Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 11:01, реферат
Қандайда болмасын заттарды – еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы белгілерімен емес, солардың өндіріс процесінде атқаратын рөлімен анықталады. №6 Бухгалтерлік есеп стандарты бойынша негізгі құралдар бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында, сондай - ақ өндірістік емес салада (материалдық емес өндіріс саласында) ұзақ уақыт бойы (1жылдан аса) қолданыста болатын материалдық активтер. Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойынша пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.
КІРІСПЕ...............................................................................................................3
1 Негізгі құралдарды жалдау есебі
1.1 Негізгі құралдардың ағымдағы жал бойынша операцияларының есебі...................................................................................................................5
1.2 Қаржылық жалдау жөніңдегі операциялардың есебі.........................9
2 Лизингтік операциялар есебінің ерекшелігі
2.1 Лизингтік операциялар және олардың сипаттамалары.......................14
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ...................................
Қаржылық лизинг – қолдану үрдісінде мүліктің толық немесе үлкен бөлігінің амотизациясы өтетін ерте және ұзақ мерзімді сипаттағы келісімдермен сипатталатын лизингтің неғұрлым кең қолданылатын типтік нысаны. Қаржылық лизингтің маңызды белгісі – лизингтік жалдау шығындарын қалпына келтіруге қажетті жалдаудың негізгі мерзімі деп аталатын ағымда келісімді бұзудың мүмкін болмайтындығында.
Қаржылық лизинг – бұл ұзақ мерзімді жал болып табылады, оның шартының құрамына келесі критерийлердің ең болмаса біреуі көрсетілуі қажет:
Келтірілген
құнды есептеу кезінде
Егер жал келісімшарты жоғарыда аталған қағидалардың ең болмаса біреуіне сәйкес келмесе, онда бұндай жал қарапайым болып саналады.
Мысалы: мүліктің жал мерзімі – 5жыл, мүліктің құны -10 000 бірлік, күтілетін пайдалану мерзімі -10жыл. Жал мерзімі аяқталған бойдан мүлік жалға берушіде қалады, жалға берушіде де, жалға алушыда да пайыздық мөлшерлеме сәйкесінше 8 және 10%.
Жылдық төлемдер -2300 бірлік
Дисконттау мөлшерлемесі- 8%
Дисконттау коеффициенті =1/(1+0,08)xn, мұндағы n- жалды төлеу жылы
1-жылдың коеффициенті=1/(1+0,08)=0,93
2- жылдың коеффициенті= 1/(1+0,08)=0,85
3- жылдың коеффициенті=0,79
4- жылдың коеффициенті=0,73
5- жылдың коеффициенті=0,68
Келтірілген
құн =2300x(0,93+0,85+0,79+0,73+0,
«Қаржылық лизинг» туралы Қазақстан Республикасының заныңда қаржылық лизинг түсінігі инвестициялық қызмет түрі ретінде анықталады, бұл кезде:
Лизинг затына үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көліктік құралдар, жер учаскілері және басқа да тұтынылатын заттар жатады. Бағалы қағаздар және табиғи ресустар лизинг заты бола алмайды. Лизинг келісімінің барлық әрекет ету мерзімінде лизинг затына меншік құқы лизинг берушіде ақталады. Лизинг келісімін мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен бастап, лизинг алушыға лизингтік затты уақытша иемденуге және қолдануға құқы беріледі.
Экономикалық қатынастарда лизинг қаржылық операциялардың жаңа нысаны ретінде күрделі салымдарды жүзеге асыру тәсілі негізінде қарастырылады. Егер лизингті мерзімділік, қайтымдылық және төлемділік шартымен мүліктерді уақытша пайдалануға жалдау ретінде түсінсек, онда оны негізгі қорға салынған тауарлық несие ретінде қарастыруға болады. Сондықтан, кейде лизингті «несие-жал» (фр.«credit-pail») деп атайды.
Тауар деген меншік құқығының сатушыдан сатып алушыға ауысу шартынан айырмашылығы, лизинг кезінде жалға деген меншік құқығы жалға берушіде сақталады да, ал лизинг алушы оны уақытша қолдануға ғана құқық ала алады.
Лизинг мәміле негізін келесілер құрайды:
Өндірістік циклде жойылмайтын материалдық құндылықтардың кез келген түрі лизингтік қызмет объектісі болып табылады. Жалға берілетін объект табиғаты бойынша жылжымалы және жылжымайтын мүлік лизингі қарастырылады.
Мәміле объектісіне тікелей қатысы бар тараптар лизинг субъектісі болып саналады. Банктерді лизингтік қызмет нарығына енгізу, біріншіден лизинг-бизнестің капитал сыйдым түрі болуымен, ал банктер – ақша ресурстарының негізгі ұстаушысы болуымен байланысты. Екіншіден, лизингтік қызмет өзінің экономикалық табиғаты бойынша банктік нсиелеумен тығыз байланысты және соңғысына өзіндік балама ретінде шығуы жатады.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заңына сәйкес банктер банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы, соның ішінде Ұлттық банк лицензиясы болған жағдайда, келісімнің әрекет ету мерзімі ішінде жалға берушінің берілетін мүлікке меншік құқығын сақтай отырып, мүліктерді жалға беру бойынша операцияларды жүзеге асырады. Банктік мекемелер лизингтік қызметке қатысу үшін жоғары деңгейде неғұрлым бірлікті ұйымдар болып саналады, себебі олар қаржылық тәуекелділікпен жиі кездесіп отырады. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы», жарғысының 42-бабына сәйкес белгіленетін пруденциялық нормативтер және басқада мөлшерлер мен лимиттер, сондай-ақ кейбір деңгейде макроэкономикалық себептер (қарыз көлемінде бақылау, сондай-ақ ақшамен қамту) бойынша банктер лизингтік қызметті жүзеге асыруға ыңғайлы ұйымдар болып саналады, себебі олар Ұлттық банктің қатаң бақылауында болады.
