Білім мекемесіндегі сапаға жету жолдарын жоспарлауды мына үлгіде құруға болады

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 17:31, реферат

Краткое описание

- оқушыларды бірінші орынға қою;
- жоғары деңгейдегі кәсіптілікпен жұмыс істеу;
- бірлікте еңбек ету;
- тұрақты жақсартуға көмек жасау;
- барлық тұлғалар үшін бірдей еңбек ету;
- жоғары сапалы қызметпен қамту.

Содержимое работы - 1 файл

Білім сапасын арттырудағы мұғалім шығармашылығының ролі.doc

— 93.50 Кб (Скачать файл)


Білім сапасын арттырудағы мұғалім шығармашылығының ролі

Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақжеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әр түрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері, материалдық техникалық базалары, т.б. бойынша анықталады.

Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген: … « Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетігі- ұстаз, сондай-ақ, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.

Жаңа ғасырдағы мектеп алдындағы міндет – егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу. « Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш – мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар » деп Елбасымыз бекер айтқан жоқ. Өйткені Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интнллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс – тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Біліктілік – бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.

Біліктілік:

1. Білімнің негізінде қалыптасатын үлкен еңбек, яғни:
- жауапкершілікті сезіну;
- белгілі бір мәселені шешуге қатысу;
- білім беру технологияларын түсіну, меңгеру, қолдануда қабілеттілік таныту;
- еңбекке дұрыс қарым – қатынас;
- кәсібінде үнемі ізденіс таныту.

2. Ақпараттық қажеттілікті сезіну.
3. Көздеген мақсатқа жетуде әдіс- тәсілдердің бір-бірімен сай келуі.

Біліктілік негізі:

1. Оқып үйрену:

- белгілі бір тәжірибені пайдалана білу;
- өз білімін өзара байланыстыра ұйымдастыру;
- өзінің жеке оқыту бағдарламаларын құра білу;
- өзін дамытумен дербес айналысу.

2. Іздеу:

- әр түрлі базалық мәліметтерді іздестіру;
- ақпараттармен жұмыс;
- құжаттармен жұмыс жасай білу және оларды топтай білу.

3. Бейімделу:

- технологиялар мен ақпараттарды қолдана білуге бейімделу;
- өзгеріске икемділік таныту;
- қиындыққа көне және жеңе білу;
- жаңа шешімдер таба білу.

4. Ынтымақтастықта болу:

- еңбекте ынтымақтастықта болу;
- келіспеушілік пен әр түрлі көзқарастылықта көрегендік таныту;
- келісе білу,
- шарт жасай білу және оны орындау;
- тілектестік және ынтымақтастық таныту.

5. Жұмысқа ниеттілік:

- жобаға кірісу;
- жауапкершілікті сезіну;
- өз жұмысын ұйымдастыра білу;
- өткенді жаңамен байланыстыруды ұйымдастыру;
- қоғам дамуына сын көзбен қарай білу;
- қиындыққа және сенімсіздікке қарсы тұру;
- өзінің жеке көзқарасын білдіре білу, т.б.

Сапа өздігінен келмейді. Оны жоспарлау керек.

Білім мекемесіндегі сапаға жету жолдарын жоспарлауды мына үлгіде құруға болады.

Жоспарлау кезеңі

Негізгі жауап беруге тиісті сұрақтар

1. Негізгі мақсат

Біздің негізгі мақсатымыз не? Міндеттеріміз ше? Көрсеткішіміз және оның мәні не болмақ?

2. Тұтынушы талаптары

Біздің тұтынушыларымыз кімдер? Олар бізден не күтеді? Олардың сұраныстарына біздер қалай жауап беруіміз керек? Мекемеден олар не талап етеді?Тұтынушының қажетін өтеу үшін біз қандай әдістерді қолданамыз?

3. Табысқа жол

Кездесетін қиыншылықтар мен кедергілерден шығуда неге сүйенеміз? Жетістікке жетуде қандай сыншыл факторлар болуы мүмкін? Жетістікке қалай жетеміз?

4. Сапаны жүзеге асыру

Қандай стандартты жүзеге асырамыз? Біз сапаны қалай жүзеге асырамыз? Сапа несімен құнды?

5. Мамандар қызметі

Мамандар қызметін қалай ұйымдастырамыз? 

Кәсіптілік пен шығармашылықты дамыту жолдары қандай?

