Баскару есеби

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 16:31, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: өндіріс шығындарының есебі. Бұл курстық жұмыста шығын ұғымы мен басқару есебінде және өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін шығындардың жіктелуі, сонымен қатар өндіріс шығындар есебі туралы жазылған. 1 - бөлімінде жалпы шығын ұғымы мен оның жіктелуі жайында түсінік, шығын мен шығыс түсініктерінің бір-бірінен айырмашылығы сипатталып берілген. Ал 2-бөлімінде өндіріс шығындар есебі, калькуляция баптары бойынша есебі және құрылымдары, аяқталмаған және көмекші өндірістердің есебі туралы.
Өндірістік есеп міндетіне қаржылық есептер жасау үшін тікелей өндірістік шығыстарды (өнімнің өзіндік құны) анықтау кіреді. Бухгалтерлік есептің мәліметтері көптеген сұрақтарды шешу үшін талап етіледі және бұл ақпаратты тіркеу мен жетіктеудің ықпалды жүйесін құру қажет. Бухгалтерлік ақпаратты жіктеудің көптеген сызбалары бар, олардың біреуін эталон деп бөлу мүмкін емес, өйткені жіктеу сызбасы ақпарат тағайындауына байланысты. Оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйымның өндірістік қызметінің барлық кезеңдеріндегі шығыстарды білу қажет. асқару есебінде бухгалтерлік ақпаратгың қалыптасу қағидаттары үш бағытта қолданылады.

Содержимое работы - 1 файл

Курсовой Баскару есеби.doc

— 315.00 Кб (Скачать файл)

    а) экономикалық элементгер бойынша - өнім өндірісіне нақты не жұмсалғанын  көрсетеді 2 «Қорлар»-ке сәйкес бұған мынадай экономикалық элементтер жатады:

    •    материалдық шығындар;

    •    еңбекті өтеуге жұмсалатын шығындар;

    •    ақша аударулар;

    •    құралдардың тозуы;

    •    басқадай шығындар.

    ә) калькуляция баптары бойынша - өнімнің кейбір түрлерінің өзіндік құнын есептеу үшін қолданылады. 2 «Қорлар» ХҚЕС бойынша бұларға:

    •   материалдар;

    •    еңбекті өтеу;

    •    ақша аударулар (аударымдар);

    •    қосымша шығыстар.

    Көрсетілген топтарды салыстыру 1-кестеде келтірілген. 

    Кесте 1. Элементтер мен калькуляция баптары бойыиша шығындарды топтастыру, мын теңге 

    Экономикалық  элементтер   Сома  Калькуляция   Сома
 1. Материалдық шығындар   78000  1. Материалдар   25200
 2. Еңбекті өтеуге шығатын шығыңдар   17000  2. Сатылатын  жартылай өнім   41000
 3. Ақша аударулар (аударымдар)   3060  3. Қайтарымды  қалдықтар (ұстап қалынады)   2400
 4. Құралдардын тозуы   7220  Технологиялық   мақсатгарға арналған отын мен энергия   9100
 5. Басқадай-шығындар   11720  5. Еңбекті  өтеу   10000
 Барлығы   117000  6. Ақша аударымдары   1800
 6. Өндірістік емес шоттарға (-) (қайтарымды қалдықтар құны, ақауға кінәлілерден шығынның орнын толтыру және т.б.)   (3600)  7. Өндірісті дайындау мен игеруге шығыстар   4600
 Бітпеген  өңдірістің қалдығын (+) өзгерту   600  8. Қосымша  шығыстар   17500
        9. Ақаудан болған шы-ғыстар   1390
           10. Басқадай өндірістік шығыстар   1010
    Барлығы   114000  Барлыгы   114000
 

    Экономикалық элементтер (117000 теңге) және калькуляция баптары (114000 теңге) бойынша шығындар өндірістік емес шоттарға есеп өзгерту бөлігіне түзету элементтері бойынша жиынтыққа кірмей тұрып сандық жағынан бірдей болмайды. Шығындардағы айырмашылықтар сондай-ақ ұқсас атаулардың элементтері мен калькуляция баптары бойынша да болады. Мысалы, экономикалык элемент бойынша "Еңбекті өтеу шығындары" 17000 теңге болып, ал "Еңбекті өтеу" калькуляциясының бабы бойынша 10000 теңге болып көрсетілген. Айырма жабдықты күтумен щұғылданатын еңбекшілердің еңбегін өтеу шығыстарында, яғни қосымша шығыстарда ескерілген.

    Алайда  экономикалық элементгер мен шығын  баптары бойынша шығыи есебіндегі топтасулар өзара байланысты екендігін  байқаған жөн, өйткені олар субъектінің  бірдей шығындарын кұрамы (элементтер) және мақсатгы белгілеуі (калькуляция баптары) бойынша сийаттайды.

