Мемлекеттік, құқықтық органдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 15:29, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Ата Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және егеменді мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Өз дамуын кеңейте түскен мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік аппарат табылады. Конституцияда мемлекеттік аппарат тармақтарының әрқайсысына кең өкілеттік берілген.

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................................3
Мемлекеттік аппараттың сипаттамасы
Мемлекеттік аппараттың түсінігі және оның нысандары............................5
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі
Өкілетті органдар.............................................................................................8
Атқарушы органдар.........................................................................................12
Сот билігі..........................................................................................................16
Мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының принциптері..............................…………………...........................................20
Қорытынды............................................................................................................22
Пайдаланылған адебиеттер тізімі........................................................................23

Содержимое работы - 1 файл

Реферат құқық, мемлекеттік органдар.docx

— 34.27 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Атқарушы органдар

Атқару билігі өкіметтің  қолында болады. Президенттік республикаларда  өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент             қамтитын атқарушы билік тармағына  жатады. Парламенттің қатысуымен Президент  басқарады әрі құрады, оның дербес құзыретті алқалы                    шешуші органы. Кабинет мүшелері бүкіл  халық сайлаған  Президент алдында  дербес жауап береді. Үкіметтің нақты  егеменділігі нақты               мемлекет басшысының субъективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасының  үкіметі – атқарушы билікті жүзеге асыратын,                 атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқымы                      тұрғысынан – Конституцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген /1, 53б./.

«Қазақстан Республикасының  Үкіметі туралы» Конституциялық Заңның 1-бабына сәйкес, Үкімет Қазақстан  Республикасының атқарушы билігін  жүзеге асырады, атқарушы органдардың  жүйесін басқарады және олардың  қызметіне басшылық жасайды.

Үкіметті Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі, орынбасарлары, Республика Үкіметінің аппаратының басшысы, Республика министрлері, мемлекеттік комитеттердің  төрағалары құрамында                Республика Президенті құрады.

«Қазақстан Республикасының  Үкіметі туралы» Конституциялық Заңның 4-бабына сәйкес, Республика Үкіметінің өкілеттік мерзімі төмендегідей: Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі              біткенше іс-қимыл жасайды және жаңадан сайланған Республика          Президенті алдында өзінің өкілеттіктерін доғарады. Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Республика үкіметі өз міндеттерін              атқара береді /7, 1-2б./.

Қазақстан Республикасының  Конституциясының 60-бабында Үкіметтің  келесідей құзыреті берілген. Оларға қысқаша сипаттама беріп өтелік:

  1. мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
  2. Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті әзірлеп ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;
  3. Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;
  4. Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;
  5. Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;
  6. Министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;
  7. Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің қолданылуын толық не бір бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады;
  8. Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
  9. Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен өзіне жүктелген өзге де қызметтерді орындайды /6, 33б./.

Үкімет құрылымы төмендегідей: Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкімет аппаратының басшысы, 14 министрлік және                    11 мемлекеттік комитет. Олар өздерінің  құзыреті бойынша бұйрық                  және инструкция қабылдайды. Үкімет өзінің бүкіл қызметіне           Конституцияда және Республика Президентінің  алдында жауапты.             Премъер – Министр және оның орынбасарлары, Үкімет аппаратының басшысы Төралқаның құрамына кіреді. Премьер-Министр өзінің                 өкімімен Төралқа құрамына Үкіметтің  басқа да мүшелерін кіргізуге              хақылы. Министрлік тиісті мемлекеттік  басқару саласына                    басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген  шекті-салааралық              үйлестіруді жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы             болып  табылады.

Мемлекеттік комитет тиісті мемлекеттік басқару салаларында  мемлекеттік саясатты жүргізетін және осы мақсатта заңдарға салааралық үйлестіруді  жүзеге асыратын Республика комитеті, бас басқармасы, комиссиясы, агенттігі  және Үкімет құрамына кірмейтін өзге де республикалық мемлекеттік басқару  органы. Үкімет құрамында                  орталық атқарушы орган болып  табылады. Министрліктің, мемлекеттік  комитеттің жанындағы департамент, агенттік, сондай-ақ Республика министрлігінің, мемлекеттік комитеттің жанындағы  өзге де                    мемлекеттік басқару органы юолып  табылады. Ол министрлігінің, министрлік комитетінің құзыреті шегінде арнайы атқарушы және               бақылау-қадағалау функцияларының, сондай-ақ салааралық үйлестіруді                не мемлекеттік басқару саласында  дербес басшылықты жүзеге                 асырады  /1, 53-54б./.

