Қытай Аты Тан Династиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2012 в 12:23, реферат

Краткое описание

Орта ғасырлардағы Қытай мәдениетінің орны өте ерекше. Олардың өнері өзіне ғана тән қайталанбайтын қасиеттерімен дараланды. Үнді өнерімен салыстырғанда, ортағасырлық Қытай өнерінде анағұрлым қатаң әрі ұстамды стиль де және поэтикалық толғаныс та басымырақ.

Содержимое работы - 1 файл

Орта ғасырлардағы Қытай мәдениетінің орны өте ерекше.docx

— 169.10 Кб (Скачать файл)

Орта ғасырлардағы Қытай мәдениетінің орны өте ерекше. Олардың өнері өзіне ғана тән қайталанбайтын қасиеттерімен дараланды. Үнді өнерімен салыстырғанда, ортағасырлық Қытай өнерінде анағұрлым қатаң әрі ұстамды стиль де және поэтикалық толғаныс та басымырақ.

Қытай Аты Тан Династиясы

Китай каллиграфиясы, Ми Фу поэтімен жасалған Сұң Династиясы

Чан Чунь храмы

Қытайдың ағаштан жасалған сәулеттік өнері өзінің пропорцияларының жеңілдігімен, айқындылығымен, өрнекті оюларының әсемдігімен және иілген қанаттарының ырғақтылығымен қызықтырады. Қытай кескіндемесіндегі анық байқалатын құбылыс — лиризм, аса қатты көзге түспейтін тұнық бояу түстеріндегі үйлесімділік. Ал Будда мүсіндері күшейтілген динамикаға мүлдем жуықтамайтын сызықтардың жұмсақтығымен, дене қимылдары мен бет пішінінің құндылығымен, дене құрылысының калыпты салмақтылығымен ерекшеленеді.

Елдегі феодалдық құрылым өте ертеде, II жән IV ғасырлар ширегінде қалыптасты. Шығыс елдерінің бірқатары ортағасырлық өркениетке енді ғана ене бастаған кездің өзінде, ондағы көркем өнер гүлденудің биік шыңына қол жеткізіп үлгерді. Орта ғасырлар Қытай тарихындағы барынша ұзақ мерзім ғана емес, бұл елдің рухани деңгейінің мүмкіндігінше көтерілген тұсы. Аса үлкен калалар мен зәулім сарайлардың, бақтар мен храмдар, яғни көптеген құрылыстардың гүлденген кезеңі болды.

Бұл уақытта новелла, роман секілді әдеби шығармалардың жаңа түрі пайда болды. Поэзия мен проза, театр мен музыка, мүсін мен сәулетшілік, кескіндеме мен көптеген қолөнер түрлері дамудың биік сатысына жетті. Шығыс елдеріне қытай философтары мен ақындарын, өнер теоретиктерін кеңінен таныстыруға мүмкіндік берген кітап басу өнері қалыптасты. Сонау алыс дәуірлердегі білім мен ілімді таратушылар, басқа елдердің өмірін зерттеп, сол елдерге өз білімін жеткізу үшін ұлан-ғайыр жерлерді аралап, түрлі қиыншылықтарды бастан өткізген саяхатшы ғалымдар және дәруіш монахтар еді. Солардың бірі Үндістандағы Ганга өзенінің жағасына дейін саяхат жасаған, сол саяхаттан алған бақылауларын "Батыс елдері туралы жазбаларда" керсеткен, VII ғасырдың тамаша философы Сюань Цзань еді. Сол кезеңдегі Жапония астанасы Нарадағы ең керемет храмдардың бірі саналатын Тоседайдзидің негізін қалаушы, будда уағызшысы Кан Син де тарихи ірі тұлғалардың бірі болып саналады.

