Дөңмаңдай

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 15:34, реферат

Краткое описание

Елбасы Н.А.Назарбаев әр уақытта халқымыздың әл-ауқатының күшейуіне, тұрмыс жағдайының жақсаруына, ел экономикасының қарқынды дамуына баса назар аударып келеді. Осы тұрғыдан алғанда, балық шаруашылығының ел экономикасының дамуына, халықты жоғары сапалы, құнды әрі сіңімді балық өнімдерімен қамтамасыз етуге қосатын үлесі жоғары.

Содержимое работы - 1 файл

Дөңмаңдай.doc

— 32.50 Кб (Скачать файл)


Елбасы Н.А.Назарбаев әр уақытта халқымыздың әл-ауқатының күшейуіне, тұрмыс жағдайының жақсаруына, ел экономикасының қарқынды дамуына баса назар аударып келеді. Осы тұрғыдан алғанда, балық шаруашылығының ел экономикасының дамуына, халықты жоғары сапалы, құнды әрі сіңімді балық өнімдерімен қамтамасыз етуге қосатын үлесі жоғары.

Еліміздегі өзендер мен көлдердің суын ауыл шаруашылығында пайдалану балықтардың өсуіне кері әсер етіп, жас балық етіне сұранысты қанағаттандыра алмауы тоған балық шаруашылығын дамытудың маңыздылығын арттыра түсті. Бұл шаруашылықтың артықшылығы олар елді-мекендерге, әсіресе үлкен қалаларға жақын орналасқандықтан  тұрғындарды жаңа ауланған балық етімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және оларды елді-мекендерге жеткізу теңіздер мен өзен-көл, мұхиттардан ауланған балықтарды тасымалдауға қарағанда бірнеше есе арзанға түседі. Сонымен қатар тоғандардан ауланған балықтардың сапасы жоғары келеді.

Тоған балық шаруашылығына өнімдерін арттыруда оларға жұмсалатын шығындарды төмендету арқылы бұл шаруашылықтың өнімінің құнын арзандатуда, оның сапасын жақсартуда бухгалтерлік есеп пен аудит әдістемесін жетілдіру, бақылау механизмдерін тиімді ұйымдастыру өзекті мәселе.

Қазіргі кезде тоған балық шаруашылығында қолданылып жүрген өндірістік шығындар есебі мен оларды ішкі бақылау жүйесі осындай ұйымдарды басқарудың қазіргі талаптарына сай келмейді. Өндірістік шығындардың аналитикалық есебі, артық шығындардың пайда болу көздерін уақытылы анықтау мен оларды төмендету жолдары өз дәрежесінде қарастырылмаған. Тоған балық шаруашылығында үстеме шығындары есебі де жұмыс түрлері бойынша емес, бүкіл шаруашылық бойынша жүргізіледі. Бұл жеке тоғандар жұмысының нәтижесін дәл анықтауға мүмкіндік бермей, жекелеген жұмыс түрлерінің өзіндік құнын шынайы есептеуді қиындатады. Сондай - ақ, балық питомниктеріндегі шабақ өсіру шығындарының есебі бұрын соңды қаралмаған.

Соңғы уақытта республикада теңіз бен өзен-көлдердегі балықтардың азаюы себепті тоған балық шаруашылығын дамытудың маңызының артуына байланысты осы шаруашылықтардың бүкіл өндірістік ресурстарын тиімді басқару үшін ішкі бақылау жүйесін тиісті дәрежеде ұйымдастырудың маңызы зор. Осыған қарамастан, ішкі бақылау жүйесіне қазіргі уақытта шаруашылық әкімшілігі мен қызметкерлері тарапынан тиісті көңіл бөлінбей отыр, ал ішкі аудит әдістемесі жоқтың қасы.

Тоғандағы балықты өсіруге кететін шығындарды үнемдеудің бір жолы - өндірістік шығын есебі мен оны бақылауды оңтайлы ұйымдастыру болып табылады. Сондықтан да тоған балық шаруашылығында өндірістік шығындар есебін ұйымдастырудың теориялық және тәжірибелік негіздерін тоған өнімінің өзіндік құнының қалыптасуы және есептеу тәртібін зерттеу, ішкі бақылау қызметін ұйымдастыру, өнім өндірісіне жұмсалған шығындардың есебі мен ішкі аудитін одан әрі жетілдіру, жеке балық питомниктеріндегі шабақ өсіруге байланысты шығындар есебін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар жасаудың қажеттілігі мен маңыздылығы диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға, оның мақсатын, міндеттерін және ғылыми зерттеудің өзектілігін алдын-ала анықтауға мүмкіндік берді.

 

 



Информация о работе Дөңмаңдай