Популяция динамикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 07:22, реферат

Краткое описание

Популяция динамикасы - популяциядағы особьтардың сандық мөлшерін және оларды реттеудің механизмдерін зерттейтін популяциялық экологияның бөлімі.

Содержимое работы - 1 файл

gaba.docx

— 13.49 Кб (Скачать файл)

Популяция динамикасы

 

Популяция динамикасы - популяциядағы  особьтардың сандық мөлшерін және оларды реттеудің механизмдерін зерттейтін популяциялық экологияның бөлімі.

 

Популяция динамикасының  негізгі белгілеріне жататындар:

популяцияның сандық мөлшері - белгілі бір аумақтағы

 

немесе көлемдегі особьтардың  жалпы саны;

популяция тығыздығы - белгілі  бір жер аумагындағы

 

немесе көлемдегі особьтардың  орташа саны;

популяциядағы туылу саны - белгілі бір уақыт ішінде көбею

 

нәтижесінде популяцияда  пайда болган жаңа особьтар саны;

популяциядағы өлу саны - белгілі бір кезеңдегі

 

популяциядағы өлген особьтар саны;

популяция өсімі - популяциядагы  особьтардың туылуы мен

 

өлуі арасындағы сандық айырмашылық;

өсу қарқьшы - белгілі бір  уақыт ішіндегі популяциядағы

 

орташа өсім.

 

Мұндай демографиялық  белгілерді зерттеу популяция тіршілігінің заңдылықтарын, сәйкесінше жалпы экожүйедегі  тұрақтылық негіздерін анықтауға мүмкіндік  береді.

 

Популяцияның сандық мөлшері  мен тығыздығы - популяцияның сандық сипаттамасын көрсететін негізгі көрсеткіштер.

 

Әрбір популяцияға биотикалық потенциал тән, яғни, белгілі бір  уақыт аралығылда популяциядағы  особьтардьщ сандық мөлшерінің көбеюіне қабілеттілігі. Әртүрлі организмдерде  биотикалық потенциал әрқалай. Көбеюдің жоғары потенциалы бар организм- дерге, мысалы, кейбір бактерияларды жатқызуға  болады. Әрбір 20 минут сайын жай  бөліну арқылы көбейетін Баціллұс цолі бактериялары қолайлы жағдайларда  бүкіл жер шарын 36 сағатта игеретін еді. Ал 7,5 млрд-қа дейін спора түзетін  жауын саңырауқұлағы екінші ұрпағында  бүкіл Жер бетін басып қалатьш  еді.

 

Биотикалық потенциалдың мөлшері әр түрлі түрлерде әрқалай. Мысалы, еліктің аналығы бүкіл  өмірінде 10-15 лақты дүниеге алып келеді, нематод трихина (Тріцһінелла  спіраліс) - 1.8 мың жұмыртқа салса, бал  арасыньщ аналығы - 50 мың жұмыртқа, ал ай-балық (Мола мола) 3 млрд. уылдырық шашады. Бұл түрлердің биоткалық потенциалы мұнан да жоғары, өйткені дамып  келе жатқан жұмыртқалар мен ұрықтардың көпшілігі туылмай жатып өліп кетеді.

 

График бойынша популяцияның осылай өсуін көрсететін қисық сызықты  экспоненциалды деп атайды. Сонымен, қолайлы жағдайларда әрбір түрдің сандық мөлшері экспоненциалды (логарифмдік) қисық бойынша өсуге қабілетті. Сандық мөлшердің геометриялық өсу  қарқынын экспоненциалды өсу деп  атайды.

[өңдеу]

Популяция гомеостазы

 

Популяция гомеостазы Популяциялардын  ішкі тұрақтылығын өз механизмдері арқылы реттеуін гомеостаз, ал популяцияның сандьш, мөлшерінің орташа шамадан ауытқуын олардьщ динамикалық тепе-теңдігі  ген, яғни, белгілі бір жагдайдағы популяцияльщ өз саньш бір қальтты  ұстап тұруьш атайды. Әрбір жүйенің  тіршілік етуі - оның құрамы мен құрылымы, ішкі байланыстары және уақыт пен  кеңістіктегі өзгерісі өзін-өзі реттеу арқылы жүзеге асып отырады. Өзін-өзі  реттеу - организмдердің үнемі өзгеріп  отыратын орта жағдайларында тіршіліктерін  сақтап қалу үшін бейімделуі, ыңғайлануы. Популяцияның өзін-өзі реттеуі табигатта  тең екі күш арқылы жүзеге асып отырады. Бір жагынан, бұл популяция  санының өсуіне алып келетін барлық факторлардың жиынтыгын құрайтын биотикалық потенциал (туылу, жаңа жерлерге қоныстану, қорганыс механизмдері, т.б.), ал екінші жағынан - популяция санын азайтатын  факторлар жиынтығы (судың, қоректің тапшылығы, ауа-райының қолайсыз жағдайлары, жыртқыштар, паразиттер, бәсекелестер, аурулар).

 

Сонымен популяция санының  өсуі, азаюы немесе бір қалыпты  болуы биотикалық потенциал мен  орта салмағының ара салмағына байланысты. Түр популяциясы санының өзгеруі  — оның биотикалық потенциалы мен  қоршаған орта жағдайлары арасындағы тепе-теңдіктің бғзылуының нәтижесі.

 

Реттеуші факторлар әсерін организмдердің түраралық және түріші қарым-қатынастары деңгейінде қарастыруға  болады. Гомеостаздың тұраралық механизміне  жыртқыш-жемтік, иесі- паразит, бәсекелестік қарым-қатынастары жатады. Бәсекелестік популяция іші гомеостазының  негізінде жатыр. Ол қатты және Щмсақ  формада болуы мүмкін. Қатты формасы  особьтардың өліміне алып келеді. Мысалы, орман қауымдастықтарында өскін кезінде 1 га жерде ағашты өсімдіктердің бірнеше жүз мың особы кездеседі. Қылқан жапырақты ағапггардың саны 100-120 жылдан кеиің, жапырақты ағаштар саны 50-70 жылдан соң 1 га жерде әдетте 1000 особьтан, көбіне бірнеше жүзден аспайды. Көпшілігі бәсекелестік әсерінен өледі.

 

Жануарлар әлемінде түріші күресі каннибализм (өзі сияқтыларды жеу) арқылы көрініс береді. Мысалы, каннибализм  құбылысы кейбір кемірушілерге, жәндіктер  личинкаларына, алабұға, шортан балықтарына  тән.

 

Тығыз популяцияларда сандық мөлшердің реттелуінің басты  механизмі стресс-реакция болып  табылады. Егер популяция ға күшті  тітіргендіргіш әсер етсе, популяция  оған стресс-реакциямен жауап береді. Табиғатта стресстіц көптеген түрлері  бар:антропикалық, жүйкелік-психологиялық, шуыл әсері және т.б.[1]


Информация о работе Популяция динамикасы