Орта ғасырлар — Шығыс  елдерінің өзара үздіксіз тәжірибе алмасу кезеңі болып табылады. Орта ғасырдың басында-ақ дамыған көркемдік дәстүрлерге қол жеткізген Қытай өнері, жазу үлгілерін таныту жағынан көршілес Жапония, Корея, Вьетнам елдеріне негіз болды. Өз кезегінде Қытай елі де Үндістан, Иран, Ауғанстан секілді көне мемлекеттерден үйреніп отырды. Орта ғасырлар ширегінде қытайлықтар Үндістаннан буддизм ілімін алып кірген буддалық пластикалардың бейнесін қабылдады. Ал Ираннан ою-өрнектің алуан түрі келді. Оларды Таң дәуірі кезеңіндегі мата өрнектері мен керамика формаларынан оңай байқауға болады. Қытайдағы феодализм дәуірінің ауқымдылығын, сан алуандығын көптеген ірі оқиғалар мен құбылыстар арқылы түсіндіруге болады. Елдің феодалдық мәдениетінің дамуында өнердің қалыптасуының бірнеше маңызды кезеңдері бар. Бұлар — алғашқы кезеңі (IV—VI ғғ.), гүлдену кезеңі (VII—XIII ғғ.) және орт ағасырлық кезең, яғни Қытайдың ұзақ тарихын тамамдайтын соңғы кезең (XIV—XIX ғғ.).

Инь-ян

Басқа феодалдық мемлекеттер секілді Қытай өнері де ондағы өpic алған діни ұғымдармен тығыз байланысты болды. Негізгі ілім ретінде өте ертеде негізі қаланған конфуцизм мен даосизм, сондай-ақ оларды б.з. алғашқы ғасырында толықтырған буддизм діні өмір сүрді. Алайда Қытайдағы орта ғасырлық идеология Еуропа елдерімен салыстырғанда мешіт догмаларына анағұрлым тәуелсіз болды. Қытайдағы орта ғасырлық халықтық наным-сенімдерден тұратын, өте ертеден келе жатқан көптеген секталар мен діни мектептер арқылы айқындалды.

Қытай суретшілері мен сәулетшілері өздерінің дүниетаным заңдылықтары туралы түсініктері мен көзқарастарын кеңейту мақсатымен, бірде Мүсін өнері рельефке бет бұрса, бірде каллиграфия мен кескіндемеге жүгінді. Мәселен, орта ғасырлардың алғашқы кезеңдерінде дүниенің құрылымы туралы түсінік, көбінесе буддалық пластикамен және аспан әлемінің тұрғындары деп саналатын музыканттармен, бишілермен, енқыршылармен байланыстырылды. Буддизм табиғаттағы көне мәдениет дәрежесіне еніп, өзінің жетекші рөлін жоғалта бастаған кезеңнен бастап, Будда образы дүниетаным мен санадан ығысып шықты. Ал қытай өнеріндегі жаратылыстың сұлулығы мен заңдылықтарын поэтикалық жағынан барынша көрнекті формада жеткізуге мүмкіндік берген кескіндеме атқарушы рөлге ие болды. Ортағасырлық қытай өнерінің нағыз пісіп-жетілген шағы да осы кескіндемемен тығыз байланысты болды.

 
Қытай кескіндемешілері VIII гасырдың өзінде мөлдір әрі дымқыл минералды бояулармен қатар әр түрлі реңкке бай қара тушьты да пайдалана бастады. Жазудың түрлі әдістері де осы кезеңде өріс алды:

  1. Көрерменнің картинадағы әрбір ұсақ детальдарға дейін анық көрінуін талап ететін, мұқияттылықты қажет қылатын "гун-би" ("тәртіпті қылқалам") әдісі болды.
  2. Бітпеген еркін жұмысты көрсететін "се-и" ("идея кескіндемесі") әдісі. Соңғысы көрерменнің қиял деңгейіне қарай суретшінің одан жасырып қалған сырларын өзі ашып алуға мүмкіндік береді. Ештеңемен толтырылмаған ашық түсті фон мен өте икемді әрі анық сызықтардың, қанық бояулардың үндестігінде қытай кескіндемесіндегі көркемдік әдістердің құпия сыры жасырынып жатыр.

Бойына ылғалды тушьпен  бояуды жеңіл сіңіріп алатын картинаның жібектен жасалған бетін кескіндемешілер — бірде ауа кеңістігі деп, бірде өзеннің тұнық түсі деп, кейде тұманды көкжиек деп қабылдады. Қытайдың пейзажды картиналары еш уақытта тікелей натурадан салынған емес. Олар тек есте сакталатын табиғаттың ең сенімді деген, нанымды деген құбылыстарын, жаратылысқа тән қасиеттерін ғана көрсетуге тырысады. Осыдан келіп орта ғасырдағы пейзаждарға берілген атаулар шығады — "шань-шуй" яғни "таулар-сулар". Тау көне дәуірлердің өзінде жаратылыстағы алып күш — "яньмен" байланыстырылса, су нәзік өрі жұмсақ, баяу әйел затының негізі — "иньмен" шендестірілді. Осылайша пейзаж атауының өзіне көнедегі натурфилософиялық ілімнің аса маңызды түсініктері мен ұғымдары негіз болды.

