Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 18:02, реферат
1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.
Прокуратура туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2709 Заңы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 156-қ
МАЗМҰНЫ
Ескерту. ҚР 1997.06.19 N 134 Заңымен енгiзiлген толықтырулар мен өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне кiредi, Нысаны мен тақырыбы өзгердi, кiрiспе алып тасталды - 2002.08.09 N 346 Заңымен.
1 ТАРАУ
Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының прокуратурасы
1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.
2. Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
2-бап. Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерi
Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметiнiң тәртiбi және прокурорлардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен, сондай-ақ Республика Бас Прокурорының бұйрықтарымен айқындалады.
Ескерту. 2-бапқа өзгерne енгiзiлдi - ҚР 2002.08.09 N 346 Заңымен.
3-бап. Прокуратура органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметiнiң принциптерi
1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы төменгi прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына бағынатын органдар мен мекемелердiң бiртұтас орталықтандырылған жүйесiн құрайды.
2. Қазақстан Республикасының прокуратурасы өз қызметiн басқа мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктерден тәуелсiз жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Президентiне ғана есеп бередi.
3. Өздерiнiң заңда белгiленген
өкiлеттiгiн жүзеге асырған
4. Заңда белгiленген негiз бен тәртiп бойынша шығарылған прокурорлық қадағалау актiлерi барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшiн мiндеттi.
5. Прокуратура органдары
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
4-бап. Прокуратура органдары қызметiнiң негiзгi бағыты мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының үстемдiгiн қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында прокуратура мемлекет атынан:
1) Конституцияның, заңдардың және
Қазақстан Республикасы
2) Конституцияны, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзушылықтарды анықтайды және оларды жою шараларын қолданады;
3) Қазақстан Республикасының
4) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң заңды мүдделерiнiң сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;
5) жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
6) анықтау мен тергеудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
7) әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
8) атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
9) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдардың норма шығармашылық қызметiне қатысады;
10) сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi;
11) заңда белгiленген тәртiппен және шектерде қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;
12) статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, объективтiлiгiн және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргiзедi, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңнаманың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады;
13) заңдылықты, құқықтық тәртiптi және қылмысқа қарсы күрестi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi үйлестiредi;
14) халықаралық құқықтық
15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
5-бап. Прокуратура органдарының жоғары қадағалауды жүзеге асыру жөнiндегi қызмет
1. Заңдардың,
Қазақстан Республикасы
2. Заңдардың қолданылуына тексерiстi прокурор өз өкiлеттiгi шегiнде тексерiс жүргiзу туралы қаулы шығарылғаннан кейiн:
1) Қазақстан Республикасы
2) заңды бұзушылық туралы өтiнiштерге, шағымдарға, хабарларға және басқа да мәлiметтерге;
3) заң бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуына;
3-1) жоспарлы тексерулер жүргiзудiң жыл сайынғы жиынтық жоспарына;
4) жоғары тұрған прокурордың тапсыруына және сұрау салуына байланысты жүргiзедi.
3. Тексерiстi прокурор сондай-ақ өзге де тиiстi құзыреттi органға тапсыруы мүмкiн, ол тексерiстiң нәтижелерi туралы прокурорға заңда немесе прокурор белгiлеген мерзiмде хабарлауға мiндеттi.
4. Заңдардың қолданылуын тексеру бiр ай мерзiмнiң iшiнде жүргiзiледi. Тексерiстi тағайындаған прокурор жоғары тұрған прокурордың келiсiмiмен оны жүргiзу мерзiмiн ұзарта алады.
5. Прокурорлардың барлық iс-әрекеттерi
мен прокурорлық қадағалау
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен
6-бап. Прокуратура органдары қызметiнiң құқықтық кепiлдiгi
1. Прокурордың
өз өкiлеттiгiн жүзеге
2. Прокуратураның талап етуi бойынша тиiстi органдар мен өкiлеттi адамдар:
1) қажеттi материалдар мен мәлiметтердi
өтеусiз және Қазақстан
2) тексерiске қатысу және
3) прокурорлардың қадағалау
3. Прокурордың өз құзыретi
4. Талап етiлген ақпарат прокуратура органдарына заңдарда белгiленген нысандарда, сондай-ақ прокурор белгiлеген тәртiп пен мерзiмде берiледi.
5. Прокурорлардың өз құзыретi
шегiнде тексеру мәселелерi
6. Лауазымды адамдар мен
7. Прокурордың заңды талаптарын орындамау не прокурордың талабы бойынша дәлелсiз себептермен келмей қалу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Прокурор ұйғарымдары мен қаулылары орындалмаған жағдайда өз құзыретi шегiнде оларды мәжбүрлеп орындатуға құқылы. (520-522-баптарды қараңыз K010155; 321-1-бапты қараңыз K970167)
8. Прокурор, заңда көзделген басқа
жағдайлар мен тәртiптi қоспағанда,
өзi жүргiзiп жатқан iстер мен материалдардың
мәнi бойынша қандай да бiр
түсiнiктемелер беруге, сондай-ақ
оларды кiмге де болсын танысу
үшiн беруге мiндеттi емес. Өзi жүргiзiп
жатқан тексерулер мен
Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1998.07.02 N 266, 2000.03.29 N 42, 2002.08.09 N 346, 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
7-бап. Арыздарды қарау
1. Прокуратура
органдары заңдарда
2. Егер адам бойындағы, психикасындағы немесе өзге де кемiстiктерi салдарынан өз құқықтарын қорғауды жүзеге асыра алмайтын болса, прокурор оны қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi.
3. Прокуратура органдары заңда белгiленген тәртiппен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң мүдделерiн қорғау жөнiнде өздерiне жүктелген мiндеттердi орындамайтын лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту шараларын қолданады.
4. Прокуратура органдарына қол
қойылмай жасалған арыздар
8-бап. Прокурордың iс-әрекеттерi мен актiлерiне шағымдану
1. Прокурордың
iс-әрекеттерi мен актiлерiне
2. Сот не жоғары тұрған прокурор прокурордың iс-әрекетiне немесе актiсiне арыз (шағым) бойынша шешiм шығарылғанға дейiн олардың орындалуын тоқтата тұра алады.
3. Жоғары тұрған прокурор азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың шағымдары бойынша не өз бастамасы бойынша төмен тұрған прокурор актiлерiнiң күшiн жоя алады не оларды қайтарып ала алады.
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2002.08.09 N 346 Заңымен.
8-1-бап. Заңдылықты, құқықтық тәртiптi және қылмысқа қарсы күрестi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметті үйлестiру