Өндірілген өнімнің өндірістік және толық өзіндік құнын есептеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 15:45, дипломная работа

Краткое описание

Курстық жұмыс барсында қарастырылатын тақырыптар: өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құныны түсініктіеріне жалпы сипаттама; өзіндік құнынын талдау; өнімнің өзіндік құнын калькуляция баптары бойынша топтау; өнімнің өзіндік құныны негізінде өнімге баға белгілеу; өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары.

Содержание работы

Кіріспе……………………………………………………………………..3
Негізгі бөлім
Бөлім 1. Өндіріс шығындары және өзіндік құн.
1.1. Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері…....4
1.2 Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуы және мәні……….....7
Бөлім 2. Өнімнің өзіндік құнын талдау.
2.1 Өзіндік құнды жоспарлау және өнімді өндіру шығындарының
классификациясы………………………………………………....12
2.2 Өнімнің өзіндік құнын талдау………………………………...16
2.3. Өнімнің өзіндік құнының бағаны анықтаудағы рөлі…....….21
Бөлім 3. Өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары.
3.1. Еңбек өнімділігін арттыру…………………………………….23
3.2. Өндіріс процесінде қолданылатын шығындарды азайту.....25
Қорытынды…………………………………………………………...28
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………30

Содержимое работы - 1 файл

диплом.doc

— 173.50 Кб (Скачать файл)

Бұл  өнім  бірлігіне  табыстың  азаюына,  өндірістің  шығындалуына,  сату  бағасының  өсуіне  әкеледі,  әрине  бұл  жағдайлар  өнімді  өткізу  көлеміне  негативті  түрде  әсер  етеді.

      Осы  жерде  тікелей  шығындарды  өнімнің  бағасының  өсуі  немесе  шығындалуға,  кәсіпорынның  бәсеке  қабілетінің  төмендемейтіндей  деңгейде  ұстау  және  бақылау  қажеттілігі  туындайды. 

      Әр  түрлі  бұйымдар  өндіретін  фирмада  жанама  шығындар  әр  түрлі  өнімдер  бойынша  бөлінеді. Бұл  мәселені  шешу  үшін  қандай  да  бір  критерий  қажет.  Осындай  «бөлістіру  кілті» мыналар  болуы  мүмкін:

      • өнімді  өндіруге  қажетті  уақыт  мөлшері;
      • өнім  өндірісіне  кететін  тікелей  еңбек  мөлшері;
      • өнім өндірумен  айналысатын  өндіріс  алаңы;
      • Өнім  өндірісіндегі  негізгі  қорлар  бағасы  және  т.б.

      Осы  әдістердің  ішінен  шағын  өндіріс  көбіне  өнімге  кететін  тікелей  еңбек  көлемін  бөлістіру  әдісін  қолданады:

      а)  Тікелей  еңбектің  бір  сағаттық  жанама  шығынын  есептеуде  барлық  жанама  шығындарды  барлық  тікелей  жұмыс  уақытына  бөлінеді:

219 650 / 11 562  =  19,00 тенге / сағат

      б)  Әрбір  өнімге  жанама шығынды  есептеу  үшін, өнім  өндірісіне қажетті  тікелей  уақыт  мөлшерін  жанама  шығындардың  сағаттық  құнына  көбейтеміз;

0,1 х  19,00 тенге/сағат =  1,9 тенге/бірл.

2.3. Өнімнің өзіндік  құнының  бағаны  анықтаудағы  рөлі. 

      Кәсіпорынның  өндіріетін  әрбір  өнімнің  толық  өзіндік  құнын  біле  отырып, сатып  алушыға  осы  өнімнің  өткізілу  бағасын  немесе  құнын  анықтауға  болады.

      Әрине,  өткізу  бағасын  орнатқан  кезде  төмендегідей  басқада  элементтерді  ескеру  қажет:

      • бәсекелестер  бекіткен  осы  сияқты  өнімдердің  бағасы;
      • берілген  өнімге  сатып  алушы  төлеуге келісетін-баға;
      • сапасы  жағынан ұқсас  басқа  бұйымдар  бағасымен  салыстыру;

      Мысалы, кәсіпкер  өз  шығындарын (тікелей  және  жанама)  жабқысы  келеді,  және  20%  табыс  алғысы  келеді:

      Толық  өзіндік  құн                              20,89 тенге

      Табыс                                                     4,18  тенге 

      Сату  бағасы                                          25,07 тенге

      Бұл  жағдайда  кәсіпкер  сатудан  20%  табыс  ала алмағанын  көруге  болады. Табыс  тек  қана  16,8%-ды  құрайды  (ол  4,18  және  25,07  арасындағы  қатынаспен  есептелген) және  табсы  нормасы  ( маржасы)  деп  аталады.