Табиғатты бейнелейтін қытай картиналарының бәрін пейзаж деп қарауға болмайды. Таулар мен сулардың классикалық формадағы бейнесімен қатар, өзге де формалар — табиғат фрагменттері немесе оның жекелеген құбылыстары да беріледі. Оған Қытайдағы "гүлдер құстар","өсімдіктер-жәндіктер" деп аталатын кескіндеме жанры секілді табиғаттың сұлулығын ашып көрсететін белгілі бағыт жатқызылады. Бұл жанрдың шығармалары тек орама қағаздарда ғана емес, сондай-ақ төртбұрышты альбом парақтарында, шымылдықтар мен желдеткіш перделерінде жазылады. Бірде шымшық торғайды бейнелесе, бірде лотос гүлінің жалпақ жапырағында отырған шырыл- дауық шегірткені көрсетеді. Қытай суретшілері осылай ашылып келе жатқан гүлдің немесе аңның әрбір қимылын үлкейткіш шыны арқылы қарағандай дәл, бейнелеп көрсетуге, сол арқылы кішкентай сахнаға табиғаттың тұтас картинасын сыйғызуға тырысқан.

Ортағасырлық қытай кескіндемесі өзінің сан түрлілігімен, жаратылыс  сырын нәзік те терең түсіне білуімен ерекшеленеді. Дүниетаным мен ұстанымдарының терендігі қытайдың ортағасырлық мәдениетінің белгілерін бүгінгі күнге жеткізді, күр жеткізіп қана қоймай, оны бар сән-салтанатымен түсінікті, тым жақын етіп көрсетті. Әрине, ұзақ, мерзімді қамтыған орта ғасырдың барлық кезеңдері қытайдың өнері мен мөдениеті үшін жемісті болды десек, қателесеміз.

Ең көне кезеңнен бізге  жеткен суретші Гу Кайчжидің орамалары (шамамен 340—406 жылдары) қытай кескіндемесіне жаңа поэтикалық ноталардың енгенін көрсетеді. Оның "Сарай бикештеріне арналған өсиеттер" картинасы көп жайдан хабардар етеді. Ұзынша орама формасында орындалған бұл жұмыс әр түрлі тоғыз сахналық көріністен тұрады. Чжан Хуаның поэмаға арналған иллюстрациялары сарай аксүйектерінің тұрмыс-тіршілігімен таныстырады. Әрбір сахна бір-біріне ұқсамайтын өлең құрылыстарымен ерекшеленетін дербес жанрлық композиция. Гу Кайчжи іс-әрекет өтіп жатқан жерді, мекенді мүлдем көрсетпейді десе де болады. Оның тұлғалары алтындатылған жібек фонда еркін орналасқан. Мұндай әдіс-тәсіл көне қытай дәуірінде-ақ қалыптасып үлгерген еді.

Феодалдық қытай өнерінің бар ерекшелігі келесі кезеңде елдің  ортағасырлық өркениетінің барынша  дамыған тұсында ажарлана түсті. Бұл тарихта мәдени жетістіктерінің ізін қалдырып кеткен екі бірдей ірі мемлекет Таң (618—907) және Сұң (960—1279) империяларының бірігуімен байланысты еді. Қытайдың рухани өмірі үш ғасыр бойында айтарлықтай шырқау биікке көтерілді. Өнердің, шығармашылықтың түрлі салалары — сәулет өнері мен кескіндеме, мүсін мен қолданбалы өнер, поэзия мен проза кемелденіп, гүлдене түсті.

Таң және Сұң кезеңінің кескіндемесі өмірдің көптеген жақтарын ашып көрсетті. Онда көрініс тапқан құбылыстардың ішінде қалалықтардың тұрмыс-тіршілігін жіті бақылау, жаратылысқа аса мұқияттылықпен назар аудару басты орын алды. Кескіндеме мен поэзия біртұтас бөлінбес бірлікке айналды.

