Мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 14:46, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты – еліміздің экономикасын реттеу нысандары мен әдістерін талқылау. Сонымен қатар, экономиканы реттеу үшін шетел инвестицияларымен қалай жұмыс істеу керек екендігі, оны сырттай бақылау, шетел капиталдарын тарту.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мүмкіндігі экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне жетумен, өндіріс пен капиталдың үйлесуінде, өндірістің шоғырлануында, өндіріс күші мен өндіріс қатынастарының дамуында пайда болды.

Содержание работы

Кіріспе 3
1 Қазақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы 4
1.1 Экономикаға мемлекеттің араласуының объективті
қажеттілігі 4
1.2 Мемлекеттік реттеудің міндеттері, объектісі және әдістері 6
2 Қазақстан экономикасын реттеуге шетел инвестицияларын тарту 9
2.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі. 9
2.2 Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын тарту 13
3 Мемлекетті экономикалық бағдарламалау 17
Қорытынды 22
Қолданылған әдебиеттердің тізімі 23

Содержимое работы - 1 файл

Мемлекеттік реттеу.doc

— 198.00 Кб (Скачать файл)

      Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралдары экономикалық қызметтерді жүзеге асыру үдерісінің мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін мемлекет өкімінде бірнеше құралдар болады. Олардың ішіндегі маңыздыларына - қазыналық және қаржылық саясат, әлеуметтік саясат пен табыстарды реттеу саясаты; сыртқы экономикалық саясат және т.б. жатады.

    Экономиканы мемлекеттік реттеудің ең басты мақсаты – экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық, шетелде және елдің ішінде қоғамдық құрылымды нығайту. Осы басты мақсаттан иерархиялық тәуелділікте болатын көптеген нақты жағдайлар пайда болады. Бұл нақты мақсат, яғни экономикалық кезеңді тегістеу объектісіне бағытталған. Шаруашылықтың салалық және аймақтық құрылымын жетілдіру секторлық, салалық жіне аймақтық құрылымға бағытталған. Көбіне жеке мақсаттарға дараланып қол жеткізу мүмкін емес.

    Мемлекеттік реттеудің құралдары әкімшілік және экономикалық деп бөлінеді. Әкімшілік құралдары қосымша материалдық ынталандыруды құрумен немесе қаржылық залалдың қауіптілігімен байланысты емес. Ол мемлекет билігінің күшіне, яғни тыйым салу, рұқсат беру, күштеуге негізделеді (мысалы, үкімет Мәскеу шектерінде кәсіпорын салуға тыйым салды. Ол салық пен айыппұлды көбейткен жоқ, тек лицензия беруді тоқтатты). Мемлекет өндірістік кәсіпорындарды сол жерде кәсіптік оқытуға, өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылар үшін тұрмыстық жағдай жасауға күштеу шарасы арқылы мәжбүрлейді.

       Мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары:

          - қазыналық саясат, яғни шығындар мен салықтардың құқықтық

 аумағындағы саясат;

          - ақша саясаты;

         - табыстарды реттеу саясаты;

          - әлеуметтік саясаты;

          - баға бегіленімін мемлекеттік реттеу;

         - сыртқы экономикалық реттеу;

           Мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдары ақша-кредит қаржылары мен бюджеттік саясатқа бөлінеді.

           Негізгі экономикалық құралдар:

           - есепке алу мөлшерін реттеу (Орталық банкпен жүргізілетін,   

дисконттық  саясат);

           - елдің қаржылық институттары орталық банкте сақтауға

міндетті, ең аз резервтер мөлшерін белгілеу мен  өзгерістері;

        - мемлекеттік мекемелердің бағалы қағаздар рыногындағы мемлекеттік

міндеттемелер эмиссиясы олармен сауда жасау және өтеу сияқты

операциялары.

