Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2012 в 19:10, курсовая работа
Жалпы қоғамдық өнімді бөлуде бюджет ерекше рөлге ие. Қаржы жүйесіндегі маңызды әрі үлкен көлемді орын алатын жүйе-бюджеттік процес, ол экономикалық түрлі деңгейлер бюджеттерінің сонымен бірге бюджеттік жүйе мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттірінің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады. Ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық құрылымы мен мемлекет ерекшеліктерінің көрінісі.
КІРІСПЕ
3
1 ҚР БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУ
КЕЗЕҢДЕРІ
1.1 ҚР бюджет жүйесінің құрамы мен құрылымы
5
1.2 ҚР бюджеттік жүйесін ұйымдастыру негіздері
8
1.3 Шетелдердің мемлекеттік бюджетінің ұйымдастырылуы
10
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2004-2006 ЖЫЛДАРДАҒЫ
БЮДЖЕТТІК ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ
2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірістерін толтырудағы және шығындарын
қаржыландыру процесі
12
2.2 Қазақстан Республикасының 2009 жылдағы бюджет жүйесін талдау
14
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасында бюджет жүйесінің қалыптасуы және даму мәселелері
18
3.2 Қазіргі кезеңде мемлекет тарапынан бюджет жүйесін жетілдіруге бағытталған шаралар
21
ҚОРЫТЫНДЫ
23
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
25
ҚОСЫМШАЛАР
26
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ |
3 |
1 ҚР БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ |
|
1.1 ҚР бюджет жүйесінің құрамы мен құрылымы |
5 |
1.2 ҚР бюджеттік жүйесін ұйымдастыру негіздері |
8 |
1.3 Шетелдердің мемлекеттік
бюджетінің ұйымдастырылуы |
10 |
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2004-2006 ЖЫЛДАРДАҒЫ БЮДЖЕТТІК ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ |
|
2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірістерін толтырудағы және шығындарын қаржыландыру процесі |
12 |
2.2 Қазақстан Республикасының 2009 жылдағы бюджет жүйесін талдау |
14 |
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ |
|
3.1 Қазақстан Республикасында
бюджет жүйесінің қалыптасуы
және даму мәселелері |
18 |
3.2 Қазіргі кезеңде мемлекет
тарапынан бюджет жүйесін |
21 |
ҚОРЫТЫНДЫ |
23 |
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |
25 |
ҚОСЫМШАЛАР |
26 |
Бюджет - ақшалай қатынастар процесі болып табылады. Мемлекет әлеуметтік- экономикалық үрдістерді реттеуді жүзеге асыра отырып, экономикалық міндеттерге, материалдық мүмкіншілікке, реттіудің жинақталған тәжірибесіне байланысты өзгеріп тұратын әдістер мен құралдар жүйесін пайдаланады.
Нарықтық экономикаға
көшу жағдайында бюджет жүйесіне үлкен
көңіл аударуды қажет етеді. Курстық
жұмысымның мақсаты ҚР бюджеттік
процесті үйымдастыру жүйесінің
даму перспективасы, бюджеттің әлеуметтік-
Курстық жобада бюджеттің мәні, құрылымы мен оның субъектілері арасындағы арақатынас сипатталады. Мұнда бюджетаралық қатынастар және жеке бөлімшелер туралы айтылады..
Бұл жұмыс аса маңызды тәжірибелік мәнге ие.Курстық жұмысты жазу, қорғау және талықлау студенттің мемлекеттік бюджет және бюджеттік процесті үйымдастыру, бюджет принциптері туралы толықтай түсінік алуға мүмкіндік береді. Бұл аз алдына әлемдік экономика маманы дайындауға септігін тигізеді.
Жалпы қоғамдық өнімді бөлуде
бюджет ерекше рөлге ие. Қаржы жүйесіндегі
маңызды әрі үлкен көлемді
орын алатын жүйе-бюджеттік процес,
ол экономикалық түрлі деңгейлер
бюджеттерінің сонымен бірге
бюджеттік жүйе мен қатынастарының
жиынтығын білдіреді. Әр түрлі
елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы,
бюджеттірінің жекелеген
Экономикада бюджеттік процес, мемлекеттік қаржылар үлкен рөлі атқарады. Өйткені барлық экономикалық процестер мемлекеттің қаржылық ресурстары мен заңдылықтарына келіп тіреледі.
