Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 13:34, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформалардың басымдылықты бағыттары мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады.
Осыған байланысты Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясында еліміздің даму басымдықтарының бірі ретінде кәсіби үкімет пен мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметтің тиімді жүйесін құруды анықтады.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3

I МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ, ТҮСІНІГІ..................................................................................................................5

1.1 Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі, түсінігі мен бағалау әдістері................................................................................................5
1.2 Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруда есепке алынатын факторлар...............................................................................................................10
ІІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ТИІМДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.......................................15

2.1 Қазақстан Респуликасындағы Мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудағы демократияландырудың ролі.........................................................15
2.2 Аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытудағы тиімді басқару жүйесінің ерекшеліктері.........................................................................17
2.3 ҚР Үкіметінің мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуға бағытталған әкімшілік реформасы............................................................................................21

ҚОТЫТЫНДЫ.......................................................................................................26.
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................27

Содержимое работы - 1 файл

Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі.doc

— 213.50 Кб (Скачать файл)

Мәлімет көзі: Стат.ежегодник Жамбылской области за 2007г. [14]

   

Кесте 1 мәліметтері бойынша қарастырылып отырған 2001-2007 жылдар аралығында аймақ бойынша өндірілген жиынтық өнім көлемінің динамикасында (1,9есе) өсу тенденциясы байқалады. Бұл өсу көрсеткіштері аймақ экономикасында төмендегі экономикалық құбылыстардың қалыптасуының нәтижесінде орын алды:

  • аймақтағы өнеркәсіп өнімдерін өндіру 2000-2006 жылдар аралығыда  3 есеге артты. Облысымызда өнеркәсіп өнімдернің ішінде: сары фосфор, химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру(“Казфосфат”ЖШС), табиғи газ және газ конденсатын өндіру(“Амангелді газ”ЖШС, “КазТранс Газ”ЖШС), метал өңдеу (“Имсталькон”ААҚ), гипс өнімдерін өндіру(“Жамбыл гипс”ААҚ), алтын өндіру мен өңдеу(“Ақбақай тау-кен байыту комбинаты”ААҚ) жақсы жолға қойылған;
  • бірі облыстағы шағын және орта бизнес субъектлерінің санының (2001 жылмен салыстырғанда  2007 жылы олардың саны 5 есеге артқан) және олардың өндірілген өнім көлемдерінің артуы;
  • ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін шаруашылық субъектлердің санының артуы;
  • аймақтағы  қаржы институттарының қызметінің дамуы;

Аймақ экономикасы салыстырмалы түрде алғанда дамуы жағынан біршама тұрақтанғанымен әлі күнге дейін қолдауды қажет ететін, даму жағынан біршама баяулап отырған салалар баршылық. Атап айтсақ: аймақтық экономикасының барлық салалары бойынша өңдеуші кәсіпорындардың саны кемде-кем , сондай-ақ  таранспорт және байланыс саласында, сауда, әртүрлі қызмет түрлері бойынша өндірілген өнім көлемі 7 жыл ішінде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізбеген. Келесі бір назар аударатын мәселе – аймақ экономикасын дамытуға бөлінетін қаржылай көмек көлемі облысымыз бойынша жылдан-жылға артуы (2001 жылы облысқа бөлінген субвенция көлемі-5437028м.тг. болса,2006 жылы бұл көрсеткіш көлемі 14923777м.тг немесе 2,74 есеге ұлғайған)[3]  жақсы нәтиже емес.Аймақ экономиксын басқаруда дамудың  жаңа жолдарын іздестіру қажет. Аймақ экономикасын басқарудың тиімділігін арттыратын негізгі бағыттарға келесілер ұсынылады:

