Қазақстан Республикасындағы бюджет үрдісінің тиімділігін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2012 в 17:30, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты - Мемлекеттік бюджеттің негізгі атқаратын қызметтерін ашып, Қазақстан Республикасындағы бюджет үрдісінің тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру.
Осы мақсатқа сүйене отырып келесі төмендегі мәселелерді қарастырамыз:
 Мемлекеттік бюджеттің мәні және бюджет жүйесі;
 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін басқару;
 Қазақстан Республикасындағы бюджетті қалыптастыру үрдісін жетілдіру;
 Бюджеттің орындалу мәселелерін шешу жолдары және оны бағалауды жетілдіру;
 Қазақстан Республикасындағы бюджет үрдісінің тиімділігін арттыру.

Содержание работы

КІРІСПЕ .................................................................................................................3

1 ЭКОНОМИКА КАТЕГОРИЯСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ АЛАТЫН РӨЛІ.
1.1 Мемлекеттік бюджеттің мәні және жалпы сипаттамасы.............................5
1.2. Мемлекеттік бюджет жүйесі..........................................................................8

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫ.
2.1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін басқару..............................17
2.2 Қазақстан Республикасындағы бюджетті қалыптастыру үрдісі.................25

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Бюджеттің орындалу мәселелерін шешу жолдары және
оны бағалауды жетілдіру...............................................................................35
3.2 Қазақстан Республикасындағы бюджет үрдісінің
тиімділігін арттыру.........................................................................................40

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................45

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................48

ҚОСЫМШАЛАР.....................................................

Содержимое работы - 1 файл

МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ.doc

— 474.50 Кб (Скачать файл)

2.    Үнемділікті бағалау − жұмыс көлемінің жұмсалған ресурстарға қатынасы. Ол әдетте, ақшалай бірлікте өлшенеді. Мысалы, жолдарды жөндеу үнемділігі жөнделетін жолдардың бір километріне шығындар сомасында көрсетіледі.

3.    Тиімділікті бағалау қойылған міндетке қол жеткізу дәрежесін немесе деңгейін немесе жергілікті басқарудың жұмыс сапасын білдіреді.

4.    Өнімділікті бағалау тиімділік пен өнімділік үшін бір өлшем болып табылады. Мысалы, жолдарды жөндеу өнімділігінің көрсеткіші − бұл жақсы жөнделген жолдардың құнынан жалпы жөндеу сомасына пайыз.

Аталған көрсеткіштерді қолдану үшін салыстыру үшін жеткілікті деңгейдегі статистикалық база болуы керек. Сондықтан қазақстандық жағдайларда бюджеттік шығындар тиімділігін есептеу үшін бюджеттік жоспарлаудың соңғы мақсатына сүйене отырып, өз критерийін жасау қажет.

Дипломдық жұмыс авторының пікірінше, мемлекеттік бюджет Қазақстан азаматтарының өмір сүру деңгейін жоғарылататын және ресурстарды аймақтарда теңестіру үшін оны қайта бөлетін негізгі қаржылық құрал болуы керек. Өмір сүру деңгейі көптеген көрсеткіштермен көрсетіледі, дегенмен оны толығымен сипаттайтын, яғни орташа жан басына шаққандағы кірісті, өмір сүру ұзақтығын, білім алу мүмкіндігін есепке алатын, біртұтас критерий қажет. Бұндай көрсеткіш болып, он жыл әр жыл сайын ПРООН-мен адам дамуы бойынша жыл сайынғы есеп берулерінде есептелінетін адам дамуының индексі (АДИ) табылады.

Адам әлеуеті дамуын жалпы бағалау адам дамуы индексінің көмегімен іске асырылады. Ол нөлден бірге дейінгі шектерде мән қабылдауы мүмкін және адам таңдауының жоғарыда көрсетілген үш мүмкіндігін сипаттайтын, үш басқа индекстердің орташа арифметикалық көлемі ретінде анықталады. Білім беру индексі деңгейі, өз кезегінде, сауаттылық және білім алу мүмкіндігі индекстері негізінде есептеледі. Индекстерді есептеу негізінде күтілетін өмір ұзақтығы, ересек тұрғындар арасындағы сауаттылық, 6-24 жас аралығындағы оқитындардың жиынтық үлесі және жан басына шаққандағы нақты жалпы ұлттық өнім көрсеткіштері қолданылады.

Адам дамуы тұжырымдамасы адам таңдауы мүмкіндігінің үздіксіз ұлғаюына бағытталған. Бұл кезде таңдаудың үш мүмкіндігі − ұзақ және амансау өмір, білім алу және білімін жетілдіру, сонымен бірге жеткілікті деңгейде өмір сүру үшін қажетті табыстың жеткілікті деңгейі − базисті болып табылады. Осылардың негізінде аймақтарда елдегі адам әлеуеті дамуының жалпы бағасы жасалады.

