Каржылық есеп берудің сапалық сипаттамалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 21:03, курсовая работа

Краткое описание

Кез келген ғылымның, соның ішінде бухгалтерлік есептің принципінің болуы заңдылық. Латын тілінен аударғандағы принцип сөзі мағынасы жағынан-бастамасы, негізі деген түсінікті білдіреді. Қаржылық есеп беру тұжырымдамасы (концепциясы) шаруашылық үдерістері барысында шешім қабылдау үшін бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің қажеттілігін анықтайды. Жалпы оқулықтар мен оқу құралдарын оқи отырып бухгалтерлік есептің жиырмадан астам принципін кездестіруге болады. Авторлар өз еңбегі барысында оларды кей кездері белгілі б

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................2

Негізгі бөлім.

2.1. Қаржылық есеп берудің сапалық сипаттамалары...............................3
2.2. Қаржылық есеп берудің негізгі қағдалары...........................................4
2.3. Бухгалтерлік есеп принциптері.............................................................6
2.4. Негізгі принциптер................................................................................10
2.5. ҚР-ғы бухгалтерлік есептің стандарттарына сай принциптері .......11
2.6. Бухгалтерлік және қаржылық есеп берудің негізгі принциптері.....11
Қорытынды...................................................................................13

Қолданылған әдебиеттер тізімі......

Содержимое работы - 1 файл

Қаржылық есеп берудің сапалық сипаттамалары.docx

— 33.48 Кб (Скачать файл)

      Әділетті  әрі тура көрсету  принципі 

      Кәсіпорынның  қаржылық қорытынды есебі осы  мәліметтерді пайдаланушыларды қаржы  жағдайы және ақша қаражаттарының қозғалысы  туралы нақты әрі әділетті ақпараттармен  қамтамасыз етуі қажет.  

      Толықтылық  принципі

      Ұйымның қаржылық қорытынды есебіндегі ақпараттық мәліметтер сенімді болуы үшін толық  болуды қажет етеді және шыққан шығынға  қарай олар мәнді болуы қажет. Мәліметтің толық болмауы оны  теріс немесе жалған етеді. Сондықтан  да ол сенімсіз және маңызсыз болады.  

      Дәйектілік  принципі

      Кәсіпорын өзінің қызметі барысында таңдап алған есеп жүргізу саясатын есепті кезеңін басынан соңына дейін  дәйекті түрде қолдануы қажет.

      Есеп  қисап жұмысының мақсаты үкіметіміздің  экономикалық саясатымен анықталады. Әрбір қоғамның экономикалық теориясында  анықталған негізгі заңына сәйкес шешіледі. Яғни, қоғамның бір қалыпты жоспармен  дамуы, есеп – қисап көрсеткіші болмаса  іске асуы мүмкін емес. Себебі мемлекеттік  даму бағыты есеп-қисап мәліметінің  көрсеткіштерін негізге ала отырып жасалады. Онымен қатар мүмкіншілігін  немесе орындалмау себебін экономикалық талдау арқылы анықтап отыратын да бухгалтерлік есеп.

      Осы орайда, бухгалтерлік есептің алдына мынадай нақты міндеттер қойылады.

      Бухгалтерлік  есептің басты міндеті – кәсіпорынның шаруашылық жоспарының орындалуын бақылау. Бұл мақсаттың орындалуы есеп – қисап жұмысының көрсеткіштерімен дәлелденеді. Себебі, барлық кәсіпорын  шаруашылығының нәтижесін есеп-қисап  алады. Яғни, ол көрсеткіштер жоспардың  орындалуы барысын көрсетеді.

      Осы орайда, бухгалтерлік есеп көрсеткіштерінің, жоспарлау көрсеткіштермен салыстырып, оның орындалу дәрежесін анықтайды. Бұл мәліметтер кәсіпорын жұмысына басшылық ету үшін өте қажет.

