Бюджеттеу және жоспарлау түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 15:00, курсовая работа

Краткое описание

Сонымен бюджеттеудің мақсаттары:
• Ұйымның мақсаттарының орындалуын қамтамасыз ету;
• Әрбір жылдың операцияларын жоспарлау;
• Ойлары мен жоспарлары туралы ақпарат;
• Бөлімшелердің іс-әрекетін үйлестіру;
• Жұмысшылардың мотивациясы;
• Басқару.
Жоспарлау деп қызмет мақсаттарын белгілі бір кезең ішінде қол жеткізуге қажет сандық және сапалық көрсеткіштер ретінде көрсетуді айтады.
Жоспарлау кезеңі бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
- оперативті (ағымдағы жоспарлау) – бір жылға дейінгі мерзім;
- тактикалық (орта мерзімді) жоспарлау – 1-3 жылға дейінгі мерзім;
- стратегиялық (ұзақ мерзімді) жоспарлау – 3 жылдан артық мерзімге.

Содержимое работы - 1 файл

Бюджеттеу.doc

— 43.00 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

 


 

 

 

Баяндама

 

Бюджеттеу және жоспарлау түсінігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы,2012

 

 

 

 

 

 

Бюджет – бұл жоспар, негізінен қысқа немесе орташа мерзімді болып келіп, соның мәліметтерін ағымдық және шұғыл басқарушылық шешімдерді қабылдау барысында қолданылады. Сол себепті «бюджеттеу сметасы, жоспарлау жүйесі» деген бюджеттеу түсінігі қолданылады. Белгілі бір іс-шараларды болжамдау – бұл жоспарлау, ал бюджеттеу – бұл осы жоспарлаудың қаржылық сипаттамасы, жоспарланған іс әрекеттерді қаржылық көрсеткіштерге ауысуы деп есептеуге болады.

Бюджет – жоспардың сандық сипаты, координациялануы мен орындалуын бақылау  құралы.

Бюджеттер ұйым бойынша жалпылай да, оның бөлімшелері бойынша да жасалуы  мүмкін.  Негізгі бюджет (master budget) өндірісті, сатуды, тарату мен қаржыландыруды қамтиды. Мұнда болашақ түсімдер, ақша ағымдары мен жоспарлар сандық сипатта қарастырылады. Бюджеттер менеджерлердің қызметінде басты рөл атқарады.

Бюджеттеу – есепті кезеңдегі ұйым қызметін жоспарлау және нақты нәтижелерді есепке алу үрдісі болып табылады. Оның мақсаты басқару есебінің мақсатына сәйкес келеді, яғни басқармаға ұйымның кірістері мен шығыстарын, оның активтері мен пассивтерінің құрылымын және басқа да салымдарды басқару қызметі туралы дер кезінде ақпарат беру.

Бюджеттеу үрдісі ұйым қызметінің нәтижелерін  жоспарлау, қадағалау, бағалаудың, ақпарат  алмасудың және оның бөлімшелерінің жұмысын бағыттаудың тиімді құралын  қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қоса, бюджеттеу ұйымның қаржылық жағдайын қалпына келтіру үшін де қолданылуы мүмкін. Мұнда бюджеттеу жүйесін құруды, жорамалдың шынайлығына әсер ететін, ұйым қызметінің нарығындағы өткен және ағымдағы тенденция мен жағдайды талдау арқылы жүзеге асыру қажет.

Бюджеттеу ұйым қызметінің неғұрлым маңызды салаларында жүргізілуі тиіс, өйткені бюджетті құру қойылған мақсатты іске асыру дегенді білдіреді, сонымен қатар бюджетті қадағалау жүйесі жоспардың қаншалықты орындалғанын тексеруге мүмкіндік береді.

Сонымен бюджеттеудің мақсаттары:

  • Ұйымның мақсаттарының орындалуын қамтамасыз ету;
  • Әрбір жылдың операцияларын жоспарлау;
  • Ойлары мен жоспарлары туралы ақпарат;
  • Бөлімшелердің іс-әрекетін үйлестіру;
  • Жұмысшылардың мотивациясы;
  • Басқару.

Жоспарлау деп қызмет мақсаттарын белгілі бір кезең  ішінде қол жеткізуге қажет сандық және сапалық көрсеткіштер ретінде көрсетуді айтады.

Жоспарлау кезеңі бойынша  келесі түрлерге бөлінеді:

  • оперативті (ағымдағы жоспарлау) – бір жылға дейінгі мерзім;
  • тактикалық (орта мерзімді) жоспарлау – 1-3 жылға дейінгі мерзім;
  • стратегиялық (ұзақ мерзімді) жоспарлау – 3 жылдан артық мерзімге.

Ұйымдарда жоспарлау жүйесін енгізу келесі міндеттерді жүзеге асыруға көмектеседі:

  • ұйымдардағы ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға;
  • қызмет координациясын қамтамасыз етеді және жеке бөлімшелер мен жалпы кәсіпорынның мүдделерінің өзара байланысын оранатады;
  • ұйымның шаруашылық қызметінің нысандарын талдауға, жоспарлауға, бағалауға мүмкіндік жасайды және қабылданған басқарушылық шешімдердің негіздемесін дамытуға;
  • қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, қаржылық жағдайды көтереді.

Жалпы, ұйым қызметінің барлық сфераларын жоспарлау ұйым кірісі мен  шығысының жекелей түрлеріне  қатысты (еңбекақы шығындары бюджеті, шаруашылық шығындар бюджеті) мақсатты бюджетті құрумен қатар, жекелей ұйым өнімдерін енгізу бюджеті (алдағы кірістер, шығыстар мен еңбек шығындары кіреді) құрылуы мүмкін.

Бюджетті  құру кезінде келесідей жоспарлау  технологиялары міндетті түрде сақталуы қажет:

«Ұйымның жеткен нөтижесінен бастап» бюджетті құру, осы технология тұрақты жорамалданатын бизнес кезінде де, ұйым бизнесінің перспективасы туралы ақпаратты жинап, сапалы өңдеуге болмайтын жағдайда да қолданылады.

Тұрақсыз бюджет технологиясы, бұл  технология ұйым қызметінің сыртқы және ішкі нарығы тез өзгеретін жағдайдағы бағытқа арналған. Мұндай технология ұйым жоспарын бұрынғы жоспарлау сатыларындағы талдау нәтижелерінің негізінде жедел түрде өзгертуге мүмкіндік береді. Мұнда бюджетті нарықтың өзгерістерін есепке ала отырып жоспарлауға көп назар аударылуы тиіс.


Информация о работе Бюджеттеу және жоспарлау түсінігі