Инвестиция есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2012 в 19:21, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы:« Инвестиция есебі» болып табылады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі кезде ҚР-ның экономикасына инвестицияны жұмылдыру, әсіресе отандық және шетелдік инвесторларды тарту өзекті мәселе болып отыр. Жалпы ҚР-ның экономикасын көтеру үшін белгілі бір бағытта ақша қаражаттарын салуды қажет етеді. Былай делінген: «Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет»

Содержание работы

Кіріспе
I. бөлім – Инвестиция ұғымы және теориялық мағынасы
1.1. Инвестиция ұғымы, жалпы сипаты
1.2. Инвестицияның жіктелуі
II.бөлім-Инвестиция есебі
2.1. Инвестиция түрлері және бағалануы
2.2.Инвестицияларды мүліктік түгендеу
2.3.Инвестициялық синтетикалық есебі
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер
Қосымшалар

Содержимое работы - 1 файл

Курстық жұмыс.doc

— 162.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II.Инвестиция есебі

1.2 Инвестицияның түрлері және бағалануы

     Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі-жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субьектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақты және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.  
   Нақты инвестиция дегеніміз – шаруашылық субьектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.  
   Қаржылық инвестициялар — бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын баска да олжалар (мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай-ак, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады.      Каржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы (кұнды)кағаздар да саналады.    Барлық бағалы (құнды) кағаздар екі топка бөлінеді — ақшалай және күрделі (капиталды) болып. Акшалай бағалы қағаздарды алған кезде акшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинак сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдык (атаулы) кұнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен калыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, кысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уакытқа) беріледі.  
   Инвестиция мына 2 әдіске салынады:  
• Үлестік қатысу әдісі;  
• Құндық әдіс (немесе құн әдісі).  
    Үлестік қатысу әдісі - бұл әдіс бойынша инвестиция сатып алған кезде сатып алынған күні бойынша есептелінген, кейін тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза активіндегі өзгерістерді инвестордың үлесінің мойындалуына қарай оның, яғни инвестицияның құны өсіп немесе кеміп отырады. Инвестордың тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза табысындағы немесе зиянындағы үлесінің өзгеруі оның қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есебінде табыс немесе зиян ретінде мойындалады. Үлестік қатысу әдісін қолданған жағдайда инвестицияның баланстағы құны инвестициялардың тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза табысындағы немесе зиянындағы үлесінің мойындалған бөлігінде өсіп немесе кеміп отырады және де ол табыс немесе змян ретінде танылады.  
    Үлестік қатысу әдісі-инвестицияларды иеленген мезетте сатып алу құнымен көрсетіп, кейінірек тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза активтеріндегі өзгерістерде инвестордың үлесі мойындалуына байланысты олардың құнының өсуімен (кемуімен) есепке алу әдісі. Тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза кірісінде (шығысында) инвестор үлесінің өзгеруі қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есептегі табысқа (шығынға) жатқызылады.  
    Тәуелді шаруашылық серіктестігінің жинақталған таза табысының жалпы сомасынан тиісті дивидендттер инвестициялардың баланстық құнын кемітеді.  
Егер де инвестордың салған инвестициясының баланстық құны тәуелді шаруашылық серіктестеріндегі алған зиянына тең немесе артық болса, онда мұндай зияндар келешекте есепке алынбайды. Инвестицияның нөлдік құны бойынша көрініс табады.  
   Тәуелді шаруашылық серіктестігінің активтерінің қайта бағалауына байланысты инвестордың үлесінің өзгеруі инвестициялардың баланстық құнын көтереді (кемітеді) және ол меншік капиталының бөлімшесінде көрсетіледі.  
Инвестор өзінің тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза табысында үлестік қатысын қайта жаңғырту үшін таза табыс пен таза шығындар тең болуы керек.  
Егер де тәуелді серіктестіктердің активтері қайта бағаланса, онда олардың баланстық құны да өзгереді. Баланстық құнның өсуі меншік капиталындағы қайта бағалауға арналған резервте көрініс табады, ал егер де ол азайса, онда сол қайта бағалауға арналған резервті азайтады.  
“Топар” АҚ қоғамы “Арко” АҚ-ның 33%және “Күнгей” АҚ-ның 28% акциясын сатып алған, сол сатып алынған акцияға сәйкес олардың құны: 3110 мың теңге және 4600 мың теңге құрған.  
“Топар” АҚ сатып алғаннан кейін, бір жылдан соң, “Топар” АҚ өзінің кейбір негізгі құралдарына 300 мың теңгені қайта бағалауды жүргізген. Бірінші жылдың қортындысы бойынша “Топар” АҚ 9900 мың теңге зиян шексе, ал “Күнгей” АҚ 5000 таза табыс тауып, 2000 теңге деңгейінде дивидентті жария еткен. Ал келесі жылы “Арко” АҚ кейбір негізгі құралдарының бағасын 410 мың теңгеге түсірген, ал “Күнгей” АҚ керісінше, 500 мың теңгеге көтерген.  
Екінші жылдың қорытындысы бойынша “Күнгей” АҚ 1000 мың теңге таза табыс тауып, 200 мың теңгеге дивидендті жария еткен, “Арко” АҚ – 1500 теңге деңгейінде зиян шеккен.  
Енді осы жасалған операциаларымен байланысты бухгалтерлік жазбасын қарастырып көрейік.