      Бұл  жерде  есептелген   баға,  тек  өнімді  өткізуге  қажетті  бағаны  ғана  көрсетеді.

      Осындай  сападағы  нанды  фирма  22  теңгеге  сата  отырып  ( толық  өзіндік  құннан  жоғарырақ),  фирманың  жақсы  табыс  табуы  қиынға  соғады.  Сондықтанда  фирма  өзіндік  құнды  осы  өнімге  ұқсас  өнім  өндірушілердікінен  жоғары  болмайтындай  етіп,  түсіруі  қажет  болады.

      Егер  өзіндік құн  құрылымын  қарастыратын  болсақ,  фирманың  өндіретін  наны   басқа  бәсекелестердікіне  қарағанда дәрумендендірілген.

      Фирмаға  осы  ерекшелікті  ескеру  қажет,  осы  ерекшелікті тұтынушыға      жеткізу      үшін      фирма     сәйкесінше    ақпараттық     және

жарнамалық  компанияның  қызметін  қолдану  қажет, бұл  компанияның  көмегімен  фирма  өзінің  өнімінің  басқа  өндірушілер  өнімімен  салыстырғанда  қосымша  қаситтері  бар  екенін  жария  ете  алады.  Оған тұтынушыларды  өзінің  өнімінің   бағасының  жоғары  болуының    себебі  әртүрлі  дәрумендермен   байытылғандығына  байланысты  екенін  сендіру  қажет. 

      Басқа  жағдайда фирмаға  басқаша  стратегияны  таңдау  қажет  болады,  тіпті  өндірістік  шығындарды  азайтып  және  өз  өнімінің  бағасын  нарықтағы  бағамен  теңестіру  үшін  витаминдерден  бас  тартуға  мәжбүр  болады.  Әйтпесе, оның  өнімі  нарықтағы  бәсекелестердің  өнімінен  жеңілу  қаупі  болады.

      Бұл  жағдайда  өнімді  қандай  бағамен  сатуға  тырысатын  әр  түрлі  нұсқаларды  қарастыру  қажет.

      Әрине,  өнімге  бағаны  құн  арқылы  орнату  тәсілінен  басқа  да  нұсқалар  бар.

      Өндірістің  жаңа  жүйесі  шаруашылық  ерекшелігін,  шығын  дәрежесін,  өнім  сапасын  ескере  отырып  дұрыс  баға  жүйесін  жасауды  талап  етеді.  Бірақ  кәсіпорындардың  өндірісін  тиімділік  жағынан  теңестіру  үшін  өнім  түрлерінің  сату  бағасына  жоспарлы  түрде  үстеме  қосылады  немесе  кемітіп  сатуға  пайыз  белгіленеді.  Бағаны  белгілеу  үшін  салалық  өнімнің  толық  өзіндік  құнын  алады,  сонан  соң  оған  өзіндік  құннан  белгіленген  мөлшердегі  рентабелділікті  (сомасын) қосады.  Сөйтіп  пайданы  өзіндік  құнмен  салыстырып  дұрыс  баға  белгіленеді.  Пайданы  толық  өзіндік  құнан  белгіленген  рентабелділік  арқылы есептеп   шығарады.  Өндірісті  одан  әрі  дамыту  үшін  өнімді  сатқаннан  түскен  ақша  барлық   жұмсалған  шығыннан  (өзіндік  құннан)  артып,  қажетті  мөлшерде  пайда  әкелуге  тиіс. 
 
 

3. Өнімнің  өзіндік   құнын  азайту  жолдары. 

3.1. Еңбек  өнімділігін   арттыру. 

      Жоғарыда  аталғандай  еркін  бәсекелестік  жағдайында  кәсіпорын (фирма)  өндірген  өнімге  баға  автоматты  түрде  орнатылады.  Оған  нарықтық  баға  қалыптастыру  заңдары  әсер  етеді. Сонымен  қатар  әрбір  кәсіпкер  максимальді  мүмкін  пайда  алуға  тырысады.  Осы  жерде  Өнім  өндірісі  көлемін  өсіретін,  оның  толықтырылмаған  нарықтағы  қозғалысына  әсер  ететін  факторлардан  басқа,  осы  өнімді  өткізу  және  оның  өндірісіне  шығындарды  төмендету,  өндіріс шығындарын  төмендету мәселесі  туындайды. 

      Дәстүр  бойынша  шығындарды  азайтудың  маңызды  жолдарының  бірі  болып  өндіріс  процесінде  тұтынылатын  ресурстардың  барлық  түрлерін  тиімді  немесе  эконоиды  пайдалану:  еңбектік  және  материялдық.