Қазақстан Республиксының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтығы, реалистігі, дәйектілігі, жариялылығы және тағы басқа қағидаттарына негізделеді.
Бюджет процесі реттеуші
кіріс көздерін пайдалану, мақсатты
және аймақтық бюджет қорларын құру, оларды
ішінара қайта бөлу арқылы жүзеге
асырылатын барлық деңгейлер бюджеттерінің
өзара іс-қимылдарына
Менің бұл тақырыпты таңдаған себебім, маған орталықтандырылған, бүкіл халық тәуелді жүйенің құрылымын, проблемаларын, даму бағыттарын, шешу жолдарын түпкілікті қарастырып, бұл процесті назарсыз қалдырғым келеді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық
қатынастардың жиынтығы ретінде
объективті сипатта болады. Мемлекет
шарушылықтың басым слаларын қаржыландыруға,
бүкіл қоғам масштабында
Курстық жұмысымды жазу барысында өзіме деген қаржылық институттан, орталықтандырылған қаржы жүйесі және жалпы қоғамдық өнімді бөлуде бюджеттің рөлі туралы көптеген жаңалықтар ашамын деп ойлаймын.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ПРОЦЕСІНІҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
құрылымы
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет процесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесімен қатынастарының жиынтығын білдіреді.
Қазақстан Республикасының бюджет құрылымы келесідей: түсімдер (кірістер, алынған ресми трансфереттер, несиелерді қайтару), шығындар (бюджет классификациясы бойынша).
Бюджетке түсетін түсімдер бюджет кірістерінің ресми трансференттерінің және бюджеттен бұрын берілген несиелердің жиынтығы бюджет кірістері салықтық және салықтық емес түсімдерден және капиталмен жасалатын операциялардан түскен кірістерден тұрады.
Бюджет қүрылысында басты орынды бюджет процесі алады. Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджет құралатын Республикалық және жергілікті бюджеттер жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының Президентінің шешімімен қажет болған жағдайда республиканың барлық қаржы ресурстарын қамтитын төтенше бюджет енгізілуі мүмкін. Бюджеттік құрылым бюджеттік процесті құруының принциптері оның звеноларының байланысын ұйымдастыратын форма болып табылады. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылымы келесідей бөлінеді: Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және ол өзі екіге бөлінеді: республикалық бюджет және жергілікті бюджет.
Жергілікті бюджет келесідей бөлінеді: облыс бюджеті (облыстық бюджет, қалалық бюджет, аудандық бюджет), Астана, Алматы қалаларының бюджеті (облыстық бағыныштағы қалалар бюджеті, аудандық бюджет).(ҚОСЫМША А)
Республикалық бюджет - бұл салықтық жэне басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры. Республикалық бюджет мемлекеттің стратегиялық мәселелерін шешуге арналған бюджет жүйесінің маңызды звеносы болып табылады. Мемлекеттің республикалық бюджет арқылы жалпы республикалық маңызы бар экономикалық, әлеуметтік және мәдени шараларды қаржыландырады.
Республикалық бюджет дегеніміз Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген түсімдер, бюджет тапшылығын қаржыландыру есебінен қалыптасатын және өзіне Қазақстан Республикасының ата заңының заң актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін республика үкіметі белгілейтін республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған ортақтандырылған ақша қоры.
Республикалық бюджеттік бағдарламалар - Қазақстан Республикасының үкіметі әзірлейтін және республикалық бюджеттен қаржыланатын жалпы мемлекеттік маңызы бар бағдарламалар. Республикалық бюджетті құрау және бекіту тәртібі - Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталады. Сәйкес қаржылық жылға арналған республикалық бюджет Қазақстан республикасының парламентімен бекітіледі және бекітілген бюджет күшіне ие болады. Қазақстан республикасының мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған.
Бюджет кодексімен айқындалған
салықтық және де басқа
түсімдер есбінен қалыптастырылатын және
облыстық деңгейдегі
жергілікті мемлекеттік органдардың,
республикалық маңызы бар
қаланың, астананың,
оларға ведомстволық
бағынышы мемлекеттік мекемелердің міндеттері
мен функцияларын қаржымен қамтамасыз
етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық
бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға
арналған орталықтандырылған ақша қоры
облыс бюджеті, республикалық маңызы бар
қала астана бюджеті болып табылады.
