Стратегиялық жоспарлаудың экономикалық мәні және орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 04:49, реферат

Краткое описание

Көбінше стратегия терминін әскері басшылар қолданып келген. «Стратегия» гректің – «генерал өнері» деген сөзден шыққан. «Стратегия» термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келген, кәзіргі кезде бүл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіріді.
Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады.

Содержание работы

1. Стратегиялық жоспарлаудың экономикалық мәні және орны
2. Қазақстан 2030 даму стратегиялық бағдарламасы
3. Қазақстан 2030 жылға дейінгі стратегияның әлеуметтік саладағы маңыздылығы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

Стратег конференсия.doc

— 79.00 Кб (Скачать файл)
 
 
 
 
 
 
 

    Жоспар: 

    1. Стратегиялық жоспарлаудың экономикалық мәні және орны 

    2. Қазақстан 2030 даму стратегиялық бағдарламасы 

    3. Қазақстан 2030 жылға дейінгі стратегияның әлеуметтік саладағы маңыздылығы  

    Қорытынды 

    Пайдаланылған әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1. Стратегиялық жоспарлаудың экономикалық мәні және орны

     

    Көбінше стратегия терминін әскері басшылар қолданып келген. «Стратегия» гректің  – «генерал өнері» деген сөзден шыққан. «Стратегия» термині осы  уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында  қолданылып келген, кәзіргі кезде бүл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіріді.

    Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады.

    Стратегиялар  негізделінген болулары үшін ғылыми негізделу, жүйелі талдау, болжамдау және оптимизация әдістерін қолдану қажет. Солар қатарында стратегияны ұйымдастыру (көлденең және тік) және проблемалар бойынша үйлестіру қажет.

    Стратегиялық  жоспарлау дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді.

    Стратегиялық  жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті – ұйымдағы жаңадан еңгізілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету.

    Жалпы стратегияны бағдарлама, дамудың  негізгі бағыты деп анықтаса болады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде  стратегиялық жоспарлау шаруашылықты мемлекеттік реттеудің негізгі  құралы болып табылады. Оның көмегімен  қажетті экономикалық пропорциялар керекті деңгейде ұстап тұрылады және қоғам шаруашылығы жүйесінің барлық бөлімдері қызметінің үйлестіріліп мақсатқа бағытталулары қамтамасыз етіледі.

    Елдің табыстылығы, түптеп келгенде, дұрыс  әзірленген стратегиялық жоспарға, сондай-ақ оның іске асырылуына байланысты болады.

    Кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық жоспарлауна  келесі негізгі элементтер еңеді:

    - қоғамның әлеуметтік мәселелерін  жоспарлау (әлеуметтік саясат, халықтың  тұрмыс деңгейі, халықтың туылуы, жұмыс күші және жұмысбастылық);

    - қоғам және табиғаттың қатынасын  жоспарлау (табиғатты пайдалану  мәселелері, экологиялық саясат, табиғий  ортаның мониторингі);

    - ғылыми-техникалық прогрессті және  заманауй технологияларды жоспарлау;

    - ұлттық экономиканың құрылымын, пропорцияларын және қарқындарын жоспарлау (қоғамның экономикалық потенциалы, экономика дамуының құрылымы мен тенденциялары, экономикалық өсу т.б.).

    Стратегиялар  негізделінген болулары үшін ғылыми негізделу, жүйелі талдау, болжамдау  және оптимизация әдістерін қолдану қажет. Солар қатарында стратегияны ұйымдастыру (көлденең және тік) және проблемалар бойынша үйлестіру қажет.

    Бугінгі күндегі экономика – бүл, басқару  субъектісінің лидерлігін, өндірілген өнім және қызмет бәсекелестігін қамтамасыз ететін, білім, жаңа ақпараттық технологиялар, саналы процесстер экономикасы. Бундай экономикада негізгі басқару объектілері болып жабдықтар немесе өндірілетін өнім емес, жұмыскерлер және процесстер есептелінеді, негізгі предмет болып өнім өндіру әдісі емес, персоналды және процесстерді басқару әдістері есептелінеді. 

    2.Қазақстан 2030 даму стратегиялық бағдарламасы 

    1997 ж. қазаң айында алғаш рет  елдің тарихында ҚР Президенті  Н.Назарбаевтің басшылығында 2030 жылға  дейінгі қоғамның және экономиканың  ұзақ мерзімді даму стратегиясының ғылыми болжамы әзірленіп баспасөзде жарияланды.

    «Қазақстан  – 2030» стратегиясы – гүлденудің, қауіпсіздікті сақтаудың және бүкіл  қазақстандықтардың әл-ауқатың жақсартудың  тура жолы, қоғамның даму идеологиясының негізі.

    Онда  өзіміздің және әлемнің тәжірибесін, ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды, күшті және әлсіз жақтарын объективті талдау, сыртқы мүмкіншілігі мен қауіпқатерлерін терең үйрену негізінде елдің стратегиялық мақсаты айқындалған.

        1997 жылғы қазанда Прзеидент Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан-2030” жолдауы жарияланды. Қаралған мәселелер:  
1. Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.  
2. Реформаларды аяқтау.  
3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.  
4. “Қазақстан барысын” қалыптастыру.

         Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:

  1. Ұлттық қауіпсіздік
  2. Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы
  3. Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу
  4. Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі
  5. Энергетикалық қорлар
  6. Инфрақұрылым
  7. Кәсіпқой мемлекет
 
 
 
 
 
 
 

    3. Қазақстан 2030 жылға дейінгі стратегияның әлеуметтік саладағы маңыздылығы 

           Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату.

  • Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықар. қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.
  • Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этн. топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.
  • Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергет. және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.
  • Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.
  • Энергетикалық қорлартұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықар. технологияларды, ноу-хауды және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықар. мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергет. инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.
  • Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникац. кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.
  • Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемл. қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемл. қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.

     
Әлеуметтік стратегия.

           Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтерудегі стратегия:  
1. Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтына ынталандыру.  
2. Әйел мен бала денсаулығын жақсарту және қорғау.  
3. Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту.

    Көркеюші  және саяси тұрақтанған Қазақстанға  қажет үш белгі – ұлттық бірлік, әлеуметтік шындық, азаматтарының әл-ауқатыының артуы.

    Ұлттық  қауіпсіздіктің бір тірегі – миграциялық  саясат. Ол – халықтың бір елден басқа бір елге қоныс аударуы. 

    Көлік пен байланысты дамыту стратегиясы. 

           Инфрақұрым, көлік пен байланылс  саласындағы Қазақстанның міндеті  – отандық көлік-коммуникация  кешенінің бәсекестік қабілетін  және Қазақстан аумағы арқылы  өтетін сауда легінің ұлғайтылуын қамтамасыз ету.

          Қазақстандағы жүк тасымалының  негізі – темір жол. Осы саланың алдында тұрған стратегиялық міндеттер:  
1. Халықаралық көлік және сауда байланыстарын Трансазия магистралі бойынша транзиттік жүк тасуды қамтамасыз ететін негізгі темір жол бағыттарын жаңарту.  
2. Достық станциясын дамыту, Достық-Ақтоғай учаскесін нығайтуды аяқтау.  
3. Барлық көліктік-коммуникациялық монополияларды қайта құрылымдауды жүзеге асыру.
 

    Қоғамның  даму стратегиясы.

    Қазақстан елінің 8 артықшылығы баса көрсетіледі:  
1) Тәуелсіз, егемен мемлекеттің негізі қаланды.  
2) Ескі саяси және экономикалық жүйеден түбегейлі бөлектенді.  
3) Қоғамдағы өзгерістер ықпалымен адамдар да түгел өзгерді.  
4) Орасан зор байлық – табиғи ресурстар.  
5) Жетекші фактор–адамдардың өзі, олардың ерік-жігері, күш-қуаты, табандылығы, білім-білігі.  
6) Ауылшаруашылық жерлері.  
7) Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігі.  
8) Қазақстандықтардың байсалдылығы мен төзімділігі, кеңпейілділігі мен ақжарқындығы.

    Қазіргі Қазақстанның күшті жағын көрсететін ең басты жетекші фактор – адамдар, олардың ерік-жігері, білім-білігі мен күш-қуаты.

    Қазақстан қоғамы дамуындағы келеңсіз сипаттар:  
1. Коммунистік ұстанымдар рухында тәрбиеленген адамдардың бірнеше ұрпақтары қалыптастырған – діл. Сондықтан бұқаралық сананы төзімділікпен жаңғырту қажет.  
2. Өндіріс көлемдері төмендеуі әсерінен әлеуметтік ахуалдың төмендеуі.  
3. Азаматтардың көпшілігінің табысы мен өмір сүру деңгейінің нашарлауы.  
4. Ұлттық жинақтардың ұлғаюы мен капитал қорларының баялауы.  
5. Кедейлік пен жұмыссыздық проблемалары.  
6. Демографиялық өнімсіздіктің ұлғаюы.  
7. Жете даярланбаған және нашар ұйымдастырылған мемлекеттік басқару.  
8. Заңдардың жартыкештігі және тұрлаусыздығы.

    Қазақстанның  басты мұраты – ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттікке негізделген, әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау.

    Жолдаудағы  өзекті сөздер – халықтың тұрмысын жақсарту, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      33 жыл өткеннен кейінгі қазақстандықтар бейнесі:  
1. Жаупты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты азаматтар;  
2. Бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары;  
3. Жоғары ақы төленетін, оқытып үйретілген, Қазақстан халқының мүдделерін өздерінің жеке мүдделерінен биік ұстайтынына сенімді азаматтар;  
4. Мемлекттің өздерінің құқықтарын қорғайтына және мүдделерін биік ұстайтынына сенімді, салауатты өмір сүретін азаматтар.

    2030 жылы Қазақстан жедел өркендеп  келе жатқан үш аймақтың –Қытайдың, Ресейдің және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын ролін атқаратын болады.

    2030 жылы Қазақстан күрделі жолдан  ойдағыдай өткен және дамудың  келесі кезеңіне нық қадаммен  аяқ басқан ел болады.

    Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратег. ресми құжат болып табылады.

            

    Қорытынды 

    Жалпы қорыта айтқанда   стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату.

    Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай  отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді. Реформалар стратегиясында эконмикалық және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды. 
 

Информация о работе Стратегиялық жоспарлаудың экономикалық мәні және орны