      Бухгалтерлік  есептің міндеттерінің бірі мемлекеттік, қоғамдық және жекеменшіктің түгелдігін қорғау. Есеп-қисап жұмысында, мемлекет меншігі – ол халқымыздың қазынасы.

      Оның  молшылығы – еліміздің экономикалық қуатының деңгейін, әрбір кәсіпорын  шаруашылықтарын игеру мүмкіншіліктерінің шамасын көрсетеді.

      Бухгалтерлік  есептің тағы бір міндеті –  кәсіпорындар экономикасын, шаруашылық есептің түбегейлі нәтижесі көрсету.

      Түбегейлі қайта құру кезінде барлық кәсіпорындар толық шаруашылық есеппен өзін- өзі  қаржыландыруға көшуге тиісті. Шаруашылық есеп жоспарлар шаруашылықты жүргізу  әдісі ретінде өндіріс тиімділігін  арттыру үшін мейлінше қолайлы жағдайлар  жасайтын принциптерге негізделген. 
 

      2.4. Негізгі принциптер мыналар: 

1) қажетті  ресурстарды кәсіпорынға немесе  бірлестіктерге жарғылық устав  арқылы анықтау;

2) шаруашылық  дербестік;

3) өндіріске  жұмсалған шығындарды оның нәтижелерімен  ақшалай түрінде жалғастыру;

4) өз  шығынын өзі өтеу және рентабельділік;

5) өндірістің  дамуына жұмысшылар ұжымын материалдық  жағынан мүдделі ету, экономикалық  ынталандыру;

6) шаруашылық  қызметіне ақшалай өлшем арқылы  бағалау жасау.

      Осы айтылған шаруашылық есеп принциптерін негізге ала отырып, әрбір кәсіпорын-мақсаты  мен міндеттері жарғы арқылы белгіленген  дербес шаруашылық орны бола алады. Оның өз жоспары, тиянақты балансы және мемлекеттік  банктерде өзінің есеп айырысу счеттары болады.  
 
 
 
 
 
 

2.5. ҚР-ғы бухгалтерлік есептің стандарттарына сай мынадай принциптер қабылданған:

    • Есептеулер. Табыс алынған, ал шығындар жұмсалған сәтінде есепке алынады, зияндар, операиялар мен оқиғалар бухгалтерлік есепте көрсетіледі және қатысты кезеңнің қаржылық есебіне кіреді. Осы принципі бойынша құрылған, қаржылық есеп беру өткен операциялар мен басқадай оқиғалар туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, ол ақшалай қаражат алынған немесе төленген кезде емес, экономикалық шешім қабылдау кезінде пайдаланушылар үшін өте мағызды.
    • Үздіксіз қызмет. Субъект өзінің іс-қызметін белгісіз уақыт кезеңі бойы жалғастырады және оның жақын болашақта таратылатын ниеті жоқ немесе қажеті жоқ, немесе ол қызметінің ауқымынелеулі түрде қысқартпақ емес деп шамаланады.
 
 
 

2.6. Бухгалтерлік және қаржылық есеп берудің негізгі принциптері 

Бүкіл әлемдегі қаржылық есеп берулерде қолданылатын бухгалтерлік есеп приниптерін бірегейлендіруге қол жеткізу үшін 1973 жылы Қаржылық есеп берудің халықаралық стандартары  комитеттері (ҚЕХСК) Австралия, Канада, Франия, Германия, Жапония, Мексика, Голландия, Ұлыбритания, Ирландия және АҚШ-тың  ксіби бухгалтерлері арасындағы келісім нтижесінде құрылды. 1983 жылдан бері барлық ксіби бухгалтерлерлік  үйымдар Бухгалтерлердің Халықаралық  Федерациясы мүшелерң ҚЕХСК-ның  мүшелері болды.

  ҚЕХСК-ның  басты мақсаты – егер мыналар  анықталып, қол жеткізілсе, қаржылық  есеп беруді ұсыну:

  • Міндеттер, оларды шешу үшін қаржылық ақпарат талап етіледі;
  • Ақпараттық жүйе құру приниптері;
  • Осы ақпараттың салалық сипаттамалар;
  • Қаржылық есеп беру элементтері;

1997 жылдан  бастап ҚР-да ҚЕХС негізінде  жасалған бухгалтерлік есептің  стандарттары қолданыста жүр. 