Қатар

Шаруашылық операциялар мазмұны

Сомасы (теңге)

         Бухгалтерлік жазу

Дебит                         Кредит

1

Заңды тұлғалардан оларда қалыптасқан баға б-ша акциялар сатып  алынды:

-«Арко» АҚ-33% айналасындағы  акциясы

-«Күнгей» АҚ-28%айналасындағы  акциясы

жиыны

 

 

 

 

3110000                   

 

4600000

 

 

7710000

 

 

 

 

2210

 

2210

 

 

 

 

3310

 

3310

2

Бірінші жылы «Арко» АҚ өзінің негізгі құралдарының объектісін қайта  бағалаудың нәтижесінде үлестік  қатысу әдісі сомасы артып, инвестицияның  құны өскен «Күнгей» АҚ үлестік қатысу сомасы қайта бағаланған сомаға өсіп, ол 99000 теңгеге құраған (300000*33%)

99000

2210

5320

3

Бірінші жылдық нәтижесі бойынша:  
-инвестицияның құнының өсуімен бірге «Арко» АҚ үлесі өскен, өйткені «Күнгей» ААҚ үлесі 1400000 теңге құраған(5000000*28%)  
-“Арко”АҚ зиян шеккендіктен ,”Күнгей”АҚ инвестициясының құны да азайған  
“Арко”АҚ шеккен зияннан “Күнгей” АҚ-на тиесілі 3267000(9900000*33%)теңге құраған  
(Шеккен зиянының үлесі инвести-цияның құнынан асып түскендіктен, инвестицияның құнын нольдік деңгейге дейін жеткізіп, ал қалған 58000 теңге сомасы баланстан тыс шотта есепке алынған(3267000-3110000-99000)  
-“Арко”АҚ –нан “Топар”АҚ –на тиесілі, дивиденд сомасына инвестиция құны азайды, ”Топар” АҚ-ның алынатын дивиденд сомасы 560000 теңге құраған (2000000*28%)

 

 

 

1400000

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3267000

 

 

 

 

 

58000

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

560000

 

 

 

 

 

 

2210

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3011

 

 

 

 

1220, 1240

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2210

 

 

 

 

 

 

7610,7620

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1220, 1240

 

 

 

7610, 7620

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2210

4

Екінші жыл  
5 “Топар” АҚ –ында инвестициясы-ның құны азайған, өйткені “Арко” АҚ өзінің кейбір негізгі құралдары-ның құнын арзандатқан.  
-бұрындары жасалған қайта бағаланған соманың шегінде  
-бұрындары артық жасалған соманың шегінде 36000 теңге(135300-99000)

 

 

 

 

 

 

 

 

99000

 

 

36000

 

 

 

 

 

 

 

5320  

 

2210

 

 

 