6. Үрдісті бағалау

Табыссыздық пен кезіккен кемшіліктерді жоюда қандай нақты әрекеттер болды? Нәтижелі жұмысты біз қалай не арқылы білеміз? Нәтижені бағалауды қалай жүргізсек дұрыс болмақ?

Сапаға жетуде білім мекемесі жұмысының құндылығы – бұл көзделген мақсатқа жету мен басты міндеттерді шешуде өз қызметін құру принципі.
Ол:
- оқушыларды бірінші орынға қою;
- жоғары деңгейдегі кәсіптілікпен жұмыс істеу;
- бірлікте еңбек ету;
- тұрақты жақсартуға көмек жасау;
- барлық тұлғалар үшін бірдей еңбек ету;
- жоғары сапалы қызметпен қамту.

Білім сапасын арттыруда тұлғалар қызметін талап деңгейінде ұйымдастырудың мәні зор. Ол қызметтің бағыттары мынандай болып келеді:

Ұйымдастырушылық қызмет:
- педагогтің қызметін ұйымдастыру;
- мұғалімнің оқушы қызметін ұйымдастыруы;
- оқушы қызметіне жағдайдың жасалуы;
- мұғалім мен оқушының өзара байланыс қызметі;
- оқушының өз қызметін ұйымдастыруы.

Жобалаушылық қызмет:
- педагогикалық үрдіске қатысушылардың мүмкін болатын нәтижелерін жобалай білу;
- педагогикалық өзара әрекетті үлгілеу;
- педагогикалық технологияны жүзеге асыру үрдісінде мұғалім мен оқушының даму деңгейін болжау.

Коммуникативтік қызмет:
- педагогикалық үрдіске қатысушылардың (мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар) арасындағы коммуникативтік қызмет;
- мұғалім мен оқушылар арасындағы ақпараттық алмасу;
- педагог пен тәрбиеленушілер арасындағы өзара түсіністік жағдайдың жасалуы.

Ю.К.Бабанский мұғалімнің сабақ үстіндегі шығармашылығын 4 деңгейге бөледі:
- мұғалімнің сыныппен өзара әректі, нәтижеге жетуге ұмтылуы;
- мұғалімнің сабақтағы қызметі, яғни жоспардан бастап оқытудың мазмұны, соған орай әдіс-тәсілдердің таңдалуы;
- оқушы шығармашылығын қалыптастыру, соны дамыту мүмкіндігін жасау;
- оқушылармен өзара қарым – қатынаста толық дербестік таныту, оқыту мен тәрбиелеуде нақты шығармашылықпен жұмыс жүргізу, оқушыларды өздігінен оқуға жұмылдыру.

Мұғалім шығармашылығы мынадан байқалады:
1. Алынған көрсеткіштерге талдау жасау;
2. Кезіккен проблемаларды, ситуацияларды сезіну;
3. Нәтижеге жету жолында педагогикалық өзара әрекет жүйесін құру;
4. Өз қызметінде бағдарланған міндеттерді шешуді тұрақты түрде кері байланыс арқылы жүзеге асыру.

Ал, мұның барлығы мұғалімнің кәсіптілігіне байланысты болмақ. Ол біріншіден, өзінің еңбегінің нәтижесін өлшеу біліктілігі мен қызметінде сапалы көрсеткішке жетуі. Екіншіден, практикалық қызметте педагогтің

сапалық көрсеткішін зерттеу біліктілігі. Бұл шебер-педагогтің , шығармашыл педагогтің өз қызметіне , оның нәтижесіне талдау жасай білу біліктілігін көрсетеді. Әр педагог өз жұмысына талдау жасауда:

Неге жеттім ? Неге ұмтыламын ? Не кедергі жасайды ? сұрақтарын басшылыққа алуы тиіс.

Н.В.Кухарев бойынша педагогикалық шығармашылықты өлшеу

Критерилері төмендегіше:
• Жаңашылдығы және түпкіліктілігі;
• Ғылыми негізділігі;
• Әлеуметтік – педагогикалық ерекшелігі;
• Болашақтылығы;
• Өзара әректтің тиімділігі;
• Қанағаттанушылық;
• Нәтиженің тұрақтылығы;
• Бейімділігі;

Педагогикалық шығармашылықты өлшеу критерийлері

Критерийлердің қызметте байқалу түрлері

1.Жаңашылдық және оның түпкіліктілігі

Материалды берудің түпкіліктілігі:
* білім беру мазмұнының түпкіліктілігі;
* пәнаралық байланыстардың түпкілікті негізі;
* жаңа әдістер, үлгілер,олардың түпкілікті байланысы;
* қолданылып жүрген әдістер, тәсілдер мен үлгілер дәрежесін өзгерту;
* жаңа авторлық әдістеме;
* жаңа авторлық оқыту мен тәрбиелеу жүйесі;
* педагогикалық ізденістегі бейімделу дәрежесі

