Спенсер Герберт (27.4.1820, Дерби, – 8.12. 1903, Брайтон)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 18:18, реферат

Краткое описание

Спенсер Герберт (27.4.1820, Дерби, – 8.12. 1903, Брайтон) – ағылшын философы және социологы, позитивизмнің негізін салушылардың бірі. Спенсер дің философиялық көзқарасы О.Конттың, Д.Юмның, Дж.Милльдің әсерімен қалыптасты. Спенсер дүниедегі құбылыстарды білгенімізбен олардың мәнін танып, жете алмаймыз деді. Оның дәлелдеуінше кез келген ғылым ұғым қарама-қайшылыққа толы, сондықтан да түсініксіз.

Содержимое работы - 1 файл

Герберт Спенсер.docx

— 82.77 Кб (Скачать файл)

Спенсер Герберт (27.4.1820, Дерби, – 8.12. 1903, Брайтон) – ағылшын философы және социологы, позитивизмнің негізін салушылардың бірі. Спенсер дің философиялық көзқарасы О.Конттың, Д.Юмның, Дж.Милльдің әсерімен қалыптасты. Спенсер дүниедегі құбылыстарды білгенімізбен олардың мәнін танып, жете алмаймыз деді. Оның дәлелдеуінше кез келген ғылым ұғым қарама-қайшылыққа толы, сондықтан да түсініксіз. Ғылым жеке тұлғаның тәжірибесіне немесе жалған негізге сүйенгендіктен құбылыстардың ішкі мәніне бойлай алмайды деп білді. Объективті дүниені танып-білуге болмайды деген ұйғарым діни көзқараспен сабақтасып жатуынан, Спенсер дің ғылым мен дінді ұштастыратыны көрінеді. Спенсер дің ілімінде агностицизм объективті идеализм элементтерімен ұштасып жатады. Спенсер дің эволюц. тұжырымдамасы оның әлеум. көзқарасымен қоғамның органик. теориясы деп аталатын іліміне негіз болды. Спенсер социалдық құрылымға қарсы болып, төңкерісшілдікті қоғамдық организмнің індеті деп білді.

Спенсердің  әлеуметтік  оқулары «органикалық теориялар» отауына ие болды. Ол бойынша  қоғам жанды дамушы ағза ретінде  оның негізгі құрамдас бөліктерінің өзара әрекет дамуы негізінде  қарастырылады. Қоғам функциялары  тірі ағза функцияларымен  ұқсас  келеді. Спенсердің «Әлеуметтану негіздері» басты еңбегінде, қоғамды зерттеуде  эволюциялық-тарихи тәсіл   құрылымдық-функционалдық  және жүйелік ұштас келеді. Әлеуметтік ағза  үш басты «жүйеден» тұрады: «реттеуші», «өмір үшін қажет шарттарын  қалыптастыру» және «үлестіруші».

