Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 19:43, реферат
Несие — нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде экономикалық дамудың ажырамас элементiн бiлдiредi. Оны барлық шаруашылық субъектiлерiмен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады. Құнның қозғалысы — бұл несиенiң қозғалысының кiндiгiн сипапайды. Несиелiк Қатынастардың пайда болатын экономикалық негiзiне капитал айналымын жатқызуға болады.
1. Несие, несиені табудың жолдары
2. Сыйақы, сыйақы бойынша шығыстар
3. Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерімдер
4. Сыйақы бойынша шығымдар шегерімі
5. Жылдық жиынтық табыс бойынша декларация
Жоспар:
1. Несие, несиені табудың жолдары
2. Сыйақы, сыйақы бойынша шығыстар
3. Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерімдер
4. Сыйақы бойынша шығымдар шегерімі
5. Жылдық жиынтық табыс бойынша декларация
Қарыз қаражаты
Қарыз қаражатының көзіне мыналар жатады:
Банк көмектері
әртүрлі қор несиелері
облигациялар мен басқа да құнды қағаздарды сатудағы қаражат
Кәсіпкерлікті қолдайтын мем лекеттік бағдарламалар
Тәжірибе бойынша қарыз қаражаты көздері көпшілікте банк көмектері мен түрлі қорлар беретін несие болатыны байқалған.
Несие — нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде экономикалық дамудың ажырамас элементiн бiлдiредi. Оны барлық шаруашылық субъектiлерiмен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады. Құнның қозғалысы — бұл несиенiң қозғалысының кiндiгiн сипапайды. Несиелiк Қатынастардың пайда болатын экономикалық негiзiне капитал айналымын жатқызуға болады. Көбiне несиенi ақша ретiнде түсiнедi. Бiр жағынан қараганда бұган негiз де бар сияқты. Себебi, қазiргi шаруашылықта қарыз көбiне ақшалай түрде берiлуде. Бiрақ бұл жерде ақша мен несиенiң әр түрлi ұғымды бiлдiрiп, әр түрлi қатынастарды түсiндiретiнін естен шығаруға болмайды. Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бiр санайтындар да аз емес, несие — бұл ақшалай қаражаттың екi жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берiлуiн және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы — сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейдi, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрiнде берiлсе, олар кайтарымсыз сипатқа ие.
Инвестициялық несие
Несиенің мұндай түрі кәсіпорынның негізгі капиталын қаржыландыру үшін қолданылады. (ғимараттар, жабдықтар, автокөліктер және т.б).
Лизинг – бұл заңмен бекітілген басты құралдарды пайдалану үшін олардың алынуын жылдамдатуға жағдай жасайтын қаржы құралы. Лизингке кез келген кәсіпкерлікке қажетті жабдықты алуға болады және қаржыландырудың белгіленген жағдайында сатып алуға болады. Жасалған жағдайларына қарай отырып, лизинг заты мен өнім берушіні сіз өзіңіз таңдайсыз.
Аванс төлемі сияқты алынған заттың жарты төлемін төлеу қажеттігі. Лизинг алушы есебінен жабдық міндетті түрде сақтандырылады.
Лизинг келісім-шарты мезгілі жеткенде алынған жабдық жоғары өтемпаздыққа ие болады.
Факторинг
Несие беруден басқа екінші дәрежелі банктер басқа да қаржылық қызметтер атқарады. Оның ең қызықты түрі факторинг.
Факторинг – бұл қарыз өтетуге, тауарды қайта сату мен басқа да соған бойынша төленетін төлемдерді алу үшін қолданылады. Бұл жерде қысқа мерзімді талап туралы сөз болады.
Басқаша айтқанда, факторинг дегеніміз, факторингтік компания кәсіпорыннан өз есебіне сатып алушыдан түскен ақшадан белгілі мөлшерде төлем алатын делдалдық қызметтің бір түрі. Ол клиенттің айналым капиталын несиелейді және өзіне оның несиелік пен валюталық қаупін алады.
Несиені жабудың жолдары:
Тең үлеспен жабу. Егер сіз осындай несие алатын болсаңыз алған несиені жабу сандарына байланысты бөле отырып, несие жабу бағаңыз анықталады. Проценттер несиенің қалған сомасына есептеледі.
Мерзім соңында жабу Мұның басты ерекшелігі несиенің барлық өтемін мерзім соңында жабу болып табылады.
Аннуитетті несие. Бұл несиенің ерекшелігі несие өтемдері жабу мерзімінде өзгеріссіз қалады (пайыздар+негізгі қарызды өтеу)
Алынған несиелер бойынша сыйақы
39) сыйақы - мыналарға:
кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша аударғаны үшін комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке (қарызға, микрокредитке) байланысты;
мұндай мүліктің алыну (берілу) құнын, лизинг алушы үшін лизинг беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төлемдерді қоспағанда, мүлікті лизингке беруге байланысты
36. Осы нысан Салық кодексінің 85 - бабы 2-тармағы 18-тармақшасына сәйкес депозит, борыштық бағалы қағаз, вексель бойынша салық төлеушімен Қазақстан Респуликасында, және одан да тыс жерден алуға (алынған) тиісті сыйақы түріндегі табысты анықтау үшін арналған.