2. Ғылыми дәлелділігі

Педагогикалық – психологиялық ғылымдардың жетекші идеяларына сүйену: 

        өзінің шығармашылық ізденістерінен негізгі ойды ескеру;

        алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірбиелерге сүйену;

        басқа салалардағы: медицина, акмеология, философия, социология және т.б білімдерді пайдалану.

3. Әлеуметтік – психологиялық ерекшелігі.

Педагогтың өзі үшін ізденудің ерекшелігі: 

        әріптестер үшін ерекшелігі;

        оқушылармен шығармашылықпен жұмыс жүргізу бағытының дәрежесі;

        әлеуметтік тапсырыстар, ата-аналар сұраныстарының дәрежесі;

        білім беру жүйесіндегі шығармашылық ізденіске дем берушінің әрекет дәрежесі;

        барлық аймақтық білім беру жүйелерін дамытудағы тәжірибелер ерекшелігі.

4. Болашақтылығы, қолайлылығы.

Оқушылардың жұмысқа қабілеттілігін өсіру дәрежесі. 

        педагогтар мен оқушылар қызметінің тиімділігі;

        педагогикалық нәтижені аймақтық жағдайлар мен потенциалдық мүмкіндіктеріне сай тұрақты жақсартуы;

        оқушылардың танымдық қызығушылықтарын тұрақты күшейту;

        сыртқы себебтерді азайту есебінен ішкі бағыттағы себебтерді кеңейту;

        болашақ тенденцияларды ескергенде материалдық шығын дәрежесі.

5. Өзара әрекет тиімділігі

Педагогтың оқушыға ықпал ету дәрежесінің өзгеруі: 

        педагогикалық нәтиженің сапалық, сандық көрсеткіштерінің динамикасы;

        оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне педагогикалық әрекеттердің сәйкестік икемділігінің дәрежесі;

        педагогтың өзінің оқушылардың ықпалын өзгерту дәрежесі;

        оқушыларды жеке тұлға ретінде инновациялық, шығармашылық тұрғыда қалыптастырудағы педагогтың жеке тұлға ретіндегі ерекшелігі;

        жаңа әдістердің туындауы.

6. Қанағаттанушылық

Педагогтің шығармашылық қызмет үрдісіне: 

        педагогтің өз қызметінің нәтижесіне;

        оқушылардың қызметінің әр кезеңде нәтижеге жетуі;

        оқушылардың еңбектестік үрдісіне;

        оқушылардың педагог қызметін атқару үрдісіне

* сезімдік – адамгершілікті жетілдірудің өзара нәтижелері;
* ақыл-ойдың өсуінің нәтижелері;
* өзіндік даму және өзіндік жетілу жолын таңдауына;
* педагог пен оқушылардың тұрақты шығармашылықты қалыптастыру бағытына.

7. Нәтиженің тұрақтылығы.

Педагогтің қызметі бойынша көрсеткіші: 

        пәнді оқыту көрсеткіші;

        басқа педагогтардың пән бойынша көрсеткішіне қатысы;

        туыстас пәндер педагогтарымен байланысы;

        білім беру жүйесіне қатысы.

8. Бейімділігі

Өзіндік шығармашылыққа ынталандыруы: 

        педагогикалық технологияны меңгерудегі шығармашылдығының мүмкіндігі;

        педагогтің жеке қасиетіне сай әдістер мен технологияларға бейімделу мүмкіндігі;

        туыстас пәндер педагогтарының қызметіне, педагогикалық инновацияны пайдалану мүмкіндігі, бейімделуі,

        білім беру жүйесіндегі педагогтің қызметіне бейімділігі;

        әр түрлі жағдайға бейімділігі.

Педагогтің өз еңбегіне, сапалы көрсеткішіне зерттеу және талдау жасау біліктілігіне қарай шығармашылық мынандай деңгейлерге бөлінеді:

1. Ақпараттық – өндірушілік: педагог басқаның тәжірибесін ескере отырып , нәтижеге жету жолындағы педагогикалық міндеттерді шешеді, нақты стуацияларды шешудің тиімділігін талдауды біледі. Бұл педагогикалық шығармашылықтың төменгі деңгейі болып табылады.