 

2 Қазақстан экономикасын реттеуге  шетел инвестицияларын                           

          тарту

 

2.1 Мемлекеттік реттеудің шет елдік тәжірибесін елімізде қолдану    

 

Шетел капиталын  тарту және оны пайдаланудың тиімділігін  көтеру, мемлекеттің ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап етеді. Іс жүзіндегі механизмге толықтырулар мен өзгерістер шаруашылық жағдайы мен оның икемділігін көтеруге байланысты енгізілуі тиіс. Шетел инвестицияларын тарту мен қолдану процесін тежеуші бюрократиялық процедураларды жеңілдету және шетел инвесторларының құқықтарын қорғау бойынша кепілдемені көтеру аса маңызды рөлге ие.

Қазақстан экономикасына  шетел капиталын тартудың негізгі  формаларының бірі – сыртқы несиелер.Несиелік келісім шарттарға қол қоюда, сонымен бірге, көзделген инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, дефольттардың, яғни сыртқы қарызды жабумен байланысты бірқатар қиындықтар туу мүмкін. 
        Дефольт себептеріне барлық кезеңдерде шетелдік несиелік тізбектер есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар қозғалысы механизмінің жоқтығы немесе сәйкес болмауы жатады: келісім шартқа қол қою, аймақ, ұйым немесе үкімет деңгейінде жоба бойынша шешім қабылдау, несиені игеру және ол бойынша қарызды өтеу. Әлемдік бизнесте кәсіпорындар мен ұйымдардың тәжірибесінің болмауы қарыз алушы үшін пайдасыз және кемсітушілік келісім шарттар жасауға әкеледі. Олардың жүзеге асырылуы нақты кәсіпорындар мен ұйымдардың, жалпы республика аймақтары мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін. 
       Басым инвестициялық жобаларды таңдап алу механизмінің басты кемшілігі – таңдаудың нақты белгілері мен қарапайым бағыт - бағдардың жоқтығы. Жобалардың көпшілігі экономикалық тиімділік, валюталық қайтарымдылық,  ішкі қарыз қабілеттілігі жағынан толық дәлелденбеген. Әлеуметтік сипаттағы көптеген жобалар экономикалық пайдалылыққа зиян келтіруде. Қазіргі таңда тартылған несиелер бойынша төлемдер өтелуде. Шетел несиелері бойынша өтелмеген төлемнен қалыптасқан соммалардың үшінші бөлігі төлем қабілеттілігі жоқ шаруашылық субъектілерге келеді. 
         Мүмкін боларлық дефольттарға жол бермеу үшін қаржылық, әкімшілік, құқықтық сипаттағы шаралар жиынтығын қолдану қажет. Ең алдымен, бақылау және жоспарлау сенімді негізге ие болуы үшін ұлттық экономиканың барлық секторлары мен барлық формасында сыртқы ресурстар түсімі көлемін сипаттаушы негізгі статистикалық көрсеткіштер жүйесі әзірленіп енгізілуі тиіс. 
          Пайдасыз келісім шарттар жасау, қорлардың шамадан тыс жұмсалуы, ескірген техника және технологияны сатып алуды тудырған несиелерді жабық түрде бөлу сияқты қалыптасқан тәжірибеде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет етеді. Сыртқы қарызды бақылау және басқару бойынша жұмыстардың маңызды бөлігі жан - жақты бағалаудан өткен тиянақты таңдалып алынған және дайындалған нақты жобаларды жүзеге асыру үшін қарызды алу маңыздылығын ескере отырып, шетелдік несиелерді конкурстық негізде таңдау болып табылады. Қарыздар мен несиелердің басым көпшілігі нақты жобаларды қаржыландыру үшін тартылуы тиіс: кен орындарын игеру, шағын кәсіпорындарды, білім және денсаулық сақтау жүйесін дамыту, демографиялық жағдайды жақсарту, т.с.с. Мұндай бағыт республика экономикасын дамытуға жол ашатын тиімді жобаларға қорлар салымын қамтамасыз етіп, қарыз қорларын өтеу үшін оның нақты мүмкіндіктерін жоғарлатады. 
          Осымен байланысты банктік және тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы ұсынылатын инвестициялық жобаларға алдын - ала сараптама жасау қажет. Мұндай сараптама негізінде жобалардың техника - технологиялық, бағалық және құқықтық жағына толықтырулар енгізілуі тиіс. Маркетингтік зерттеулер жүргізілуі тиіс: шикізат көлемі және жеткізетін көздері, қажетті мамандар және жұмысшылар саны, өткізу нарығының мүмкіншілігін бағалау. 
Содан кейін жобаның негізгі өлшемдері анықталуы керек: оның пайдасы мен шығындары, тиімділігі, қайтарымдылық мерзімі, сонымен бірге валюта қайтарымдылығы, коммерциялық тәуекел деңгейі, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге әсері - өндіріс көлемінің өсімі, бюджет, ұлттық табыс өсімі, шығындардың төмендеуі, әлемдік нарықта өнімнің бәсекеқабілеттілігінің жоғарлауы. 