Енді, Республика Үкіметінің қызметін ұйымдастыру сұрақтарына  тоқталып өтетін болсақ.

«Қазақстан Республикасының  Үкіметі туралы» Конституциялық Заңның 4-тарауы  Республика  Үкіметінің  қызметін ұйымдастыруға арналған.

Үкіметтің отырыстары айына  кем дегенде бір рет өткізіліп               отырады. Үкіметтің отырыстарын  Премьер-Министр не Республика Президенті шақырады.

Үкіметтің отырыстарында  Премьер-Министр төрағалық етеді,                   ол болмаған кезде міндеттердің бөлінуіне  сәйкес Премьер-Министрдің міндетін атқаратын  Премьер-Министрдің орынбасарлары  төрағалық етеді. Үкімет ерекше маңызды  мәселелерді қарағанда оның отырыстарында  Республика Президенті төрағалық етеді.

Үкімет мүшелерінің кемінде  үштен екісі Үкімет отырысына            қатысса,  отырыс құқылы болып саналады. Үкімет мүшелері оның отырыстарына  алмастыру  құқығынсыз  қатысады.

Үкімет отырыстары ашық нысанда  өткізіледі. Президенттің не Премьер-Министрдің бастамасымен Үкіметтің жабық отырыстары өткізілуі мүмкін. Үкімет отырыстарын  әзірлеу мен өткізу тәртібі Үкімет Регламентімен белгіленеді.

Республика Премьер-Министрі Үкіметтің жұмысын           ұйымдастырады және Үкімет мүшелерінің  арасындағы қызметтік  міндеттерді  бөледі; Республика Президентімен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен, басқа мемлекеттік  органдармен қарым-қатынаста Үкіметтің  атынан өкілдік етеді немесе Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады; халықаралық              қатынастарда Үкімет атынан өкілдік  етуді тапсырады; Үкімет              мүшелерінің орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының есебін тыңдап отырады; заңмен қарастырылған  өзге де өкілеттіктерді атқарады /7, 2б./.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Сот билігі
  • Қазақстан Республикасының  Конституциясының 75-бабына сәйкес, Қазақстан  Республикасында сот төрелігін  тек қана сот жүзеге асырады.               Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды             мүдделерін қорғайды. Сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген  өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады.              Қазақстан Республикасында сот  жүйесін Республиканың Жоғарғы                   Соты мен Республиканың жергілікті соттары (облыстық және оларға теңестірілген  соттары, аудандық (қалалық) құрайды. Республика               аумағында   Қазақстан   Республикасының    Әскери   соттары   болады                /1, 54б./.

    Республиканың тәуелсіздік  алуына байланысты 1993 жылы қабылданған  Республикалық Конституцияда сот  билігі Конституциялық Сотқа, Жоғарғы Сотқа және Жоғарғы Төрелік  Сотқа, сондай-ақ заң бойынша құрылатын төменгі соттарға тиесілі екені көрсетіліп, сот билігінің өзге мемлекеттік биліктердің  қатарында екендігіне кепілдік берілді. Аталған Конституция судьялардың сайлануы мерзімін  10  жылға  дейін  ұзартты.

    1995 жылы 30 тамызда референдумда  қабылданған мемлекетіміздің жаңа  Конституциясының дүниеге келуінен  басталды.   Жаңа кезең бойынша  сот құрылымына тек Республика  Жоғары Соты  және жергілікті  соттар жататындығы белгіленіп, бұл соттар тұрақты судьялардан  тұратын болды. Сөйтіп, бұрынғы  Конституциялық Сот және Жоғарғы   Төрелік  Сот таратылды.

    2000 жылдың 1 қыркүйегіндегі  Қазақстан Республикасының Президентінің  «Қазақстан Республикасындағы сот  жүйесінің тәуелсіздігін күшейту  жөніндегі шаралар туралы»    Жарлығымен байланысты. Жарлықпен  Республикадағы соттар қызметін  материалдық-техникалық  және өзгедей  қамтамасыз етуді жүзеге асыратын  уәкілетті орган ретінде Қазақстан  Республикасының Жоғарғы Соты  жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі  комитет құрылып, сот билігі  атқарушы  биліктің  ықпалынан   толығымен  шығарылды.

