Автор работы: l******************@mail.ru, 28 Ноября 2011 в 15:40, доклад
Қорлардың өзіндік құнына қорларды қазіргі тұрған жеріне дейін жеткізуге кеткен шығындар мен өңдеуге, алуға жұмсалған шығындар кіреді. «Тауарлы-материалдық қорлар» есебі бухгалтерлік есеп стандарттарына (БЕС 7)сәйкес алуға кеткен шығындарға сатып алу бағасы,шеттен әкелу бажы, жабдықтаушы ұйымдар төлеген делдалдық сыйақылар, көлікті дайындау шығындары мен қорларды алуға тікелей байланысты басқа да шығындар (саудалық жеңілдіктер, артық төлеуді қайтару және т.б. осындай түзетулер алу шығындарын анықтаған кезде қоса есептеледі) кіреді.
Жолдағы, бірақ сатып алушылар мерзімінде төлемеген тауарлы-материалдық қорлар да жеке түгендеу тізімдемесіне енгізіледі. Комиссия белгілі бір шоттарда есептелетін соманың негізділігін тексеруге тиіс. Шоттарда тиісті рәсімделген құжаттармен: жолдағысы – жабдықтаушылардың есеп құжаттарымен; тиелгендері – сатып алушылардың ұсынған құжат көшірмелерімен; төлем мерзімі өткен құжаттар бойынша – банк мекемесінің міндетті түрде растауымен; басқа ұйымның қоймаларында тұрғандары бойынша түгендеу, өткізілген күнге таяу ай-күнмен қайта рәсімделген, сақталған қолхатпен расталған сомалар ғана қалады.
АЭСА мекемесінде пайдаланылып жүрген тауарлы-материалдық қорлар – тұрған орны мен материалға жауапты адамдар бойынша; ұйым қызметкерлерінің жеке қолданылуына берілгендері – тізімдемеде қолхаттары бар, ашылған жеке карточкаларда жазылған жауапты адамдар бойынша түгенделеді.
Аяқталмаған
өндірісті түгендеудің мақсаты
– оның нақты бағасы мен
көлемін анықтау, босалқы
Түгендеу
нәтижелері түгендеу жүзеге