 «Бухгалтерлік  есеп пен қаржылық есеп беру  туралы» заңда бухгалтерлік есеп  пен қаржылық есеп берудің  негізгі мақсаттары белгіленген:

    • субъектінің, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғаларды шаруашылық қызмет жайлы толы жне сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету;
    • субъектінің шаруашылық іс-әрекетін жүзеге асыруда ҚР заңдарын сақтауын бақылау үшін мемлекеттік органдарға қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.

 Қойылған  міндеттерді орындау үшін қаржылық  есеп беру негізгі принциптерге  және саналық сипаттамаларға  сәйкес жасалады.

 Кезеңдік  қаржылық есеп беру субъект  жөніндегі бухгалтерлік ақпаратты  топтастырудың негізгі құралы  болып табылады.

                                       

                                           

                                

                                
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                               

                                                      Қортыныды.        

       

    Қорыта келген де бухгалтерлік есептің шаруашылық есепті нығайту нәтижесін көтерудегі кәсіпорындарда негізгі қорды пайдалану, айналмалы қорлардың тиімділігі, өндіріс өнімін уақытылы, тиімді бөлініп сатылуын тиянақты есепке алу арқылы орындалады. 

      ҚР-нда енгізілген қаржылық есеп негізгі параметрлері бойынша  
халықаралық стандарттар талабына сай келеді.  

  ҚР-ның заңдарында бұл тұғырнамалар жүзеге асырылады. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру ҚР-нда есептеу, үздіксіздік, дәлдік, шынайлылық пен кедергісіз берілетіндік, бейтараптық, салыстырмалық, жүйелік принциптеріне сай жүзеге асырылады.

     Есептеу принципі мынаны білдіреді: табыстар еңбек сіңіріліп табылғаннан кейін аударылады, ал шығындар шығарылған соң есептелінеді, яғни операциялар мен оқиғалар есептік баланс пен қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есепте олардан түскен несие ақша қаражаты пайда болған сәтінен бастап есепке алынады.

     Қаржылық есепті жасау үшін есептік уақыт болып есепті кезеңдегі календерлық соңғы күн есептелінеді. Қолданылып жүрген заңға сәйкес жылдық есеп үшін есеп беру кезеңі календерлық жылдың 1 қаңтарынан бастап 31желтоқсанға дейін. Егер ҚР заңында басқаша жағдай қаралмаса, есеп әр жылдың 30 сәуірінен кешіктірілмей тапсырылуы керек.

     
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер: 

  1. ҚР-ның  “Бухгалтерлік есеп және қаржы есебі” туралы заңы. 24. 06. 2002.
  2. ҚР-ның Қаржы министрлігінің 18. 09. 2002 жылғы №438 бұйрығымен (ҚР Қаржы министрлігінің өзгертулер енгізілген 21.10.2003 жылғы № 372 бұйрығымен) бекітілген Бухгалтерлік есеп типтік шот жоспары.
  3. Ержанов М.С., Ержанова А.М. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов (с 1 января 2003г.). – А. : Ержанов и К, 2003.
  4. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии.- А. : Центраудит- Казахстан 2002.
  5. Международные стандарты финансовой отчетности КМСФО/Пер. В.И. Тарусина/Ред. коллегия: А.С. Бакаев, Л.В. Горбатова, Т.Б. Крылов и др. – М., 1998.
  6. Баймұханова С. Б., Балапанова Ә. Ж. Бухгалтерлік есеп.-

    А. : Қазақ  университеті, 2002.

     7. Баймұханова С.Б. Бухгалтерский  учет хозяйствующих  

         субьектов. – А. : Ценные бумаги, 2002.              
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Каржылық есеп берудің сапалық сипаттамалары