Кассалық аппараттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 08:24, реферат

Краткое описание

Кассалық аппараттар - сауда амалдарын орындау кезінде немесе нақты ақшалар, банктік төлем карточкалары, бақылау чегін беретін чектер арқылы қызмет көрсету барысында ақшалай есеп айырысуды жүргізу кезінде қолданылады.

Содержимое работы - 1 файл

Кассалық аппараттар.docx

— 21.75 Кб (Скачать файл)

Кассалық аппараттар - сауда амалдарын орындау кезінде немесе нақты ақшалар, банктік төлем карточкалары, бақылау чегін беретін чектер арқылы қызмет көрсету барысында ақшалай есеп айырысуды жүргізу кезінде қолданылады.

Фискалдық рухы бар бақылау кассалық аппараттарды қолдану жөнiндегi

ЕРЕЖЕ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан

Республикасының Экономика және сауда министрлiгi 1997жылғы 24 наурыздағы N 9-3-2-3/1847

1. Осы Ереже "Халықпен ақшалай есеп айырысуды жүргiзу кезiнде фискалдi рухы бар бақылау-кассалық аппараттарды қолдану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 қаңтардағы N 67 қаулысының 3 тармағына сәйкес әзiрлендi.

2. Осы ереженi қолданудағы түсiнiктемелер:

- қызметiнiң тұрақты орны - өзiнiң кәсiпкерлiк қызметiн толығымен немесе жартылай жүзеге асыратын салық төлеушiнiң орны, оған өкiлдi тұлға, стационарды жүйе арқылы жүзеге асыратын қызметiн қоса (сонымен бiрге лакертар мен киоскiлер)

- халық - есеп айырысуды нақты түрде, ақшалай белгiнi алмастыратын кредит карточкаларымен, талондармен, нақты төлемдi алмаcтыратын чектiк кiтапшалар мен және басқа құжаттармен жүзеге асыратын қызмет пен тауар тұтынушылар;

- тарату саудасы-лотоктармен, корзиналармен, столиктармен, қол арбалармен сауда жүргiзу;

- пайдаланушы жауапты лауазым - заңды немесе жеке тұлғаның тiкелей басшысы немесе ФР БКА жұмысына басшысының тапсырмасы бойынша жауап беретiн осы ұйымның тұлғасы.

- кассир-операторшы (пайдаланушы) бақылау-кассалық аппаратының көмегi арқылы халықпен есеп айырысуды жүргiзетiн тұлға;

- фиксалдi рухы бар бақылау-кассалық аппарат - бұл фиксалдi рухы қосылған бақылау-кассалық аппарат;

- ФР КА-кассалық терминалы-ақпарат құралы ретiнде компьютерлiк жүйеге қосылғыш мүмкiндiгi бар.

3. Халыққа сауда қызметiн жүзеге асыратын және ақылы қызмет көрсететiн меншiктiң барлық түрiндегi заңды және жеке жүйелердi қоса (киоскiлердi, ларектердi және басқа стационарды жүйелердi қоса) есеп айырысу (бұдан әрi - ұйым), Қазақстан Республикасының территориясында Мемлекеттiк реестрге сәйкес қолданылатын фиксалдық рухы бар бақылау-кассалық аппараттарды пайдалануға жiберiлген фиксалдi рухы бар бақылау-кассалық аппараттарды мiндеттi пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

4. Халықпен есеп айырысуды жүзеге асыратын ұйымдар мiндеттi:

- қызметiнiң алдында белгiленген тәртiп бойынша фискалдi рухы бар бақылау-кассалық аппарат тiркелсiн;

- халықпен есеп айырысуды жүзеге асыру үшiн түзелген фискалдi рухы бар бақылау-кассалық аппарат пайдаланылсын;

- сатып алушыға (клиентке) алғанына (қызмет көрсеткеннен кейiн) фискалдық рухы бар бақылау-кассалық аппарат басқан сатушы (клиент) мен және тиiстi ұйымның арасында сатып алу сату (қызмет көрсету) шарты бойынша мiндеттеменiң орындалғанын анықтайтын чек берiледi.

- салық органдарының қызметкерлерi фискалдық рухы бар бақылау-кассалық аппаратына тосқауылсыз жiберiлсiн.