37. «Сыйақы» бөлімінде:
1) 220.05.001 жолында депозит бойынша салық кезеңі ішінде алуға (алынған) тиісті сыйақы сомасы көрсетіледі;
2) 220.05.002 жолында борыштық бағалы қағаздар бойынша салық кезеңі ішінде алуға (алынған) тиісті сыйақы сомасы көрсетіледі;
3) 220.05.003 жолында вексель бойынша салық кезеңі ішінде алуға (алынған) тиісті сыйақы сомасы көрсетіледі;
4) 220.05.004 жолында депозиттер, борыштық бағалы қағаздар және вексельдер бойынша салық кезеңі ішінде алуға (алынған) тиісті сыйақының жалпы сомасы көрсетіледі;
220.05.004 жолы 220.00.017 жолға көшіріледі.
9. 220.07 – нысанын жасау – Сыйақы бойынша шығыстар
40. Осы нысан Салық кодекстің 103-бабына сәйкес шегерімге жатқызылған,сыйақы бойынша сомасын анықтау үшін арналған.
41. «Есеп» бөлімінде:
1) 220.07.001 жолында салық төлеушімен қолдануға құқығы бар, шекті коэффициенті көрсетіледі;
2) 220.07.002 жолында жеке капиталдың орташа жылдық сомасы көрсетіледі;
3) 220.07.003 жолында міндетемелердің орташа жылдық сомасы көрсетіледі;
4) 220.07.004 жолында сыйақыны шегеру мынадай формула бойынша есептелетін сома шегінде жүргізіледі:
(А+Е) + 220.07.001 * (220.07.002/220.07.003) * (В+С+D),
мұндағы, А – Ғ бағанындағы тор көзіне сәйкес G бағанындағы «1» көрсеткіші бойынша сомасы;
мұндағы, В – Ғ бағанындағы тор көзіне сәйкес G бағанындағы «2» көрсеткіші бойынша сомасы;
мұндағы, С – Ғ бағанындағы тор көзіне сәйкес G бағанындағы «3» көрсеткіші бойынша сомасы;
мұндағы, D – Ғ бағанындағы тор көзіне сәйкес G бағанындағы «4» көрсеткіші бойынша сомасы;
мұндағы, E – Ғ бағанындағы тор көзіне сәйкес G бағанындағы «5» көрсеткіші бойынша сомасы;
220.07.004 жолы 220.00.050 жолына көшіріледі.
42. «Сыйақы» бөлімінде:
1) А бағанында жолдың реттік номері көрсетіледі;
2) В бағанында салық төлеушінің тіркеу номері көрсетіледі;
3) С бағанында салық төлеушінің бизнес сәйкестендіру (жеке сәйкестендірілген) номері көрсетіледі;
Қазақстан Республикасының «Сәйкестендіру нөмерлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Заңына сәйкес салық төлеушісінің бизнес сәйкестендіру (жеке сәйкестендірілген) номері бар болғанда бұл жол толтырылады.
4) D бағанында осы Ереженің 71 тармағына сәйкес резидент емес келісімшарт агенттінің резидент елінің коды көрсетіледі;
5) Е бағанында резидент емес резидент еліндегі салық тіркеу номері көрсетіледі. Бұл баған резидент елінің коды D бағанында көрсетілгенде ғана толтырылады;
6) Ғ бағанында сыйақы түрлерінің коды көрсетіледі:
1 - Салық кодексінің 103-бабы 1-тармағымен айқындалған сыйақы, 2,3,4,5 көрсеткіштеріне қосылған сыйақыларды қоспағанда;
2 - өзарабайланысты жаққа төленетін сыйақы, 5 көрсеткішіне қосылған сыйақыларды қопағанда;
3 - Салық кодексінің 224-бабымен сәйкес айқындалатын жеңілдікті салық салынатын елдерде тіркелген тұлғаларға төленілетін сыйақы, 2 көрсеткішіне қосылған сыйақыларды қоспағанда;
4 - тәуелсіз жаққа төленілетін қарыз бойынша депозит немесе қамтамасыз етілген кепілдік үшін,тапсырыс немесе өзарабайланысты жақты қамтамасыз ететін басқа түрде берген сыйақылар, кепілдік орындалған жағдайда тапсырыс немесе басқа түрдегі қамтамасыз етуі, 3 көрсеткішіне қосылған сыйақыларды қоспағанда;
5 - Қазақстан Республикасында құрылған несие беру серіктестігінің несиелері (қарыздары) үшін сыйақылар;
6 - G бағанында сыйақы сомасы көрсетіледі.
