Ауылшаруашылығы ұйымдарындағы қорлар есебі мен бақылауын жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 09:41, реферат

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның әлемдік экономикаға дендеп енуі отандық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық есептіліктерінің сапалылығы мен шынайылығы мәселелерін көтеруде. Сондықтан бухгалтерлік есеп пен есептілікті дамытуға арналған тұжырымдамада қаржылық есептіліктің сапасын көтеру келешек мақсаттардың негізгі бағыты ретінде танылуда. Қазіргі экономикалық жағдайда ұйымдар стратегиялық шешімдер қабылдауда бухгалтерлік есепке маңызды рөл беруде. Өндіріс процесі барысында түрлі шикізат пен материалдар көп мөлшерде пайдаланылады. Олардың сақталуындағы негізгі рөлді материалдық қорлар қозғалысының барлық кезеңдеріндегі есебі мен бақылауы атқарады (сатып алу, келіп түсу, сақтау, өндіріске жіберу, өндірісте пайдалану, т.б).

Содержимое работы - 1 файл

Kalimbetova.doc

— 229.00 Кб (Скачать файл)
>        
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Қазіргі уақытта ұйым туралы жалпы  бірдей мүддемен байланысқан ұжым ретінде  айтуға болмайды. Нарық заңдылықтары бойынша өнім өндіру және сатумен, қызмет көрсетумен және басқа қызметтермен байланысты барлық экономикалық субъектілер құрылтайшыларға, яғни меншік иелеріне және жалдамалы жұмысшыларға бөлінеді. Ендігі жерде түгендеуге, кәсіпкерлердің қаражаттары және заемдар мен несиелер салынған меншіктің сақталу мәселесі ретінде қараған жөн.

      Алдын айтылғандай, түгендеу ауыл шаруашылық ұйымдарында материалдық қорлардың сақталуын бақылаудың бір тәсілі ретінде қолданылады. Бірақ, түгендеу жүргізу барысында нәтижесінде бұл әдістің бақылау қызметін жоғалтатын, көптеген тәртіп бұзушылықтар мен қателіктер жіберіледі.

      Осы талаптарға сүйене отырып, біз материалдық  қорларды түгендеудің ең төменгі  қажетті кезеңділігін анықтадық  (4 кесте).

      4 кесте - Ауыл шаруашылығы ұйымдары үшін материалдық қорлардың түгендеуін өткізудің ұсынылатын кезеңділігі 

Қорлардың түрлері Шот № Кезеңділік Өткізу мерзімі
Шикізат, жем, тұқым және басқа да материалдар 1310 Жылына 1 рет 1 қазаннан ерте  емес
Мұнай өнімдері 1310 Айына 1 рет Есептілік алдында  міндетті
Жас мал 1350 Тоқсанына 1рет- жылына 1 рет Есептілік алдында  міндетті
Бордақыдағы мал 1350 Жарты жылда 1 рет Есептілік алдында  міндетті
Аяқталмаған өндіріс 1340 Жылына 1 рет 1 қазаннан ерте  емес
Қоймадағы дайын өнім 1320 Жылына 1 рет 1 қазаннан ерте  емес
Тауарлар 1330 Жылына 1 рет 1 қазаннан ерте емес
Ескерту – автор құрастырған
 

      Түгендеуге  қойылатын бұл кезеңділік пен  талаптардан келесідей қорытынды  жасауға болады: жыл соңында жылдық есептілікті құрудың алдында  өндірістік-шаруашылық қызметтің қалыпты  ырғағы тек қана  қорлардың ғана емес сонымен қатар басқа да мүліктер мен міндеттемелердің түгендеуін жүргізумен бұзылады.

      Зерттелген  ауыл шаруашылығы ұйымдарында түгендеуді дұрыс жүргізгенде нақты осы факторлар анықтаушы маңызға ие, деп есептейміз. Бір жағынан қысқа уақыт аралығында (қазан-қараша) шаруашылықтарда барлық мүліктер мен міндеттемелердің түгендеуі дұрыс өткізілуі тиіс. Оған, әрине, қызметкерлер – түгендеу комиссиясының мүшелері, материалды-жауапты тұлғалар жұмылдырылуы тиіс, ал қорларды түгендеу кезінде арту, түсіру, таразыға тарту жұмыстары үшін қосымша жұмысшылар да тартылады. Екінші жағынан, жыл соңы бұл – барлық есепті кезеңге ұйым қызметінің қаржылық нәтижелері анықталатын қорытындылаушы кезең, сондықтан белгіленген жоспардан қандай-да бір ауытқулар немесе тұрып қалу кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да, кейбір жағдайларда есептің дұрыстығы екінші кезекке қалып қояды.