  • аймақ экономикасын басқаруда қалыптасып отырған үш деңгейлік басқару жүйесін жетілдіру;  Атап айтсақ басқару жүйесі төрт деңгей арасында:   кәсіпорын (ұйым) ↔ сала ↔аймақ↔ республикалық деңгейде жүзеге асырылуы қажет. Кәсіпорын өзінің қызметінің даму жоспарын аймақтық билік органдарына ұсынады. Осының нәтижесінде аймақ экономикасының  даму бағыттары анықталып, арнайы  мақсатты бағдарламалар дайындалады. Экономиканың тұрақтылығы мен өсуін қамтамасыз ететін кәсіпорын (шағын және орта бизнес) деңгейін  басқару жүйесіне қосу келешекте аймақ экономикасын дамытудың негізгі бағытының бірі болмақ.;
  • Аймақтағы өнім өндірісін дамыту;
  • Экономиканың барлық салаларында   шикізат базасын өндіруді дамыта отырып, экологиялық таза өнімді өңдеу бойынша прогрессивті технологияны ендіру мен дамыту;
  • Аймақтық мақсатты бағдарламалардың жүзеге асырылу нәтижелерін қадағалау (Аумақтық ауылды мекендерді дамытуға бағытталған “Ауыл”бағдарламасы, Қазақстаннның 2003-2015 жылдарға арналған индустаралды-инновациялық даму бағдарламасы және т.б.);
  • Аймақтағы бәсекелестіктің дамуына және шағын және орта бизнестің өркендеуіне жол ашу;
  • өңдеуші салалардың қосалқы ресурстарын максималды пайдалану;
  • аймақтық  өнім өндірісінде  кластерлік жүйені дамыту;

  Аталған  бағыттармен қоса тағы да ескере  кететін жайт, аймақтың әлеуметтік  – экономикалық жағдайын дамытуды  ең алдымен  тиімді басқару   жүйесі арқылы қол жеткізуге  болады.  Себебі осы  тиімді  басқару жүйесін жүзеге асыра отырып, аймақтың өндірістік –шаруашылық даму  деңгейіне қол жеткіземіз. Ал бұл көрсеткіш өз кезегінде аймақтың әлеуметтік –экономикалық дамуының мүмкіндіктерін  айқын көрсетеді.

 

2.2 ҚР Үкіметінің  мемлекеттік басқару жүйесін  жаңартуға бағытталған әкімшілік реформасы.