      Өзіндік  құнды  азайтуда  еңбек  өнімділігін  арттыру  қажет.  Еңбек  өнімділігі-еңбек  шығынының  тиімділігін  арттыру.  Бұл  өндіріс  процесінде

жұмсалған  қоғамдық  еңбектің  тиімділігі,  нәтижелілігі,  жемістілігі.  Қызметкерлердің  еңбек  өнімділігі  бір  уақыт  өлшемі  ішінде  өндірген  өнімнің  немесе  орындалған  жұмысының  көлемі (мысалы,  1  сағатта  10т  өнім  шығарады),  немесе  бір  өнімге  кеткен  уақыт  (10т  өнім  алуға  1  сағат  уақыт  жұмсады)  немесе  ұлттық  табыс  мөлшерімен  есептелінеді.

Еңбек  өнімділігі=Жиынтық  қоғамдық  өнім /  Жұмыс  атқаратындар  саны

      Кәсіпорын  деңгейінде: 

Еңбек  өнімділігі=Q  (өнімнің саны)/ Т (уақыт)

      Еңбек  өнімділігін  арттыру  үшін  жұмыс  уақытын  үнемдейтін  факторларға  назар  аударылады.  1)  жұмыс  уақытын ұтымды  пайдалану;

2)  жұмыста   кездесетін  тиімсіз  үзілістерді   азайту.  Жұмыс  уақытын   ұтымды,  үнемді  пайдалануға   техника   мен  технологияларды   жетілдіріп,  өндірісті,  еңбекті   ұйымдастыруды  жақсарту,  ал  екінші  әдіске - өндірістің  жоспардан тыс тоқтап  қалуын  қысқарту,  сөйтіп  үзілістерді   азайту

жолдарымен  қол  жеткізеді.

      Еңбек  өнімділігінің  көрсеткіші  қызметкерлердің  материалдық  жағдайын  жақсартумен  тікелей  байланысты.  Еңбек  өнімділігі  арттқан  сайын  еңбекақы – оған  төленетін  ақы да  өсіп  отыруы  тиіс.  Жалақының  еңбек  өнімділігінің  өсу  қарқынан  кейін  қалуы  немесе  артып  кетуі  дұрыс  емес.  Бұл  қатынас  бұзылса,  ол  еңбек  өнімділігін  арттыруға  деген  материалдық  мүдделілікке  кері  әсер  етеді.

      Осылайша,  өндірістің  шығындар  құрылымындағы  көп  бөлігін  еңбекақыға  шығындар  алады  (   Қазақстан  өнеркәсібінде  13 -14 % ,  дамыған  елдерде – 20 -25 % ). Сондықтанда  шығарылатын  өнімге  еңбек  сыйымдылығын  азайту,  еңбек  өнімділігін  өсіру  мәселелерінде өндірістің  әкімшілдік  қызметтігі  персоналдың санын азайту  орынды  болады.

      Еңбек  өнімділігін  арттыру  оны  ұйымдастыруға  да  көп  көңіл  бөлу  қажет:  жұмыс  орындарын  дайындау,  оның  толықтай  жұмыс  жасауы,  еңбектің  арттыруға  басқада  әдістерді  қолдану.

      Еңбек өнімділігін  арттыру  мақсатында  Кәсіпорындарда  жұмыс  күшінің  бәсеке  қабілеттілігін,  сапасын  жоғарылату  қажеттілігі  мына  факторлармен  анықталады: 

      • Өндірістік  ресурс  ретінде  персонал  құнының  өсуі;
      • Еңбекті  тиімді  қолдануды  және  ұйымдастыруды  жаңа  әдістерді  талап  ететін  бәсекелестер  тарапынын  қысым;
      • Өндірісті  басқаруда  және  ұйымдастыруда  жаңа  әдістерді  талап  ететін  технологиялық  өзгерістер;
      • Өз  жұмысшыларының  потенциалының  өсіміне  кәсіпорын  басшыларының  әлеуметтік  жауапкершілігі;
      • Автоматтандырылған  жүйелердің  енгізілуі  және  оларды  басқаратын  жұмысшылардың  квалификациялық  деңгейінің  сәйкестілікті  талап  ету;
      • Жұмысшылардың  интелектуалдық  дайындығын  арттырудың  қажеттілігі.
    1. Өндіріс  процесінде  қолданылатын  шығындарды  азайту.
 

      Өндіріс  процесінде қолданылатын  шығындардың мөлшерін  азайту  үшін  үнемі    экономикалық  талдау  жасау қажеттілігі туындайды. 