Лизинг кезеңі лизингтік келісімнің әрекет ету мерзімімен түсіндіріледі. Себебі лизинг ұзақ мерзімді жалдаудың негізгі нысаны, жоғары құн және қызмет объектілерінің әрекет ету мерзімінің ұзақтығы лизинг кезенінің уақытша шектерін анықтайды. Лизингтік келісім мерзімін анықтау кезінде лизинг алушы мен лизинг беруші келесі мезеттерді ескереді: құрал-жабдықтың қызмет ету мерзімін, оның амотизациялық кезеңдерін, неғұрлым өндірістік немесе ұқсас арзан қызметтердің пайда болу циклдерін, инфляциялық үрдіс динамикасын, қарыз капитал нарығының жағдаятын (конъюнктурасын) және оны дамыту беталысын (тенденцияларын).
Лизинг берушіге тиесілі лизингтік төлемдер сомасын анықтау, лизинг операцияларының неғұрлым күрделі тәртібі болып табылады. Лизингтік төлемдер лизинг алушы өндіретін өнім (жұмыс, қызмет) құнына заңмен белгіленген тәртіпте енгізіледі.
Төлемдерді
кезеңдеріне қарай былай
Лизинг алушының қаржылық жағдайы мен төлем мүмкіндіктерін ескере отырып, мәміле лизингтік төлемдерді дөлеудің төмендегідей әр түрлі тәсілдері белгіленуі мүмкін:
Жалпы жал төлемдерінің көлеміне амортизациялық аударулар көлемі, қалдық құн, несие үшін пайыз, лизинг компаниясы көрсететін қызмет шығындары (тасымалдауды, лизинг объектісіне техникалық қызмет көрсетуді, құрастыруды, салық салу, қызметті рәсімдеу бойынша кеңестерді ұйымдастыру) әсер етеді. Кез келген лизингтік төлем құрамына келесі негізгі элементтер енеді:
Ресурстар үшін төлем, лизингтік маржа және тәуекелділік сыйақысы лизингтік пайызды құрайды.
Лизинг лизинг берушіге ұсынылатын қызметтердің көп түрлілігімен сипатталады. Бұл қызметтердің барлық түрін екі топқа бөлуге болады:
Жалгер лизинг компаниясынан қажетті жабдықты алу үшін өтініш жазады, өтініште жабдық аты, жабдықтаушы, жабдық типі, маркасы, бағасы, және оны қолдану мерзімі көрсетіледі. Өтініште, сондай-ақ жалгердің өндірістік және қаржылық қызмет деректері көрсетіледі. Ұсынылған мәліметтер толық талданған соң лизингтік компания соңғы шешімге келеді және оны лизинг алушыға лизинг келісімінің жалпы шарттарын қоса хатпен жібереді, ал жабдықтаушы жақ лизинг компаниясының жабдық алу жөніндегі ақпаратымен хабардар етіледі. Бұл жағдайда лизинг беруші жабдықтаушымен жабдық құның келіседі, қажет болса қызмет объектісінің сенімділігі, өнімділігі және тиімділігімен танысады.
Хатқа қосымша лизинг келісімінде лизингтің келесі маңызды шарттары көрсетіледі:
Осы шарттардың бірі көрсетілмесе лизинг келісімі жасалмаған болып саналады. Бұл кезде лизинг келісімінің мерзімі лизинг затының толық немесе жарты құнының амортизация мерзімінен кем болмауы тиіс.
Лизинг беруші лизинг келісімінің жалпы шартымен танысып, лизинг алушыға бекітім – міндеттемесі бар хатты, қол қойылған келісімінің жалпы шартының көшірмесін, оған жабдыққа тапсырыс жасау бланкісін қосып жібереді. Бұл құжатты фирма-жабдықтаушы дайындайды және лизинг алушымен келісіледі. Аталған құжаттарды алған соң лизинг беруші тапсырысқа қол қояды және оны жабдықтаушыға жолдайды. Тапсырыс бланкінің орнына сату-сатып алу туралы келісім және жабдыққа жіктелім құрастыруды қолдануы мүмкін.
Жабдықтаушы
жабдықты лизинг алушыға жеткізіп береді
және қызмет объектісін жүргізеді. Жұмыс
аяқталуымен жабдықты нақты жеткізгенін
дәлелдейтін қабылдау жөніндегі
хаттама толтырылады. Қабылдау жөніндегі
хаттамаға лизингтік қызметке қатысушылардың
қолы қойылады және лизинг алушы қызмет
объектісінің құнын төлейді.
Информация о работе Лизингтік операциялар есебінің ерекшелігі