          Жобаның экономикалық аспектілерінің сапалық және сандық талдауы жобаны таңдау мен оған сараптама жасаудың негізгі белгісі болып табылады. Мемлекет дамуының мақсаттарын жүзеге асыруға салынатын жобаны бағалауға бағытталуы тиіс: экономиканы көтеру, халықтың өмір сүру деңгейі, еңбек өнімділігін жоғарлатуға бағытталатын бағдарламаны жүзеге асыру есебінен әлеуметтік іс - шаралар жүргізу, жұмыс орындарын ашу, жергілікті ресуртарды қолдану, кадрларды оқыту, қоршаған ортаны жақсарту. 
Жобаны мемлекеттік кепілдемемен қолдаушылық пен басымдыққа ие  жобалар тізіміне енгізу үшін оларды таңдауда,  келесі өлшемдер де ескерілуі керек: кәсіпорын, аймақ, республиканың сыртқы қарыз көлемі, Қазақстан Республикасы кепілдемесінің шегі, мүмкін боларлық қосымша қаржыландыру көлемі, ерекше және тұрақты құқықтық базаны құру мүмкіндіктерінің болуы. Сонымен қатар, сыртқы қарызды өтеу мүмкіндіктерін анықтау мақсатында,  қарыз алушы кәсіпорындардың қаржылық - шаруашылық қызметіне күрделі тексеріс жүргізу қажет. 
       Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру, мемлекеттің ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап етеді. Іс жүзіндегі механизмге толықтырулар мен өзгерістер шаруашылық жағдайы мен оның икемділігін көтеруге байланысты енгізілуі тиіс. Шетел инвестицияларын тарту мен қолдану процесін тежеуші бюрократиялық процедураларды жеңілдету және шетел инвесторларының құқықтарын қорғау бойынша кепілдемені көтеру аса маңызды рөлге ие. Қазақстан экономикасына шетел капиталын тартудың негізгі формаларының бірі-сыртқы несиелер. 
         Несиелік келісім шарттарға қол қоюда, сонымен бірге, көзделген инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, дефольттардың, яғни сыртқы қарызды жабумен байланысты бірқатар қиындықтар туу мүмкін. 
        Дефольт себептеріне барлық кезеңдерде шетелдік несиелік тізбектер есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар қозғалысы механизмінің жоқтығы немесе сәйкес болмауы жатады: келісім шартқа қол қою, аймақ, ұйым немесе үкімет деңгейінде жоба бойынша шешім қабылдау, несиені игеру және ол бойынша қарызды өтеу. Әлемдік бизнесте кәсіпорындар мен ұйымдардың тәжірибесінің болмауы қарыз алушы үшін пайдасыз және кемсітушілік келісім шарттар жасауға әкеледі. Олардың жүзеге асырылуы нақты кәсіпорындар мен ұйымдардың, жалпы республика аймақтары мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін. 
       Басым инвестициялық жобаларды таңдап алу механизмінің басты кемшілігі – таңдаудың нақты белгілері мен қарапайым бағыт - бағдардың жоқтығы. Жобалардың көпшілігі экономикалық тиімділік, валюталық қайтарымдылық,  ішкі қарыз қабілеттілігі жағынан толық дәлелденбеген. Әлеуметтік сипаттағы көптеген жобалар экономикалық пайдалылыққа зиян келтіруде. Қазіргі таңда тартылған несиелер бойынша төлемдер өтелуде. Шетел несиелері бойынша өтелмеген төлемнен қалыптасқан соммалардың үшінші бөлігі төлем қабілеттілігі жоқ шаруашылық субъектілерге келеді. 
       Мүмкін боларлық дефольттарға жол бермеу үшін қаржылық, әкімшілік, құқықтық сипаттағы шаралар жиынтығын қолдану қажет. Ең алдымен, бақылау және жоспарлау сенімді негізге ие болуы үшін ұлттық экономиканың барлық секторлары мен барлық формасында сыртқы ресурстар түсімі көлемін сипаттаушы негізгі статистикалық көрсеткіштер жүйесі әзірленіп енгізілуі тиіс. 
       Пайдасыз келісім шарттар жасау, қорлардың шамадан тыс жұмсалуы, ескірген техника және технологияны сатып алуды тудырған несиелерді жабық түрде бөлу сияқты қалыптасқан тәжірибеде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет етеді. Сыртқы қарызды бақылау және басқару бойынша жұмыстардың маңызды бөлігі жан - жақты бағалаудан өткен тиянақты таңдалып алынған және дайындалған нақты жобаларды жүзеге асыру үшін қарызды алу маңыздылығын ескере отырып, шетелдік несиелерді конкурстық негізде таңдау болып табылады. Қарыздар мен несиелердің басым көпшілігі нақты жобаларды қаржыландыру үшін тартылуы тиіс: кен орындарын игеру, шағын кәсіпорындарды, білім және денсаулық сақтау жүйесін дамыту, демографиялық жағдайды жақсарту. Мұндай бағыт республика экономикасын дамытуға жол ашатын тиімді жобаларға қорлар салымын қамтамасыз етіп, қарыз қорларын өтеу үшін оның нақты мүмкіндіктерін жоғарлатады. 