Осыған орай, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін жалпы мойындалған әдістеме негізінде бюджеттік саясаттың сол немесе басқа мақсатты қызметті жасауға болады. Ол адам әлеуеті даму индексінің өсу темпін максимизациялауы, не болмаса, орташа мөлшерден барлық аймақтардың адам әлеуетінің даму индексінің ауытқуын минимизациялауға келтіріледі. Жүйелік дағдарыстан шығудың осы кезеңінде бюджеттік саясаттың мақсатты қызметі республика бойынша адам әлеуеті даму индексінің максималды өсімін қамтамасыз ету міндеті болуы керек. Бұл жағдайда бюджеттік саясатты жүзеге асырудың тиімділігін адам даму индексінің өсіміне қандай құралдармен қол жеткізілгеніне байланысты анықтауға болады.

Дамудың мақсатты қызметіне ие бола отырып, критерийлер мен шектеулер орната отырып, ең жақсы, қолайлы шешім табуға болады, яғни адам әлеуеті даму индексінің максималды өсімін алатындай етіп, шектелген қаржылық ресурстарды бөлу. Облыстар және бюджеттік сыныптаманың функционалдық топтары арасындағы ресурстарды Қазақстан бойынша адам әлеуеті даму индексінің максималды өсіміне әкелетіндей етіп бөлу керек. Әрине, депрессивті аймақтарды, өмір сүру деңгейі төмендеп кетпес үшін, қолдауды қамтамасыз ету керек. Бұл жағдайды қолайлы нұсқаны есептеу кезінде негізгі шектеу ретінде қабылдау қажет.            

             

 

3.2 Қазақстан Республикасындағы бюджет

үрдісінің тиімділігінін арттыру

 

Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің принциптерінің бірі болып бюджеттердің дербестігі табылады. Ол мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджеттік үрдісті дербес жүзеге асыру құқығын реттейді. Сонымен бірге, мемлекеттік басқарудың белгілі бір деңгейіне Бюджеттік кодекспен сәйкес бюджет деңгейі орнатылған: республикалық бюджет, Астана және Алматы қалаларының, облыстың бюджеттері, облыстық маңызы бар қала бюджеті, аудандық бюджет.

Бюджет жүйесінің аталған принципіне сай, біздің елімізде бюджеттің барлық деңгейлері сәйкес атқарушы органдармен, әкімдіктермен, мәслихаттармен, республикалық деңгейде – Үкіметпен және Парламентпен дербес қарастырылады, бекітіледі және атқарылады. Бірақ, жергілікті бюджеттердің дербестігі шектерін регламенттейтін нормаларды тәжірибеде қолдануды пайдалану олардың қатаң шектелгендігін көрсетеді.

Мемлекеттік реттеу шеңберінде бюджетаралық қатынастардың негізгі мақсаты болып бюджеттің барлық деңгейлерінде бюджеттік қамтамасыз етуді теңестіру және атқарушы билікпен Қазақстанның барлық территориясында мемлекеттік қызметтердің бірдей деңгейін ұсыну табылады.

Бұл мақсатқа қол жеткізу жекелеген ауданның немесе облыстың мүдделерінің мемлекет мүдделеріне бағынуына негізделген, бюджеттің деңгейлері арасында кірістер мен шығыстарды бөлуді тек қана орталықтандыру арқылы мүмкін. Мұндай бюджетаралық қатынастарды реттеу механизмі бар: заңды түрде республикалық және жергілікті бюджеттерге аударылатын кірістер түрлері, сонымен бірге мемлекеттік қызметтердің барлық бағыттары бойынша іске асырылатын шығыстар анықталған. Осы кезде бюджеттің бір деңгейінен басқасына шығыстарды немесе түсімдердің түрлерін жіберу тек қана бюджеттік заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жолымен мүмкін болады және облыстық (аудандық) мәслихат берілген территорияда бюджеттің кірісті және шығысты бөліктерін сапалы өзгерту сұрақтарын дербес шешу құзіретіне ие емес болып табылады.

Егер салықтық және салықтық емес түсімдер, сонымен бірге негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша мемлекеттік реттеу сомаларды көрсетусіз белгілі бір тізімді орнатумен шектелсе, онда бюджеттік субвенциялар мен алымдар көлемі абсолютті көрсетілімде үш жылдық кезеңге белгіленеді. Осы кезде республикалық бюджет пен облыстық бюджет арасындағы трансферттер көлемі Қазақстан Республикасының заңымен, ал облыстық пен аудандық арасындағы трансферттер көлемі облыстық мәслихат шешімімен бекітіледі. Бюджеттің жоғарғы тұрған деңгейінің төмен тұрған деңгейінен артықшылығы және басымдығы байқалады.

