Аудит жалпы аудит туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2012 в 13:34, реферат

Краткое описание

Аудит өздігіне заңдылықпен орнатылған талаптарға сай қаржылық есептерді құрастырудың обьективтілігі мен шындығы туралы тәуелсіз көзқарасты көрсету мақсатымен заңды тұлғалармен қаржылық есебін тексеруді көрсетеді.
Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды роль ойнайды. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді,серіктестер арасындағы сенімділкті қалыптастыруға септігін тигзеді,оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді,сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға шаруашылық жүргізуші субьектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Содержимое работы - 1 файл

audit.docx

— 52.32 Кб (Скачать файл)

 

  
                                            

 КІРІСПЕ        

 Аудит өздігіне заңдылықпен орнатылған  талаптарға сай қаржылық есептерді құрастырудың обьективтілігі мен шындығы туралы тәуелсіз көзқарасты көрсету мақсатымен заңды тұлғалармен қаржылық есебін тексеруді көрсетеді.      

 Аудит нарықтық экономика жағдайында  барлық шаруашылық процесіне  қатысушылардың қызметінде маңызды  роль ойнайды. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді,серіктестер арасындағы сенімділкті қалыптастыруға септігін тигзеді,оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді,сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға шаруашылық жүргізуші субьектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.       

 Аудит қаржылық,экономикалық,техникалық  заңдық және басқада қызмет  салаларында жүргізуге болады. Аудмттің  ең негізгі мақсаттарының бірі – шаруашылық жүргізуші субьектінің қаржылық есеп берулерінің нақты екендігін анықтау болып табылады.          

 Бұл арада клиенттің нормативті  құқықтық актілері талаптарды  сақтауын бақылауда үлкен мән  беріледі. Компаниялардың қызмет  нәтижелері және олардың заңды сақтауы туралы ақпарыттық тәуелсіз расталуы мемлекеттке,меншік иелеріне,акционерлерге инвесторларға,кредиторларға және олардың бизнес бойынша серіктестіктеріне қажет. Негізгі есеп тұжырымдамасы бойынша Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы аудиттің мазмұнын барынша қамтып жинақтаған анықтамасында былай делінген « Аудит – бұл экономикалық әрекеттер мен оқиғалар,олардың белгіленген деңгейінің нақты өлшемдерге қаншалықты сәйкестігі туралы ақпаратты алу мен бағанаудың және нәтижелерді мүдделілік танытқан пайдаланушыларға беретін жүйелі процесс».         

 ҚР « Аудиторлық қызмет туралы  » заңында мынандай анықтама  берілген« Аудит ҚР заңында  белгіленген талаптарға сәйкес  қаржылық есептіліктің дұрыс  және обьективті жасалған туралы  тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады ».      

Аудиторлық  мамандықты өздігінен реттеуді дамыту қазіргі таңда кәсіби қоғамдастықта  белсенді талқылануда. Олар арқылы аудиторлық қызмет сапасына бақылау жүргізілетін өзін өзі реттейтін ұйымдарды нығайту және күшейту туралы мәселе қойылуда. Бірнеше кәсіби ұйымдар құру қажеттілігі туындайды, бұл, мәні жағынан, аудиторлық нарықты одан әрі дамыту үшін иінтірек болады.      

Әлемдік экономикалық жағдайдағы соңғы он жылдықта болған шапшаң өзгерістер бухгалтерлік есепке алуға және қаржылық есептілікке арналған ережелерді жасау кезінде елдердің қолданатын тәсілдерін айтарлықтай дәрежеде өзгертті. Капитал нарықтары ұлттық шекарадан тыс жерлерде кеңейіп, ұлттық экономикалардың дамуына байланысты кірігу процесі нығаюда. Капитал нарықтарының кемелдене дамуы олардың даму үрдісін инвесторлардың жоғары дәрежеде түсінуін, олардың нығайтылуына, тұрақтылығына және өтімділігіне сенімділігін талап етеді. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының бірыңғай топтамасын қабылдау кредиттердің құнын және инвесторлар үшін маңызды емес стандарттар бойынша есептілікті дайындау жөніндегі әкімшілік шығыстарды қысқарту арқасында ұйымдардың инвестицияларды тарту бойынша шығыстарын қысқартуға себепші болады.     

Бухгалтерлік  есепке алу және аудит саласын  дамыту тұжырымдамасының міндеті Қазақстан  Республикасының экономикасында бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есеп беру және аудит  жүйелерінің өздеріне тән функцияларды одан әрі дәйекті түрде және ойдағыдай орындау үшін қолайлы жағдайлар мен алғышарттарды қамтамасыз ету болып табылады.       

I  АУДИТТІҢ ПАЙДА  БОЛУЫ МЕН ДАМУ  КЕЗЕҢДЕРІ      

1.1 Аудиттің пайда  болуы мен қалыптасуы      

Ел  Президентінің Қазақстан халқына  «Қазақстан -2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептері ашылып, оны жеңудің жолдары айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру, КСРО-ның құлауы және қазақстандық экономиканың әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырады. Бұл дәстүрлі нарықтың ығысуына, төлемге қабілетсіздік тудыруға, шектен тыс инфляцияға және көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тоқтауына әкеп соқтырады. Қалыптасқан жағдайды ескеру арқылы ұзақ мерзімді жеті артықшылықтың бірі ретінде жоғары шетелдік инвестиция мен ішкі жинақ ақша деңгейіндегі ақша нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу анықталады. Экономикалық өсу қаржы тұрақтылығына, өндірісті әртараптандыруды қамтамасыз етуге, аса маңызды салаларға инвесторларды тартуға, шешуші бизнес салаларының іскерлігін арттыруға, белсенді өндіріс саясатын енгізуге және акценттерді шаруашылық жүргізудің макро-дан микродеңгейіне жылжытуға септігін тигізеді.     

Қазақстан Республикасында радикалдық реформалардың  стратегиялық курсы нарықтың рөлі мен  барлық тауар-ақша қатынас жүйесін  күшейтуге бағытталған. Нарықтық экономиканың тиімділігін, оның ғылыми-техникалық жетістіктерді жылдам енгізетінін, адамның қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыруға мақсаттылығын әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. Нарықтық қатынасқа тауар өндірушілердің экономикалық тәуелсіздігі, субъектілердің шаруашылық қызметіне әкімшіліктің араласуын болдырмаушылық, өндіріс саласындағы еркін экономикалық байланыстар және қоғамдық өнім айналымы және оны тұтыну тән. Қазақстандық экономиканы сәтті функциялау үшін оны ұйымдастырудың озық құралдары мен нақты тетіктерін, оның ішінде мақсатты-бағдарламалық әдісті көптеген факторлар бойынша талдауды, жүйелі бақылауды және оңтайлы шешімдерді қабылдауды қолдану аса қажет. Барлық ресурс түрлерінің аса өткір сезілген тапшылық жағдайында ұлттық экономиканың қозғаушы күші кәсіпкерлікке айрықша назар аудару керек. Мемлекеттік меншіктерді жекешелендіруді тездету, өндіріс тиімділігін арттыру, бәсекелестік ортаны дамыту, қаржылық бақылауды жақсарту және осы заманғы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру сияқты факторлардың маңызы зор. Бір жағынан, шегі жоқ тұтынушылық, екінші жағынан ресурстардың шектеулі болуы шаруашылық жүргізудің қажеттілігін тудырады. Шаруашылық ресурстардың жетіспеушілігін терең сезінбес үшін адамдар барлық іс-әрекетін жоспарға құратын болса, адамдар экономиканың көмегімен тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағттандыру үшін өнім, қызмет түрлерін өндірудің барлық мекемелері мен әдістерін қамтиды. Шешім қабылдаушы, шарушылық жоспарын дербес жасайтын әрі осыларға сәйкес әрекет ететін барлық экономика бірліктері шаруашылық жүргізуші субъектілер деп аталады.          

ҚР  «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп берушілер туралы» заңда «жеке  кәсіпкер» және «ұйым» терминдерінің  мәні мен айырмашылығы ашып көрсетіледі. Ал, бұл терминдердің мағынасы республика резиденттері болып табылатын кәсіпкерлік қызметпен айналысатын барлық заңи тұлғаларды, сондай-ақ ел аумағында (территориясында) тіркелген бейрезидент өкілдіктер мен филиалдарды білдіреді.                                                                                                                

Ұлттық  экономиканы реформалау бойынша  түбегейлі процестер шаруашылық қызметті басқаруда жаңа ұйымдық  және бақылаушы –талдамалы құрылымның пайда болуының объективті қажеттілігімен шарттастырылған. Халық шаруашылығын басқару жүйесін қайта құрудың алғашқы жылдарында-ақ жоспарлы экономиканың дәстүрлі бақылау органдары өсу үстіндегі, яғни арта түскен қажеттіліктерді қанағаттандыру мен барлық мүдделі тұтынушыларды объективті ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша пайда болған проблемаларды кешенді шешуде өзінің қабілетсіздігін көрсетті.            

Әміршіл-әкімшілік  жүйеде төменгі басқару буынының жоғарыға қатаң бағынуы тек жоспарланған тапсырмалардың орындалуын, шаруашылық операциялардың заңдылығын сақтау, яғни оның заңға сәйкес болуын және мемлекет қарауындағы жалпы ресурстардың сақталуын тексеру бойынша тиісті ревизиялық қызметтерді талап етті. Ал, нарықтық экономика жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің серіктестермен, инвесторлармен, кредит берушілермен, меншік иелерімен, акционерлермен және басқа да пайдаланушылармен деңгейлес байланыстары бойынша шындыққа жанасымды ақпараттарға қажеттілік бірден артады. Бұл арада тек белгіленген параметрлердің сәйкесетіндігін тексеру ғана емес, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметтерін жақсарту бойынша ғылыми негізделген ұсынысын әзірлеуді, оларға кеңес беруді және басқадай да жоғары кәсіби деңгейде тиісті аудиторлық қызмет көрсетуді талап етеді.            

Кәсіби аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы –  бұл бүгінгі таңда да жалғасын тапқан айтарлықтай ұзақ процесс. Аудиттің қоғамдық рөлін түсінуі үшін оны ұйымдастырудың әдістемесін, теориялық негізін және мәнін ашу керек.           

Нарықтық экономикаға  өтпелі кезеңде шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін басқарудың маңызды құралдарының бірі қаржылық бақылау болды. ТМД елдеріндегі нарықтық қатынастың дамуы өндіріс саласындағы бизнестің жаңа қаржылық бақылау жүйесін қалыптастыратын алғышарттарды тудырды.            

Қаржылық-шаруашылық бақылау жүйесін түбегейлі қайта өзгерту, енгізу және тәуелсіз аудиттің посткеңестік өңірде «қарқынды» дамыту негізінде мына принциптер жатқызылады:            

1. Меншік түрлері  және қаржы көздері бойынша  бақылау объектілерін дәл оқшаулар;           

2. Бақылау субъектілерін  мемлекеттік, қоғамдық, аудиторлық (тәуелсіз), ведмоствалық (фирмалық) және іштей (ішкі шаруашылықтық) ден болу;            

3. Бақылау мәселелерін  шектеу, оның ішінде бюджеттің  кірісі мен шығысын дұрыс қалыптасытру, есеп берулердің анықтығы, өндіріс  әлеуетін пайдаланудың тиімділігін  арттыратын резервтерді анықтау  және бағалау;            

4. Мемлекеттік, жергілікті, қоғамдық, ішкі шаруашылық, тәуелсіз  аудиторлық ұйымдар мен жекелеген  аудиторлардың әрекет ету салдарын  анықтау.            

Аудит тарихы көрсеткендей, оның дамуы әкімшілік пен инвесторлар  арасындағы мүдделердің бөлінуінен болды.           

Америкалық бухгалтерлер ассоциациясының зерттеуіне сәйкес аудитке қажеттілік мына негізгі  шарттарды тудырады:

  • ақпарат жасаушылардың (әкімшілікпен) және пайдаланушылардың (акцияны иеленушілер, кредит берушілер және басқа тұлғалар) мүдделерінің қабыспауы, яғни сәйкеспеуі ақпараттың объективті болмауына әкеп соқтыруы мүмкін;
  • объективті емес ақпараттарға негізделген шаруашылық шешімдерді қабылдау жағымсыз экономикалық салдарды тудыруы ықтимал;
  • алынған ақпараттың шындыққа жанасымдылығын бағалау немесе тексеру үшін фирманың пайдаланушыларында жоқ арнайы білім болуы қажет;
  • ақпаратты пайдаланушының оның сапасын тікелей бағалау үшін уақыты мен материалы әрдайым бола бермейді.

 

   Қажетті ақпаратты алу мен бағалаудағы  пайда болатын қиындықтар аудиторлық қызметтің аясын тарылтады. Оның негізгі міндеті – есеп берулерді анық күмәнсіз ету; тұтынушыға ақпаратты маманның пікірін араластырмай жеткізу.  
  
  
  
    

1.2 Аудит ұғымы  және оның даму кезеңдері    

Аудит термині осыдан екі мың жыл  бұрын «аudio» деген латын сөзінен  шыққан, аудармадағы мағынасы «ол естиді» немесе «естуші» дегенді білдіреді.   

Рухани  оқу орындарында озат оқушыны  аудитор (тыңдаушы) деп атаған. Оған оқытушы басқа оқытушылардың  сабақта өткен материалды қалай  меңгергенін, тапсырманы қалай орындағанын, яғни оқу үлгерімдерін тексеріп отыруды сеніп тапсыратын болған. Еуропаның көптеген елдеріндегі мемлекеттік басқару мен шаруашылық қызмет салаларында лауазымды тұлғалардың ауызша есеп беруін тыңдаушы қызметкерді аудитор деп атаған. Есеп берудің бастапқы ауызша түрі көптеген адамдардың сауатсыз болуына байланысты қолданылған, сөйтсе де орта ғасырдағы адамдар есеп берудің ауызша түрі жазбашадан да жақсы болады деп есептеген. Олардың ойынша кез-келген құжатты  қолдан оңай түзей салуға болады, ал бақылаушы-аудитордың көзіне тура, тіке қарап тұрып өтірік айту мүмкін емес немесе өте қиын, деп санаған.    

Арнайы  әдебиеттерде аудиттің пайда болу кезеңі өзгеше әрі қарама-қайшылыққа толы. Бір авторлардың айтуынша, есеп берудегі мәліметтердің дұрыс көрініс  табуын жасау және бақылау біздің дәуірімізге дейінгі ІV мыңжылдығынан басталады. Сонымен бірге, Ніл, Тигр және Евфрат өзендерінің жазықтарындағы Таяу Шығыстағы ежелгі өркениетте жоғары дәрежеде ұйымдастырылған мемлекет құрылып, шаруашылық қызмет жүргізілді, үкімет өнім, мүлік, салық жинау, орындалған жұмыс қазынаны толтыру және кіріс пен шығыс есептерімен айналысты. Бақылаудың әр түрі жүзеге асырылды, оның ішінде аудит те бар. Мұндағы мақсат – қателіктерді азайту және шенеуніктер тарапынан алдау әрекеттеріне жол бермеу. Бірқатар бақылау түрлері сол уақытта Библияда (Інжілде) да суреттеледі. Онда мүлікті екі жақты күзету, адал қызметкерлерді жалдау, міндеттерді бөлісу мәселелері баяндалады.                                                                                                                 

Ревизиялық  қызмет Вавилон, Мысыр, Рим, Қытай және Греция сияқты антикалық елдерде  де болған. Мысалы, ежелгі Мысырда (біздің дәуірімізге дейінгі 3400-2400 жж.) мүлікті түгендеу кезең сайын, ал шаруашылық операцияларын бақылауды үш адам жүзеге асырған. Оның біреуі не нәрсе берілді, соның санын папирусқа белгілеп отырса, екіншісі нақты босатуларды жүзеге асырған, ал үшіншісі ауытқуды анықтау үшін берілген мүліктердің немесе өнімдердің санын нормамен салыстырып отырған. Ресурстардың қозғалысы мен болған оқиғалар бойынша операциялар қатаң тәртіппен құжатталып отырған, тікелей орындаушылар мен қатысушылардан тәуелсіз жүзеге асырылатын шаруашылық процестерін бақылау осылай пайда болған.      

Есепті жүргізу бойынша  арнайы заңнама алғаш рет Вавилон  мемлекетінде пайда болған. Хаммурани  заңы (біздің дәуірімізге дейінгі 2200-2150 жж.) конгрестерге дербес есеп жүргізуді, ал храмға – мемлекеттік есепшілікті жүргізуді әмір етті, ақшаны қолхатсыз беру жарамсыз деп саналған.      

Чжоу  династиясы басқарған уақыттағы көне Қытайда (біздің дәуірімізге дейінгі 1122-256 жж.) есептің мемлекеттік жүйесі, оның ішінде барлық үкімет департаменттерінің мұқият әзірленген бюджеті мен аудиті жүзеге асырылды. Ал, біздің дәуірімізге дейінгі 700 жылы ол жақта негізгі міндеті мемлекеттік ақша мен мүлікті пайдалануға құқығы бар үкімет шенеуніктерінің адалдығына кепілдік беру болып табылатын Бас аудиторлық қызметі болған.      

Афинада біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда Халық жиналысы мемлекеттің кірісі мен шығысын бақылады, ал оның қаржылық жүйесі барлық лауазымды тұлғалардың өкілеттілігі біткенше құжаттарын тексертіп үкімет аудиторларын қамтыды.     

Басқа авторлардың айтуынша, аудиттің пайда  болуы арнайы ғылыми білімнің саласы ретінде бухгалтерлік есептің қалыптасу  кезеңімен тығыз байланысты. Бухгалтерлік есеп туралы алғаш рет ғылыми кітап жазған италияндық ұлы математик Лука Пачоли (1445-1517 жж) арнайы бюрода тексеріп және тіркеп отыратын көпес кітабының іс жүзіндегі пайдалылығын атап кеткен болатын.      

Информация о работе Аудит жалпы аудит туралы