          Осымен байланысты банктік және тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы ұсынылатын инвестициялық жобаларға алдын - ала сараптама жасау қажет. Мұндай сараптама негізінде жобалардың техника - технологиялық, бағалық және құқықтық жағына толықтырулар енгізілуі тиіс. Маркетингтік зерттеулер жүргізілуі тиіс: шикізат көлемі және жеткізетін көздері, қажетті мамандар және жұмысшылар саны, өткізу нарығының мүмкіншілігін бағалау. 
Содан кейін жобаның негізгі өлшемдері анықталуы керек: оның пайдасы мен шығындары, тиімділігі, қайтарымдылық мерзімі, сонымен бірге валюта қайтарымдылығы, коммерциялық тәуекел деңгейі, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге әсері - өндіріс көлемінің өсімі, бюджет, ұлттық табыс өсімі, шығындардың төмендеуі, әлемдік нарықта өнімнің бәсекеқабілеттілігінің жоғарлауы. 
          Жобаның экономикалық аспектілерінің сапалық және сандық талдауы жобаны таңдау мен оған сараптама жасаудың негізгі белгісі болып табылады. Мемлекет дамуының мақсаттарын жүзеге асыруға салынатын жобаны бағалауға бағытталуы тиіс: экономиканы көтеру, халықтың өмір сүру деңгейі, еңбек өнімділігін жоғарлатуға бағытталатын бағдарламаны жүзеге асыру есебінен әлеуметтік іс - шаралар жүргізу, жұмыс орындарын ашу, жергілікті ресуртарды қолдану, кадрларды оқыту, қоршаған ортаны жақсарту. 
Жобаны мемлекеттік кепілдемемен қолдаушылық пен басымдыққа ие  жобалар тізіміне енгізу үшін оларды таңдауда,  келесі өлшемдер де ескерілуі керек: кәсіпорын, аймақ, республиканың сыртқы қарыз көлемі, Қазақстан Республикасы кепілдемесінің шегі, мүмкін боларлық қосымша қаржыландыру көлемі, ерекше және тұрақты құқықтық базаны құру мүмкіндіктерінің болуы. Сонымен қатар, сыртқы қарызды өтеу мүмкіндіктерін анықтау мақсатында,  қарыз алушы кәсіпорындардың қаржылық - шаруашылық қызметіне күрделі тексеріс жүргізу қажет.   
      Сыртқы қарызды бақылау және басқару бойынша жұмыстардың маңызды бір бөлігі - шетелдік кредиторлардың қаржылық мүмкіндіктерін бағалау және шетелдік несиені тартудың мақсатын қарастыру негізінде конкурстық таңдаудың болуы. 
Шетелдік несиелер бойынша шешім қабылдауда, министрліктер мен ведомстваларды, кәсіпорындар мен ұйымдарды жауапкершілікке тарту бойынша механизмді құру, облыстық әкімшіліктермен бұл жауапкершілікті бөлу шаралар жиынтығының маңызды құрамдас бөліктері болуы тиіс. Жергілікті  билік органдары жобаны қолдап, несиелік келісім жасауға итермелейді. Сонымен қатар, оның әр түрлі нысанда жүзеге асырылуына қатысуы тиіс: дайын өнімнің өткізу нарығында болуына көмек көрсету, заңдық және экономикалық түрде ақыл - кеңес беру, нақты қалыптасқан жағдайға байланысты консалтингтік және басқа да қызмет көрсету. 
         Дефольттардың алдын-алу үшін жалпы макроэкономикалық жағдаймен  қамтамасыз ету қажет, құқықтық базаның тұрақтылығы, қарыз алушы кәсіпорындардың жабылу немесе қайтақұрылу жағдайында, Қазақстан Республикасы кепілдемесі аясында тартылған шетелдік несиелер бойынша міндеттемелерді беру механизмін құру керек. Мемлекеттік тізімге енген басым инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, тұрақты түрде несиелерді игеру мен қарызды мерзімді өтеу мониторингін жүргізуді талап етеді. 
       Қазақстан экономикасына әлемдік инвестициялауды ынталандырудың маңызды факторы – саяси, әлеуметтік - экономикалық және коммерциялық тәуекелдерді кәсіби және толық сақтандыру. Біздің еліміздің осы саладағы инвестициялық тартымдылығы инвесторлар құқықтарының деңгейін көтеретін бірқатар маңызды жаңа заңнамалық ережелерге ие. Қазақстан Республикасы “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Заңының баптарына сәйкес, инвесторлар мүдделерін қорғау бойынша келесі кепілдемелер қарастырылған:    
          1) шаруашылық серіктестіктің жарғылық қоры мен акцияларындағы өз үлесіне басшылық жасауда немесе салықтар мен басқа да міндеттемелік төлемдерді төлеу шартында, капитал, табыс немесе пайданы еркін аударуға бекітілген инвестордың құқығын шектеуге жол бермеу; 
          2) республика территориясында инвестормен өндірілетін тауарды сату мен шикізатты жеткізуді бақылайтын мемлекеттік монополияны құруға тиым салу; 
          3) инвестормен өндірілетін тауар немесе шикізатты өткізуде бағаны бақылау және реттеу шараларын қолдануға жол бермеу;