Өндіріс процесінде өнімді өндіруге жұмсалатын шығындар дайындалған өнімнің өзіндік құнының мөлшеріне тікелей әсер ететіндіктен шығындардардың қандай да статьясынан үнемдеу мүмкін болса, өнімнің өзіндік құны да азда болса төмендейді.

      Өнімнің  өзіндік  құнын  азатуды  қамтамасыз  ететін  жалпы  факторларға  мыналар  жатады:

      • Шикізат,  материал,  электроэнергия  және  жанармайды  экономдау;
      • өндірістің  негізгі  құралдарын  қолдануды  жақсарту;
      • ресурсүнемдеуші  жаңа  технологияларды  қолдану;
      • өнімді  өткізу  бойынша  шығындарды  азайту;
      • кәсіпорынның  тауар  саясатын  қайта  қарастыру;
      • жұмысын  тоқтату  және  ақаулардан  жоғалтуларды  азайту;
      • сатып  алынатын  материалдардың  оптимальды  көлемін  және  өндіріс  процесінде  өндірілетін  өнім  көлемінің  дұрыстығын  қадағалау  және  бақылау;
      • жалпы   заводтық  (жалпы  шаруашылық)   және  цехтық  шығындарды  азайту;

      Шаруашылықты  жүргізудің   жаңа   жүйесі  үнем   тәртібін   қатаң  сақтап  өзіндік  құнды   төмендетуді   көздейді.  Өнімнің,  жұмыстың  өзіндік  құны  материал  мен   еңбек   ресурстарының    үнемделу, өндірістің    техникамен   жарақтану   дәрежесін,  сонымен   бірге   шаруашылық   есеп негіздерінің   сақталуын   көрсетеді.   Кәсіпорындардың    өзіндік құнына   өндірістен тыс   сатуға   жұмсалған   шығынды   қосып   өнімнің   толық    өзіндік   құнын   есептеп  шығарады. Толық   өзіндік   құн - өнімді    өндіруге   және    сатуға   кеткен   шығындар   жиынтығы, құнның   негізгі   бөлігі.

      Өнекәсіптегі  өнімнің  өзіндік  құнын  талдау   тауарлы  өнімнің   1  теңгеге   шығынын   қысқартудан  басталады,   өйткені  ол  өзіндік құнның  негізгі   көрсеткіші   болып   табылады.  Ол  өзіндік құн динамикасын   және  шығын деңгейін  сипаттайды.  АҚ «Рахат» тауарлы өнімінің 1 теңгеге шаққандағы  шығындар  динамикасы   1-таблицада көрсетілген.

                    АҚ «Рахаттың» 1999 жылдың ақпан-желтоқсан айларындағы

тауарлы  өнімінің  1  теңгеге  шаққандағы  шығындарын  талдау.

 

қ/с

 
          Шығындар  бабы
1  теңгеге   шаққандағы  шығындар
Желтоқсан Ақпан-желтоқсан
1995 1996 Ауытқу 1995 1996 Ауытқу
1     Шикізат және негізгі  материал 48,48 48,06 -0,42 61,5 49,07 -12,43
2 Көмекші материалдар 4,37   3,94    -0,43 4,14 5,33    1,19
3 Отын 7,62   2,74    -4,88 5,78 4,71 -1,07
4 Электр энергиясы 0,45   0,61     0,16 1,2 0,95 -0,25
5 Айлық еңбек  ақы негізгі 2,1   3,83     1,73 6,01 6,0 -0,01
6 Айлық еңбек  ақы қосымша 1,87 4,3 2,43 0,06 1,35 1,29
7 ЕА-ға  есептеулер 1,97 1,41 -0,56 2,2 2,22 0,02
8 Құрал-жабдықты пайдалану -23,44 4,82 28,26 26,21 9,22 -16,99
9 Цехтық  шығындар 4,58 7,2 2,62 16,48 14,08 -2,4
10 Жалпы  заводық  шығындар 8,03 4,71 -3,32 23,81 14,23 -9,58
11 ФЗС 56,01 81,62 25,61 147,38 107,18 -40,2
12 Өндірістік  емес шығындар 1,16 3,06 1,9 4,31 5,31 1
13 Толық  өзіндік  құн 57,17 84,68 27,51 151,69 112,49 -39,2
14 1 теңгеге   шаққ. ТӨ-ге шығын 57,17 84,68 27,51 151,69 112,49 -39,2
15 Үстеме(накладной)шығ. м, тг -9,68 19,79 29,47 70,81 42,85 -27,96

Информация о работе Өндірілген өнімнің өндірістік және толық өзіндік құнын есептеу