Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2011 в 14:27, курсовая работа
Мен 23 ақпан мен 3 мамыр аралығында өндірістік тәжірибеден «Локомотив сервис орталығы» Акционерлік Қоғамының «Астана локомотив сервис орталығы» филиалында өттім. Мекеме Қазақстан Республикасының Астана қаласы бойынша Әділет Министрлігінде 2004 жылдың 01 қарашада тіркелген (Мемлекеттік тіркеу бойынша куәлік 17532-1901-АҚ). Акционерлік қоғамның шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 13 мамырда қабылданған «Акционерлік коғамдар» туралы заңымен және басқа да нормативті құқықтық актілермен реттелінеді. Акционерлік коғам заңды тулға ретінде өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарымен және Жарғыға бағынып атқаруда. Филиал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және Қоғамның директорлар кеңесі шешімінің (2004 жылғы 12 қарашадағы отырыстың № 1 хаттамасы) негізінде құрылды. Қоғамның филиалының мекен – жайы: Астана қаласы, Котовский кошесі 1 үй.