Үкіметтің экономикалық саясатының барлық бағытының арасында әкімшілік реформа мемлекеттік  басқару жүйесін жаңартуға бағытталғандығымен ерекшеленеді. Осы орайда, мемлекеттік  органдар жұмысының тиімділігін  арттыруға басты көңіл бөлінеді. Былайша айтқанда, үкімет қызмет сапасын жақсаруға мол қаржы бөлуге тиісті.  
Үкімет әкімшілік реформаны іске асырудың бастапқы кезеңін жүзеге асыруда. 
Реформа аясындағы жұмыстар алты блок бойынша жүргізіледі. 
Бірінші. Мемлекеттік қызметті реформалау. 
Бұл блок бойынша мемлекеттік қызметті құқықтық-ұйымдастыруды қамтамасыз етуге байланысты барлық мәселелер енеді: атап айтқанда, еңбекақы, мамандар даярлау, лауазымдық регламент, мемлекеттік қызметшіні ынталандыру, олардың біліктілігін арттыру, міндеттердің қайталануын болдырмау, т. б.  
           Биылғы жылғы наурыздағы Президенттің Жарлығына сәйкес, мемлекеттік органдардың басшыларына қызметкерлердің санын қысқару және үнемделген қаражатты мамандардың еңбекақысын арттыруға пайдалану туралы дербес шешім қабылдауға құқық берілген.  
Мысалы, Премьер-Министр Кеңсесінде аппаратты оңтайландыру жүргізілген, енді үнемделген қаржыны қызметкерлерді ынталандыруға пайдаланатын болады.  
Еңбекақыны арттыру мемлекеттік қызметшілердің өз жұмысында нақты нәтижеге қол жеткізуіне қосымша серпін береді. 
Мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысының жаңа жүйесі жалпы алғанда, мемлекеттік органдардың және әрбір қызметкердің жұмысын шынайы бағалауды енгізуге негіз бола алады. Кезең-кезең бойынша мемлекеттік органдардың қызметі рейтингілік бағалау қорытындысы бойынша саяси қызметшілерге сыйақы беруде бонустық жүйе енгізілетін болады.  
Басшылардың алдына нақты міндеттер қою және ол міндеттердің орындалуын тұрақты түрде бағалау әрқайсысының жауапкершілігін арттырып, қоғам алдында есепті болуын арттыра түседі. 
          Мемлекеттік қызметті реформалау аясында, сондай-ақ саяси және әкімшілік функцияларды бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік басқару жүйесіне жаңа әкімшілік қызмет – Жауапты хатшы лауазымы енгізіледі.  
Бұл әр салада стратегиялық мәселелерде шешім қабылдауда мемлекеттік органдардың саяси басшылық жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.  
Жауапты хатшы саяси басшылық шешімін қабылдауды, сондай-ақ ұйымдастырушы-басқарушылық және әкімшілік-шаруашылық міндеттерді жүзеге асырады.  
Жауапты хатшы жоғары әкімшілік қызметіндегі лауазым иесі ретінде бірінші басшы ауысқан жағдайда мемлекеттік органдар аппаратының тұрақтылығын және сабақтастықты қамтамасыз етеді. 
          Үкімет тарапынан мемлекеттік қызметке функциялық талдау жасау жөнінде тұрақты жұмыстар ұйымдастырылуда. Мемлекеттік міндетке жатпайтын функция бәсекелестік ортаға беріледі.  
           Мемлекеттік органдар әзірше бәсекелестікті шектеу және кәсіпкерлерді жосықсыз бәсекелестіктен қорғау фактілерімен күресуге қауқарсыз болып отыр.  
Осыған байланысты салалық реттеуіш функциясын орындайтын алқалық органдар құру пайдалы болар еді. 
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы жылы телекоммуникация мен байланыс саласында салалық реттеуіш, сондай-ақ бәсекелестікті дамыту саласында тәуелсіз реттеуіш құрылатын болады.  
Мемлекеттік қызмет жүйесі ашық болуы тиіс, яғни атқарушы билік қызметі туралы ақпарат пен қызмет көрсету қоғам үшін қол жетімді болады. Халықтың және бизнес-қоғамдастықтың арасында «әлсіз жақты» және жұмыс сапасын одан әрі жақсарту үшін социологиялық сауалнама жүргізілетін болады.  
          Екінші. Мемлекеттік жоспарлауды жетілдіру 
Биылғы жылғы қаңтардағы Парламент палаталарының бірлескен отырысында еліміздің Президенті мемлекеттік жоспарлауды жетілдірудің міндеттерін айқындап берді. Әңгіме Үкімет деңгейінде бекітілген программалар санын қысқарту туралы ғана емес, жалпы алғанда, басқару және жоспарлауда көзқарасты өзгерту туралы болып отыр.  
