Вирусология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 14:31, реферат

Краткое описание

Вирустық гепатиттер – гепатиттің вирустары қоздыратын адамға қауіпті жұқпалы аурулар тобы, бірінші кезекте адманың бауырын залалдайды. Гепатитің ең көп тараған белгісі терінің және көздің ағының сарғаюы болғандықтан, оны көбінше сары ауру деп атайды. Сары аурудың эпидемияларын біздің дәуірден бұрын Ү ғасырда Гиппократ сипаттаған, ал гепатиттің қозғаушысы тек өткен ғасырдың ортасында ғана ашылды. «Гепатит» деген ұғым қазіргі медицинада тек қана дербес ауруларды ғана белгілемейді. Гепатит, немесе бауырдың қабынуы сары ауру қызбасының, қызамықтың, ұшықтың, ЖҚТБ және кейбір басқа аурулардың белгісі. Сонымен қатар, уланудан болған гепатит бар, оның мысалы, ішімдіктің салдарынан бауырдың зақымдануы.

Содержимое работы - 1 файл

Вирустық гепатиттер.docx

— 17.58 Кб (Скачать файл)

Вирустық гепатиттер – гепатиттің вирустары қоздыратын адамға қауіпті жұқпалы аурулар  тобы, бірінші кезекте адманың  бауырын залалдайды. Гепатитің ең көп тараған белгісі терінің  және көздің ағының сарғаюы болғандықтан, оны көбінше сары ауру деп атайды. Сары аурудың эпидемияларын біздің дәуірден бұрын Ү ғасырда Гиппократ  сипаттаған, ал гепатиттің қозғаушысы тек өткен ғасырдың ортасында  ғана ашылды. «Гепатит» деген ұғым қазіргі медицинада тек қана дербес ауруларды ғана белгілемейді. Гепатит, немесе бауырдың қабынуы сары ауру қызбасының, қызамықтың, ұшықтың, ЖҚТБ және кейбір басқа аурулардың белгісі. Сонымен қатар, уланудан болған гепатит  бар, оның мысалы, ішімдіктің салдарынан бауырдың зақымдануы. 
 

Вирустық гепатиттер бір-бірінен этиологиясы мен аурудың  дамуына байланысты өзгеше болады, алайда оларды кейбір белгілері бір-біріне ұқсас. 
 

Вирустық гепатиттің көптеген белгілері бойынша классификация  жасау мүмкін: 

Этиологиясы бойынша  гепатит A, B, C, D, E, G болып бөлінеді.

Аурудың дамуының ұзақтығына байланысты жедел, жай өрбітін және созылмалы түрі болып бөлінеді. 

Дене қызуының көтерілуі (37,5 С) 
 

Гепатиттің ауырлығына байланысты ауыр, орташа ауырлықтағы  және жеңіл түрі болады.  
 

Зақымданудың орнығуы  бойынша, гепатиттер ошақты, мезенхималдық, паренхиматоздық гепатит болып  бөлінеді. 
 

А гепатиті 

А гепатиті немесе Боткин ауыруы – ол вирустық гепатиттің ең кең тараған түрі.

Аурудың жасырын  кезеңі (заладанғаннан бастап, гепатиттің бірінші белгілері байқалғанға  дейін) 7 күннен бастап 50 күнге дейін  созылады. 
 

Ауру әдетте жоғары температурамен басталады, және кейбір беогілермен гриппке ұқсайды. 2-4 күн өткеннен кейін аурудың зәрі қоңырланады, сыраның немесе қою  шәйдің түріндей юолады, оның пайда  болады, оның пайда болуымен аурудаң  жағдайы жақсарады. Аурудың ұзақтығы бір жұмадан 1,5-2 айға дейін, ал аурудан  кейін қалыпқа келі уақыты жарты  жылға дейін созылуы мүмкін. А  гепатитінің диагнозы аурудың белгілері, науқастан мәліметтер жинау (гепатит  А мен ауырған адамдармен қатынады болғандығы) және басқа да анықтаулар арқылы қойылады. 
 

Вирустық гепатиттердің  ішінде А гепатиті юолжам бойынша  жәйлі болып саналады, аурудың  салдары ауыр болмайды, көбіншк ауру өздігінен емдеусіз-ақ аяқталады. Қажет  болса А гепатінің емі ауруханада ойдағыдай жүргізіледі. А гепатитімен  ауырған кезде төсекте жату керектігі  ұсынылады, арнаулы емдәм және гепатопротекторлар – бауырды қорғайтын дәрілер  тағайындалады. 
 

А гепатитінің өзіндік  таралу жолдары – тұрмыстағы адамдар  арасындағы қарым-қатынас және вирустармен  заладанған тамақ пен суды қолдану  арқылы таралады. Сонымен бірге кір  қол арқала берілетіндіктен, А гепатитімен  көбінше балалар ауырады. А гепатитінің  алдын алудағы негізгі шара гигиеналық норманы сақтау. Сонымен қатар, балаларға  вакцинация жасауды ұсынамыз. 
 
 

Гепатит В 
 

В гепатиті немесе қан  арқылы берілетін гепатит өте  қауіпті ауру, бауырды қатты залалдауымен сипатталады. 
 

В гепатиті қан, жыныстық қатынас арқылы және анадан іштегі балаға жұғады. Әдеттегі жағдайда В  гепатиті Боткин ауруы сияқты дене қызуының көтерілуінен, әлсіздіктен, буындардың ауруынан, жүректің айнуы және құсудан басталады. Мынадай белгілердің болуы мүмкін: зәр түсінің қоңыралуы және үлкен дәреттің ағаруы. Денеге бөртпе шығуы мүмкін, бауыр мен көкбауыр ұлғаяды. 
 