     



 

 

           2.2 Қазақстан экономикасына шетел  инвестициясын тарту 

 

           Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын тартудың тиімді формаларының бірі - әлемдік нарықта қазақстандық кәсіпорындар мен салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде біріккен кәсіпорындарды құру.   Біріккен кәсіпорын құру кезінде қазақстандық серіктестер белгілі бір мақсаттарды қарастырады:

тауардың нарықтағы, саладағы бәсекеге қабілеттіліктің  жоғарылауы;

қосымша қаржы  және материалдық ресурстардың тартылуы;

алғы шетел  техникасы мен технологиясын  қолдану;

бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату және өткізу процесін жақсарту үшін серіктестерінің тауарлық белгісін қолдану;

өндірістік  процесс пен кадрларды басқару  өрісінде тәжірибелерін қолдану;

қаржылық тоқырау  кезінде шетел серіктесімен коммерциялық тәуекелді бөлісу.      

   Біріккен кәсіпорын формасында тікелей шетел инвестициясын тарту формасын таңдау, яғни біріккен кәсіпорындар құру туралы нақты шешімді қабылдау кезінде бірнеше факторлардың әсер етуін есепке алу керек. Оларға: өндірістік-технологиялық потенциал көлемін, ресурстарды пайдалануға берілетін рұқсат, нарықтық тартымдылығына кәсіпорынның салыстырмалы позициясының бағасы, нарық сыйымдылығы, істің салыстырмалы пайдалылығы, нарыққа ену кезіндегі шектеулер, нарықтың көлемі, оның даму тенденциясының бағасы (бәсекелестердің саны ма, өзінің артықшылықтары, өткізуді ұйымдастыру) жатады.