      Сондықтан, бухгалтерлік есептің түгендеу әдісімен орындалатын бақылау қызметін келесідей ұйымдастыруды ұсынамыз.

      Қазіргі уақытта барлық өткізілетін түгендеулер дискретті болып табылады, яғни үзілістермен  орындалатын түгендеу. Бірқатар елдерде тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комиссиясы материалдық қорлардың жеке түрлерін олардың минималды қалдықтары сәтінде тексеретін, перманентті (үздіксіз) түгендеу жүргізу тәжірибесі қолданылады. Бұндай түгендеу материалдардың нақты барын жыл бойына бірнеше рет тексеруге және бір реттік түгендеудің өткізілуін күтпей-ақ есеп көрсеткіштеріне өзгерістерді дер кезінде енгізуге мүмкіндік береді.

      Бухгалтерлік  есеп әдісі және оның бақылау қызметі ретінде түгендеуге деген бұндай көзқарас оның жеделдігін арттырады. Перманентті түгендеу барысында анықталған қателіктерді ағымдағы есепте түзетуге болады, ал әдеттегідей жыл соңында өткізілетін кәдімгі түгендеуден бақылаудың жеделдігі жоғалады. Есепті кезеңнің басында жіберілген қателік байқалмайды, түзетілмейді, кейбір жағдайларда әр түрлі себептермен бірнеше рет қайталануы мүмкін, нәтижесінде жыл соңында дискретті түгендеумен анықталғанмен де көптеген салдарға әкелуі мүмкін.

      Бұдан бұрын айтылғандай, дискретті түгендеуді жүргізу түгендеу комиссиясының құрамына кіретін ұйым қызметкерлерінің бір тобын өз жұмыстарынан қалдырумен сипатталады. Еңбек шығындарының кейбір бөлігін перманентті түгендеуді жүргізумен қысқартуға болады. Бұл бақылау процедурасы әрдайым материалдық қорлардың жеке түрлері бойынша олардың минималды қалдықтары сәтінде жүргізілетін болғандықтан, оны өткізу мерзімі қысқарып, жұмыс уақытының бір күнін немесе бірнеше сағатын құрауы мүмкін. Бұл тәсіл қорлардың нақты барын растаудың шарты болып табылатын санау, өлшеу және басқа да процедураларға кететін уақытты азайтумен еңбек шығындарын қысқартып қана қоймайды, сонымен қатар, ауыл шаруашылық ұйымдарына түгендеу созылған жағдайда тексерілетін қорлармен орындалатын операцияларды тоқтату қажеттілігінің нәтижесінде болатын қызметтің қалыпты барысының бұзылмауына мүмкіндік береді.

      Сонымен қатар, түгендеу өткізу барысында еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімсіздігі, бұл бақылау процедурасын жүзеге асыру үшін түгендеу комиссиясы құрылуымен туындайды. Тәжірибе көрсеткендей, комиссия құрамы, әдетте, бес адамнан кем болмайды, олардың ішінде тікелей тексерумен (таразыға тарту, өлшеу, санау, тізімдеме мен басқа да құжаттарды толтыру) тек қана екі адам айналысады, ал қалғандары бақылаушы ролін атқарады. Осы тараптан, біз перманентті түгендеу жүргізу міндетін ішкі аудиторға жүктеуді ұсынамыз (ішкі аудитті енгізу қажеттілігі зерттелген ауыл шаруашылық ұйымдарындағы ішкі бақылау жүйесінің тиімсіз қызметімен анықталады). Бірақ, түгендеуге қойылатын талаптарды азайтпас үшін және бұл түсінікті басқа мағынада пайдаланбас үшін, бұл бақылау процедурасын материалдық қорлардың нақты бары мен ағымдағы есебін перманентті тексеру деп атаған дұрыс.