    Бұл есепте тұтастай шаруашылық жүргізуші  субъект бойынша ақпаратгы элементтік тұрғыда қалыптастыруға және оны  шығындардың пайда болу орны мен  өнім (жұмыс, қызмет көрсету), түрлері, калькуляция баптары бойынша мұқият қарастыруға, өзіндік құнды анық есептен шығаруға, кәсіпорын шығындарын бақылауды жақсартуға мүмкіндік береді. Экономикалық элементтер бойынша топтастыру олардың құрылымын оқып-үйрену, өндірістік шығыстардың сметасы қолданылады. Екі топтасу да бірін-бірі толықтырады және өнім өндірісіне жұмсалған шығынды есептеуге, өзіндік құнды есептеу мен талдауға мүмкіндік береді.

    Өндіріс шығындары бірқатар басқа белгілер бойынша жіктелуі мүмкін (2-кесте):

      Кесте 2. Өндіріс шыгындарын жіктеу 

 Жіктелуші топ  Шығындар (шығыстар)
 Өндіріс процесіндегі экономикалык рөл бойынша
  • негізгі
  • қосымша
 Өнімнің өзіңдік құнына жаткызу тәсілі бойынша
  • тікелей
  • жанама
 Құрамы  (біртектілігі) бойынша
  • бірэлементтік
  • кешенді
 Өндіріс көлеміне байланысты
  • өзгермелі
  • тұрақты
 Пайда болу мерзімділігі бойынша
  • ағымдағы
  • бір жолғы
 Өндіріс процесіне қатысуы бойынша (басқару міндеттері бойынша)
  • өндірістік
  • әкімшілік
  • коммерииялық
 Тиімділігі бойынша
  • өндірістік
  • өндірістік емес
 Бақыланатын мүмкіндігі бойынша
  • реттелетін
  • реттелмейтін
 Орташалау дәрежесі бойынша
  • жалпы
  • орта
 Пайданы генерациялау кезеніне шығындарды жатқызу тәртібі бойынша
  • өнімге
  • кезеңге
 

    Негізгілер  - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланыстылар: шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқадай шығындар.

    Қосымшалар - өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болады.

    Тікелейлер  - өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура және тікелей кіруі мүмкін (шикізат, негізгі материалдар, аударымдар (ақша аударулар). Жеке бөлімшеге жатқызылуы мүмкін шығындар бөлімшенің шығындары деп аталады (автомеханиктің еңбекақысы - автосервис бөлімшесінің тікелей шығындары, автомобильді бояу цехында қолданылатын бояудың құны - тікелей бояу цехының шығындары).

      Жанамалар - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама (шарты) түрде бөлінеді. Жеке бөлімшелерге жатқызылмайтын шығындар жанамалар (жарнамаға шығындар - субъектінің әрбір бөлімшесінің жанама шығындары) деп аталады.

    Шығындар  бір бөлімше үшін тікелей, екіншілері үшін жанама (завод менеджерінің еңбек  ақысы - кейбір бөлімшелер үшін қосымша  шығындар, алайда бүкіл завод үшін тікелей шығын) болуы мүмкін.

    Тура  және жанама етіп бөлу салалық ерекшеліктерге, өндірісті ұйымдастыруға, өнімнің өзіндік құнының калькуляциялаудың қабылданған тәсіліне (көмір өнеркәсібінде, энергетикада - барлық шығындар тікелей байланысты).

    Бірэлементтілер - бір элементтен тұратындар (еңбекақы, материалдар, ақша аударулар).

    Кешенділер - бірнеше элементтен тұратындар (құрамына тиісті риске құрамның еңбекақысы, аударымдар, материалдар, амортизация мен басқадай бірэлементті шығыстар кіретін цехтық шығыстар).

    Өзгермелілер  - мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сайма-сай (пропорциональды) өзгеретіндер (өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялық энергия, отын және т.б.) және осы кезеңдегі өнім өндіруге сайма-сай бөлінеді.

    Мысалы, егер өндіріс көлемі 10%-ке көбейсе, жалпы  өзгермелі шығындар да 10%-ке ұлғаяды.

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1*-суреттен  және 3-кестеден көрініп тұрғандай,  өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне  сайма-сай (пропорциональды) өседі.  Өндіріс көлемі екі есе 100-ден  200 бірлікте дейін өссе, жалпы  өзгермелі шығындар 1000-нан 2000 теңгеге  дейін ұлғаяды. Алайда өзгермелі шығындар өнім бірлігін есептегенде көлем өзгергенде тұрақты болып қалады. Бірінші, екінші, оныншы бірлік болғанына қарамастан. Сондықтан өзгермелі және тұрақты шығындар шартты-өзгермелі немесе шартты-тұрақты деп саналады, өйткені олар қосарлы рөл атқарады, бірақ әр түрлі көзқарас тұрғысынан. 