 

7330, 7610

 

2210

5

“Арко”АҚ өзінің негізгі  құралдарын қайта бағалаудың нәтижесінде, ”Топар” АҚ –ның қатысу үлестік  құны, яғни инвестициясының құны өскен 

40000

2210

5320


    Екінші жылдың нәтижесінде “Топар” АҚ балансында 5160000 теңгеге “Арко” АҚ –ның және 70700 теңге “Күнгей” АҚ –ның инвести-циясы көрініс тапты. Нәтижесінде ол 5230700 теңге құрады

    Еншілес немесе тәуелді кәсіпорындарға бақылау жасау барысында үлестік қатысу әдісі немесе құндық әдіс қолданылады.

Бірінші әдістің нысаны кәсіпорынның табысы мен залалы, дивидендтердің  балансында көрсетілуі.

Мысалы : Инвестор АҚ  «Углесбыт»  АҚ «Борлы» ның 70000тг. құндылығының 35% акциясын  сатып алды, сонда

      Д 2100    К  1010     70000тг.

Жыл соңында  мысалы кәсіпорынның таза табысы 30000тг. болса,ал жарияланған дивидендтері 15000тг., сонда

        Таза табыс улесіне  Д  2100      К 7610      10500   (30000 х 35%)

     Дивидендтер  улесіне  Д  1270     К  2100        5250  ( 15000 х  35%)

Егер тәуелді кәсіпорында  есептік жылда зиянға шықса, инвестор қатысу үлесін мойындау барысында инвестицияның баланстық құны кемиді.

Мысалы . 50000тг. зиян шекті, төлемге кеткен дивидендті 25000тг. болса

   - зиян    үлесіне               Д 7610       К   2100      17500  (50000 х 35%)

  - дивидендтер үлесіне     Д 1270       К   2100        8750  (25000 х 35%)

 Егер тәуелді кәсіпорын  есептік жылда қайта бағалау  жасаса, онда инвестор өзінде  осы қозғалыстарды көрсету тиіс. Мысалы :

тәуелді кәсіпорын негізгі  құралды 100000тг. бағалады, таза табыс 20000тг.

дивидендтер  8000тг. құрады, сонда

- активтердің бағалануына     Д 2100   К  5210    35000   (100000 х 35%)

- табыс үлесіне                        Д 2100    К 7610     7000     (20000 х 35%)

- дивидендтер үлесіне            Д 1270    К 2100     2800       (8000 х 35%)

 Бұрынғы сомасы жойылғанда қайта бағаланған инвестиция сомасы бөлінбеген табыс болып танылады:

            Д 5210       К 5410        35000

  Құндық әдісте  сатып алу сәтінде инвестийиядан түсетін табыс сатып алу құнмен көрсетіледі. Сатыпалынған дейінгі кезең үшін алынған дивидендтер қайтарылған капитал ретінде қарастырылады да баланстық құн кемиді.

Мысалы:  1 мамырда тәуелді  серіктестігінің  35% акциясын 500,0тг сатып алды.

1. сатып алу сәтінде    Д 2100    К  1040       500,0тг.

жыл соңында жарияланған  дивидендтер 40000т. құрады.

8 айдағы дивидендтер  (V –XII)  40000 х 35%    14000тг.  Д 1270    К 6120

01.01. -1.05. дейінгі кезең  үшін дивидендтер (сатып алу  сәтіне дейін)

   Д 1270    К 2100   26000   (40000 – 14000).