Спенсер қоғамның екі түрін ажыратты: әскери және өндірістік. Олардың әрқайсысында  өмір сүру күрес құралдары әртүрлі  келеді.  Қоғамның бірінші түрі  әскери қайшылықтарға бағытталса, ал екіншісі өндірістік бәсекеге, яғни жігер, күш, қабілеттер негізінде жеңіске  жетеді. Осындай күрес түрі қоғам  үшін қолайлы, себебі  бұл қоғамның интеллектуальды және моральды деңгейінің өсуіне әкеледі. Конт сияқты, Спенсер  әлеуметтік дамудың  органикалық  үрдісіне күштеп араласу талпыныстарын, мысалы, революцияны жағымсыз бағалады. Социализмнің қарсыласушысы ретінде, Спенсер бұл жүйе бюрократиялық  аппараттың өсуіне әкеледі деп дәйектеді.  Бір уақытта ол теңдік жақтасы  болып, тұлғаның құқық еркіндігі  мен заң алдындағы теңдігімен түсіндірді.  Спенсердің әлеуметтік қағидасы  функционализм және  құрылымдық функционализм сияқты батыс  мектептердің қалыптасуына  елеулі әсерін тигізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Макс Вебер (1864-1920) - неміс әлеуметтанушысы, әлеуметтік философ, тарихшы. 1893-1896 жж. Фрайбург унив., 1896-1898, 1902-1918 жж. Гейдельберг унив., 1919-1920 жж. Мюнхен университеттерінде дәріс берген. Теориялық әлеуметтану, әлеуметтік дін, саяси әлеуметтану, ұйымдастыру әлеуметіне арналған еңбектері бар. Вебер 1864 жылы 21 сәуірде Эрфурт қаласында дүниеге келген. Вебер әлеуметтік теориясында себептілік пен "түсіну" біртұтас болу принципіне үлкен мән берген. Вебер алғаш рет капитализм тек батыста протейантизм және кальвинизмнің тарауымен байланысты пайда болды дейді. Вебер бойынша идеалдық тип өмір шындығын бейнелейді. Бұл жалғыз жарым фактілерді жүзеге алу түсінудің құралы. Мазмұны жағынан Вебер идеялары қоғамдық-экономиқалық формациялар туралы маркстік ілімге қарсы бағытталған. Вебердің"Идеалдық тип" теориясы, тарихи факторлардың "көптігі" концепциясы және "рационалдық" идеясы мемлекеттік институттар қызметінің негізі ретінде қазіргі әлеуметтануға, саясаттануға зор ықпал етті. "Протестанттық этика және капитализмнің рухы" (1904-1905) еңбегінде В. өркендеп келе жатқан капитализм мен XVII ғасырдың протестанттық құндылықтары арасындағы байланысты көрсетеді. Негізгі еңбектері: "Түсіністікті әлеуметтанудың кейбір белгілері жөнінде" (1913), "Әлемдік діндердің шаруашылық этикасы"  (1915),  "Шаруашылық және қоғам" (1921-1922) және т.б.  Вебер социологиясының негізі болып идеалді түрлер жөнінде ілім болды. Идеалді түр – бұл объективті эмпирикалық ақиқатты емес, ойлаудың нәтижесін, ғалымның іс-әрекетін бейнелейтін теориялық конструкциясын айқындады.  Идеалды түр – бұл зерттеуші-социологтың нақты материал танып, білудегі жүйелеу әдісі. Идеальды түрлер 2 түрге бөлінеді: тарихи (тарихты бейнелейді), социологиялық (ғалыммен жасалады).

Оның  идеалды түрлер жөніндегі ілімі  «түсінетін» социологияның негізі болып табылады. Әлеуметтанудың пәні болып адамның және әлеуметтік топтардың  әрекетін зерттеу саналады. Әлеуметтанушы  адамның әрекетін қызықтыратын сол, адамдар өздерінің іс-қимылдарына  белгілі бір мән береді. Мұндай мәндік әрекеттерді зерттеу «түсінетін»  социологияның пәні болып табылады.

Вебердің  маңызды идеясы бұл елеулі экономикалық тиімділікті алуға бағытталған  рационалдықтың, рационалды әрекет идеясы. Бұл тенденция қоғамдық өмірдің  барлық саласын қамтиды. Ал бұл рационалдықтың капиталистік қоғамда ең шығанағы –  бюрократия, қоғамды бюрократияландыруға  бағытталған  тенденция саналады.

Батыс социологиясының дамуында сонымен  қатар, веберлік дін әлеуметтенуы  үлкен рөл ойнады. Оның пәні болып  батыс еуропалық капитализмнің  құрылуында протестанттық шаруашылық этиканы зерттеу болады.