    Кесте 3. Өзгермелі шығындардыц өнім өндірісі көлеміне тәуелділігі

   Көлем, бірлік  Бірлікке шаққандағы өзгермелі шығындар, теңгемен  Бірлікке шаққандағы жалпы өзгермелі шығындар, теңгемен
   100  10  1000
   200  10  2000
   300  10  3000
   400  10  4000
 

    Тұрақтылар - өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты емес дерлік (жылыту, өндістік бөлмеге жарық беру, амортизация, жалға алу жарнамаға шығындар және т.б.).  Егер көлем 10%-ке ұлгайса немесе кемісе, онда жалпы тұрақты шығындар өзгермей қалады, бірақ бір бірлікке тұрақты түседі.

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2*-суреттен  өндіріс көлемі өзгерген кезде,  тұрақты шығындар, өзгеріссіз қалатыны  көрінеді. Егер өндіріс көлемі 10%-ке  азайса, онда жалпы тұрақты шығындар  өзгеріссіз қалады. Егер өндіріс  көлемі бір бірлікке тең болса, онда тұрақгы шығындар 300 теңгені құрайды, бірақ тұракты шығындар өидіріс көлемі бір бірлікке ұлғайса, тұрақты төмендейді. Соған сәйкес өнімнің өзіндік құны да кемиді. 

    Кесте 4. Тұрақты шығындардын өнім бірлігіне шаққандағы реті (тәртібі)

 Көлем, бірлік  Бірлікке  шаққандағы тұрақты шығындар, теңгемен  Бірлікке шаққандағы жалпы тұрақты шығындар, тенгемен
 1  300  300
 2  150  300
 5  60  300
 15  20  300
 20  15  300
 25  12  300
 30  10  300

    Өнім  бірлігіне шаққандағы тұрақты шығындарды 3*-сурет пен 4-кестеден көруге болады. 

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Өнім  бірлігіне шаққандағы тұрақты шығындар өндіріс көлемінің ұлғаюына қарай  төмендейді.

    Ағымдағылар - жиі мерзімде болып тұратын шығындар (шикізат, материал шығыстары).

    Біржолғылар (бір мәрте) - еңбек демалысын, жөндеу жүргізу және т.б. төлеуге арналғандар. Олар сметаны бекіткен ретпен тәртіппен және мерзімде бірен-сарандап өнімнің өзіндік құнына кіреді.

    Өндірістік - тауарлық өнімді дайындауға байланысты және оның өндірістік өзіндік құнына (тауарлық өнім — өз материалынан да, тапсырушының материалынан да жасалып шығарылатын, техникалық бақылау қабылдаған және қоймаға тапсырылған дайын бұйымның құны; баска жаққа босатылған, өзі өндірген жартылай өнімнің сондай-ақ субъектінің негізгі құрал-жабдықтары толықтыруға жіберілген өнімнің өзіндік құны) құрайтын барлык шығындар.

    Әкімшілік - жалпы басшылыққа, жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы шығыстарға байланысты.

    Коммерциялық (өткізу бойынша шығындар) сатып  алушыларға өнімді өткізуге байланысты.

    Өнімді (жоспарланатын) - тиімді технология мен өндірісті ұйымдастыруға белгіленген сападағы өнім өндірісіне шыққан шығындар.

    Өндіргіш  емес (жоспарланбайтын) - өндіріс технологиясы мен ұйымдастырудағы кемшіліктер салдары іркіліс шығындары болып табылады.

    Реттелетін - егер атқарушы шығындар деңгейіне елеулі әсер етіп немесе реттей алса (өнім өндірісіне пайдаланатын шикізатқа шығындарды - цех тексерушісі реттейді).

    Реттелмейтіндер - деңгейіне еңбеккер (дайындау учаскесінің мастері конструкторлық бөлім қызметкерінің еңбегін өтеу бойынша шығынға әсер ете алмайды) елеулі ықпал ете алмайтын шығындар.

    Жалпы - өндірілетін өнімнің барлық көлеміне.

    Орташалар - өнімнің бір бірлігіне шаққандағы.

    Өнімге - өнімнің өзіңдік құнына (тікелей  шығындар) кететін.

    Мезгілге - мезгіл шығыстары: жалпы және әкімшілік  шығыстар, тауарды өткізу бойынша шығыстар, сыйақы бойынша шығыстар (жанама шығындар).

Информация о работе Баскару есеби