156-бап. Салық салуға жатпайтын табыстар
37) банк пен клиент арасында жасалған шартта белгіленген процентсіз кезең ішінде төлем карточкасын ұстаушыға банктік қарыз берілген кезде алынған, сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайдаға;
143-бап. Төлем көзінен ұсталатын табыстар
1. Төлем көзінен ұсталатын табыстарға, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, мыналар:
1) ұтыстар;
2) резидент еместердің осы Кодекстің 192-бабына сәйкес айқындалатын, мұндай резиденттердің тұрақты мекемесімен байланысты емес Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстары;
3) заңды тұлғаларға төленетін сыйақы жатады.
2. Мыналар:
1) мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигациялар бойынша сыйақы;
2) орналастырылған зейнетақы активтері бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына, өмірді сақтандыру саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына, пайлық және акционерлік инвестициялық қорларға қорларға және орналастырылған активтер бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін инвестициялық табыстар;
3) сыйақы есептелген күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
4) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде банктік қарыз операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарға төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;
5) кредиттік серіктестіктерге төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;
6) Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнаулы қаржы компанияларына төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;
7) резидент банкке төленетін кредит (қарыз), депозит бойынша сыйақы;
8) резидент лизинг берушіге төленетін қаржы лизингі бойынша сыйақы;
9) кәсіби қызметін бағалы қағаздар нарығында жүзеге асыратын ұйымдарға төленетін, репо операциялары және борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
10) микрокредиттік ұйымдарға төленетін микрокредиттер бойынша сыйақы төлем көзінен салық салуға жатпайды.
210-бап. Шығыстарды қолдану кезінде есептік көрсеткішті
есептеудің ерекшеліктері
1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы және резиденттік еліндегі салық кезеңдерінің ұзақтығы сәйкес келмеген не салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы және резиденттік еліндегі салық кезеңдерінің басталу және аяқталу күндері сәйкес келмеген жағдайда көрсетілген салық кезеңдерінің тең ұзақтығы кезінде салық төлеуші тұрақты мекемеге шегерімге жатқызылуға тиіс басқару және жалпыәкімшілік шығыстар сомасын есептеу кезінде пайдаланылатын, резидент емес заңды тұлғаның резиденттік еліндегі қаржылық есептілігінің деректерін түзетуге міндетті.
Салық төлеушінің резиденттік еліндегі қаржылық есептілігінің деректерін түзету үшін түзеу коэффициенті (К) қолданылады, ол салық төлеушінің резиденттік еліндегі салық кезеңін Қазақстан Республикасындағы салық кезеңімен сәйкес келтіреді.
2. Коэффициент (К) салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі салық кезеңінің айлары санының салық төлеушінің резиденттік еліндегі салық кезеңі айларының санына арақатынасы ретінде айқындалады.
Қазақстан Республикасындағы есепті салық кезеңінің шеңберіне салық төлеушінің резиденттік еліндегі екі салық кезеңі толық немесе ішінара кірген жағдайда екі коэффициент (К1, К2) қолданылады.
3. Салық төлеушінің резиденттік еліндегі қаржылық есептілігінің деректері мынадай түрде түзетіледі:
К1хҚЕ (РЕ)1 + К2хҚЕ(РЕ)2,
мұндағы К1 = СК (РЕ)1/СК (РЕ)3; К2 = СК (РЕ)2/СК (РЕ)3,
бұл ретте:
СК (РЕ)1 - салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі бір салық кезеңі айларының саны;
СК (РЕ)2 - салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі басқа салық кезеңі айларының саны;
СК (РЕ)3 - салық төлеушінің резиденттік еліндегі салық кезеңі айларының жалпы саны;
ҚЕ (РЕ)1 - салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі бір салық кезеңі үшін салық төлеушінің резиденттік еліндегі қаржылық есептілігі;
ҚЕ (РЕ)2 - салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі басқа салық кезеңі үшін салық төлеушінің резиденттік еліндегі қаржылық есептілігі.
103-бап. Сыйақы бойынша шегерімдер
1. Сыйақы шегерімі осы баптың ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Осы баптың мақсатына орай мыналар сыйақылар болып танылады:
1) осы Кодекстің 12-бабында айқындалған сыйақылар;
2) өзара байланысты тараптар арасындағы кредит (қарыз) шарты бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
3) өзара байланысты тарапқа кепілдік үшін төлемақы.
