Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудитінің ерекшеліктері және еңбек заңдылықтарының сақталынуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 22:44, курсовая работа

Краткое описание

Жалақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Жалақының номаиналды және шынай түрлері болады. Номиналды жалақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес. Шынайы жалақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны.

Содержание работы

Кіріспе 5

Еңбекақы бойынша есеп айырысудың теоретикалық негіздері 7
1.1 Еңбекақының нормативтік-заңнамалық базасы 7
1.2 Еңбекақы түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері 16
1.3 Еңбекақы бойынша аналитикалық және синтетикалық есеп 30

Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың
аудиті 35
Еңбекақы аудитінің мәні, негізгі мақсаттары 35
Еңбекақы аудитін тексерудің жоспары мен бағдарламасын
құру 38
Еңбекақы бойынша аудиторлық тексеру процедураларын
жүргізу 44

3 «Есік жүйке аурулар интернат үйі» Мемлекеттік Мекемесінде еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі мен аудитінің ерекшеліктері.
«Есік жүйке аурулар интернат үйі» Мемлекеттік Мекемесінің жалпы
сипаттамасы 52
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың құжаттық рәсімделуі және
бухгалтерлік есебі 57
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудитінің ерекшеліктері және
еңбек заңдылықтарының сақталынуы 61

Қорытынды 65


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 69

Содержимое работы - 1 файл

дипломная.doc

— 640.50 Кб (Скачать файл)

Алтыншы операция: 
Әлеументтік салық мөлшері 21%, сомасы–11025 теңге,Әлеументтік қамтамасыз ету 1,5%, сомасы–787 теңге 50тиын,Барлығы 11821 теңге 50 тиын 
Алтыншы операцияны жазу  
Дебет шотында «Жалпы және әкімшілік шығындары»–11812 теңге 50 тиын 
Кредит шотында «Бюджетпен есеп айырысу»–11025 теңге, Кредит шотында «Басқада есептелген шығындары»–787 теңге 50 тиын;

 

1.3 Еңбекақы бойынша аналитикалық және синтетикалық есеп

 

Кәсіпорындардағы  жұмысшылар мен қызметкерлердің бәріне және олардың әрқайсысына бір айға төленуге тиісті еңбекақының жалпы сомасын табу үшін алғашқы құжаттар бойынша өндірілген өнімдер мен істелген жұмыстарға және қосымша төлемдер мен қосымша еңбекақыларына қоса төленетін жалпы соманы анықтап одан ұсталуға тиісті сомаларды алып тастау керек. Жұмысшылар мен қызметкерлердің табысын, оның ішінде табыстан ұсталатын ұсталымдарды және оларға төленуге тиісті еңбекақы сомаларын жинақтап, қорытындылауға арналған құжатты есеп айырысу төлеу тізілімі (ведомосі) деп атайды. Ұйымдарда бұл тізімдеме әрбір цехтар,  бөлімшелер бойынша толтырылады.   Еңбекақы   жөнінде   есеп   айырысу   төлеу тізімдемесі   әрбір   жұмысшы   мен   қызметкер   бойынша есептелген еңбекақымен басқа да төлем сомаларын және одан ұсталынған ұсталым сомаларын жинақтаушы құжат болып табылады.  Бұл тізімдемеде  жұмысшы-қызметкерлердің  аты-жөні,   табельдік   нөмірі,   оларға   есептелінген негізгі   және   қосымша   еңбекақылары   мен   одан   ұсталынатын ұсталымдардың түрлері бойынша сомалары және сол айдың басы  мен соңындағы  кәсіпорынның жұмысшылар   мен   қызметкерлерге   немесе   жұмысшылар   мен қызметкерлердің кәсіпорынға қарыз сомалары көрсетіледі. Жұмысшылар мен қызметкерлер осы есеп айырысу төлеу тізімдемесі   бойынша  ұйымның  кассасынан   өзіне   тиісті еңбекақыны  алып,   қол  қояды.   Бұл тізімдеме  бойынша біріншіден жұмысшы немесе қызметкерлермен еңбекақы жайында есеп айырысу жүргізілсе, екіншіден бұл тізімдеме еңбекақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық есебі болып  табылады,   ал   үшіншіден   осы   тізімдеме   арқылы жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың еңбегіне қарай еңбекақыларын төлейді. Кейбір ұйымдарда есеп айырысу-төлеу тізімдемесі мен дербес шоттың орнына есеп айырысу тізімдемесі ғана толтырылып жүргізіледі. Бұл есеп айырысу тізімдемесі жұрнал түрінде жасалып, негізгі және қосымша беттерден тұрады. Негізгі бетінде жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген негізгі және қосымша еңбекақылары мен жәрдемақыларының сомасы және олардан ұсталатын ұсталымдары есептеуге керекті мәліметтері (лауазымды тұлғаның жалақысы, белгіленген мамандық дәрежесіне сәйкес тарифтік еңбекақысы, туған жылы, отбасы жағдайы,   балаларының   және   қарауындағы   адамдардың саны ұсталынатын және шегерілетін сомалардың мөлшері, қай уақытқа дейін демалатыны, тағы да басқалар) көрсетіледі.  Тізімдеменің қосымша беттерінің саны  бұл  жұрналдың қандай  мерзімге  (айға,  тоқсанға,  жарты  жылға, жылға)  ашылғандығына байланысты  болады.   Бұл  тізімдеменің титулдық бетінде жұмысшылар мен қызметкерлерге төленген және депотенттелген еңбекақы сомалары жазылады. Тізімдемені толтыру барысында оның ең соңғы бетіне жиынтық сомалары жазылады. Бұл жоғарыда аталған құжаттарды толтырғанда жазылған сомалардың алдымен жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептегенде толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілген сомаларына сәйкестігін тексеру қажет. Бұл тізімдеме бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомаларының одан ұсталынатын ұсталымдарды және қолдарына берілуге тиісті сомалардың дұрыстығын анықтау үшін тізімдеменің тік және көлденең жақтарының жиынтық сомалары арифметикалық жолмен тексерілуі тиіс. Кәсіпорыңдарда жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі 3350-ші "Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді қарыз" деп аталатын синтетикалық, пассивті шотта есептеліп жүргізіледі.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істегендері, қызмет атқарғандары және өнім өндіргендері үшін есептеліп төленетін еңбекақы өндіріс шығындарының бір элементі ретінде еңбекті пайдалану бағытына қарай шығындарды есептейтін белгілі бір шотқа оның ішінде тиісті өндірістік өнімге апарылуы керек. Сонымен қатар бұл туралы еңбек қоры жайлы тиісті орындарға есеп берілуі қажет. Сондықтан да рапорттар мен өнімдерді өндіру тізімдемелері, табельдер және тағы да басқа алғашқы құжаттар негізінде әр цех бөлімше бойынша есептелген еңбекақы олардың түрлері және қызметкерлердің санаттары (категориялары) бойынша топталады. Бұл топтау айналым қалдық тізбесінде жүргізіледі, ол тізбенің сол жағында дебеттелінетін шоттар нөмірлері, ал оң жағында жұмысшы-қызметкерлерінің мамандық дәрежелеріне сәйкес оларға есептелген еңбекақы сомалары түрлері бойынша бөлініп жазылады. Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы сомасы бөлу (тарату) тізімдемесінің негізінде шығындар есептелетін шоттарға былайша жазылады:

Д-т:    "Тауарларды (жұмыстарды) сату бойынша  шығындар" шоты, "Әкімшілік шығындар" шоты, "Негізгі    өндірістегі   жұмысшылардың    еңбекақысы" шоты, "Көмекші өндірістегі жұмысшылардың еңбекақысы" шоттарының тиістісі,

К-т:  "Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді қарыз" шоты.

7110 шоттың дебетіне маркетинг бөлімінің басқа да тауарларды сатумен айналысатын жұмысшы-қызметкерлердің еңбекақысы жазылады.

7211 шоттың дебетіне ұйымдағы әкімшілік басқару қызметкерлердің еңбекақысы жазылады.

8112 шоттың дебетіне негізгі өндірісте жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлердің мерзімді және кесімді еңбекақылары жазылады. Кесімді еңбекақы алғашқы құжаттар негізінде өндіріліп шығарылған өнімдердің өзіндік құнына қосымша, мерзімді еңбекақы шығындары барлық өндірілген өнімдерге үйлесімді (пропорционалды) бөлініп, қосылады.

8312 шоттың дебетіне көмекші өндіріс жұмысшы-қызметкерлсрінің істеген жұмыстары мен атқарған қызметтеріне есептелген еңбекақы сомалары жазылады.

8412 шоттың дебетіне цехтың әкімшілік басқару және басқа да жұмысшылардың еңбекақылары жазылады.

Кәсіпорындар  мен ұйымдарда жұмысшылар мен  қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан салықтар мен ұсталымдар, жарналар есептелгенде:

Д-т:  "Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді қарыз" шоты.

К-т:   "Зейнетақымен  қамтамасыз  ету  қорымен  есеп айырысу"  шоты,

"Бюджетпен  басқадай салықтар немесе алымдар бойынша  есеп  айырысу"   және  тағы  да  басқа шоттар түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

 

Операциялар мазмұны

Дебиттелетін шот

Кредиттелетін шот

Жұмысшылар мен  қызметкерлерге еңбекақы,   сыйақы   және   басқа да төлемдер есептелінді:

- Негізгі  өндіріс жұмысшыларына;

- Қосалқы  өндіріс жұмысшыларына;

- Цехтың қызметкерлеріне;

- Кәсіпорынның   басқару  аппараты қызметкерлеріне;

- Маркетинг  бөлімінің, басқа да тауарларды (қызметтерді,жұмыстарды) сатумен айналысатын жұмыскерлерге;

 

 

 

8112

8312

 

8412

 

7211

 

 

 

7110

 

 

 

3350

3350

 

3350

 

3350

 

 

 

3350

- Жұмысшыларға кезекті  демалыс ақысын есептеу (егер демалыс ақысын төлеуге резерв құрылған болса)

- Демалыс  ақысынан   есептелген әлеуметтік салық сомасы

 

 

 

5460

 

5460

 

 

 

3350

 

3150

Жұмысшылар мен  қызметкерлерге есептелген   еңбекақыдан  зейнетақы қорына ұсталынатын сомаға;

 

3350

 

3220

Жеке   тұлғаларға есептелген еңбекақыдан    ұсталатын    табыс    салығы сомасына

 

3350

 

3120

Жұмысшылардың еңбекақысынан  сот органдарының шешіміне сәйкес орындалатын құжат бойынша ұсталған сомаға

 

 

3350

 

 

3540

Жұмысшылардың еңбекақысынан олардың  есеп   беруі   бойынша   ұсталатын сомаларына

 

<p class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439" style=" text-align: center; te


Информация о работе Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудитінің ерекшеліктері және еңбек заңдылықтарының сақталынуы