Павлодар өңіріндегі туризм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2012 в 11:32, реферат

Краткое описание

Павлодар облысы және оныңкөркем Баянауыл мүйісі, туристік-рекреациялық аймақ ретінде ТМД елдері туристерінің арасында кең танымал.

Туристік аймақ ретінде аумақтың игерілу және даму тарихы жалпыгеографиялық зерттеулермен байланысты. Павлодар қаласы Ертіс әскери бөлімініңфорпостыларының бірі ретінде 18 ғасырдың басында пайда болған ескі қала.

Содержимое работы - 1 файл

Павлодар өңіріндегі туризм.docx

— 18.22 Кб (Скачать файл)
 
 

Павлодар  өңіріндегі  туризм  

   

          Павлодар облысы және оныңкөркем  Баянауыл мүйісі, туристік-рекреациялық  аймақ ретінде ТМД елдері туристерінің  арасында кең танымал. 

 Туристік  аймақ ретінде аумақтың игерілу  және даму тарихы жалпыгеографиялық  зерттеулермен байланысты. Павлодар  қаласы Ертіс әскери бөлімініңфорпостыларының  бірі ретінде 18 ғасырдың басында  пайда болған ескі қала.  

 Халық  өсиеті бізге қазіргі Павлодар  орналасқан орында XVIII ғасырға дейін  тайпалардың көшіп-қонғанын жеткізді, оның ішінде қазақтар да жазғы  уақытта өз киіз үйлерін орнатқан. Бірақ киіз үй қонысының атауы  болмағандықтан ол еш картада  белгіленбеген. 1720 жылы қазіргі Павлодардың  орнында Ертіс бекініс аймағының  бірі ретінде Коряковск форпостын  қалаған кезде ландшафт аталған  түрде болуы мүмкін. «... Ертістегі  осы форпоста адам көбірек,  мұндағы құрылымы да жақсырақ. Мұндағы форпост орналасқан биік  және ашық қыр дала, өзенде  орналасқан көз тартымды аралдары  бар алқап оған одан да жақсы  көрік береді...», деп 1770 жылы  саяхатшы П.С. Паллас жазған. 

1861 жылы  жергілікті көпестердің райы  бойынша станица қала мәртебесіне  айналып, оған нәресте князь  Павелдің құрметіне Павлодар  атауы берілген. Қаланың қолайлы  жерде орналасуы, мекеннің болуы,  тұз өндірісі – осының барлығы  қаланың тез өсіп-өркендеуіне  әкелді. Шөл даланы сату жақсы  дамыды. Көпестілік, қаланың орын  алуы оған жаңа сипат берді,  көптеген ағаш үйлер, мешіт,  шіркеу пайда болды. Бұл ғимараттар  қазіргі уақытқа дейін қаланың  ескі бөлігін әшкерелеп тұр. 

 Қала  мәртебесін алған соң шамамен  100 жылдан кейін тың игеру жылдары  Павлодар өзінің қарқынды дамуына  келді. Қаланың өнеркәсіп орталығына  айналуы Павлодар қаласында Трактор  және Алюминий зауыттарының құрылысымен  байланысты. Бүгін Павлодар Қазақстанның  өндірістік орталықтарының бірі  ретінде Павлодар облысының орталығы  болып табылады. 

20 ғасырдың  басына қарай Павлодар Ертістегі  ірі қалалардың біріне айналды.  Павлодар - қазіргі заманға сай  өндірістік және мәдени қала. Павлодардың қазіргі келбеті  – сібір «көпестік» стиліндегі  ескі үйлер қазіргі заманғы  ғимараттармен жақсы үйлескен. Қазіргі  кездегі Павлодар Ертіс жағалауы  бойынша 16 шақырым ағынға жалғасады,  бұл қаланың батыс шекарасын құрып, оның сипатын анықтайды. Ертістің жасыл жағажайы қаланың тұрғындары мен қонақтарын өзіне тартады. 

 Павлодароблысы  Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында,  қыр және жартылай шөл далада  орналасқан. Павлодар облысы Ертіс  өзенінің екі жағалауында шөлейт  және жартылай шөлейтті жерде  орналасқан. Облыс аумағынан шығыстан  батысқа қарай Оңтүстік-Сібір  теміржол торабы өтеді. Облыс  солтүстіктен – Ресей Федерациясының  Омбы облысымен, солтүстік-шығысында  – Жаңасібір (Новосибирь), шығысында  – Алтай өлкесімен, оңтүстігінде  – Қазақстан Республикасының  Шығыс Қазақстан мен Қарағанды  облысымен, батысында – Ақмола  мен Батыс Қазақстан облысымен  шектеседі. Облыс халқы 748,9 мың  адамды ққұрайды. Экономикалық белсенді  халық - 430 068 адам. Мұнда 70-тен аса  ұлт өкілдері тұрып жатыр. Облыс  аумағы –124,8 мың шаршы шақырым. 

          Павлодар облысы – электр және  жылу өндірісіне, сазды топыраққа,  мұнай өңдеу өнімдеріне, машина  жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне, құрылыс заттарына бағытталған  өзіндік көп салалы өнеркәсіптік  кешені бар Қазақстанның ірі  индустриялды орталығы. 
 