2. Сыйақыны шегеру мынадай формула бойынша есептелетін сома шегінде жүргізіледі:
(А+Д)+(ЖК/МС)*(ШК)*(Б+В+Г),
мұнда:
А – Б, В, Г, Д көрсеткіштеріне енгізілген соманы қоспағанда, осы баптың 1-тармағында айқындалған сыйақы сомасы;
Б – Д көрсеткішіне енгізілген соманы қоспағанда, өзара байланысты тарапқа төленетін сыйақы сомасы;
В – Б көрсеткішіне енгізілген соманы қоспағанда, осы Кодекстің 224-бабына сәйкес айқындалатын жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетін сыйақы сомасы;
Г – В көрсеткішіне енгізілген соманы қоспағанда, кепілдіктерді, кепілгерлікті немесе қамтамасыз етудің өзге нысанын орындаған жағдайда депозитке немесе қамтамасыз етілген кепілдікке, кепілгерлікке немесе өзара байланысты тараптардың қамтамасыз етуінің өзге нысанына берілген қарыздар бойынша тәуелсіз тарапқа төленетін сыйақы сомасы;
Д – Қазақстан Республикасында құрылған кредиттік серіктестік беретін кредиттер (қарыздар) үшін сыйақы сомасы;
ШК – шекті коэффициент;
ЖК – жеке капиталдың орташа жылдық сомасы;
МС – міндеттемелердің орташа жылдық сомасы.
А, Б, В, Г, Д сомаларын есептеу кезінде құрылысқа алынған және құрылыс кезеңіне есепке жазылған сыйақылар алып тасталады.
Өзара байланысты болып табылмайтын тарап осы баптың мақсатына орай тәуелсіз тарап деп танылады.
3. Осы баптың 2-тармағының мақсатына орай:
1) жеке капиталдың орташа жылдық сомасы есепті салық кезеңінің әрбір айының соңындағы жеке капиталдың орташа арифметикалық сомасына тең;
2) міндеттемелердің орташа жылдық сомасы есепті салық кезеңінің әрбір айындағы міндеттемелердің орташа арифметикалық ең көп сомасына тең. Міндеттемелердің орташа жылдық сомасын есептеу кезінде мыналар:
салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
қызметкерлердің жалақысы және өзге де табыстары;
өзара байланысты тараптан алынатын табыстарды қоспағанда, болашақ кезеңдердің табыстары;
сыйақылар мен комиссиялар;
дивидендтер бойынша есепке жазылған міндеттемелер есеп-қисапқа алынбайды;
3) шекті коэффициент қаржылық ұйымдар үшін – 7-ге, өзге заңды тұлғалар үшін 4-ке тең.
4. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесінің жеке капиталының сомасы осы баптың 2-тармағының мақсатына орай осы тұрақты мекеменің активтері мен міндеттемелері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Бұл ретте, резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесінің жеке капиталының сомасы осы тармақтың қолданылу мақсатына орай осы тұрақты мекеме оқшауландырылған және жеке заңды тұлға болғандай және өзі тұрақты мекемесі болып табылатын резидент емес заңды тұлғадан тәуелсіз әрекет ететіндей түрде қарастырылады.
106-бап. Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерімдер
1. Банктер және лицензия негізінде банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар өзара байланысты тұлғалардың пайдасына не өзара байланысты тұлғалардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді қоспағанда (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа), мынадай күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге:
1) басқа банктерде орналастырылған корреспонденттiк шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге;
2) басқа банктер мен клиенттерге берілген кредиттерге (қаржы лизингiн қоспағанда);
3) құжаттық есеп-қисаптар мен кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешекке;
4) өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепiлдiктер бойынша шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.
Активтер мен шартты мiндеттемелердi күмәндi және үмiтсiз санатқа жатқызу тәртiбiн уәкiлеттi органмен келiсе отырып қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік орган айқындайды.
2. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру резервтерін құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар. Сақтандыру резервтерін құру тәртібін уәкілетті органмен келісім бойынша қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды.
3. Микрокредиттік ұйымдардың салық кезеңінің ішінде берілген микрокредиттер сомасының 15 процентінен аспайтын мөлшерде өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген микрокредиттер мен микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелерді қоспағанда, күмәнді және үмітсіз микрокредиттерге, берілген микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелерге қарсы резервтерді құру жөніндегі шығыстардың сомасын шегеруге құқығы бар.
Микрокредиттерді және берілген микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелерді күмәнді және үмітсіздер санаттарына жатқызу тәртібі, сондай-ақ резервтерді құру тәртібі микрокредиттік ұйымның халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген есепке алу саясатында айқындалады.
84-бап. Жылдық жиынтық табыс
1. Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын (алынған) табыстарынан тұрады.
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы Кодекстің 198-бабында көрсетілген табыстардан тұрады.
Резидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынатын табыстары осы бөлімде және осы Кодекстің 27-тарауында белгіленген тәртіппен салық салынуға жатады.
2. Мыналар салық салу мақсатына орай табыс ретінде қарастырылмайды:
1) жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүліктің құны;
2) эмитент өзі шығарған акцияларды орналастырудан алған ақша сомасы;
3) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, мүлікті өтеусіз негізде беретін салық төлеуші үшін өтеусіз берілген мүліктің құны. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады;
4) осы Кодексте көзделген жағдайларда салық міндеттемесінің мөлшерін азайту сомасы;
5) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, басқа тұлғадан алынуға жататыннан (алынғаннан) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте табыс деп танылатын активтердің және (немесе) міндеттемелердің құнын өзгертуге байланысты туындайтын табыс;
6) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес активтерді қайта бағалауға арналған резервтерді азайту есебінен бөлінбеген пайданы арттыру.