   Мемлекеттік  және нарықтық басқарудағы шетелдік  экономикалық тәжірибені ғылыми  қорытындылау күн тәртібіне келесі  мәселерді қойып отыр: бұл тәжірибе  Қазақстан экономикасының жағдайына  қаншалықты қолайлы және оны енгізуге бола ма, әлде нарыққа өту кезінде Қазақстан үшін шаруашылық жүргізудің өзіндік моделі болуға тиіс пе? Бұл сұраққа жауап беру жай нәрсе емес, ол өзінің ғылыми негізін талап етеді. Еліміздің бірқатар экономика ғалымдары үшін қазіргі уақытта экономикалық жаңалықтардың теориялық негізін анықтауды, шаруашылықты басқарудың әкішілік және нарықтық мезанизмін қолдануды, өтпелі кезеңнің экономикасын жасауды бекер тілге тиек етіп жүрген жоқ. Бұл шешім қазіргі кезеңде біздің аталмыш проблемалардың теериясын анықтап енгізуге байланысты туындап отыр. Осы проблемалардың арасынан келесі жәйттерді бөлуге болады:

- шаруашылық моделдерін өзгертуде және экономикалық жаңартуда қандай жол тиімді – эволюциялық па, революциялық па?

- нарықтық қатыснатардың аясын ұлғайту және нарық инфроқұрылымын дамытуда әкімшілік шешімдер арқылы немесе сыртқы ұйымдастырушылық – құқықтық және экономикалық шешімдер арқылы іске аса ма?

- жалпы экономикалық бағыт пен макроэкономикалық тұрақтылықты ұстап тұруда мемлекеттік органдардың функциялары мен ролі қалай өзгереді?

- экономиканы мемлекеттік реттеу шаралары қандай ғылыми негізде және қандай бағытта іске асырылуы қажет?

- экономиканы мемлекеттік реттеу механизмдерінің басыңқылығы мен құрамы әр кезеңде қандай себептерге байланысты өзгеріп отырады?

- бәсекелестік нарықты ортаны құруда не маңызды: меншік иесін ауыстыру мақсатында міндетті түрде және жаппай жекешелендіру ме, жоқ әлде кәсіпкерлердің өз ынтасы мен құрылыған шағын және орта кәсіпорындарды мемлекеттік тарапынан қолдау ма?

- макроэкономикалық реттеуде салалық және аймақтық мүдделері қаншылықты дұрыс ескеріледі?

- халық шаруашылығын жоспарлау және нарықтық реттеу қандай ғылыми негізде үйлестіріледі?

      Әлеуметтік –экономикалық даму жоспарының қажеттілігі сөзсіз үлкен. Бірақ, жоспарлаудың ғылыми-метолдологиялық және ұйымдастырушылық негіздері бұрыңғы әкімшілік- директивті мәнінен айырылуы қажет және ұсыныстық – реттеушілік, мемлекеттік және жеке меншікке негізделегн белсенді шаруашылық жүргізуді ынталандыру ролдерін атқаруы тиіс.

     Бұл жердегі ең маңызды мәселе мақсатқа жету, жеке және мемлекеттік кәсіпорындардың стратегиялық жоспарларына «сіңіруі» (салалары және әкімшілік аумақтар) сол сияқты соңғының  орындалуы қажет. Өйткені ЖҰӨ экономиканың денсаулығы, ал осы жылда кәсіпорын өнім көлемінің бүкіл табыс сомасын көрсетеді. Бұл табыс «қозғалысын» жоспардың орындалуы мен шаруашылық субъектілерінің байланысы ретінде қарастыруға болады. Қарапайым болуы үшін схемадан халық шаруашылығының көптеген байланыс сызықтары көрсетілген (5-сурет). Бұл схема бір жағынан жоспарлы және нарықтық шаруашылық моделін, екінші жағынан мемлекеттік және экономиканы нарықтық реттеуі көрсетеді,