 Облыстың  көп бөлігі жер шарының ұлы  жазық даласы болып табылатын  оңтүстік шегіндегі Батыс-Сібір  жазығында жатыр. Аймақтың оңтүстік-батыс  бөлігінің бедері өте тартымды. Жеткіліксіз өсімдігі бар сары-қоңыр  түске боялған жартылай шөл  қыр далада үлкен емес таулы  - орманды оазисті байқауға болады. Бұл Қазақстандағы сұңғат бұрыштардың,  демалыс және туристік орындарының,  өңіндегі ертегіге саяхат орындарының  бірі болып табылады. 

          Облыс орталығы – республиканың  көне, әдемі қалаларының бірі  Павлодар қаласы, ол Қазақстандағы  ең ірі Ертіс өзенінің жағасында  орын алған. Ақындар өлеңдеріне  қосып айтқан қала кең даңғылдарымен,  көшелерімен, көлеңкелі саябақтарымен,  гүлзарларымен, фонтандарымен өзінің  қонақтарын сүйсіндіреді, мұнда  қай мезгілде болсын таза және  жайлы.  

         Павлодар облысының туристік  инфрақұрылымының негізгі қатысушылары  туристік қызметті қамтамасыз  етушілер болып табылады. Қазіргі  уақытта Павлодар облысында туристік  қызметті жүзеге асыруға лицензиясы  бар 72 туристік ұйым қызмет  етеді. Облыс аумағында: 22 қонақ  үй, 1 санаторий, 3 санатрий-профилакторий  (ведомстволы), 35 демалыс үйлері, 500-ден  астам қоғамдық тамақтану объектілері, 11 музей, 19 жол бойындағы кафелер  орналасқан. 

         Ішкі, келу және балалар-жасөспірімдер  туризмін дамыту мақсатында басқармамен:  облыстың әлеуеті жөнінде ақпараттық-жарнамалық  телерадио бағдарламалар, облыста туристік саланы дамыту мәселелері бойынша семинар-кеңестер, БАҚ, ҮЕҰ, ЖОО, музейлер, мемлекеттік мекемелер мен туристік бизнес субъектілері үшін ақпараттық-жарнамалық тур, Баянауыл Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Паркінің туристік маршруттарын құру және қабылдау арқылы, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтының идеологиясы мен перспективалық бағыттарын дамытуға жәрдемдесіп, балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту және жасөспірімдер туристік мекемелерін қайта құру арқылы ішкі туризмді дамыту бойынша қызметті белсендіруге мүмкіндік беретін оқитын жастар арасында спорттық-сауықтыру, мәдени-танымдық, экологиялық-өлкетану үш бағыты бойынша өткізілетін «Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициясының (туристік жорығы) облыстық кезеңі, Дүниежүзілік Туризм Күніне арналған шаралар өткізіледі. 

         Қазіргі уақытта басқармамен  әзірленген Павлодар облысының  туристік саласы үшін геоақпараттық  оn-line карта анықтамалығының pvltourist.kz жүйесі қызмет етеді, сондай-ақ  аймақтың туристік әлеуеті visitkazakhstan.kz. Қазақстан туризмі туралы республикалық  порталында орын алады. 

         Баянауыл мемлекеттік ұлттық  табиғи паркі  Қазақ Советтік  Социалистік Республикасы Министрлер  кеңесінің «Павлодар облысының  әкімшілік ауданында ұлттық парк  құру туралы» № 276 қаулысымен 1985 жылы 12 тамызда құрылған, жалпы  ауданы 68452,8 га құрайды. 

 Егер  Павлодар жолымен Майқайың өткелінен  өтсеңіз, алдыңыздан ақбоз түйенің  өркешіне ұқсас таулар шыға  келеді. Оңға бұрылатын дала жолы  Торайғыр өзеніне тіреледі. Тас  жол аудан орталығы Баянауылға  әкеледі. Өткелдің ар жағында  таулы шеңбердің ішінде Жасыбай  көлі жайылған. Баянауылдың керемет  көлдері тау жықпылдарынан өтетін  бұлақ жылғаларымен толығады. 

 Жұмбақ  жотасына таяу Әулиетас үңгірі  бар. Үңгір ұзындығы 30 м- ге  жуық, орта ені мен биіктігі  – 2 м., 4 – тен 7 – метрге  дейін жететін күмбезі бар.  Оның тереңдігінде үлкен ойық  бар, түрі суға толы тасты  кесе сияқты. Торайғыр көлі бойындағы  жолдың кез келген орнынан  Жасыбай өзеніне қарай кемпірдің  басына ұқсас тас бар. Үңгір  мен жықпыл жартастағы суреттер  ертедегі адамның өмір сүргенін  дәлелдейді. Ол бұл орындарда  неолит заманынан, яғни бірнеше  мың жыл бұрын мекен еткен.  Жазудың белгілері мен мағынасы  әлі ашылған жоқ. 