      Перманентті тексерулер қорлардың минималды  қалдығы кезінде жүзеге асырылады. Сондықтан материалды-жауапты тұлғалар осы факт туралы (қорлар деңгейінің минималды мөлшерге жақындағаны туралы) ішкі аудиторды ескертуі тиіс. Ішкі аудитор, өз кезегінде қорлардың нақты осы түрі бойынша, осы уақытта перманентті тексеруді өткізудің дұрыстығын анықтайды. Бұл кезде келесілер ескеріледі :

     1) соңғы өткізілген тексерудің мерзімі,

  1. қорлардың осы түрі бойынша түгендеу өткізудің қажетті кезеңділігі,

     3) тәуекелділік деңгейлері бойынша қорларды үйлестіру. Тәуекелділік деңгейі жоғары қорларға өндірісте көп көлемде пайдаланылатын қорларды және бір бірлігінің құны жоғары қорларды жатқызу қажет.

     Тәуекелділік  деңгейі төмен қорларға – сирек  пайдаланылатын және арзан қорларды жатқызу қажет.

      Зерттелген  ауыл шаруашылық кәсіпорындарында қорлардың аналитикалық есебі карточкалары жүргізіледі. Сондықтан, түгендеу тізімдемесін жасамай-ақ қорлардың бір түрінің нақты барын перманентті тексеру жүргізу сәтіне сол жерде қалдықтары есептеліп қоюы тиіс карточкаларға түсіруге болады. Ішкі аудитор қорлардың нақты барын талдамалық есеп карточкаларының көрсеткіштерімен салыстырып, олардың сәйкестігіне көз жеткізіп, карточкаға тексеру күнін, қорлардың нақты барын жазып, өз қолын қояды. Содан кейін бухгалтериядан алынған көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстырып, егер олар сәйкес келсе тексеру нәтижелері туралы өткізілген перманентті тексерулер журналына жазады. Егер де көрсеткіштер сәйкес келмесе, есепте жіберілген қателіктерді анықтау үшін және оларды жою жолдарын ұсыну үшін қосымша бақылау процедуралары өткізіледі.

      Қорытынды

       Ауыл шаруашылығы ұйымдарындағы қорлар есебі мен бақылауын жетілдіру бойынша жүргізілген зерттеулер бірқатар қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді.

      1. Есеп пен бақылаудың теориялық негіздерін кешенді зерттеп, біз олардың басқарудың дербес қызметі ретіндегі маңызын анықтадық. Бухгалтерлік есеп басқарудың барлық кезеңіне тән, ол басқарудың әрбір кезеңін ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету қызметін орындайды; шаруашылық қызмет пен басқару шешімдерін қабылдайтын адамдар арасындағы байланыстырушы буын қызметін атқарады. Бірақ, бухгалтерлік есеп сияқты осындай күрделі жүйе өзінің ақпараттық қызметін орындау үшін, есепті ұйымдастыруға өзгерістер енгізіп отыру қажет. Есептің ұйымдастыру аспектісі көпшілігінде дұрыс бағаланбайды, соның нәтижесінде ақпарат жүйесі мен басқару жүйесі арасында қарама-қайшылық пайда болады. Кәсіпорынды басқарудағы бақылаудың дербес мағынасын айқындап, біз оның негізігі үш қырын анықтадық: пәні мен әдісінің ерекшелігі және объектіге алдын-ала әсер ету мүмкіндігі. Бірақ оған қарамастан, есеп пен бақылау бір бірінсіз мүмкін болмайтындай тығыз байланыста.

           2. Бухгалтерлік есеп бойынша нормативті құжаттарда өндірістік қорлар түсінігінің болмауы, оларды анықтау қажеттілігіне алып келді. Өндірістік қорлар (материалдар) – белгілі бір кезең барысында ұйымның жарғылық құжаттарымен бекітілген қызметін жүзеге асыру үшін өндіріс процесінде, басқару мақсатында және басқа да қажеттіліктер  үшін пайдаланылатын сатып алынған, өндірілген, басқа да көздерден алынған, экономикалық субъектінің меншігі болып табылатын, ұйымның бухгалтерлік балансының активінде көрініс табатын материалдық құралдар мен еңбек заттары. Бұл анықтамада, біз қорлардың экономикалық және бухгалтерлік мазмұнын біріктіруге тырыстық. Қорлардың экономикалық мазмұны олардың еңбек заттарымен қатар еңбек құралдарынан да тұратынында (еңбек құралдары бұл жағдайда өздерінің құнын дайын өнімге бірте-бірте аудару ерекшелігін жоғалтады). Бухгалтерлік мазмұны мүліктік иелік қағидасына басымдылық берумен сипатталады.