В гепатитінде сарғаю өте сирек кездеседі. Бауырдың зақымдануы өте ауыр болуы мүмкін және қиын жағдайларда цирроз бен қатерлі  ісік ауруыына шалдырады. 
 

В гепатитін емдеу  кешенді көзқарасты талап етеді  және оның стадиясына, ауырлығына байланысты ем қолданады. Емдеу кезінде иммундық препараттар, гормондар, гепатопротекторлар (бауырды қорғайтын дәрі-дәрмек), антибиотиктер колданылады.

В гепатитінің алдын  алу үшш нәрестелерге бipre толғанша вакцинация жасату керек. 
 

Гепатит С 
 

Вирустық гепатитінің  ең ауыр тypi С гепатит немесе қан  құйылғаннан болган гепатит. Бұл  атты гепатит қан аркылы, қан кұю  кезінде немесе зарарсызданбаган шприцтерден  жуғатындыктан алды. Kaзipri уақытта  бүкіл донорлық қан С гепатитінің  вирусына тексерілінеді. Жыныс жолы арқылы және ауру анадан іштегі балага С гепатитінің вирусынын берілуі  өте сирек. 
 

С гепатитімен ауыратын адамдардын шамамен 70-80% аурудың созылмалы  түpi дамиды. Онын ең үлкен қayіпі —  цирроздын пайда болуына себепкер болады және катерлі ісікке әкеліп соқтыруы мүмкін. 
 

С гепатит баска  да вирустық гепатиттермен организмде бірігe жүрсе аурудың жағдайы  кенет темендейді аурудың барысы асқынады және өлімшілікке әкеліп соктыруы мүмкін.

Бул аурудың қауіптілігі, қазіргі кезде cay адамды С гепатитін  жұктырудан қоргай алатын нәтижелі вакцинанын жоқтығы. 
 

Гепатит D 
 

Д гепатиті немесе дельта-гепатит  вирустық гепатиттердің баска түрлерінен айырмашылығы вирустың адам организмінде жеке өніп-өce алмайтындығы. 
 

Ол үшін «көмекші-вирус» В гепатитінің вирусы керек. Сондықтан  дельта-гепатит дербес ауру деп есептелмейді, ол В гепатитінің бағысын асқындыратын cepiктес – ауру. Бұл екі вирус, ауру адамның организмінде катар  өмір сүргенде, аурудың ауыр түpi пайда  болады, оны дәрігерлер супержұқпа деп атайды. Бұл аурудың барысы В гепатитінің барысына ұксайды, бірақ аурудың асқынуы жиі  кездеседі және аса ауыр болады. 
 

Гепатит Е 
 

Ол езінің белгілерімен А гепатитіне ұқсайды. 
 

Бірақ вирустық гепатиттердің  басқа түрлерінен айырмашылығы Е  гепатитінің ауыр түрінде бауырмен коса бүйрек те зақымданады. Е гепатиті А гепатиті сияқты, нәжіс-ауыз жолы арқылы жұғады, ауа райы ыстық және халқы сумен нашар камтамасыз етілген елдерде тараған, және бұл  аурудан сауығу жөніндегі болжам бойынша, көбінше сәтті аяқталады. 
 

Е гепатитін жұқтыру, аурулардың жалғыз ғана тобына — босанар  алдындағы әйелдер ушін өте қауіпті. Бұл ауру мен ауырған әйелдердің өлім-жітімі 40 % - ға дейін болады, ал ішіндегі баласы өлі туады . 
 

G Гепатит 
 

G Гепатиті — вирустық  гепатиттердің тобындагы соңгы  өкіл, өзінің белгілерімен С гепатитіне  ұқсайды. Ол қауіпті емес, С  гепатитіне тән жұкпалы процесстің  өршуінен болатын цирроз бен  қатерлі iciк G Гепатитінде пайда  болмайды. Егер eкeyi үйлессе ғана, циррозға  әкелуі мүмкін. 
 

Вирустық А гепатитінің  алдын алу 

Вирустық А гепатиті – бауырдың жұқпалы ауруы. Гепатит  А – тек ауру адамнан жұғады. Гепатит А-ның вирусы адам ағзасына су, тамақ, кір қол және лас ыдыс-аяқ, үй керек-жарақтары арқылы түседі.  

Жеке адам гигиенасын сақтамағандықтан вирустық гепатит  А- ны жұқтыруға болады.  

Гепатит А-ның негізгі  белгілері: 
 

Тәбеттің төмендеуі

Оң қабырғаның астының  ауруы 

Дене қызуының көтерілуі (37,5 С) 
 

Жүректің айнуы, кейде  құсу 
 

Әлсіздік, дімкестік 
 

Зәрдің түсінің  қоңырлауы 
 

Үлкен дәреттің түсінің  ағаруы 
 

Таңдайдың, көз ағының сарғаюы, кейінірек терінің сарғаюы, кейде ауырған адамда сарғаю болмауы  мүмкін. 
 

Вирустық гепатит  А ауыруының бірінші белгілері  пайда болса, бірден дәрігерлерге барыңыз. 

Қорғану шаралары 
 

  

Жеке адам гигиенасын сақтау: 
 

Қайнатылған, немесе өз шөлмегіңдегі суды ішу 
 

Тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін, серуендеп келгеннен  кейін қолыңызды сабындап жууды  әдетке айналдырыңыз 

Қоғамдық гигиенаны  сақтау: 
 
 
 

Әдейілеп бөлінген жерде суға шомылыңыз, шомылған кезде  суды жұтпаңыз

Ашық су айдындарынан, өзеннен алған суды ішуге, тамақ  жасауға және ыдыс-аяқ жууға қолдаңбаңыз 

Көкөністер мен  жемістерді қолданар алдында жақсылап мұқият жуыңыз

Информация о работе Вирусология