- шығарушы және салық органы анықтаған фискалдық рухы бар бақылау-кассалық аппаратты пайдалану ережесiн сақтау.

5. Бөлшек сауданы (қызмет көрсетудi) жүзеге асыратын барлық ұйымдар сатып алушыға (клиентке) жайлы жерде хабарланған баға мен тарифтi растайтын құжатқа сәйкес ұйымның немесе жауапты тұлғаның қолы мен мөрi куәландырылған сататын тауарлардың (қызмет көрсету нұсқамасын) бағасын iлiп қоюға тиiс.

6. Кассалық чекте қазақша немесе орыс тiлдерiнде тұтынушыға қажеттi ақпарат болуға тиiс: ұйымның атауы, шифрi, сатып алуды (қызметтi) атқарған күнi мен уақтысы, тауардың (қызметтiң) атауы, тауардың бағасы мен сомасы, N 7 нысан түрiндегi фискалдық рухы бар бақылау-кассалық аппараттың заводтық нөмiрi. Фискалдық картаны пайдаланған жағдайда чекте фискалдық картаның нөмiрi, чектiң реттiк нөмiрi, тұрақты коды болуы тиiс.

7. Кассалық операцияларды рәсiмдеу Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi бекiткен Қазақстан Республикасында кассалық операцияларды енгiзу тәртiбiне сәйкес жүзеге асырылады.

8. Қазақстан  Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Қазақстан Республикасының өндiрiс және кәсiпкерлер одағының келiсiмiмен мынадай нормалық құжаттар әзiрленiп және бекiтiлуде:

- фискалдық рухы бар бақылау-кассалық аппаратты пайдаланудың негiзгi тәртiбi, кассир-операцияшының (пайдаланушының) жұмысына талап;

- фискалдық рухы бар бақылау-кассалық аппаратқа және олардың түрлерiне техникалық талаптар;

- Қазақстан Республикасындағы фискалдық рухы бар бақылау-кассалық аппараттарды сату, техникалық қызмет көрсету және жөндеу тәртiбi туралы ереже;

- фискалдық рухы бар бақылау-кассалық аппараттар жөнiндегi ведомствоаралық сараптау комиссиясы туралы ереже;

- салық органдарындағы интеллектуалды фискалды картасы бар жеке компьютерлi базасында, кассалық терминалды фискалдық рухы бар бақылау-кассалық аппараттарды тiркеу тәртiбi туралы;

Ескерту. 8-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің 1998.04.02. N 21 бұйрығымен.

9. Ұйымдар (заңды  тұлғаларды құрмай-ақ өздерiнiң сауда операцияларын немесе қызмет көрсету жағдайында кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асырушы соның iшiндегi тұлғалар) өзiнiң қызметiнiң ауқымына байланысты немесе тұрған жерiне байланысты халықпен есеп айырысуды бақылау-кассалық аппараттарды қолданбай жүзеге асырулары мүмкiн:

а) өзiнiң қызметiнiң орнына байланысты тауарларды сатуды (қызмет) жүзеге асыратын патент бойынша жұмыс iстейтiн тұрақты орны жоқ жеке тұлғалар.

б) Ұйымдар (заңды тұлғаларды құрмай-ақ өздерiнiң сауда операцияларын немесе қызмет көрсету жағдайында кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асырушы соның iшiндегi тұлғалар) халыққа квитанция, жолдама, билет, талон, пошта төлемiнiң белгiсiн беруге қызмет көрсету бөлiгiндегi немесе Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен нысандағы қатаң есеп беру құжаттарына басқа теңдестiрiлген чектер.

в) Ұйымдар:

- iшiмдiк, темекi өнiмдерiн және алуан тұрмыстық техникаларды қоспағанда тасымалдау сауда құралдарымен сату;

- мектеп ұжымын және оқушыларға ғана қызмет көрсететiн мемлекеттiк мектептердегi орналастырылған тамақтандыру кәсiпорындары;

Ескертпе: Аталған ұйымдар тұтынушылардың талабы бойынша тауар чектерiн беруге мiндеттi.

Қосымша 1

"Бекiтемiн" "Келiсiлген" Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Экономика және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және кәсiпкерлер одағы

Информация о работе Кассалық аппараттар