Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 20:13, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында дипломатиялық байланыс 1992 жылы 1 қыркүйекте орнатылды.
ҚР-ның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі А.Мусинов (2006 жыл, маусым).
БАӘ-нің Елшілігі 2005 жылғы қазаннан Астанада жұмыс істей бастады. БАӘ-нің ҚР-дағы Елшісі Ибрахи Хасан Сейф бен Рабех.

Содержимое работы - 1 файл

New Microsoft Word Document.docx

— 20.82 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қатынастар 

Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері  арасында дипломатиялық байланыс 1992 жылы 1 қыркүйекте орнатылды.

ҚР-ның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі А.Мусинов (2006 жыл, маусым).

         БАӘ-нің Елшілігі 2005 жылғы қазаннан Астанада жұмыс істей бастады. БАӘ-нің ҚР-дағы Елшісі Ибрахи Хасан Сейф бен Рабех.

         Екі жақты қарым-қатынастардың негізі ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне 1998, 2000, 2004, 2005, 2006, 2008, 2009 және 2010 жылдардағы ресми және жұмыс сапарлары, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның 2004, 2006, 2007, 2009 және 2010 жылдардағы Қазақстанға жасаған жеке сапаралары кезінде қаланды.

         14-16 маусым 2008 ж. БАӘ Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаян ресми сапармен Астанада болып, оның барысында тараптар ынтымақтастықтың көкйкесті мәселелері болып табылатын саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды талқылады.

          16-17 наурыз 2009 ж. ҚР Президентінің Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған ресми сапары болды және ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен Абу Дабиде ҚР және БАӘ Іскер кеңесінің кеңейтілген бірінші мәжілісі болып өтті.

          Әмірліктер Қазақстанның негізгі сыртқы саясатындағы бастамаларын белсенді түрде қолдап келеді.

            2008 ж. тамызда Әмірліктер АӨСШК-е толыққанды мүше болды. БАӘ Сыртқы істер министрі шейх Абдалла бен Заид Аль Нахаян АӨСШК үшінші Саммитіне қатысты (8 маусым 2010 ж. Стамбул қ.).

            БАӘ делегациясы Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының екінші (12-13 қыркүйек 2006 ж.) және үшінші (1-2 маусым 2009 ж.) Съездіне қатысты.

            БАӘ Мәдениет, жастар және қоғамдық даму министрі Абдурахман бен Мұхаммед аль-Уейс 16-17 қазан 2008 ж. Астанада өткен Азия ынтымақтастық дималогы 7-ші СІМК-тің жұмысына және «Жалпы әлем: әралуандық арқылы ілгерлеушілік» конферециясына қатысты.

            2010 ж. 12 мамырда Астанада ҚР мен БАӘ Сыртқы істер министрліктері саяси консультацияларының екінші рауынды болып өтті. Онда қазақстан тарапын Министрдің орынбасары Н.Ермекбаев, ал әмірліктер тарапын Сыртқы істер жөніндегі Мемлекеттік министр Н.Гаргаш басқарды.

            Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы қазақстан-әмірліктер Үкіметаралық комиссиясның төрт отырысы болып өтті: біріншісі (2004 ж.) мен үшішісі (2008 ж.) –Абу Дабиде, ал екіншісі (2007 ж.) мен төртіншісі (мамыр 2010 ж.) Астанада өтті. Үкіметаралық комиссиясның қазақстан тарапынан Тең төрағасы болып Туриз және спорт министрі Т.Досмухамбетов, әмірліктер тарапынан Сыртқы істер жөніндегі Мемлекеттік министр Н.Гаргаш болып табылады.

            Әмірліктердің «әл-Хиләл» исламдық банкінің Астана мен Алматы қалаларында (наурыз 2010 ж.) филиалдары ашылып, жұмыс істеуде. Астанада «Абу Даби Плаза», Ақтаудың каспий жағалауында «Ақтау сити» жобалары жүзеге асырылуда және каспий теңізінде «Н» мұнай кең орнын игеру, сондай-ақ тікелей инвестициялық «Фалах» бірлескен қоры жұмыс істеуде.

            2009 ж. наурызда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған ресми сапары барысында ҚР мәдени күндері Әмірліктерде өтті.

            2010 ж. мамырда Астанада БАӘ мәдени күндері болып өтті.

            ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметі бойынша, екі жақты тауар айналым 2010 жылы 124,4 млн. АҚШ. долл. Болды (экспорт – 13,8 млн., импорт – 110,6 млн.).

Астанада  Қазақстан мен  БАӘ «Абу-Даби Плаза» кешен құрылысын  салу туралы келісімшартқа  қол қойды

Астанада  Қазақстан мен БАӘ «Абу-Даби Плаза» кешен құрылысын салу туралы келісімшартқа  қол қойды, деп ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпарат бөлімінен хабарлады. 

«Қазақстан  Республикасының индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде үш тарап – ҚР үкіметі өкілдендірген  ҚР индустрия және жаңа технологиялар  министрлігінің бірінші вице-министрі А. Рау, Астана қаласы  әкімінің бірінші  орынбасары С. Хорошун және Біріккен Араб Әмірлігі өкілдендірген «Алдар Евроазия» ЖШС директоры Роджер Гаундри Астанада «Абу-Даби Плаза» кешен құрылысын салу туралы келісімшартқақол қойды», – делінген сейсенбі күні ИЖТМ таратқан хабарда. 

Еске  сала кетсек, Астанада «Абу Даби Плаза» жобасын іске асрыру туралы инвестициялық  жобаны талқылауды қазақ-әмірлік жұмыс  тобы 2010-шы жылы наурызда аяқтаған болатын. Оның қорытындысы бойынша тараптар аталған нысан құрылысын салу туралы момрандумға қол қойған. 

Жоба  бойынша, көпфункционалды кешеннің жалпы ауданы 510 мың шаршы метр, жобаны аяқтау 2014-ші жылға қарай  деп жоспарлануда. 88 қабатты ғимарат  Орталық Азиядағы ең биік ғимарат  болмақшы. Жобада төрт жұлдызды қонақ  үйі, кеңселік және сауда алаңдарын  салу, 4100 көлік тұрағы, сондай-ақ тұрғын үй пәтерлері мен «люкс» класындағы қызмет апартементтері болмақшы. 

Жобаның бағасы $ 1 млрд-тан асады. 

Информация о работе Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қатынастар