Корпоративтік басқарудың осы заманғы жүйесі жеке сектор тәрізді, мемлекеттік органдарда да, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге көбіне-көп бағытталады. Біз нақ осындай тетікті енгізетін боламыз.  
Бәрінен бұрын, әрбір министрлік, агенттік және әкімдіктер өз қызметінің 5 жылдық стратегиялық мақсатын анықтауы тиіс, содан кейін барып оны Үкімет бекітеді. Нәтижеге қол жеткізу деңгейін бағалау үшін тиісті тиімділік пен нәтижеліліктің мақсатты көрсеткіштері әзірленетін болады.  
Нақты мақсатты индикаторға қол жеткізу Үкімет пен мемлекеттік органдардың басшылары қол қоятын меморандум-келісімде көрсетіледі.  
Барлық мемлекеттік органдар мен өңірлердің мұндай жүйеге көшуі 2009 жылы жүзеге асырылады.  
Осылайша Үкімет деңгейінде бекітілетін орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың көптеген бағдарламалық құжаттарынан бас тартып, бәрінен бұрын, мақсатты көрсеткіштерде қолданылатын стратегиялық жоспарларды талқылауға көшетін болады. 
Басқарудың мұндай жүйесіне көшу мемлекеттік органдардың басшыларының дербес шешім қабылдауына жол ашып, бір мезгілде олардың Парламент пен қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырады.  
          Мемлекеттік органдарда стратегиялық жоспарлау жүйесін енгізу елімізде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға қол жеткізуге, мемлекеттік басқару сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады. 
          Үшінші. Бюджеттеу, нәтижені бағдарлау 
Бюджеттеу жүйесін реформалау мемлекеттік ресурстар шығысының тиімділігіне бақылауды күшейту қажеттілігіне байланысты жүргізіледі. 
Сонымен бірге, мемлекеттік органдарға бюджеттік қаражатты бөлу және пайдалануда үлкен дербестік береді. Бір мезгілде мемлекеттік органдар басшыларының нақты нәтижеге қол жеткізуін жақсартуы жүзеге асырылады.  
Бұл үшін бюджеттік классификацияға өзгерістер енгізіледі, есеп және мемлекеттік басқару органдарының қаржылық есептілігі стандарттары бекітілді. 
           Төртінші. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру 
Мемлекеттік қызмет көрсетуде қолданыстағы жүйенің негізгі кемшілігіне тоқталсақ, ол жүйе қызмет көрсетуші мүддесіне бағытталған, яғни шенеунікке арналған, тұтынушыға емес. 
Мұндай кемшілікті болдырмау мақсатында, Үкімет тарапынан мамырдың аяғына дейін орталық және жергілікті атқарушы органдарға тиесілі мемлекеттік қызмет регистрі, сондай-ақ оларды енгізу стандарты мен әзірлеу жоспары бекітілетін болады. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен қол жетімділік көрсеткіштеріне, олардың нормативтік және мақсатты мәніне қатысты нормативтік-құқықтық актілер әзірленуде.  
Осыдан кейін барып, мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық саласында халықты ақпараттандыру жүйесі жөнге келеді.  
           Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудың принциптері мынадай:  
           - әрбір мемлекеттік мекемеде қызмет көрсететін тұтынушы шеңберін айқындау: 
           - маңызды сұранысты табу және көрсетілетін қызметті қанағаттандыру деңгейі үшін тұтынушылар арасында сауалнама жүргізу; 
           - көрсетілетін қызметтегі кемшіліктерді табу мақсатында халықпен тікелей байланыс жасайтын қызметкерлер арасында сауалнама жүргізу; 
           - қызмет реестрі мен сапа стандарты туралы халықты ақпараттандыруды қамтамасыз ету; 
           - қызмет түрлері мен оны ұсыну жолдарың таңдауды анықтайтын клиенттерді қамтамасыз ету; 
           - қызмет көрсету және шағымданушы процесінде тиісті ақпаратқа халықтың толық қол жетімділігіне қол жеткізу; 
           - халықтың шағымын шешудің тиімді тәсілдерін қамтамасыз ету.  
Осы блок аясында, сондай-ақ «Электронды Үкіметті» құру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.  
Электронды Үкімет және әкімдіктер инфрақұрылымын құру жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстардың күрделігіне қарамастан, айтарлықтай нәтижелер бар. Электронды құжат айналымы енгізілді, көптеген мемлекеттік органдарда веб-сайттар ашылып, жұмыс істеуде.  