Үлестік қатысу әдісі  мынадай белгілермен сипатталады:  
• шаруашылықты серіктестікке қатысты таза табыстағы қатысу үлесі инвестордың инвестиция құнының баланстық өсуінен көрінеді және қатысу үлесінен түскен табыстан бөлінеді;  
• шаруашылықты серіктестікке қатысты залалдағы қатысу үлесі инвестиция құнының баланстық кемуінен көрінеді және қатысу үлесіндегі залалдан бөлінеді;  
• тиесілі дивидендтер сомасы инвестордың инвестиция құнының баланстық кемуінен көрінеді.  
Инвестор «Топар» АҚ 70000 теңге құнындағы «Шығыс» АҚ қатысты 35% акциясын иеленді.  
а) инвестицияның сату құнына :  
Д К  
2210 1030 70 000  
Жыл қорытындысы бойынша:  
- тәуелді серіктестіктің таза табысы-30000 теңге болады.  
- жарияланған дивидендтер-15000 теңге  
ә) таза табыс үлесіне:  
Д К  
2210 7610, 7620 30000*35%=10500теңге  
б) дивиденттер үлесіне:  
Д К  
2170 2210 15000*35%=5250 теңге  
   Егер тәуелді шаруашылықты серіктестік қызметінің нәтижесі залал келтірсе, онда инвестор бұл серіктестіктегі өзінің қатысу үлесін мойындайды, осының салдарынан инвестицияның баланстық құны кемиді.  
    Құн әдісі — инвестицияны алу кезінде сатып алу құны бойынша көрсетілетін есептік әдіс. Инвестордың қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте инвестиция табысы тәуелді шаруашылық серіктестігінің жинақталған жалпы таза табысының сомасынан тиісті дивиденттердің мөлшері алынғаннан кейін барып мойындалады.  
    Инвестиция сатып алу құны бойынша есептелінеді, егер де инвестицияны жақын арада сату мақсатында алса немесе инвестицияланған кәсіпорын қатаң ұзақ мерзімді шектеулі жағдайында әрекет ететін болса, бұл соңғы инвесторға табысты беру қабілетін біршама төмендетеді. Мұндай шектеулерді тудыратын себептерінің катарына: реттеуші органның бақылауында болса, сондай-ақ олар кәсіпорындағы дивидендтерді бөлудің саясатына араласса кәсіпорын өз қызметін, дивидендтерді (табыстарды) аударуға шек қойылған елдерде жүргізуі мүмкін. Сондай-ак, саяси хал-ахуалдың өзгеруі кәсіпорынның шаруашылык қызметін жүзеге асуры туралы келісімдерде карастырылған дивидендтерді төлеуге шектеулердің күшіне енуі және басқа да кедергілердің болуы мүмкін.  
Егер де дивиденд инвестицияны алғанға дейін алынса, онда ол капиталды қайтарған болып саналады және инвестордың балансы сол сомаға азаяды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Инвестицияларды мүліктік түгендеу.                                            

 

   Түгендеу басқа кәсіпорындарға берілген заемдарды, басқа кәсіпорындардың жарлық капиталына салынған салымдардың үлесін, мемлекеттік және жергілікті заемдардың пайыздық облигациясын, басқа кәсіпорындардың бағалы қағазына салынған қысқа және ұзақ мерзімді инвестицияның нақты барын анықтауғак мүмкіндік береді.

    Құнды қағаздардың(акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаменттер және заңға сәйкес бағалы қағаздар ретінде шығарылатын басқа құжаттар)  нақты барын тексергенде: құнды қағаздардың баланста есептелген құнының дұрыстығы; құнды қағаздың сақталуы (бухгалтерлік есептің мәліметтерімен оларды нақты барын салыстыру жолымен); құнды қағаздар бойынша табыстардың уақытында және олардың есепке толық алынуын анықтайды.

    Құнды қағаздарды кәсіпорында сақтаған кезде кәсіпорынның басшысы белгілеген мерзімінде тиісті түгендеуден өткізіп отырады және оны кәсіпорынның кассасындағы ақша қаражаттарын түгелдеу процесімен бірге жүргізеді.

     Құнды қағаздарды мүліктік түгелдеу жекелеген эмитенттер бойынша актіде атауын, сериясын, нөмірін, номиналдық бағасын, өтелу мерзімдерін және жалпы сомасын көрсету және басқа да көрсеткіштері бойынша жүргізіледі. Әрбір құнды қағаздың реквизиттері кәсіпорынның бухгалтерясында сақталатын тізімдердің (реестрлердің, кітаптардың) мәліметтерімен салыстырылады.