99-бап. Жылдық жиынтық табысты түзету
1. Салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысынан:
1) тәуекелдік инвестициялаудың жабық пайлық инвестициялық қорлары мен тәуекелдік инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорлары төлейтінді қоспағанда, дивидендтер;
2) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алған банктердің міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;
3) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры алған сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;
4) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры өздерінің өтелген депозиттер мен төленген кепілдікті және өтемақылық төлемдер бойынша талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы;
157-бап. Жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшері
Дара кәсіпкерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеу мақсатында салық салуға жататын табыстың жеке табыс салығы салынбайтын мөлшерін жеке тұлға үшін күнтізбелік жылда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшері құрайды.
1. Толпаков Ж.С. «Сауда тауарлық операцияларды құжаттық рәсімдеу.»
2. «Салық Кодексі» 2008 ж
3. «Ресми газет» 2009 1қаңтар № 1
4. Баймұханов С.Б., Балапанов Ә.Ж. «Бухгалтерлік есеп».
Алынған несиелер үшін сыйлықтың салық есебі
Несие — нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде экономикалық дамудың ажырамас элементiн бiлдiредi. Оны барлық шаруашылық субъектiлерiмен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несие — бұл ақшалай қаражаттың екi жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берiлуiн және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндайды
Несиені жабудың жолдары:
Тең үлеспен жабу. Егер сіз осындай несие алатын болсаңыз алған несиені жабу сандарына байланысты бөле отырып, несие жабу бағаңыз анықталады. Проценттер несиенің қалған сомасына есептеледі.
Мерзім соңында жабу Мұның басты ерекшелігі несиенің барлық өтемін мерзім соңында жабу болып табылады.
Аннуитетті несие. Бұл несиенің ерекшелігі несие өтемдері жабу мерзімінде өзгеріссіз қалады (пайыздар+негізгі қарызды өтеу)
Алынған несиелер бойынша сыйақы
36. Осы нысан Салық кодексінің 85 - бабы 2-тармағы 18-тармақшасына сәйкес депозит, борыштық бағалы қағаз, вексель бойынша салық төлеушімен Қазақстан Респуликасында, және одан да тыс жерден алуға (алынған) тиісті сыйақы түріндегі табысты анықтау үшін арналған.
37. «Сыйақы» бөлімінде қарастырылған.
39) сыйақы - мыналарға:
кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша аударғаны үшін комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке (қарызға, микрокредитке) байланысты;
Сыйақы бойынша шығыстар
40. Осы нысан Салық кодекстің 103-бабына сәйкес шегерімге жатқызылған,сыйақы бойынша сомасын анықтау үшін арналған. Толығынан
41. «Есеп» бөлімінде:
1 - Салық кодексінің 103-бабы 1-тармағымен айқындалған сыйақы, 2,3,4,5 көрсеткіштеріне қосылған сыйақыларды қоспағанда;
2 - өзарабайланысты жаққа төленетін сыйақы, 5 көрсеткішіне қосылған сыйақыларды қопағанда;
3 - Салық кодексінің 224-бабымен сәйкес айқындалатын жеңілдікті салық салынатын елдерде тіркелген тұлғаларға төленілетін сыйақы, 2 көрсеткішіне қосылған сыйақыларды қоспағанда;
2. Сыйақыны шегеру мынадай формула бойынша есептелетін сома шегінде жүргізіледі:
(А+Д)+(ЖК/МС)*(ШК)*(Б+В+Г),
156-бап. Салық салуға жатпайтын табыстар
37) банк пен клиент арасында жасалған шартта белгіленген процентсіз кезең ішінде төлем карточкасын ұстаушыға банктік қарыз берілген кезде алынған, сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайдаға;
4 - тәуелсіз жаққа төленілетін қарыз бойынша депозит немесе қамтамасыз етілген кепілдік үшін,тапсырыс немесе өзарабайланысты жақты қамтамасыз ететін басқа түрде берген сыйақылар, кепілдік орындалған жағдайда тапсырыс немесе басқа түрдегі қамтамасыз етуі, 3 көрсеткішіне қосылған сыйақыларды қоспағанда;
5 - Қазақстан Республикасында құрылған несие беру серіктестігінің несиелері (қарыздары) үшін сыйақылар;
6 - G бағанында сыйақы сомасы көрсетіледі.
143-бап. Төлем көзінен ұсталатын табыстар
1. Төлем көзінен ұсталатын табыстарға, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, мыналар:
1) ұтыстар;
2) резидент еместердің осы Кодекстің 192-бабына сәйкес айқындалатын, мұндай резиденттердің тұрақты мекемесімен байланысты емес Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстары;
3) заңды тұлғаларға төленетін сыйақы жатады.