Карл Маркс Генрих


Батыс философиясы 
19-шы ғасыр философиясы

Карл Маркс

Аты:

Карл Һайнрих Маркс

Тууы:

1818 жылғы мамырдың 5-і 
Трир, Пруссия

Ағымы/салты:

Марксизм

Басты мүдделері:

саясат, экономика, тап күресі

Елеулі идеялары:

марксизмнің негізін қалаған (Енгелспен бірге), жұмысшының жат болуы және қаналуы, Коммунистік партияның манифесі, Капитал,тарихтың материалистік түсіндірмесі

Ықпалы:

Кант, Гегель, Фойербах,Штирнер, Смит, Рикардо,Руссо, Гөте, Фурье, Комт

Ықпалданғандар:

Лүксемборг, Ленин, Сталин,Троцкий, Мау Зыдоң, Фидель Кастро, Че Гевара, Георг Лукач, Антонио Грамши,Сартр, Дебор, Франкфурт мектебі, Негри, Ноам Чомски,Михаел Тауссиг М. Н. Ройкөптеген тағы басқа адамдар...


Маркс Карл Генрих (1818, Германия, Трир қаласы — 1883 Англия, Лондон) —19-шы ғасыр немістің экономист ғалымы, саяси экономисі,революционері, философ, саясаттанушы, әлеуметтанушы, тарихшы, ғылыми коммунизм теориясының іргетасын қалаушы.

Ф. Энгельспен бірге бірқатар еңбектер, алғашқы коммунистік ұйымдардың бағдарламалық құжаттарын жасаған. Маркс пен Энгельс тәрбиемен білімді фундаментальді қоғамдық саяси проблема ретінде қараған. Халықаралық жұмысшылар ұйымдарының басты саяси талаптары катарында Маркс балалардың барлығының қоғамдық және тегін білім алуын қойды, балалар мен жасөепірімдердің еңбегіне, егер ол біліммен байланысты болмаса, заңды түрде тыйым салыну талабын құрастырды. [1]

Маркс дүниетанымының қалыптасуына француз және неміс ағартушыларының, сондай-ақ 18 ғ-дың аяғы мен 19 ғ-дың басындағы қиялшыл социалистердің идеялары ықпал етті. 1835 — 1841 ж. Бонн, кейіннен Берлин университетінің заң ф-тінде білім алды. 1842 ж. “Рейн газетінде”редактор болды. 1843 Парижге кетіп, соц. қозғалыс өкілдерімен танысты. 1844 ж. Ф.Энгельспен кездесті, ол Маркстың ең жақын серігіне айналды. 1845 ж. Брюссельге көшіп келіп, 1848 — 1849 ж. Еуропада өткен төңкерісшіл қозғалысқа белсене араласты.

“Коммунистер одағы” халықар. ұйымына мүше болып, 1848 Энгельс екеуі осы ұйымның “Коммунистік партияның манифесі” атты бағдарламасын жазып шықты. 1848 ж. маусым — 1849 ж. мамыр айларында Кельн қ-нда (Германия) Энгельс екеуі “Жаңа Рейн газетін” шығарды (М. бас редактор болды). Еуропадағы төңкерісшілдер талқандалған соң, 1849 ж. Парижге, кейіннен Лондонға көшіп барып, өмірінің соңына дейін сонда тұрды.

Маркс 1864 — 76 ж. 1-Интернационал халықар. ұйымының негізін қалап, жетекшілік етті. Лондонда тұрған жылдарында ол ғыл.-қоғамдық жұмыстарының барлығын дерлік Энгельстің материалдық көмегі арқасында жасады. 1867 ж. Маркстің ең басты еңбегі “Капиталдың” 1-томы жарыққа шықты. Бірақ ол бұл еңбегін аяқтай алмады. 2, 3-томдары Энгельстің, ал 4-томы К.Каутскийдің редакциялауымен жарияланды.