Бұл жұмыстың маңыздылығына келсек – мемлекеттік қызмет көрсету сапасына тәуелсіз бағалау бұрындары жүргізілмеген. 
Мұндай бағалау ісіне социологиялық сауалнама жүргізумен шұғылданатын мамандандырылған компания тартылатын болады.  
           Бесінші. Оңтайландыру және экономиканың мемлекеттік секторын басқару тиімділігі. 
Осы блок аясында мемлекеттік сектордағы барлық кәсіпорында корпоративтік басқару принциптері енгізілетін болады. Бұл – корпоративтік басқару Кодексін қабылдау; компаниялар қызметінің ашықтығын арттыру; даму стратегиясын әзірлеу; кәсіпорын жұмысын стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге бағыттау.  
Мемлекеттің экономикалық қызметке қатысуын оңтайландыру жөнінде жұмыстар жалғасын табуда.  
«Самұрық» және «Қазына» мемлекеттік холдингілерде корпоративтік басқаруды енгізу жөніндегі жұмыстарды бастады. 
Бұл тәжірибе барлық мемлекеттік холдинктерге, ӘКК (СПК) мен жалпы алғанда экономиканың мемлекеттік секторында қолданылады.  
           Алтыншы. Мониторинг және экономиканың мемлекеттік секторы мен мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелерін бағалау. 
Әкімшілік реформа нәтижесіне талдау жүргізу үшін және мемлекеттік қызметшілермен экономиканың мемлекеттік секторы жұмысшыларының қозғамдамасы үшін мониторинг жүйесі және олардың қызметін бағалау енгізіледі.  
            Мұндай тетік айқындалған көрсеткіштер жүйесіне негізделеді, яғни басқару сапасы мен мемлекеттік қызметті бағалауға, сондай-ақ тиісті бағдарламалардың іске асу тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Бағалау нәтижесі мемлекеттік қызметшілдердің қызметін ынталандырудың құралы бола алады. 
Мұндай тетікті енгізу стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлауды кіріктіруді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметін кешенді бағалауды қамтамасыз етеді. Бюджеттік ақша нақты стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін ғана бөлінетін болады.  
             Бағалау мынадай талаптар бойынша жүргізіледі:  
            мемлекеттік органдар қызметінің стратегиялық мақсаттар мен міндеттеріне тиісті анализ жасау; 
           мемлекеттік, салалық, өңірлік және бюджеттік бағдарламаны іске асыру тиімділігі; 
           мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігі мен сапасы; 
           мемлекеттік активтерді басқару тиімділігі; 
           бюджеттік қаржыландыру тиімділігі; 
          ұйымдастыру құрылымының тиімділігі; 
          кадрды басқару және технологиялық ресурстарды қоса алғанда, ішкі операциялық процестердің тиімділігі; 
           тәуелсіз аудит нәтижесіне анализ; 
Осылайша бағалаудың мұндай жүйесін енгізу ашықтықты және қаржылық ресурстарды игеру мен бөлу процесінде мемлекеттік басқару органдарының жауапкершілігінің тиімділігін арттыруға жол ашады. 
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітіліп, жарияланғанда, халық пен кәсіпкерлерге тұрақты әлеуметтік сауалнама ұйымдастырылғанда, мемлекеттік органдардың есептілік тетігі құрылғанда, олардың қызметінің нақты нәтижелеріне байланысты мемлекеттік қызметшілердің қозғамдама жүйесі енгізілгенде, осының қорытындысында халықтың өмір сүру сапасы жақсарып, елімізде бизнесті дамыту жақсаратын болады.  
Әкімшілік реформа іс-шаралары жүйелі жүргізілетен болады. Ең басты күрделі элементтер: стратегиялық және экономикалық басқарудың жаңа әдістерін әзірлеу мен енгізу; бағдарламалық құжаттардың тиімділігін бағалау; нақты нәтижелерге бағытталған бюджеттік жоспарлауды енгізудің тиісті нәтижелері; алғашында бірқатар министрдіктер мен әкімдіктерде пилоттық жоба ретінде енгізіледі.  
Бұлар – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Қаржы министрлігі, Білім және ғылым министрлігі; Астана қаласы және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдіктері. [15]