210-бап. Шығыстарды қолдану кезінде есептік көрсеткіштер коэффициенті
2. Коэффициент (К) салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі салық кезеңінің айлары санының салық төлеушінің резиденттік еліндегі салық кезеңі айларының санына арақатынасы ретінде айқындалады.
Қазақстан Республикасындағы есепті салық кезеңінің шеңберіне салық төлеушінің резиденттік еліндегі екі салық кезеңі толық немесе ішінара кірген жағдайда екі коэффициент (К1, К2) қолданылады.
156-бап. Салық салуға жатпайтын табыстар
37) банк пен клиент арасында жасалған шартта белгіленген процентсіз кезең ішінде төлем карточкасын ұстаушыға банктік қарыз берілген кезде алынған, сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайдаға;
жылдық жиынтық
ТАБЫСТЫҢ ЕСЕБІ
Жылдық жиынтың табыстың түсінігі. Табыс түрлері
Қазақстан Республикасының заңды тұлға-резидентінің жылдық жиынтық табысыньң түсінігіне (ЖЖТ) оның Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі заңымен рұқсат етілген, күнтізбелік жыл ішінде алынған табыс көздері алынады.
Салық төлеуші-резиденттің жылдық жиынтық табысы салық төлеушінің республикада және одан тыс жерлерде алынған табыстарынан тұрады; салық төлеуші - бейрезиденттің тек Қазақстанда алынған табыстарынан құралады.
Жылдық жиынтық табысқа тиеліп жіберілген өнімдерге, орындалған жұмыстарға, қөрсетілген қызметтерге және үшінші тұлғаға өзара есеп айырысу тәртібімен бағытталған, салық төлеушімен алынуға жататын басқа да операцияларға (алынған) немесе тікелей немесе жанама шығьндарды жабуға бағытталған ақшалай жэне басқадай құралдар қосылады.
Корпоративтік табыс салығын төлеушілерге Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасынан табыс алатын, ҚР ¥лтгық банкі мен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасыньңзанды тұлғалары-резиденттері, сондай-ақ заңды түлғалар-бейрезидент-ер жатады.
Корпоративтік табыс салығы салынатын объектілер мыналар болып табылады:
- салық салынатын табыс;
- табыс көздеріндегі төлемақыдан алынатын табыс;
- Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын, заңды тұлға-бейрезиденттің таза табысы.
Жылдық жиынтық табысқа мыналар жатады:
- өнімдерді (жұмыстар, қызметтер) өткізуден түсетін табыс;
- ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ өтелімге жатпайтын активтерді өткізу кезіндегі құнының өсуінен түсетін табыс;
- міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс;
- күдікті міндеттемелерден түсетін табыс;
- мүлікті жалға бергеннен түсетін табыс;
- ҚР заңмен мәжбүрлі шығынды құру туралы рұқсат етілген, банктер операцияларының бөлек түрлерін жүзеге асыратын, банктер мен ұйымдардың құрған мәжбүрлі шығындарының мөлшерінің төмендеуінен түсетін табыс;
- қарызды талап етуден шегінуден түсетін табыс;
:- кәсіпкерлік қызметін шектеу немесе тыйым салуға келісімнен алынған табыс;
- баланс құнының тобы ішіндегі шегерілген тіркелген активтердің құнын көтеруден түсетін табыс;
- қазба шығарылатын жерді өңдеуден кейінгі зиянды жою бойынша нақты шығындардың сомасынан, қазба шығатын жерді өңдеуден кейінгі зиянды жою қорына аударылған соманың артық болуынан түсетін табыс;
- меншіктің ортақ үлесінің табысын бөлу кезінде алынатын табыстар;
- бұрын негізсіз ұсталынған айыппұлды бюджеттен қайтарудан басқа, егер бұл сомалар есептен бұрын шегерілмесе, қарыз алушымен мойындалған және салынған айыппұлдар, өсімпұлдар және ықпал-шараның басқа да түрлері;
- ертеде жүргізілген шегерім бойынша алынған өтемақылар;
- қайтарымсыз алынған мүлік, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет;
- дивидендтер,
-* сыйақы (мүдде үшін);
- ұтыстар;
- жағымды бағамдық айырмашылықтар;
- роялти;
- әлеуметтік аядағы объектілерді пайдалану кезінде алынған табыстардың шығыннан асуы.
Жылдық жиынтық табыстың салық есебі
Жылдық жиынтық табыстың (ЖЖТ) құрамына қосылатын табыстың әр түріне салық есебін енгізудің тәртібін қарастырайық.
ЖЖТ есеп айырысу жолымен алынатын, салық есебі мен бухгалтерлік есепті жүргізу нәтижесінде қалыптасады. Жұмыс жоспарындағы кәсіпорынның табыстарының бухгалтерлік есебі үшін, Қаржылық ұйымдастырудың халықаралық стандарттары бойынша шоттардың«Табыс» шотының 6-бөлімі қарастырылған.
Бүл бөлімге келесі бөлімшелер енеді:
- 6000 - «Өнімдерді өткізу мен қызмет көрсетуден түсетін табыстар»;
- 6100 — «Қаржыландырудан түсетін табыстар;
- 6200 - «Басқа табыстар»;
- 6300 - «Қызметгі тоқтатуға байланысты түсетін табыстар;
- 6400 — «Үлестік қатысу әдісі бойынша есептелетін үйым-
ның пайда үлесі».
Табыс - бұл капиталда қатысатын тұлғаның жарнасымен байланысты, көбеюден айрықшаланатьн, капиталдың көбеюіне әкелетін, есептік кезең ішіндегі түсім түріндегі экономикалық пайданың өсуі немесе активтердің өсуі немесе міндеттемелердің азаюы. Есеп беру кезеңінің аяғында осы бөлімнің шоты -5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)» тобының шотына жабылады.
ЖЖТ-қа қосылатын табыстардың құрамы бухгалтерлік есептің деректері бойынша қалыптасатын табыстардың құрамынан елеулі түрде ерекшеленетінін ескеру қажет. Бүдан салық есебіндегі табыстар іс жүзінде бухгалтерлік есептің ережесі мен қызмет аясының сыртында жедел қалыптасады .
Тауарларды (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстар Қазақстан Республикасының трансферттік бағаны қолдану кезіндегі мәселелері бойынша қарастырылмағаннан басқа, тауарлардың, орындалған жүмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны болып табылады.
Тауарларды (жүмыстар, қызметтер) өткізуден түсетін табыстардың салықтық есебі бухгалтерлік деректер бойынша есептеледі. Егер ұйым қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырса, онда табыстар-ды қызмет түрі бойынша көрсету қажет. Одан басқа салық төлеуші туралы жаппы ақпарат оның қызметінің әр түрінің (негізгі) үлестік салмағы бойынша деректерді көрсетуі тиісті.
Тауарларды (жұмыстар, қызметтер) өткізуден түсетін табыс мынадай жағдайда түзетілуі тиісті:
- тауарларды толық немесе жекелей қайтарған кезде;
- мәміле жағдайы өзгергенде;
- өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін келісілген өтемақы өзгергенде;
- өткізілген тауардың (жұмыстар, қызметтер) құнын теңгемен төлеу кезіндегі айырмашылықтарды алу.
Көрсетілген өзгерістер болған сол салықтық кезеңнің нәтижесі бойынша табысқа өзгерістер енгізіледі.
Тауарларды, орындалған жұмыстар мен қызметтер көрсетуді өткізуден түсетін табысты анықтау бөлімшелердің шоттары бойынша деректерді талдау негізінде жүргізіледі:
- 6000 - «Өнімдер мен қызмет көрсетуді өткізуден түскен табыс»;
- 6010 - «Қызмет көрсету бойынша өнімдерді өткізуден түскен табыс» (өнімдер мен қызмет көрсетуден табысты алумен байланысты операциялар көрсетіледі 6020 - «Сатылған өнімнің қайтарылуы» (сатылған өнімнің қайтарылуына байланысты операциялар көрсетіледі);
- 6030 - «Сату мен бағадан түсірілетін жеңілдік» (сату мен бағадан түсірілетін жеңілдік берілуімен байланысты опе-рациялар көрсетіледі).
Тауарларды (қызметтер, жұмыстар) өткізуден түсетін табысты дұрыс анықгау мақсатында алғашқы құжаттар бойынша іріктеу жүргізіледі: кассалық құжаттармен (кірістік және шығыстық кассалық ордермен, ККО жэне ШКО тіркеу журналымен, кассалық кітап), банкалық көшіріммен және ағымдағы және валюталық шоттардың қосымшалары бойынша жүргізіледі; жіберілген тауар бойынша, орындалған жұмыстар, жөнелтпе құжаттар негізінде көрсетілген қызметтерге, салықтық шот-фактура, қабылдау жэне беру актілері бойынша бухгалтерлік есептің тіркелімінде көрсетілген деректердің дұрыстығы тексеріледі.
Тауарларды (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табысты көрсету үшін корпоративтік табыс салығы (әрі қарай Декларация) бойынша Декларацияға 1-Қосымша толтырылады.
Ғимараттарды, құрылысты, сондай-ақ өтелімге жатпайтын активтерді өткізу кезінде қалыптасатын құнының өсуінен түсетін табыстар.
Өтелімге жатпайтын активтерге қатыстылары:
- жер телімдері;
- аяқталмаған құрылыстың объектісі;
- бекітілмеген құрал-жабдықтар;
- тауарларды шығару, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсетуде салық төлеушімен пайдаланылмайтын, материалдық емес активтер мен негізгі қорлар;
- бағалы қағаздар;
- кез келген ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлғаның қатысу үлесі;
- құны бұрын толық шегеруге апарылған негізгі қорлар;
- құны шегеруге апарылған инвестициялық жобаның шеңберінде пайдалануға берілген негізгі қор.
Инвестициялық салықтық артықшылықтар бұл іс жүзіндегі өндірісті жаңалау мен кеңейту немесе жаңадан құру мақсатындағы негізгі қорға инвестицияны жүзеге асырушы салық төлеушінің жылдық жиынтық табысынан қосымша шегерім құқығын беру, сондай-ақ мұндай салық инвестиция жобасы шеңберінде пайдалануға жаңадан берілген негізгі қор бойынша мүлікке салық төлеуден босату.
Өсу жоғарыда аталған активтерді өткізу құны мен олардың алғашқы құны арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Өткізуден түскен табыс активтерді өткізуден түскен табысты алумен байланысты, мысалы негізгі қор, материалдық емес активтерді, қаржылық активтерді өткізуден түсетін табыс «Активтерді шығарудан түскен табыс» 6210-шотында есептеледі.
Айдың бірінші күні өткізілуі болған бухгалтерлік баланста көрсетілген активтердің құны баланстьқ құн болып табылады.
Құнының өсуі (залал) өткізілу сомасы мен салық есебінде белгіленетін қалдық құны арасындағы айырмашылықта анықталады.
Бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құнының өсуі бағалы қағаздардың өсуі (қарыздық бағалы қағаздарды қоспағанда) өткізу құны мен сатып алу құнының арасындағы жағымды айыр-машылық; қарыздық бағалы қағаздар бойынша өткізу құны мен купонды есепке алмағандағы сатып алу құны арасындағы және өткізу күніндегі өтелімді есептегендегі дисконтты (немесе сыйақы) сатып алу қүны арасындағы жағымды айырмашылық болып табылады.
Басқа да өтелімі жоқ активтерді өткізуден түсетін табыс өткізілу қүны мен өткізілуі болған, айдың алғашқы күні бухгалтерлік есепте көрсетілген осы акгивтердің баланстық қүны арасындағы айырмашылықпен анықталады. Ғимараттарды, құрылысты, сондай-ақ өтелімге жатпайтын активтерді өткізу кезінде құнының өсуінен түскен табысты көрсету үшін Декларация-ның 2-Қосымшасы толтырылады.
Міндеттемелерді есептен шыгарудан түскен табыстарга мыналар қатысты:
- кредитордың салық төлеушіден міндеттемелерді есептен шығаруы;
- колдану мерзімінің өтуіне байланысты міндеттемені, салық кодексіне сәйкес күдікті деп табылған міндеттемеден басқаны қоспағанда есептен шығару;
- сот шешімі бойынша міндеттемені есептен шығару. Міндеттемені есептен шығару нәтижесінде алынған табыс сомасы есептен шығарылған кредиттік қарыздың сомасына тең. Кредиттік қарыздың есептеп шығарылған сомасы салық төлеушінің келесі шоттарындағы бухгалтерлік есепте: «Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер» 3000 кіші бөлімшесінің дебет шоттарында (3010-3050 шоттары), «Қысқа мерзімді кредиттік қарыз» 3300 (3310-3390 шоттары) шотында, «Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер» 3500 (3510 шоты); «Басқа табыстар» 6200 шотында көрсетіледі.
Салықтық есепті дайындау үшін жыл ішінде тауарлар (қызметтер, жұмыстар) бойынша, кредиттік қарызды есептен шығарудан түскен табысты және жұмысшылардың табысы бойынша күдікті міндеттемелерді есептен шығарудан түскен табысты тізімге толтыру қажет (1, 2-кесте).
| Кредиторлардың атаауы | СТН | Жеткізушінің № және құжаты, күні | Тауарларды (қызметтер, жұмыстар) сатып алған күн | Қарыз сомасы ҚҚС (теңге) | ҚҚС ( %) есебімен |
А | Ә | Б | В | Г | Ғ | Д |
1 | «ББК» ЖШС | 6000541125658 | №125 шоты 01.04.2000ж | 25.04.2000 | 25 555,00 | 20 |
2 | «Кром» ЖШС | 600400512855 | Жөнелтпе құжат №78 05.10.2000ж | 05.10.2000ж | 10 000, 00 | 20 |
| Барлығы |
|
|
| 35 555,00 |
|
84-бап. Жылдық жиынтық табыс
1. Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын (алынған) табыстарынан тұрады.
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы Кодекстің 198-бабында көрсетілген табыстардан тұрады.
157-бап. Жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшері
Дара кәсіпкерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеу мақсатында салық салуға жататын табыстың жеке табыс салығы салынбайтын мөлшерін жеке тұлға үшін күнтізбелік жылда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшері құрайды.
Информация о работе Алынған несиелер үшін сыйлықтың салық есебі