2. Бейімділік- болжаушылық: педагог өзіне белгілі ақпараттан оқушылардың потенциялық мүмкіндіктері мен өзіндік жеке қасиеттерін ескере отырып, өзара әрекет әдістерін, құралдарын, тәсілдерін іріктеп, өзгертіп пайдалана біледі.Бұл деңгейде пәнаралық байланыс, саралап оқыту, білім, білік дағдыларын меңгертужұмыстары жүреді. Бірақ әліде болса оқушының жеке басын дамытуды оптималды болжау жағдайы жетіспейді.

Бұл педагогикалық шығармашылықтың І деңгейі.

3. Ұтымдылық: педагогтің құрастырушылық – болжаушылық қабілеті байқалады, яғни жаңашылдық, педагогикалық үрдісті мақсатты,ұйымдастыру, педагогикалық міндеттерді шешудің қалыптан тыс түрлерін қолдану, т.б. Бұл І І деңгейі.

4. Зерттеушілік: педагог өзінің ізденісінің тұжырымдамалық негізін анықтай біледі, оларды еркін қисындырады. Оның нәтижесінзерттеу негізінде өзінің жүйесін дайындайды. Бұл деңгейде педагог шығармашылықтың жоғары категориясына жақын. Бұл педагог өзінің тәжірибесін жинақтай біледі. Егер оны әріптестері мойындаса, оның идеясы басқа мұғалімдердің жұмысында тиімді нәтиже беруі мүмкін.

Бұл педагогикалық шығармашылықтың « жоғары » деңгейі.

5. Креативтік. (шығармашылықты елестете білу) – болжаушылық: педагог жоғары міндеттерді ұсыну және оларды шешудің әдістерін негіздеу қабілеттерін көрсетеді. Мұндай қызмет нәтижесінде өмірлік шығармашыл инновациялық тұлға қалыптасады. Бұл деңгейде педагог қызметінде өзара әрекет жасау әдісі орын алады. Принцип бойынша бұл әдістерді оның оқушылары да меңгереді. Олар тұрақты жағдайда өз мүмкіндіктері бойынша өзіне – өзі іштей жарысқа түсу үрдісінде нәтижеге жетуге тырысады.

Алғашқы екі деңгейде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім өзін іздейді, яғни ол өзіне : Мен не істей аламын?, Қолымнан не келеді? Деген сұрақтарын қойса ІІІ-деңгейде, Қалай жақсы істеуге боладжы?, Қандай әдіс – тәсілдер , құралдар жоғары нәтиже береді? деген сұрақтарды басшылыққа алса, ал ІV, V деңгейде өз іс әрекетіне шығармашыл-педагог:Мен кімді қалыптастырамын?Менің қызметімнің нәтижесі не? Сұрақтарын басшылыққа алады.

Мұғалім сабағына қатысу және талдау жасау, бағыт – бағдар беру мектеп басшыларының қызметінің негізгі және маңызды кезеңі болуы тиіс. Ол үшін бұл жұмысқа уақытты аямау керек , өйткені сол арқылы мұғалім еңбегінің сапасы және нәтижесі анықталады.

В.А. Сухомлинский « Разговор с молодым директором школы » атты еңбегінде : « Сабаққа жиі қатысып, талдау жасайтын мектеп директоры мектепте не болып жатқанын хабардар болады, ал жиналыстар өткізіп, басқа ұйымдастыру жұмыстарымен жүріп, оқушының , мұғалімнің еңбегімен тікелей таныспаған басшының қызметінің мәні болмайды » деген

Оқыту сапасының негізгі критерийлері оқыту үрдісінің нәтижесі мен оқушылардың білім, білік дағдысының сапасы болып табылады. Ал, бұның барлығы мұғалім кәсіптілігіне тікелей байланысты екендігін шексіз қайталап айта беруге болады. Өйткені сапалы, білімді, шығармашыл оқушы ( кіші ғылым академиясы жанында ұйымдастырылатын ғылыми жұмыстар жоба жарыстары жүлдегерлері мен пәндік олимпиада, «Дарын» бағдарламасы бойынша өткізілетін байқау, жарыстарының жеңімпаздары және т.б. ) шығармашылықпен жұмыс жүргізетін мұғалім еңбегінің жемісі.