Өмірінің соңғы жылдарында жұмысшы партияларын қалыптастыру бағытында еңбек етті. 40-жылдардың орта тұсынан бастап Маркскапиталистік қоғамды зерттей келе жаңа идеяның негізін қалады (қ. Марксизм). Ол тарихты материалистік тұрғыдан түсіндірді (тарихиматериализм), қосымша құн теориясын жасады, пролетариат төңкерістері нәтижесінде капитализмнің сөзсіз құлайтындығы туралы түсінікті қалыптастырды. М-тың идеялары 19 — 20 ғ-ларда қоғамдағы әлеум. өзгерістерге айтарлықтай әсерін тигізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Эмиль Дюркгейм

 
Эмиль Дюркгейм

Дүниеге келгені:

1858 ж. сәуірдің 15 (153 жас) 
Эпиналь, Франция

Қайтыс болғаны:

1917 ж. қарашаның 15(59 жаста) 
Париж Франция

Ұлты:

француздық

Мансабы:

француз әлеуметтанушысы, саясаттанушысы


 

Эмиль Дюркгейм (1858-1917) - француз әлеуметтанушысы, саясаттанушысы. Дюркгейм негізінен ұжымдық сана рөлі, оның әртүрліформаларын зерттеген. Ол өз тұжырымында әлеуметтік шындықтың ерекше және тәуелсіз принципіне сүйенді. Осы қағидатқа сүйене отырып, ол қоғамды индивидтерден моральдық және күштік (физический) тұрғыдан жоғары қойды. Келесі ынтымақтастық - ең жоғаргы моральдық принцип ретінде қарастырылды. Қоғамдағы екі механикалық және органикалық ынтымақтастықты тұтас даму бөліктері деп көрсетті. Механикалық ынтымақтастық архаикалық қоғамға, индивидтердің, олардың қоғамдық функцияларының бір-біріне ұқсастығына және жете дамымағанына негізделді. Органикалық ынтымақтастық Дюркгейм бойынша қазіргі кезеңдегі қоғамдарға тән, ол еңбекті белуге негізделеді.

1896 жылдан Бордо, 1902 жылдан  Сорбонна университеттерінің әлеуметтану  және педагогика профессоры, "Annес Sociologigue" журналының негізін салушы. Р.Декарт, К.А. де Р.Сен-Симон дәстүрін  жалғастырып, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо  И.Кант, Т.Спенсер, О.Конт, т.б. шығармаларын  зерделеген. Ол негізінен, үжымдық  сананың, оның әр алуан пішімдерінің (діннің, ахлақтың, құқықтың) рөлін зерттеді. Әлеуметтануды адам туралы ғылымдардың  арасында жоғары бағалап, әлеуметтік  болмыстың онтология проблемаларын  түсіндіруге аркау етті. Әлеуметтанудағы  биологиялық және психологиялық  бағыттың редукциялык әдістеріне (барлық пәндер үшін ортақ тұжырым  тую аркылы ғылыми білім бірлігі  мәселесін шешуге арналған тәсілдер) қарсы шықты. Дюркгеймнің пікірінше,  адам дегеніміз - жекеше және  әлеуметтік қасиеттерді бойына  жинақтаған екіүдай шындық (homo duplex), әсіресе, соңғысы адам болмысында  басымдық иеленеді. Міне, сондықтан  қоғам индивидтердің алуан түрлі  өзара байланыстарының нәтижесінде  пайда бола отырып, даралықган  тыс және даралықган үстем  болмысты құрайды. Дюркгейм "Әлеуметтанулық  әдістің қағидасы" (1895) атты кітабында  өзінің методологиясындағы басты  қағиданы "әлеуметтік фактілерді  заттар ретінде қарастыру керек"  деп түйіңдеді. Жалпы, Дюркгеймнің  философияға көзқарасы екіүдай  әрі қарама-қарсылықта болды.  Бір жағынан, ол өзінің әлеуметтанулық  тәсілдерінің әлдеқандай философиялық  тұжырымдарға тәуелсіздігін ерекше  қасиет тұтты, сол арқылы әлеуметтік  философияның толып жатқан бостекгі  ділмарлығын жек көретіндігін  аңғартты. Екіншіден, Дюркгейм философиялық  мәселелердің барлығын әлеуметтану  ілімі тұрғысынан шешуге талпыңды.


Информация о работе Спенсер Герберт (27.4.1820, Дерби, – 8.12. 1903, Брайтон)