Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 19:18, реферат
Қосжарнақтылар класына жататын ерінгүлділердің жер жүзінде 3500-ге жуық түрі өседі.Қазақстан аумағында олардың 234 түрі бар. Еріндігүлділерді кейде тауқалақайгүлділер деп те атайды. Тауқалақайдың гүл құрылысына зер сала қарайтын болсақ, гүлдердің әрқайсысы аузын аңқайта ашқандағы көрінісі жоғары және төменгі ерінді еске түсіреді. Гүлдің 5 күлтесі жіңішкерт бітіседі де түтікше құрайды. Біріккен 2 жоғары күлте - жоғары ерін тәрізді, ал біріккен 3 күлте төменгі ерін тәрізді болып көрінеді. Тауқалақайгүлділерсондықтан ерінгүлділер деп аталады. Гүлдің мұндай құбылысы - осы тұқымдастағы өсімдіктердің барлығына тән ерекшелік.