     3. Есептің әдістемесін зерттеу барысында материалдық-өндірістік қорлар есебінің алдына көздеген мақсаттарына байланысты әртүрлі міндеттер қойылатыны анықталды. Яғни, мақсаттар, әдетте, тек қана бір ғана бағытқа ие болады, мысалы есепті автоматтандыруға, қорлардың пайдаланылуын бақылауға және т.б. Ал басқа мақсаттар екінші кезекті болып, сұраусыз қалады. Осыны болдырмау үшін және барлық мақсаттардың бірдей маңыздылығын анықтау үшін, бірдей маңызды және өзара байланысты мақсаттар жүйесі жасалды.

     4. Материалдық-өндірістік қорлар есебінің негізігі қағидалары анықталып (уақыттылық, оқшауландыру, топтастыру, әділ бағалау, шынайылықты қамтамасыз ету, құжаттаудың тиімділігі, материалдарды пайдаланудың тиімділігі, толықтық) және олардың қорлар есебінің мақсатымен өзара байланысы белгіленді.

     5. Материалдық-қорлар есебінің қиындығы ауыл шаруашылығы ұйымдарындағы пайдаланылатын қорлар түрінің көптігімен анықталады. Экономикалық әдебиеттерді зерттеу, материалдық-өндірістік қорлар есебінде, оларды жіктеудің нақты екі түрі ғана – құрамы бойынша (жинақтамалық есепті ұйымдастыруда) және техникалық сипаттары бойынша (талдамалық есепті ұйымдастыруда) қолданылатынын көрсетті. Бірақ, қазіргі таңда басқару мақсаттарын орындау үшін, бұндай жіктеу жеткіліксіз. Пайдаланудың ыңғайлылығы үшін және жеке элементтердің ұқсастығын, айырмашылығын, өзара байланыстылығын анықтау үшін келесідей көрсеткіштері бойынша топтастырылған қорларды жаңаша жіктеу ұсынылады: материалдық-өндірістік қорлар есебінің мақсаттары бойынша және материалдық қорлар қатысатын айналым процестері бойынша. Ұсынылған жіктеуді пайдалану қорларды белгілі бір түріне дұрыс жатқызбаудың нәтижесінде есепте пайда болатын қателіктерді қысқартуға;  бухгалтерлік есеп алдына қойылған мақсаттарды сапалы орындауға мүмкіндік береді. Бұл жалпы өндірісті басқару процесін жақсартып, соның нәтижесі ретінде, шаруашылықтардың қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесін жақсартады.

     6. Бухгалтерлік есепті реформалау бағдарламасына сәйкес жаңа нормативті құжаттарға сәйкес бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізіледі. Бірақ, ауыл шаруашылық ұйымдарының тәжірибесінде халықаралық есеп қағидаларын қолдану үшін, көпшілігінде есеп процесін техникалық жабдықтандыру жетіспейді. Шаруашылықтар үшін инфляция жағдайында қорларды бағалаудың орташа құн әдісін пайдалану тиімді деп анықталды. Бірақ, әлемдік тәжірибеде кең таралған қорларды бағалау әдістерін қолдану үшін қорларды партиямен есепке алуды ұйымдастыру қажет, ал ауыл шаруашылық ұйымдарында бұл қаржылық және субъективті себептерге байланысты үнемі мүмкін болмайды.

     7. Қорлар құрамында есепке алынып, өндірістік процесте бір жылға дейінгі мерзімде пайдаланылатын шаруашылық құралдарының есебін ұйымдастыру мен жедел бақылауды жүзеге асыру мақсатында келесідей ұйымдастыру кезеңдері нақтылап көрсетілді: өндірістік қорлардың құрамдас бөлігі ретінде осы активтердің есебін анықтайтын құқықтық базаны құру (яғни ұйым басшысының бұйрығымен 1350 шотында есепке алынатын шаруашылық құралдарының тізімін бекіту); дұрыс сақталуын қамтамасыз ету; шаруашылық құралдарының бары және пайдаланылуы үшін, олардың есебін ұйымдастыру үшін жауапты тұлғаларды анықтау; құжат айналымында осы құралдармен байланысты шаруашылық операцияларды рәсімдеу тәртібін белгілеу; жедел бақылауды ұйымдастыру.

Информация о работе Ауылшаруашылығы ұйымдарындағы қорлар есебі мен бақылауын жетілдіру