Таң және Сұң кезеңінің суретшілері өз таланттарын танытудың түрлі жолдарын тапты. Олар сарай қабырғалары мен храмдарды безендірді, желпуіштерге миниатюрлі кескіндемелік композициялар салды. Көлемді орама қағаздарда қала және сарай өмірін, пейзаждарды, портреттерді, тұрмыс-тіршілікті, аңыздар мен саяхатшылықтың сюжеттерін бейнеледі. Орамалар өзінше кескіндемелік кітап қызметін атқарады. Онда суретші өзінің алған бар әсерін дербестеп, ұсақ бөлшегін көрсете алды. Көркем шығарманың композициялық құрылымы өте күрделі орама кағаздарға салынған сурет үздіксіз ойды білдіреді.

Таң сарайы суретшілерінің жібекке салған суреттерінің сюжеті ретінде сарай тіршілігі, бикештер серуені, ғалымдардың әңгімелесу сәті алынды. Сонымен қатар әрбір шебердің өзі сүйіп жазатын белгілі бір тақырыбы болды. Әйгілі У Даоцзы будда жазбалары такырыбына композициялар мен портреттер жазса, Хань Гань жылқы малын салумен әуестенді, Янь Либэн "Жэньу" жанрында ("адамдар мен заттар") жұмыс істегенді ұнатты. Сол кездегі атақ пен даңққа бөленген суретшілердің бізге жеткен еңбектері саусақпен санарлық. Олар — қырғын соғыс пен табиғат апаттарының құрбаны. Солай бола тұра, бізге жеткен шағын образдарының өзі Таң кескіндемесінің биік деңгейін тануға мүмкіндік береді.

Янь Либэннің (600—673) "Түрлі династиялардың әміршілері" атты орамасы — көне жанрлық композициялардың бірі. Оны Хан дәуіріне дейін билік құрған отыз императорды көрсетуге арналған топтық портрет деуге де болады. Осы картинаның стилінде жібек бетіне көсілте жазылған топтамалардың ұзак, жылдарға созылған дәстүрлілігі байқалады. Императорлардың тұлғалары қимылсыз қалпында бар тәкаппарлығымен көрінген. Бет әлпеттері орта ғасырлар ханымдарының шарттарына сәйкес жасалған. Суретші кейде императорды табиғи калпында беру үшін оларды іс-әрекет үстінде көрсетуге тырысады. Әсіресе бұл портреттерді жазудағы суретшінің бет сызықтарын, шаш үлгісін, киіміндегі жеңіл қатпарларды анық әрі жеңіл сызықтар арқылы еркін көрсете білуі таң қалдырады.

Солтүстік Сұң кезеңінің кескіндемешісі Сюй Даоның ұзын горизонтальді орамадағы "Тау арнасынан балық аулау" картинасы алыстан мұнартып көрінетін дала және өзінің беймәлім күшімен белгісіз әсерге бөлейтін тізбектелген таулар сілемімен басталады. Сирек кездесетін өсімдіктермен көмкерілген биік тау шыңдары, тасты майда өзендер мен үлкен айнакөлдің салмақты қалпы — бәрі біртұтас алып ырғаққа бағынып тұр. Бүкіл пейзаж тек қара бояудың еркіне көнген, анық графикалық сызықтар мен жайылған жұмсақ таңбалар бірлесе жарасымды үйлесім тапқан. Көруші дымқыл ауамен қатар, таңғы табиғат бояуының түсін де анық сезінеді. Мұндай аз нәрсемен көп дүниені аңғарту тәсілі табиғатты жіті бақылаудың нәтижесі деуге анық болады.

Пейзаждың ірі шебері атанған Го Сидің (шамамен 1020—1100) "Ерте көктемі" де жаратылыс сұлулығын терең сезіне білуге негізделген. Ұзак қысқы ұйқыдан оянып келе жатқан әлем әрекетке толы. Картинадағы ырғақ тым белсенді, сабырсыз. Таулардың күңгірт сұлбасы тұманды бұлттардан әрең байқалады, ал ағаштар кәрі бұтақтарын керіле жайып келеді. Кеңістіктің шексіздік әсерін, таулардың алыптығын көрсетуге ораманың тіке формасы көмектеседі.