  

 

 

 

 

5-сурет Халық  шаруашылығының көптеген байланыс  сызықтары 

 

Шетел елдерде  нарықтық экономикасымен қоса кәсіпорын  және фирмалардың жоспары маңызды  роль атқарады. Біздің ойымызша республикадағы қазіргі жағдайда шетелдік өндіріс сфераларын жеңілдікпен несиелеу және осы несиелердің тиімді пайдалануға бағытталған мемлекеттің бақылау функцияларын күшейту тәжірибесін қолданған жөн. Өйткені Қазақстанда үш жыл бұрын осы қарастырылып отырған саланы несиелеуде және салық салуда барлық жеңілдіктерді алып тастау туралы шешім қабылдады, ал несие ресурстары көбінесе коммерциялық делдалдық жүйеге «қызмет көрсетуге», басқаша айтқанда тауар айналымына жұмсалады. Осындай саясаттың кері әсері әлі де сезуде. Біздің республикамызда әлі де бұл салада, керісінше, заңды және жеке тұлғалардығ өндірістік қызметпен айналысуға ынталарын жоятын қатал жүйе талдауда. 

          1992 жылдан бастап ҚР Президенті өндіріс саласындағы шағын және кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау туралы жарлықтар мен заңдарға қол қойды.

       Шет елдегі баға белгілеу механизмі үлкен қызығушылық көрсетуде. Ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын реттеу, саланың бірінші буынына табыс және пайда сомасының минималды деңгейін қамтамасыз етуде кепілдік беру түрінде құрылған. Басқа мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей дағдарыс жағдайынан шығу жолында үкімет баға белгілеу мен баға деңгейіне әсіресе халықтың тауар тұтынуын бақылауын күшейтті. Қазір біз өндіріске және өндіріс құралдары мен тұтыну заттарды сатуға монополия жағдайындағы бағалардың толық ырықтандырылуы, сондай-ақ ауыл шаруашылығын материалды өндіріс саласы ретінде даму үшін қажетті дотацияларды бөлмеу жолымен келе жатырмыз. Мұндай көзқарас республикамыздың ЖҰӨ-нің үштен бірін құрайды, экономиканың аграрлы секторының өнімдеріне баға белгілеу және баға мәселелерін Үкімет көз алдынан тыс қалдыруда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Мемлекетті экономикалық  бағдарламалау

 

 

Дамудың ұзақ мерзімді басымдылығын алға жылжытуға рыноктың мүмкіндігі жоқ, сондықтан көптеген дамыған елдерде экономикалық саясаттың  басымдылығын және стратегииялық өсуді  жоспарлауды мемлекет өзіне алады. Мұндайда ол әдетте ғалымдар мен сарапшылардың көмегіне сүйенеді. Мысалы, Германияда Орталық сарапшылар кеңесі әр жылы парламент пен үкіметке экономиканың жағдайы, оның дамуының келешегі, басымдылығы туралы болжамды баға ьолатын баяндама ұсынады. Жопонияда және бірқатар басқа да жаңа өндірісті елдерде электрондау мен технологины ақпараттандыру аясында мемлекетпен ұсынылған басымдылықтар таяу арадағы он жылдықта экономиканың дамуын белгіледі.

     Мемлекеттік экономиканы бағдарламалау – елдің әлеументтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің ең жоғарғы нысаны. Мемлекеттік бағдарламалау бір уақытта экономика дамуының ғаламдық мақсатын қамтамасыз ету үшін экономикалық ресурстарды кешенді пайдалану әдісі болып табылады.

     Бағдарламалау – жоспарлаудың ең көп тараған нысаны. Әңгіме, әлеуметтік-экономикалық даму мен мақсатты бағдарламаның кешенді жоспары туралы болып отыр.

     Жоспарлау, болжау және бағдарламалау – бұл экономиканы мемлекеттік реттеудің құралдары.

     Бағдарлама – директивтіктің белгілі бір дәрежесіне тән нақты құжат.

     Бағдарламада анықталатындар:

реттеу мақсаты;

Информация о работе Мемлекеттік реттеу