Нәтижесі, облыс аудандарына трансферттер көлемін жеткізу облыста орнатылған трансферттердің жалпы көлеміне тікелей тәуелді болып табылады. Жағдайды толық түсіндіру үшін салықтар мен жинақтар тізімінің, салық салу базасының, есептеу әдістерінің бар болуы олар бойынша  абсолютті сомаларда болжамдық көрсеткіштерді анықтауға мүмкіндік беретінін айта кету қажет.                   

Мемлекеттік қызметтердің стандартты жиынтығы ұсынылатын жергілікті бюджеттердің жалпы көлемі вертикаль бойынша жүргізіледі: төменнен – жоғары. Осыған байланысты төмен тұрған бюджеттердің дербестігі, әдетте, бюджеттің жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерінің  құрылу кезеңінде субвенциялар мөлшерін максималды көбейтуден, сәйкесінше, алымдар сомасын, сонымен бірге салықтық және салықтық емес түсімдер сомасын азайтудан тұрады. Ал бұл, бірінші кезекте жергілікті бюджеттер жетекшілерінің профессионалды қасиеттеріне, олардың жоғары тұрған бюджет үкім етушілерімен, сол немесе басқа аймақты білдіретін Парламент депутаттарымен жеке қарым-қатынасына тәуелді болып табылады.

Бюджетаралық қатынастардың назар аударарлық келесі сәті, бұл сәйкесінше бюджеттерді төмен тұрған бюджеттердің іс-әрекет етуінің белгілі бір шектеулілігін растайтын мемлекеттік басқарудың әр түрлі деңгейлерінің қарастыру және бекіту мерзімдері болып табылады.

Республикалық бюджеттің жобасы Үкіметтің қарастыруына 15 тамыздан кешіктірілмей ұсынылады; Үкімет өз кезегінде Парламентке 15 қыркүйектен кешіктірмей ұсынады; облыстық бюджет жобасы облыс әкімдігіне 1 қазаннан кешіктірілмей ұсынылады; облыстық әкімдік облыс мәслихатына 15 қазаннан кешіктірмей ұсынады; аудандық бюджет жобасы аудан әкімдігіне 15 қазаннан кешіктірілмей ұсынылады; аудан әкімдігі мәслихатқа 1 қарашадан кешіктірмей ұсынады. Аудандық бюджет облыстық бюджет бекітілгеннен кейін екі аптадан кешіктірілмей аудан мәслихатымен бекітіледі. Облыстық бюджет республикалық бюджет бекітілгеннен кейін екі аптадан кешіктірілмей бекітіледі.

Республикалық бюджет бекітілген кезде облыстық немесе аудандық бюджеттің бекітілмеуі техникалық себептерге байланысты да мүмкін емес, мұндай жағдайда бюджеттің орындалуы бойынша орталық атқарушы орган және оның территориалды бөлімшелері түсімдер мен бюджеттер деңгейлері арасындағы шығыстар сомасын бөлуді жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болмайды. Осының нәтижесінде республикалық бюджетті өз уақытында орындау және жергілікті бюджеттердің орындалуына қызмет көрсету мүмкіндігіне ие болмайды.

Осыдан шығатын қорытынды: облыстық бюджеттер республикалық бюджет көрсеткіштеріне, сонымен бірге Парламентпен және Үкіметпен бекітілетін нормативті құқықтық актілердің нормалары мен жағдайларына, аудандық сәйкесінше облыстық бюджетке толығымен тәуелді болып табылады. Жергілікті бюджеттерді басқару органдарының құқықтары, кейінірек, міндеттері бюджет кірісіне орнатылған түсімдер көлемін және бөлінген бюджеттік қаражаттарды тиімді және мақсатты қолдану құралымен мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуді қамтамасыз етумен түсіндіріледі.

Сәйкесінше, Бюджеттік кодексте жергілікті бюджеттерді жасау, қарастыру және бекітудің қазіргі тәртібі нақты шындықтан алыс және үлкен көлемде уақыттық, еңбектік және материалдық шығындарға әкеледі.

Мұндай жағдайда, бюджеттің төменгі деңгейінің бюджеттің жоғарғы деңгейімен өзара қарым-қатынасындағы шектелген дербестігі мен теңдігін декларацияламай, бюджеттік үрдісті келесі түрде жеңілдетуге болады:

1)          барлық деңгейлердегі әкімдіктерде бюджеттік жоспарлау бойынша өкілетті органдар мен экономикалық жоспарлау бойынша өкілетті органдарды территориалды бөлімше мәртебесін бар бюджеттік жоспарлау бойынша орталық өкілетті орган құрамына кірістіре отырып, біртұтас мемлекеттік органға біріктіру;

2)          бюджеттік жоспарлау бойынша орталық өкілетті орган территориалды бірлестіктермен біріге отырып, республикалық және облыстық (аудандық) бюджеттер жобаларын жасайды және Үкіметке ұсынады.