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Мемлекеттік тиімділігін  қамтамсыз ету қай кезде де, қай елде де жұртшылық назарын ұдайы аударып келген мәселе. Тәуелсіздік алып, мемлекеттік егемендігін халықаралық деңгейде паш еткен біздің елде бұл мәселе айрықша көкейкесті болып отыр. Қазақстанның көптеген саясатшылары мен ғылымдарының мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселесіне кейінгі кезде айрықша мән беріп, пікір алмасып, талдау жасауды жиелеткені де содан болар.

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі нәтижелер мен қол  жеткізген қоғамдық мақсаттардың және пайдаланылған мемлекеттік ресурстардың арақатынасын білдіретін ұғым. Мемлекеттік басқару – қоғамдық қажеттіліктер мен мүдделерді қанағаттандыру барысында оң нәтиже жеткізетін қызмет түрі. Тиімділік басқарушы субъектінің және қоғамның алдыға қойған мәселелерді шешу үшін жұмсаған күш жігірінің қаншалықты әлеуметтік маңызы зор нәтижелерде іске асқаны (көрініс тапқанын) білдіретін көрсетіш.

Қазіргі дағдарыстан  шығуда мемлекеттің тимді басқаруының  мәні зор. Жаңа мыңжылдықта жаппай ақпараттандыру, адам мен азаматтың жаратылыстық құқықтарының етенелігін халықаралық  тану, демократия принциптерін орнықтыру дәуірінде – мемлекеттік басқару жұйесі елдің азаматтары жөнінде қызметтік міндетін жүзеге асыруға, атап атқанда олардың әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету мәселелерін шешуге тиіс.

Алдағы жаһадану жағдайында мемлекеттік басқару міндеті мен ролі күрделілене, арта түседі, бірақ жетілдірудің басты өлшемдері әрқашан да оның тиімділігі мен нәтижелілігі болып қала бермек. 

Мемлекеттік басқару  тиімділігінің түсінігіне оның мақсатты бағытталған және мақсатқа сай қызмет ретінде өзіндік мәні көрініс табатын анықтамасы тән.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

    1. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы.Алматы, 1997 – 282б

  1. Толемісов Орынбасар «Реформалардың экономикалық тиімділігін және мемлекеттік басқару жүйесін бағалау» Оқулық  ҚМБА Алматы Экономика 2001 51-55 бет.
  2. Мусатаева А.А. «Мемлекеттік басқарудың теоретика-әдістемелік негіздері» // Актуальные проблемы современности, 2005 №15
  3. Жатқанбаев Е.Б. Мемлекеттік басқарудың теориясы және практикасы. Алматы, 2001ж.-99б
  4. Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. Москва, 1997г.
  5. Ихданов  Мемлекеттік басқару теориясы. Оқулық Алматы 2009
  6. Әбікен Тоқтыбеков «Мемлекеттік басқаруды жетілдірудің жолдары: тұжырымдамалар мен әдістер» // Ақиқат 2006 №1 31-36 бб.
  7. Әбікен Тоқтыбеков «Басқарудың қыры мен сыры» // Ақиқат 2007 №4
  8. К.Е. Кубаев «Эффективное государственное управление» Монография  Алматы 2006 171-187 б.б.
  9. К.Е. Кубаев экономическая модель эффективного государство // Евразийское сообщество. – 2001. №5 65-74стр.
  10. Уткин Э.А.,Чистобаев А.И. Основы региональной экономики Санкт-Петербург, 1998
  11. Бердалиев К.Б. Основы управления экономикой Казахстана. – Алматы: Экономика 1998 -148 с.
  12. Кубаев К.Е. Теория  системы экономического управления // Евразийское сообщество. – 2000 - №2 28-32 стр.
  13. Стат.ежегодник 2007ж
  14. www.kyzmet.kz.

 




Информация о работе Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі