Қаржылық есеп беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2012 в 12:59, отчет по практике

Краткое описание

Кең мағынасындағы бухгалтерлік есеп және қаржы бойынша менеджерлер бизнестің жағдайы туралы акционерлерді/инвесторларды хабардар ету үшін мекеменің қаржылық іс-әрекетіне жауап береді, дәлірек айтсақ: ақша тасқынын басқару (қазіргі), есептілікті құрастыру (тарихы) және қаржылық стратегия (болашақтағы). Аталмыш курс инвесторлардың дұрыс қаржылық шешімдер қабылдауына көмектесетін бухгалтерлік және қаржылық есептілікті құрастыру үшін қажетті білім мен дағдыларды береді.

Басқару есебі. Жұмсалған қаражатты талдау.

Аталмыш курс жоспарлау, үйлестіру және бақылау үшін жұмсалған қаражатты түсіндіруді, пайдалануды және талдауды қарастырады. Ол нақты бизнестен іс жүзіндегі мысалдарды талдау үшін негізіне басқару есебі мен бюджеттеу жататын теориялар мен идеяларды пайдалануды қарастырады. Сонымен қатар тақырыптарға кәсіпорындардың барлық шығындарын, стандарттық және капиталдық шығындарды оңтайландыру кіреді.

Содержимое работы - 1 файл

Бухгалтерлік Есеп.docx

— 29.52 Кб (Скачать файл)

Бухгалтерлік  Есеп/Қаржы негіздері

Кең мағынасындағы  бухгалтерлік есеп және қаржы бойынша  менеджерлер бизнестің жағдайы  туралы акционерлерді/инвесторларды  хабардар ету үшін мекеменің қаржылық іс-әрекетіне жауап береді, дәлірек  айтсақ: ақша тасқынын басқару (қазіргі), есептілікті құрастыру (тарихы) және қаржылық стратегия (болашақтағы). Аталмыш  курс инвесторлардың дұрыс қаржылық шешімдер қабылдауына көмектесетін бухгалтерлік және қаржылық есептілікті  құрастыру үшін қажетті білім  мен дағдыларды береді.

Басқару есебі. Жұмсалған  қаражатты талдау.

Аталмыш курс жоспарлау, үйлестіру және бақылау үшін жұмсалған  қаражатты түсіндіруді, пайдалануды  және талдауды қарастырады. Ол нақты  бизнестен іс жүзіндегі мысалдарды талдау үшін негізіне басқару есебі  мен бюджеттеу жататын теориялар  мен идеяларды пайдалануды қарастырады. Сонымен қатар тақырыптарға кәсіпорындардың  барлық шығындарын, стандарттық және капиталдық шығындарды оңтайландыру кіреді.

Корпоративтік қаржылар

Аталмыш курс қаржы  негіздерін ұсынады. Ол қазіргі заманғы  корпоративтік проблемалар мен  нақты жағдайлардағы мәселелерді  шешу үшін пайдаланылған құралдар мен  теорияларды қарастырады. Арнаулы  тақырыптарға қысқа мерзімді қаржылық мәселелерді басқару, капитал құрылымының  теориясы мен практикасы, дивиденттерді  қолдану саясаты кіреді.

Қаржылық  есептілік: құрастыру, түсіндіру және талдау

Аталмыш курс практик  менеджерлер мен осы дағдыларды игергендер үшін арнайы құрылған. Оған оқытушының тапсырмасы, өз бетінше  оқу, сонымен қатар көптеген практикалық  мысалдарды пайдалана отырып, нұсқаушының  тыңдаушылармен ірлескен жұмысы енгізілген.

Қаржылық есептілік  ұйымдар туралы маңызды факторларды  көрсетеді. Қаржылық есептілікті пайдаланушылар бизнестің игілігіне және жалпы  алғанда бүкіл экономикаға ықпал  етуі мүмкін шешімдер қабылдау үшін осы  деректерге сүйенеді. Осылайша, қаржылық есептіліктің шешімдер қабылдау үшін сенімді де пайдалы болуының маңызы зор. Пайдалы бухгалтерлік және қаржылық  деректер – бұл менеджерлердің жұмысын анағұрлым тиімді етіп, менеджерлерге озық шешімдер қабылдауына көмектесетін пайдалы ақпарат.

Халықаралық Қаржылық Есептілік  Стандарттары

Семинар  бір-бірімен өзара бәсекелес бола тұра дүниежүзілік экономикааны нығайтатын ұйымдарға арналған Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарттарының (IFRS) роліне шолу жасау үшін әзірленген. Бұл әр түрлі елдердің есеп жүйесінің түйісу нүктесіне, сонымен қатар GAAP, МСФО және жергілікті есептілік стандарттарының арасындағы айырмашылыққа және өзгеріс жолдарына / жергілікті компаниялар үшін халықаралық мойындалған есептілікке өтуге алып келеді. Семинар материалдарына талдауды талап ететін және шешімдерді талқылауға мүмкіндік беретін практикалық мысалдар кіргізілген.

2009 жылы заңды және  жеке тұлғаларға  салық салудың  жаңа тәртібі.  ҚҚС 

Аталмыш курс 2009 жылғы салық салуға қатысты өзгерістерді ғана емес, жиынтық жылдық табысты  құраушыны, белгіленген активтердің  салықтық есебін, салық салынатын  табыстарды түзетуді, инвестициялық  салықтық преференцияларды, Халықаралық  шарттарды қолдану тәртібін, ҚҚС  туралы мәселелерді және т.б. қарастырады. Курс корпоративтік табыс салығы бойынша жылдық салық есептілігін  құрастыру үшін жауапты тәжірибеден  өтіп жүрген бухгалтерлерге, сонымен  қатар бас  бухгалтерлерге, кәсіпорындардың бухгалтерлік, қаржылық қызмет мамандарына, қаржылық бақылаушыларға (салық инспекторлары және салық полицияларына) көмек беруді қарастырады.

Қаржылық  іс-әрекеттер талдауы

Аталмыш курс тыңдаушыларды  компанияның қаржылық жағдайын бағалау  үшін қажетті дағдылармен және құралдармен  қамтамасыз етеді. Қаржылық есептер, коэффиценттер  талдауы және оларды түсіндіру дұрыс  басқару шешімдерін қабылдау үшін сындарлы мәселе болып табылады. Күрделі әрі  бәсекелі ортада кез-келген бизнестің  өмір сүруі үшін сыртқы қаржылық көмекті  тарту керек, дәлірек айтсақ, мемлекеттік  бағалы қағаздарды шығару, банктік  несие алу немесе тікелей инвестициялау. Қаржылық іс-әрекеттердің индикаторларын тұрақты талдау әлеуетті инвесторлардың көзқарасымен қарағанда компанияның  тартымдылығын сақтау үшін ескерту  шараларын жүзеге асыруға көмектеседі.

Excel көмегімен Қаржылық  Есептілік талдауы

Аталмыш курстың  мақсаты – қатысушыларға деректерді өңдеудің біршама тиімді құралдарын көрсету, сәйкес есептеулерді зерттеу, қолдағы деректердің тұтастығы  мен қауіпсіздігін сақтау, сонымен  қатар Microsoft Excel қосымшаларын пайдалана  отырып, өзіне тән өзгеше коммерциялық деректер базасын құру. Курс құжаттармен  жұмыс істей отырып, күрделі ақпараттық мәселелер мен міндеттерді шешуде өзінің білімі мен дағдысын жетілдіру  қажет болатын компьютерлік программалардың  сауатты пайдаланушыларына арналған. Excel құралдары мен функциялары (жаңа және/немесе осы уақытқа дейін  ешқашан пайдаланылмаған немесе ұмыт қалған) практикалық мысалдар мен тапсырмаларда қолданылатын болады.

Тәуекелдерді  басқару 

Тәуекелдерді  басқару тәуекелдерді бақылауға, болдырмауға (қашан бұл мүмкін болғанда) және бағалауға белсенді түрде бағытталған. Кейбір жағдайларда қабылдауға болатын  тәуекел нөлге жуық болуы мүмкін. Тәуекел апат нәтижелерімен, табиғат  құбылыстарының немесе апаттарының  себептерімен, сонымен қатар бәсекелестерінің тарапынан қасақана жасалған шабуылдарымен  болуы мүмкін. Стратегияларға басқа  тарапқа қарай тәуекелге жол  беру, мүмкін болатын тәуекелден бұлтару, тәуекелдің теріс салдарларын азайту және нақты тәуекелдің кейбір немесе барлық салдарларын қабылдау кіреді. Қаржы тәуекелдерін басқаруда тексерілген  қаржылық құралдармен бақыланатын  тәуекелдерге назар тігіледі.

Қаржылық  Есеп

Аталмыш курс бизнес іс-әрекеттерінің толық циклін есепке алуды енгізе отырып, есепке алудың базалық жүйе әдістері мен негізгі  тұжырымдамаларын көрсетеді. Ол сонымен  қатар ішкі бақылау мен қаржылық есептің негізгі принциптеріне  шолу жасайды: активтер, қысқа мерзімді міндеттер, еңбек ақыны есептеу, сонымен қатар кіріс пен шығыс мәселелерін қарастырады.

Бюджеттеу, жоспарлау және орындалуын бақылау 

Аталмыш семинар  қаржылық жағдайды талдау және компанияның  орнықтылығы негізінде шұғыл, сондай-ақ қаржылық іс-әрекеттер ретіндегі  бюджетті жоспарлап-құруға мүмкіндік  береді. Ұсынылған құралдардың негізінде  бюджетті және шаруашылық іс-әрекеттер  болжамын жасауға, сонымен қатар  қолдағы ақшаның қозғалысын болжауға, кіріс пен шығыс, бухгалтерлік теңгерім туралы есеп жасауға болады.

Аудит

Семинар компаниялардың/банктердің басқарма мүшелеріне, қаржы директорларына, менеджерлерге, сонымен қатар ішкі аудиторларға арналған. Басты мақсат аудиторлардың шешімдер қабылдау үдерісіне  шоғырланған. Бұдан басқа, тренингте  аудитордың негізгі бақылаушы функцияларының және ұйымдардың табыстылығы мен  тиімділігін қолдап-жақсарту үшін тексерушінің көзқарасымен олардың маңыздылық мәселелері қарастырылады.

Жобаларды басқару

Жобаларды басқару  бизнес операцияларды басқарудың аса  тиімді және кең таралған құралдарының бірі болды. Аталмыш курс жобаларды  басқаруда пайдаланылатын қазіргі  заманғы әдістер мен технологияларды  түсінуге көмектеседі, яғни ол жобаның  ұйымдастыру сұлбаларын әзірлеу, жобаны орындау үдерістеріне/сатыларына мониторинг және бақылау, сонымен қатар есептілік.  Курс команданы құруға және аталмыш команданы басқаруға арналған құралдарды көрсетіп, жоба мақсаттарын табысты орындауға көшбасшылық пен мотивацияның ықпалын мойындайды.

Маркетинг негіздері

Аталмыш курстың  мақсаты – маркетингтің жалпы  тұжырымдамаларын, оның бизнес функциясын және қазіргі заманғы маркетинг  тәжірибесін көрсету. Тыңдаушылар  нарықтық сегментті қалай анықтау, жарнаманы қалай жасау және таңдап алған мақсаттық сегменттер үшін өнімдер мен қызмет көрсетуді  қалай дамыту керектігін үйренеді. Сонымен қатар нақты практикадан  мысалдар қарастырылып, талқыланатын болады.

Тиімді  Іскерлік Қарым-Қатынас  дағдылары

Аталмыш курс бизнестік  қарым-қатынастардағы қатынас ролін, қатынас үдерісінің негізгі элементтерін және нәтижелі қатынас құрауыштарын көрсетеді. Ол сонымен қатар бұқаралық  ақпарат пен жарнама құралдарының ролін де зерттейді.

Маркетингтік  зерттеулер

Аталмыш курс тыңдаушыларды  маркетингтік зерттеулерді жоспарлау  және жүргізу, сұхбат өткізу әдістемесі, деректерді талдау, анық қорытындылар шығару және нәтижелердің тұсаукесері  сияқты негізгі маркетингтік зерттеулермен  таныстырады.

Басынан бастап соңына дейінгі  сатулар

Келіссөздер сатудың  маңызды аспектісіне айналды. Сатушылар  тұтынушылармен өзара қолайлы келісімдерге қол жеткізу үшін олардың сұраныстары  мен проблемалары бойынша қанағаттанарлық  шешімдер әзірлеуі қажет. Қазіргі заманғы  сатулар ынтымақтастыққа, ақырғы нәтижеге бағдарланып, проблемаларды шешуге бағытталуы және сатып алушылармен  өзар қарым-қатынас құруға назар  аударылуы керек. Курс қатысушыларды  жеңіліссіз келіссөздер жүргізу  дағдыларымен қамтамасыз етеді.

Жанжалдарды басқару. Менеджмент күйзелісі 

Жанжал –  бұл қалыпты және қажетті құбылыс: кез-келген дамушы жүйе қарама-қайшылықты туғызып, ол өз кезегінде даму қозғалтқышы  болып табылады. Бір жағынан, жанжал өзгерістердің қажеттігіне назарды  аудартады. Екінші жағынан, ол топтардың  арасында біршама айқын шекараларды  белгілеуге; шешімдер қабылдау үшін жауапты  анағұрлым айқын ұйымдастыру  құрылымын қалыптастыруға; ішкі бірлікті нығайтуға; мінез-құлық нормативтігін  белгілеуге алып келеді. Семинарға  қатысушылар жасырын, демек басқарылмайтын жанжалдардың қаншалықты қауіпті болатыны туралы түсінік алатын болады және қандай түрде  жанжалдарды айқындау, бағалау және шешу жүйесін жасауға болатынын үйренеді. Талқылап, шешімдер қабылдау үшін ұсынылған мысалдар күнделікті бизнес практикада туындайтын нақты өзара қарым-қатынастарға бейімделген.

Стратегиялық  маркетинг

Аталмыш курс тыңдаушыларды  негізгі маркетингтік стратегиялармен  және оларды қолдану жолдарымен таныстырады. Курстың басты мақсаттары мыналар  болып табылады:

  • Стратегиялық маркетингтің өзіне тән ерекшелігін зерттеу
  • Негізгі маркетингтік стратегияларға үйрену
  • Компаниялар мен өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әр түрлі әдістерін талдау
  • Маркетингтік мүмкіндіктерді талдау
  • Маркетингтік жоспарлаудың әр түрлі тәсілдерін талқылау.

Маркетингтік  қызмет көрсету

Аталмыш курс  маркетингтік қызмет көрсетуге қатысты мәселелерді зерттеу үшін арнайы әзірленген. Тыңдаушылар қазіргі заманғы маркетингтің теориясы мен практикасы салаларынан белгілі бір білім алады деп болжануда. Курс тыңдаушыларға маркетинг мәселелерін талдау, маркетингтік шешімдер қабылдау, жаңа шығармашылық идеялар жасап-қабылдау және жағдаяттардың ауқымды аясына маркетингтік принциптерді қолдану мүмкіндіктерін береді.

Тиімді  тұсаукесерлер техникасы

Аталмыш курс лауазымдық қызметі өзінен нанымды түрде  өз идеяларын. өнімдері мен қызмет көрсетуін  дамытуға және сатуға тілек білдірген  кез-келген адамға арналған. Тыңдаушылар  өздерінің тұсаукесерлерін өздері жасап, техникалық құралдар мен басқа  технологияларды өздері әзірлеп-пайдаланатын болады. Бұл курсқа сонымен қатар  барлық тұсаукесерлердің  бейнежазбалары, оның топтарда талқылануы, сонымен қатар нақты практикадан алынған мысалдар кіргізілген.

Тиімді  келіссөздер техникасы

Аталмыш курс қысқа  мерзімді және ұзақ мерзімді негізде  іскер серіктестермен ынтымақтастық  және нәтижелі қатынас жасау үшін жүргізілетін келіссөздердің стратегиялары  мен дағдыларын әзірлеп-жетілдіру  үшін әзірленген. Ол адамдармен қатынас  жасау және келіссөздерді басқарудың іс жүзіндегі дағдыларын ұсынады. Қатысушылар  келіссөздерге ықпал етуші факторлар  мен үдерістерді ұғынатын болады.

Менеджмент  брэнді

Аталмыш курс брэнд  пен сауда маркасының арасындағы айырмашылықты түсіндіріп,  қатысушыларға брэндтерді жасау және бағалау үшін қажетті дағдылар мен білімді береді. Нақты бизнес жағдаяттарынан алынған іс жүзіндегі мысалдар брэндтерді, олардың менеджментін әзірлеуде және құндылықтарды сезінуде тәжірибе алып, жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Курс өнімдерді, компанияның қызмет көрсетуін немесе имиджін дамыту үшін жауап беретіндерге арнап әзірленген.

Маңызды басқару дағдылары

Аталмыш курс ұйымдастыру  менеджментіндегі маңызды тәсілдерді зерттеу болып табылады. Ол жоспарлау, ұйымдардың құрылымы, ұйымдастырудағы  өзгерістер, көшбасшылық, мотивация, қызметкерлер тобының динамикасы және т.б. сияқты қазіргі заманғы бизнес менеджменттің  негізгі мәселелерімен таныстырады. Теория тақырыптардың мәнін жақсы  түсіну үшін көптеген нақты мысалдармен  бекітілетін болады.

Адам  ресурстарын басқару  негіздері

Информация о работе Қаржылық есеп беру