 Баянауыл  – шөлейтті даланың ортасындағы  көркем орын. Тау жартастары мен  жоталары өсімдіктің көптігімен  және бір біріне ұқсамайтындығымен  таң қалдырады. Баянауылдың хайуандар  әлемі түрлі және қызықты. Парктің  флорасы мен фаунасын 40 түрлі  сүтқоректі жануар, 70 түрлі құс, 244 түрлі тек пен 63 тұқымдасқа  жататын өсімдіктер құрайды. Баянауыл  тауларында болған адам мұнда денінің саулығы үшін демалуға міндетті түрде қайтып келеді. Туристік сүрлеумен жүріп, осы өлкенің қарттарымен танысып, сөйлескеннен кейін сіз Қазақстанның осы бір тамаша, әдемі жері туралы ойыңызды кеңейтесіз. 

 БМҰТП  аумағында 35 демалыс үйі, оның  ішінде: Жасыбай көлі жағалауында  – 28, Сабындыкөлде – 5, Торайғыр  көлінде – 2 демалыс үйлері  мен 2 балалар лагері орналасқан, олар жаз мезгілінде жатар  орындар, қайықтар, катамарандар, экскурсияларға  арналған автобустар, мәдени шаралар  ұсынады. 

2010 жылы  ұлттық парк аумағында 37 археологиялық  ескерткіштер, табиғат ескерткіштері  мен көрсету орындары саналады. 

 Баянауыл  мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің  аумағында туризмді дамыту мақсатында  жалпы ұзындығы 208,5 шақырымды құрайтын 11 туристік маршрут және 1 ботаникалық  соқпақ жол әзірленіп, бекітілген. 

 Облыс  өзінің шипажайларына да бай.  Павлодардың солтүстік-шығысында  «Мойылды» шипажайы орналасқан. Бұл табиғи ресурстарға бай,  ауруды емдеу және алдын алуды  ұйымдастыру, сонымен қатар халықтың  демалыс орны болып табылады. Санаторийде ішек-қарын ауруларын,  зат алмасу аурулары мен эндокриндік  жүйе, ауыр металдармен кәсіби  улану, тері және басқа да  ауруларды емдеуге арналған  минералдық  су бастамасы бар. Емдеуге толықтыру  ретінде емдеу массажы, емдік  дене шынықтыру, су асты душ  массажы, лазерлік терапия, герудотерапия  сияқты қосымша көптеген медициналық  қызмет көрсетіледі. 

 Санаторийдің  емдік батпағының пайдасы туралы  мемлекетімізден тыс алыс жерлерге  де тарады. Емделуге алыс шетелдерден,  кейде Германиядан, ТМД елдерінен,  Ресейден, Белоруссиядан пациенттер  келеді. Емделудің ерекшелігі сауықтыру  орнындағы жоғары минералданған  тұнбалы лай мен батпақтан  тұратын табиғи көлге байланысты. 

 Бос  уақытты қызықты өткізуге үлкен  көңіл бөлінеді: демалыс және  би кештері өткізіледі, видео  зал, кафе-бар, караоке, жазғы  би алаңы, бильярд, теннис орындары, қызмет көрсетеді. Курорт жерінде  баскетболды және волейболды  алаң бар, кітапхана, шаштараз, дүкен, дәріхана, қалааралық сөйлесу  орны, күзетілетін жабық автотұрақ  жұмыс істейді. 

 Павлодар  облысының шығыс бөлігінде Ертістің  оң жағалауында «Ертіс орманы»  Мемлекеттік табиғи орман резерваты»  орналасқан. Шекара ұзындығы 556 шақырым. 

 «Ертіс  орманы» МТОР – Шалдай (ауданы 143247 га, орталығы Шарбақты ауданыШалдай  ауылы), Бесқарағай (ауданы 134714 га,орталығы  Лебяжі ауданының Шақа ауылы)  екі филиалы мен 16 орман шаруашылықтарынан  тұрады. 

          Аумақ қорғаудың «ерекше құнды  орман алабы» категориясына жатады. Шығыс – Қазақстан және ішін-ара  Павлодар облысы – Қазақстанда  мұз дәуірінен бастап ғажайып  жолақты қарағайлы ормандар сақталып  қалған бірегей аймақтар. 

          Ертіс өзенінің оң жағалауында  Республикалық маңызы бар «Гусиный  перелет» Палеонтологиялық табиғат  ескерткіші орналасқан. Осыдан 7-10 млн.  жыл бұрын мекен еткен неогенді  қазба жануарларының– гиппарион  (үшаяқты жылқы), мүйізтұмсық, жираф,  қылыш тісті барыс және т.б.  жерленген орны 6-8 м. тереңдікте  орналасқан. Гиппарионды фауна   Еуразиядағы ірі  жерленген  орын болып табылады. Болашақта  ескерткіш орнында палеонтологиялық  парк пен қазба павильонын  құру жоспарланған. Палеонтологиялық  парк және қазба павильонын  құру ғылым үшін бірегей ескерткішті  сақтап қана қоймай, аймақтың  туристік және экономикалық әлеуетін  көтеруге жағдай жасайтын Қазақстанның  басқа аймақтарынан және шетелден  туристердің назарын аударуға  мүмкіндік береді.

Управление

Информация о работе Павлодар өңіріндегі туризм