Мұғалім – өте нәзік инструмент, ол барлық адами қызметтерді өзінде жинақтауға ұмтылады. Ол философ, дирижер, ұйымдастырушы, оқымысты, психолог, артист. Сондықтан оның бойындағы байқалатын қызметтерге сыйластықпен қарай отырып, оны жетілдіруге көмек көрсету және бұл инструменттің ерекшеліктері мен дауысына үн қосу негізгі міндеттердің бірі.

Мұғалімнің эмоциялық жағдайы, оның дайындық дәрежесі және көбеюі баламен жұмыс жүргізудегі басты одақтас болатындығын әкімшілік білуі тиіс және мұғалімді соған бағыттауға тілектес бола білуі керек. Сондай-ақ олардың тұлғалық қасиеттерін аша отырып, оқушыларға сапалы білім беру және шығармашылдығын қалыптастыруда жан – жан жақты көмек ұйымдастыру сапалы еңбекке қол жеткізудің бірден-бір жолы болмақ.

Дайындаған: Ошақбаева Гүлзайра Құлтасқызы, оқу ісінің меңгерушісі

Шығармашыл жұмыс істейтін мұғалім

1. Өз пәні бойынша білімі

Өз пәні бойынша терең , жан-жақты білімді. Білімін жоспарлы жоғарылата алатын, мамандығы бойынша методикасын, әр түрлі саладағы ғылыми – көпшілік әдебиеттерді еркін меңгереді.

2. Өз пәніне қатынасы

Өз пәнін біледі, қызықтырып өтеді.

3. Жұмыстағы жаңашылдыққа көзқарасы.

Жаңа көзқарасты идеяларды, педагогикалық міндеттерді жаңаша шешуді талап ететін активтілігімен ерекшеленеді.

4. Оқу жұмысын жоспарлауды білу.

Оқушылардың, сыныптың ерекшелігін ескере, сабақ жүйесініңформасы мен тәсілдерін түрлендіре отырып, шығармашылықпен жоспарлау.

5. Оқытудың психологиялық, педагогикалық білім негізі.

Қәзіргі заманғы оқытудың психологиялық – педагогикалық концепциясын еркін меңгереді және оны педагогикалық қызметінде негіз ретінде пайдаланады.

6. Педагогикалық тәсіл

Оқушылармен қарым – қатынас жасау, оларға талап қоя білу, мөлшерін сақтай біледі.

7. Оқыту процесінде оқушымен жеке қарым – қатынас.

Оқушы ерекшелігін жүйелі зерттеу, оқыту талаптарында жеке қарым – қатынасты қамтамасыз ету, яғни тапсырманың күрделілігі мен көлемін деңгейлеу, нашар үлгеретін оқушыларға үнемі тиянақты көмек көрсету, үй тапсырмасының орындалуын үнемі бақылау, оқу деңгейлерініңдайындықтары күшті, орта, нашар оқушыларды бір мезгілде көз алдында ұстай білу.

8. Оқу еңбегі дағдысындағы оқушыларды дамыту жұмысы

Оқу еңбегін оқушыларда дағдыға айналдару, білім –білік дағдысын мақсатты, тиянақты түрде бірдей қатынаста ұйымдастыру, білім алуда өзін – өзі бақылау, оқу еңбегін дұрыс қатынаста жоспарлау, оқытудың, жазудың, есептердің міндетті жеке қарым – қатынас тудыру.

9. Ойлау қабілетін дамыту жұмысы

Оқыту формасы мазмұны мен әдісінің активті дамуы оқушылардың оқыған материалдарындағы керектісін бөліп ала білуіне үйретеді және жеке қарым – қатынас жасауға жағдай туғызады.

10. Оқушылардың пәнге қызығушылығын дамыту

Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруда негізгі жұмыс тәсілдерін пайдаланады, мазмұнның жаңашылдығын пайдалану; оқытудың әр түрлі тәсілдері, сыныптан тыс жұмыстар , қызығушылықтарын қалыптастыруға, жеке қарым –қатынас жасауға жағдай туғызады.

11. Оқушылардың білім – білік дағдысын, білім сапасын бағалай білу.

Бағалауды практикада қолдана білу, тек қана білімін бағалау емес оның практикалық – эксперименталдық білім – білік дағдысын бағалауға дұрыс жағдай туғызады. 

Күнделікті баға қорының жеткілікті саны оқушылардың тоқсандық қортынды баға бөліп ала білуіне үйретеді және жеке қарым – қатынас жасауға жағдай туғызады.

Информация о работе Білім мекемесіндегі сапаға жету жолдарын жоспарлауды мына үлгіде құруға болады