Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2012 в 21:39, реферат
Аммиак — өткір иісті, тұншықтырғыш газ. Өнеркәсіпте сутек пен азотты қосып, тікелей синтездеп, ал лабораторияда аммоний тұздарын сілтімен қосып қыздырып, аммиак алады. Аммиак суда жақсы еріп, аммоний гидроксидін, ал қышқылдармен реакцияға түсіп, аммоний тұздарын түзеді. Одан тыңайтқыштар — нитраттар, азот қышқылы, қопарылғыш заттар алынады.
Аммоний тұздарының барлығы суда жақсы ериді. Оларды қыздырғанда, аммиак бөле ыдырайды. Аммоний тұздары азот қышқылын алуға, тыңайтқыштар өндіруге, қопарылғыш заттар жасауға қолданылады
Алынуы.
Жоспары
1 Алынуы.
2 Физикалық қасиеттері.
3 Химиялық қасиеттері.
3.1 Аммиактың сумен әрекеттесуі.
3.2 Аммиактың судағы ерітіндісі әлсіз негіздік қасиет көрсетеді.
3.3 Аммиак қышқылдармен әрекеттесіп, аммоний тұздарын түзеді.
4 Химиялық қасиеттері.
5 Қыздырудың әсері.
6 Қолданылуы.
7 Пайдаланған әдебиеттер
Жоспары
|
Аммиак — өткір иісті, тұншықтырғыш газ. Өнеркәсіпте сутек пен азотты қосып, тікелей синтездеп, ал лабораторияда аммоний тұздарын сілтімен қосып қыздырып, аммиак алады. Аммиак суда жақсы еріп, аммоний гидроксидін, ал қышқылдармен реакцияға түсіп, аммоний тұздарын түзеді. Одан тыңайтқыштар — нитраттар, азот қышқылы, қопарылғыш заттар алынады.
Лабораторияда қатты аммоний хлориді NH4Cl мен сөндірілген әкті Са(ОН)2 араластырып, қыздырып, аммиак алады.
Реакция теңдеуі:
2NH4Cl + Ca(OH)2 = 2NH3↑ + CaCl2 + 2H2O
Өндірісте аммиакты азот пен сутектен тікелей синтездеп алады.
Аммиак —
түссіз, өткір иісті, ауадан екі еседей
жеңіл, тұншықтырғыш газ. Балқу температурасы
-77,8°С, қайнау температурасы -33,4°С.
Аммиак суда өте ерімтал:1 көлем суда 700 көлем аммиак ериді. Аммиак суда ерігенде аммиак гидратын NH3-H20 түзеді. Аммиактың судағы ерітіндісі аммиак суы немесе мусәтір спирті деген атпен дәріханада сатылады.
Аммиак суда ерігенде, темендегі тепе-теңдік іске асады:
NH3 + H2O = NH3 nH2O → NH4 + OH
2. Аммиактың оттекте жануы.
Егер аммиак пен оттек ағынын тұтандырса, аммиак оңай жанады.
а) өршіткі қатыспаса, бос күйдегі азот бөлінеді:
4NH3 + 3O2 = 2N2 + 6H2O
ә) Катализдік тотығуынан
( өршіткі – Pt) азот (II) оксиді алынады:
4NH3 + 5O2 = 4NO + 6H2O
Мысалы, екі шыны таяқшаны алып, біріншісін — аммиак суына, екіншісін — концентрациялы тұз қыішқылына батырып, екі таяқшаны бір-біріне жақындатса, ақ түтін пайда болады.Ол — аммоний хлоридінің өте ұсақ кристалдары. Реакция тендеуі:
NH3 + HCl = NH4Cl
Аммиак басқа да күшті қышқылдармен әрекеттесіп, аммоний тұздарын түзеді.
Физиологиялық әсері.
Аммиактың тұншықтырғыш
иісі бар. Ауаға тарағанда адамның
дем алуына зиянды әсер етеді. Аммиак
тасымалдайтын цистернаның
Аммоний тұздары — құрамында аммоний ионы NH + және қышқыл калдықтары болатын қатты кристалды, күрделі заттар. Мысалы, NH4C1, (NH4)2S04, NH4N03, т.б. Бұл тұздардағы аммоний ионы NH4+ қосылыста бір валентті металл орнына жүреді. Бұл тұздардың бәрі суда жақсы ериді.
Аммоний тұздарының басқа тұздарға ұқсас ортақ қасиетімен қатар ерекше қасиеттері де бар. Соның бірнешеуін қарастырайық.
Қыздырудың әсері.
Аммоний тұздарын
қыздырғанда, олардың айырылуы кұрамына
қарай әртүрлі өтеді. Мысалы:
Ерекшелігі — бөлінген аммиак NH3 қайтадан хлорсутекпен әрекеттесіп, сынауықтың суык қабырғасында аммоний хлоридінің майда ақ кристалдарын түзеді. Аммоний тұздарын сілтімен қосып қыздырса, аммиак газы бөлінеді. Газ шығып жатқан түтіктің аузына ылғал қызыл лакмус қағазын ұстаса, ол лезде көгереді. Аммиак газын өткір иісінен де байқауға болады. Бұл әрекеттесу аммоний тұзын анықтауға сапалық реакция болып табылады:
Аммиактан минералдық
тыңайтқыштар, дәрі- дәрмектер, қопарылғыш
заттар, азот қышқылы және нитраттар өндіріледі,
аммоний тұздары алынады (17-сурет).
Аммиак төменгі қысымда (0,7—0,8 мПа) оңай
сұйылады, ол буланғанда көп жылу сіңіретін
қасиетіне сәйкес тоңазытқыш қондырғыларда
реагент ретінде қолданылады. Аммоний
нитраты мен аммоний сульфаты, аммоний
гидро- фосфаттары тыңайтқыш ретінде кеңінен
қолданылады. Аммоний хлориді: дәнекерлеуге,
гальвани элементін даярлауға, ал аммоний
гидрокарбонаты: кондитер, тамақ өнеркәсібінде
қолданылады. Аммоний нитраты NH4N03 мен
алюминий және көмірдің коспасынан аммонал
деп аталатын копарылғыш зат жасалынады.
Қорытынды
Лабороторияда
аммоний тздарын сілтімен қосып
қыздырып, аммиак алады. Ал өнеркәсіпте
сутек пен азотты қосып, тікелей
синтездеп алады.Ол өткір иісті,
тұншыұтырғыш газ. Аммиак суда жақсы еріп
гидраттар түзеді, одан аздаған мөлшерде
аммоний гидроксиді бөлінеді. Аммиак қышқылдармен
реакцмяға түсіп, аммоний тұздарын түзеді.
Одан тыңайтқыштар – нитраттар, азот қышқылы,
қопарылғыш заттар алынады.
Пайдаланған әдебиет
1. Химия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Өңделген, толықтырылған 2-бас. / Н. Нұрахметов, К. Сарманова, К. Жексембина, т.б. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009. — 208 бет: суретті.