері – салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 21:35, реферат

Краткое описание

«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.

Содержание работы

1. Кіріспе. Қазақстан Республикасының Салық жүйесі
2. Салық жүйесіне түсінік және салық жіктемесі
3. Қазақстанда салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
4. Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі
5. Салық түрлері
6. Қазақстан Республикасының Салық Кодексінен үзінділер
7. Қолданылған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

РЕФЕРАТ САЛЫҚ.docx

— 35.31 Кб (Скачать файл)

   16-бап. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) құқықтарын  
                қамтамасыз ету және қорғау      

1. Салық төлеушiге (салық  агентiне) оның құқықтары мен заңды мүдделерiнiң қорғалуына кепiлдiк берiледi.  
      2. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

 

 

       31-бап. Салық мiндеттемесiн орындау      

1. Егер осы Кодексте  өзгеше белгiленбесе, салық төлеушi салық мiндеттемесiн орындауды дербес жүзеге асырады.  
      2. Салық төлеушi салық мiндеттемесiн орындау үшiн мынадай iс-әрекеттер жасайды:  
      1) салық органында тiркелу есебiне тұрады;  
      2) салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды жүргiзедi;  
      3) салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi, салық базасы мен салық ставкаларын негiзге ала отырып, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын есептейдi;  
      4) салық тiркелiмдерiн қоспағанда, салықтық нысандарды жасайды және белгiленген тәртiппен салық қызметi органдарына табыс етедi;  
      5) салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген және есепке жазылған сомасын, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдердi төлейдi.  
      3. Салық төлеушi салық мiндеттемесiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде орындауға тиiс.  
      4. Салық төлеушi салық мiндеттемесiн мерзiмiнен бұрын орындауға құқылы.  
      5. Қолма-қол емес нысанда орындалатын салық төлеушiнiң салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесi, сондай-ақ өсiмпұлдар мен айыппұлдарды төлеу бойынша мiндеттеме банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымнан салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасына төлем тапсырмасының акцептiн алған күннен бастап немесе банкоматтар немесе өзге де электрондық құрылғылар арқылы төлемдi жүзеге асырған күннен бастап, ал қолма-қол нысанда - салық төлеушi көрсетiлген соманы банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға, уәкiлеттi мемлекеттiк органға, жергiлiктi атқарушы органға енгiзген күннен бастап орындалған болып саналады.  
      6. Осы Кодексте белгiленген жағдайларда салық төлеушiнiң уәкiлеттi өкiлi салықты, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, әлеуметтiк аударымдарды төлеу, мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару кезiнде төлем құжаттарында ақшаны жөнелтушi салық төлеушiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде) немесе атауын және оның сәйкестендiру нөмiрiн көрсетедi.  
      7. Салық төлеушiнiң салық агентi орындайтын, салық төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесi салық ұсталған күннен бастап орындалған болып есептеледi.  
      8. Салықты, төлемақыны төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесi, сондай-ақ өсiмпұлдар төлеу бойынша мiндеттеме осы Кодекстiң 599-бабында белгiленген тәртiппен есепке жатқызулар жүргiзу арқылы орындалуы мүмкiн.  
     

 

9. Салықты, бюджетке  төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесi, сондай-ақ өсiмпұлдар мен айыппұлдар төлеу бойынша мiндеттеме осы Кодексте, Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдардың қызметiн реттейтiн заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында және жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттардың ережелерiнде төлеудiң заттай нысаны немесе шетелдiк валютада төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, ұлттық валютамен орындалады.     

  

      32-бап. Салық мiндеттемесiн орындау кезiнде салықты және  
                бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi  
                есептеу ерекшелiктерi      

1. Төлем көзiнен ұсталатын салықтың сомасын есептеудi салық агентi жүзеге асырады.  
      2. Осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде көзделген жағдайларда салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiнiң сомасын есептеу жөнiндегi мiндет салық органына және уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға жүктелуi мүмкiн.


Информация о работе Республикалық бюджеттің көздері – салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді құқықтық реттеу