Сұң дәуірінің көптеген суретшілері Таң дәстүрін жалғастыра отырып, тұрмыстық тақырыптарға да картина жазды. Өздерінің ұзын орама повестерінде Кайфын қаласының халқы көп мереке-думан өмірін, балалардың ойының шеберлікпен бейнелей білді. Мұндай картиналар тек қызғылықты оқиғаларымен ғана ерекшеленбей, тұтастай композицияларымен де дараланды. Жануарларды бейнелеу, портрет салу жанрлары да гүлдену дәрежесіне жетті. Мұнда тек пейзажды кескіндеме ғана сол дәуірдегі қытай мәдениетінің бет бейнесін айқындай алды.

Ат Сюй Бэй-хун

Қытайдағы Мин және Син династиясының көптеген талантты суретшілері өнердегі жаңа бағытты жасырын ұстап, мәпелеумен болды.

Мин кезеңінің өзінде-ак ресми биліктен тежеу көрмеген елдің оңтүстік бөлігінде, астанадан тым алыста, көптеген көркемсурет мектептері ашыла бастады. Олардың XVI ғасыр өкілдерінің бірі Сюй Вэй болатын. Оның суреттерінде қалыптаскан дәстүрлі кескіндеме ережелеріне қарсы бағыт болатын. Оның сызықтары кейде тым дөрекі, қалың болса, бей-берекет шашыраған бояулар желмен шатасып кеткен бамбук бұтақтарын еске түсіреді. Сөйтсе, жүйесіз ұқыпсыздықтың астарында суретшінің таза таланты бұғып жатқандай, осы бір сәттік көрініс арқылы күллі дүниеге шындығын ашып тұрғандай көрінеді.

XVII ғасырдағы ең атақты  кескіндемеші Юнь Шоупин (1633—1690) болды. "Сүйексіз" немесе "буынсыз контур" деп аталатын тәсілді қолдана отырып, ол әрбір өсімдіктің құрылысы мен сұлулығын аша түсуге тырысты. Пион гүлінің шашыраңқы күлтелері, желмен тербеліп тұрған жауказындардың нәзіктігі олардың байқалмайтын қалтарыстары мен жұпар аңқыған иісіне дейін жеткізіп бақты.

XVI—XVIII ғасырлардағы маңызды  рөлге ие болған роман мен драма секілді әдеби шығармалардың тууымен тығыз байланысты кітап гравюрасы пайда болды. Оларда, көбінесе, адамдардың жеке өміріне, ішкі көңіл күйіне көп мән берілді. XVI ғасырдағы тұрмысты бейнелеген суретшілердің басты өкілдері ретіндеТанинь мен Чоу Иньді айтуға болады. Олар поэтикалық ерекшелігімен де тамсандыратын орама повестердің жаңа түрлерін шығаруға ат салысты.

Орта ғасырлардың соңғы  кезіндегі суретшілер адамның ішкі әлеміне жақындау үшін портреттік кескіндемені де өрістетті. XVI—X VIII ғасырларда түрлі портреттердің ішінде ата-бабаны дәріптеп отыру дәстүрімен байланысты салынатын аксүйектердің өлер алдындағы портреттері үлкен құрметке ие болды. Ортағасырлық қытай портреттеріне тән қасиет — адамның бет-әлпетін оның тағдырымен байланыстарды салу. Сондай-ақ оның туылған кезіндегі ғаламшарлардың аспандағы орналасу тәртібінің оның тағдырына каншальщты әсері болғанын көрсету. Бұл ілімнің негізінде қытай суретшілері беттің әрбір мүшесін басқалармен сәйкес етіп бейнелеу ережесінің толық жүйесі жасалады. Жерлеу алдындағы салтанатта ғасырлық конфуцийлік жұйенің бар төлім-тәрбиесі кеңінен көрініс тапты. Мәңгілікке бет түзеген адамдардың жүзі күнделікті күйбең тіршіліктен баз кешкендей, портреттен қатал тұлға маңғаздана қадалады да, қимылсыз, сұсты көздер тым алысты көздеді.

Информация о работе Қытай Аты Тан Династиясы