      Банкке немесе депозитарийге (құнды қағаздарды сақтайтын арнайы орын) өткізілген құнды қағаздарды мүліктік түгелдеу кезінде кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің тиісті шоттарындағы сомасының қалдықтарын банктің немесе депозитарийдің мәліметтерімен салыстырылады. Бұл мәліметтер мүліктік түгелдеу  кезінде банктен немесе депозитарийден арнайы сұраным арқылы алынған мәліметтермен салыстырылады.

       Кәсіпорынға тиісті құнды қағаздарды мүліктік түгелдеу кезінде олардың құнын бағалау, акциясына кәсіпорын ие болып отырған акционерлік қоғамдардың, қор нарығының жағдайы және қор биржаларындағы акциялардың бағамы туралы мәліметтер ескеріледі.

      Ел ішіндегі құрылған басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталдарына кәсіпорынның аударған ұзақ мерзімді қаржылық инвестициясының қаражаттары , сондай – ақ басқа кәсіпорындарға берілген заемдары мүліктік түгелдеу кезінде  тиісті құжаттармен куәландырылады.

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Инвестицияның синтетикалық есебі.

 

       Қаржылық  инвестицияларды ақпараттау барысында бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында  І және ІІ бөлімдерінде  1100-1150, 2000 -2040 шоттар қарастырылған, және қайта бағалау немесе өзгерту барысынды жасалған өзгерістерді көрсетуге 6100,6140,6150,6160 кірістер бойынша,7300,7310,7320,7330,7340, 7410 шығыстар бойынша қолданылады.

Қаржылық инвестицияларды  кіріске алғанда  І – ІІ бөлімнің шоттары Д-леді ақша қаражаты шоттары  немесе міндеттемелер шоттары 3310 К-леді. Егер сатып алар құны номиналды құннан жоғары болса онда 1270 шоттар Д-ліп 6110,6120 шоттар К-леді, арадағы айырмашылық  7340,7470 шоттардың Д, 1110,1130,1150 К –не апарылады.

Мысалы 

Компания  облигация  сатып алды 84000тг (номиналды құны 78000).Сатып алу мерзімі  2,5 жылдан кейін түседі, жылына екі рет табыс есептеліп отырады 20%-дан 1 қантар мен 1 шілдеде.

Сатып алу құны өз құнынан  жоғары болғандықтан % есептеген сайын  оны амортизациялап отыру керек. % -дар  өз құнына есептеліп отырады.

Шаруашылық  операция мазмұны

 Сома 

Шот корресп - сы

     Д

    К

1. Ағымдағы банктік шоттан төленді облигация құны

 

  84000

1130,

  2030

1030

2.Облигацияға % есептелді

    7800

1120

6150,6160

3.Айырмашылықтың амортизациясы

(6000 : 5төлемдер)

 

   1200

7330

 

1130,

2020

4.Жыл соңында шоттардың  жабылуы

   1200

   7800

 5410

6150,6160

7330

   5410


 Кейінгі төлемдерде  де осындай операциялар жасалады, 1130,2020 шотпен есептер кезде номиналды  құны көрсетіледі.

5. 2,5 жылдан кейін облигациямен  есептескенде 

    7800

    7800

7410

1030

1130,2030

    6210


 Мысалы

Компания облигациялар сатып алды 91000тг. (номиналды құны 100000тг.)

Төлем мерзімі 3 жылдан кейін, жылына бір рет % есептеледі  15%.

Сатып алу құны өз құнынан  төмен 9000тг.  (100000-91000), 3 жыл ішінде тозу сомасын есептеп отырамыз (9000 : 3) 3000тг. 

  Шот корреспонденциясы

      Сома

            Д

         К

         1130,2030

        1030

     91000

         1120

       6150,6160

     15000

        1130,2030

       6160,6280

      3000

    6150,6160,6280

          5410

      18000


Кейінгі төлемдерде де осындай операциялар жасалады, 1130,2020 шотпен есептер кезде номиналды құны көрсетіледі.

 Үш жылдан кейін  есептесер кезде :

 

         7410

       1130,2020

     100000

         1030

         6210

     100000

     

Информация о работе Инвестиция есебі