    Республикадағы сот билігінің  тәуелсіздігін бекітудегі тарихи               маңызы бар келесі тағы бір оқиға  – 2000 жылдың 25 желтоқсанында «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен  судьялардың мәртебесі туралы»  Конституциялық Заңның қабылдануы. Бұл  Заң судьялардың құқықтық мәртебесін және жаңа сот жүйесін бекітіп, Жоғарғы                              Сот Төрағасының және жергілікті соттар төрағаларының өкілдіктерін кеңейтті /8, 10б./. 

    Республиканың сот жүйесі Конституциямен және Республиканың  конституциялық заңымен белгіленеді. Республиканың Конституциясында белгіленгендей, кез келген басқа органдардың, лауазымды  тұлғалардың немесе басқа тұлғаның сот функцияларын өзіне алуға хақысы жоқ.               Сонымен қатар Конституция қандай да бір атаумен арнаулы және               төтенше  соттар  құруға  жол  бермейді /9, 108б./.

    Сот билігі Қазақстан Республикасының  атынан жүзеге асырылады және оның мақсат-міндеті азаматтар мен  ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары  мен заңды мүдделерін қорғауды, Республика Конституциясының, заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық                актілерінің,  халықаралық  шарттардың  орындалуын  қамтамасыз  ету.

    Соттар шешімдердің, үкімдері мен өзге де қаулылардың Республиканың  бүкіл аумағында міндетті күш  болады, оларды орындамау, сол сияқты сотты сыйламаудың өзге де көріністері  заң бойынша жауапкершілікке  әкеліп соғады /10, 294б./.

    Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция  мен заңға ғана бағынады.

    Сот төрелігін іске асыру  жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке  әкеп соғады. Нақты істер бойынша  судьялар есеп бермейді.

    Заңды қолданған кезде  судья төмендегі принциптерді басшылыққа алуға тиіс:

    • адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;
    • бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық  немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;
    • сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;
    • жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;
    • айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
    • ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес;
    • заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;
    • адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;
    • қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді /6, 35-36б./.

    Қазақстан Республикасы Президентінің  2000 жылдың                                   1 қыркүйегіндегі «Қазақстан Республикасының  сот жүйесінің                тәуелсіздігін күшейту жөніндегі  шаралар туралы» Жарлығымен республикадағы сот тәуелсіздігінің жаңа бір  кезеңі басталды. Жарлықпен репсубликадағы сот тар қызметін материалдық-техникалық және                    өзгедей қамтамасыз етуді жүзеге асыратын уәкілетті орган ретінде             Қазақстан Республикасының Жоғарғы  Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі  Комитет құрылып, сот билігі атқарушы биліктің ықпалынан толығымен  шығарылды.

    Республикадағы сот билігінің  тәуелсіздігін бекітудегі тарихи маңызы бар келесі тағы бір оқиға 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы  сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі  туралы» Конституциялық Заңның қабылдануы /11, 3-4б./.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    1. Мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының негізгі  қағидалары

    Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай қағидалармен реттеледі: мемлекет аппаратының ішкі құрылысы және құзыретінің нәтижелі, тиімді болуы. Ол үшін оның қызметі демократиялық, Конституциялық, заңдылық принциптерге сәйкес болуға тиіс. Мемлекеттің лауазымды  адамдары, қызметкерлері нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қжет. Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, соны іске  асыруға міндетті. Халықтың мемлекетті басқару процесіне  қатысуының демократиялық жолдары  – оларды сайлауға қатысуы, халықтың өкілдері мемлекеттік аппаратты  құрады, азаматтардың құқықтары мен  бостандықтарына мемлекет кепілдік береді. Халық мемлекеттік аппараттың қызметіне көмек беру үшін қоғамдық ұйымдарды құрады, олар мемлекеттік  аппаратпен байланысатын саяси жүйені құрады. Конституцияның 33-бабында «Азаматтардың  тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекеттің  өкілдік, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс істеуі жөніндегі  әрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі»  делінген. Қатысудың түрлері былай  деп белгіленеді: мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару  органдарына жеке және ұжымдық өтініштер  жолдау; мемлекеттік органдар мен  өзін -өзі басқару органдары сайлау және оларға сайлану, референдумға қатысу, мемлекеттік қызметке кіру /1, 48-49б./.

    Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидалары –  бұл мемлекеттік органдарды құру мен олардың қызмет етуінің негізгі  бағыттарын анықтайтын бастамашылық ережелер. Оларға мыналар жатады:

    Информация о работе Мемлекеттік, құқықтық органдар