3)          Үкімет республикалық бюджет туралы заң жобасын Парламентке ұсынады, сонымен бірге сәйкесінше әкімдіктерге бағытталатын облыстық бюджеттер жобаларын келістіреді.

4)          Облыстық әкімдіктер Үкіметпен қабылданған облыстық бюджет жобасын облыстық мәслихаттың бекітуіне енгізеді және аудандық мәслихаттардың бекітуі үшін аудандық әкімдіктерге жеткізуімен бірге аудандық бюджеттердің жобаларын келістіреді.

Тәжірибе көрсеткендей, бюджеттерді жасау, қарастыру және бекіту осы схема бойынша жүзеге асырылады, ел басшылығымен көрсетілген республика мен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму приоритеттерін есепке ала отырып, өтпелі экономика жағдайында қоғамның мемлекеттік қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыратын басқа механизм жоқ болып табылады. Ал мысал ретінде осындай мемлекеттік органның болуына келесі фактті келтіруге болады: республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуын  облыстық және аудандық территориалды бөлімшелері бар, бюджеттің орындалуы бойынша орталық өкілетті орган жүзеге асырады.

Ұсынылған әкімшілік қайта құрылымдар, қазіргі заңдарға өзгерістер енгізуді қажет еткендігімен, бюджетаралық қатынастарды реттеу саласында мемлекеттік басқару тиімділігін жоғарылатуға әкеледі және ең бастысы, Қазақстан Республикасы унитарлы мемлекет болып жарияланған, ал мемлекеттің дербес субьектілері болып табылмайтын облыстар мен аудандар әкімшілік-территориалды бірлік мәртебесіне ие болып табылатын ел Конституциясына сәйкес келетін болады.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Бюджет өндірістік үрдістің маңызды алғышарты және іске асыру құралы болып табылады. Оның көмегімен әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін, ғылыми-техникалық прогресті ынталандыру үшін, қорғаныс қабілеттілікті қолдау үшін және басқа мемлекеттік қызметтерді орындау үшін жағдайлар жасалады. Сәйкесінше, шаруашылық механизмнің қалыпты қызмет етуі бюджеттік қатынастарды жетілдірмейінше, ғылыми негізделген бюджеттік саясатты жүргізусіз, бюджеттік үрдісті басқарудың тиімді жүйесінсіз мүмкін емес. Нарықпен, корпорациялар және мемлекетпен басқарылатын экономикаға өту мемлекеттік бюджетті терең қайта құруды, кәсіпорындар мен салалар қаржыларын, аймақтық және жергілікті деңгейдегі қаржылық қатынастардың, бюджеттен тыс қорлар жаңа блогінің серпінді дамуын талап етеді.

Ел экономикасына жасалған талдауларға байланысты Қазақстанда да сәтті бюджеттік саясаттың маңызды құрауыштары орын алып отыр. Бұл мемлекеттік міндеттемелердің шынайы деңгейінде орталықтанатын бюджеттік тапшылықтың төмен деңгейін қамтамасыз ететін, несиелік нарықта төмен пайыздық мөлшерлемені қолдауға, жеке секторды қаржыландыруды ұлғайтуға жағдай жасайтын мемлекеттік шығыстарды қатаң шектеу саясаты болып табылады. Мұндай саясат экономикалық өсудің тұрақты темптеріне қол жеткізуге, жұмыссыздықты төмендетуге, халықтың әл-аухаты деңгейінің жоғарылауына жағдай жасайды.

Қазақстан экономикасы дағдарыстық жағдайдан шыққандығына байланысты, алдымен бюджеттердің барлық жеке кірістерін барлық функционалдық топтарды толық бюджеттік қамтамасыз етуге біртіндеп қол жеткізу міндеттерін шешуге бағыттау қажет. Осыдан кейін, бюджеттік қаражаттардың бөлігін капиталдық шығындарға бағыттай отырып, барлық әлеуметтік нормативтерді жүз пайыздық қамтамасыз етуге қол жеткізу міндетін шешуге болады. Егер барлық бюджеттік қаражаттарды тек қана тұтынуға жұмсайтын болса, онда өндірістің өсуін және бюджетке кірістер түсімінің өсуін күту мүмкін емес. Сондықтан, тұтыну және жинақтау көлемдерінің әр түрлі пропорциялары кезінде өсу темпінің мүмкін нұсқаларына экономикалық талдау жүргізу және осы негізде тез өтелетін инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін алып пайдаланудың негізделген шегін орнату қажет.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы бюджет үрдісінің тиімділігін арттыру