Бюджеттік процестің бір белгісі ретінде нақтыланған бюджетті айтуға болады. Нақтыланған бюджет - Қазақстан Республикасының парламенті немесе тиісті жергілікті органдар бекіткен бюджеттің атқарылуы барысында енгізілген өзгерістерді ескере отырып бекіткен ағымдағы қаржы жылына арналған бюджет болып табылады. Бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға және тиісті қүқықтық нормаларға негізделген әртүрлі деңгейдегі бюджеттерді қамтиды. Бюджет жүйесінің қызмет етуі бюджеттің деңгейлерінің әртүрлілігіне байланысты негізделген жэне оларды әзірлеу, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуы түралы есеппен қамтамасыз етіледі. Барлық деңгейдегі бюджеттерді қалыптастыру, бекіту жэне олардың атқарылуын есепке алу ұлттық валютамен жүзеге асырылады және ол нақты анықталған тәртіппен қарастырылады.
Қазақстан Республикасының бюджет процесін құру принциптері келесідей:
1. Бірлік
2.Толықтылық
3.Нақтылық
4.Жариялылық
5.Дербестік
6.Жауапкершілік
Бюджеттің бірлігі - бірыңғай құқықтық негізбен Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі бекіткен бірыңғай бюджеттік пайдаланумен бюджеттің бір деңгейінен басқа деңгейіне беріліп отыратын мемлекеттік қаржы статистикалық формасының бірлігімен және оның рәсімінің принциптерімен және ақша жүйесінің бірлігімен қамтамасыз етіледі.
Бюджеттің толықтылығы Қазақстан Республикасының салалық және бюджет заңдарында белгіленетін барлық түсімдерінің соның ішінде ұлттық компания түсімдерінің және шығындарының бюджетте міндетті және толық көрсетілуімен қамтамасыз етіледі.
Бюджеттің нақтылығы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауына сәйкес оларды республикалық, әлеуметтік- экономикалық дамуының сыныптаманы жоспарының өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі. Бюджеттің жариялылыгы олардың атқарылуы туралы есептердің және бекітілген бюджеттің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі, бюджет жариялылығы бекітілген бюджеттер мен алдағы қаржы жылына арналған бюджет туралы заң мен өткен кезеңдегі олардың атқарылуы туралы есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі. Бюджеттің дербестігі әртүрлі деңгейдегі бюджеттің арасында кірістерді бөлудің тұрақты нормативтерін және бюджет қаражаттарының жұмсалу бағыттарын белгілеу құқығы арқылы қамтамасыз етіледі. Жауапкершілік- бюджеттік процеске қатысушыларды бюджет заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тарту. Бюджет құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында және Бюджет кодексінде, "Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы", "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы" арнайы заңдарда және басқа да заңнамалық актілерде қамтып көрсетілген. Нақтылы жағдайларда бұл қағидаттардан жиі ауытқиды. Мысалы, кейде бюджеттің бірлігі қағидатынан ауытқиды, өйткені көптеген арнаулы және бюджеттен тыс қорлар пайда болады. Нақтылылық қағидаты да өзінің маңызын жоғалтып барады: әр түрлі бюджеттен тыс қорлар жұмыс істенуі мүмкін, олар арқылы мемлекет қаржы қатынастарын саралауға ұмтылады
Мемлекеттік бюджет құрылымы келесідей бөлімдерден тұрады:
1. Түсімдер(кірістер)
- салықтық түсімдер;
- салықтық емес түсімдер;
- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
- ресми трансферттер түсімі;
2. Шығындар
3. Операциалық сальдо
4. Таза бюджеттік кредит беру
- бюджеттік кредиттер;
- бюджеттік кредитттерді өтеу;
5. Бюджет тапшылығы немесе профициті
6. Бюджет тапшылығын
қаржыландыру немесе артықшылығын
пайдалану.
- қарыздар түсімі;
- қарыздарды өтеу;
- бюджет қаражаты қалдықтарыныц қозғалысы.
7. Қаржы активтерімен
жасалынатын операциялар
бойынша
сальдо.
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады.
Бюджеттің кірістері салықтық жэне басқа міндетті төлемдер ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізге берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге тиісті ақшалар болып табылады.