Испания

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 21:12, реферат

Краткое описание

Қазіргі уақытта туризм индустриясы «қызмет көрсету» саласында халықаралық деңгейде ең қарқынды дамып жатқан түрлерінің бірі болып табылады. Соңғы 20 жылда орташа жылдық дүниежүзінде шетелдік туристердің келу қарқыны 5,1% валюта түсімі 14% құрады. Егер 1950 жылы бүкіл әлемде туристер саны 25 млн., ал туристік индустриядағы айналым – 2,1 млрд. АҚШ долларын құраса, онда Бүкіләлемдік Туристік Ұйым мәліметтері бойынша 1995 жылы дүниежүзінде 576 млн. туристік келулер және халықаралық туризмнен түсім 372 млрд. долларға жетті.

Содержание работы

Кіріспе 3

I Испания туралы жалпы деректер

1.1 Елдің географиялық орналасу ерекшеліктері 4

1.2 Испанияның тарихи мен мәдениеті 5

1.3 Туризм индустриясы және инфрақұрлымы 7

II Испанияның туристік индустриясы

2.1 Испания еліндегі туристік объектілер 9

2.2 Испаниядағы туристік демалу аймақтары 11

Қорытынды 16

Қолданылған әдебиеттер тізімі 18

Содержимое работы - 1 файл

Испания.doc

— 157.50 Кб (Скачать файл)

     Коста-Брава. Испанияның Жерорта теңізі жағалауының солтүстік бөлігі, Барселонадан (Бланес қаласынан) солтүстікке 40 шақырымдай жерден басталып, француз шекарасына дейін аяқталады. Негізгі туристік орталықтары – Коста-Брава, Тосса де Мар, Ллорет де Мар, Бланес. Ллорет де Мар, Кастельо д'Эмпуриес, Плайа д'Аро жағажайларының бөліктері жағалау суларының ерекше тазалығының арқасында ЕЭС ұйымының көкшіл жалауына  лайықталған.

  •          Тосса-де-Мар Барселонадан солтүстікке 75 шақырым жерде орналасқан. Ол Коста-Браваның ең әдемі, жарық және жасыл бөлігі ретінде есептеледі. Қамалдар биігінен жақындағы төңіректер және теңізге түр ашылады.
  •      Бланес (Барселонадан солтүстікке 60 шақырым) Коста-Браваның ең белгілі теңіз курорттарының бірі. Коста-Брава жағалауы қалаларының ішіндегі талаптанған және ең оңтүстікте орналасқан қаласы. Қала өзімен тарихтың көркем қарама-қайшылығын ұсынады, біздің күндерімізге дейін сақталған ортағасырлық ескерткіштер, ескі испан кварталдары мен құрылыстары, сонымен қатар курорттық туризмнің қарқынды дамуын әкелген шапшаң шабуылға шығушы замандас нақтылық.

  •          Коста-Дель-Маресме. Малграт-де-Мар – Барселона және Жерона провинцияларының шекараларында орналасқан теңіз жағалауының ескі қаласы – туризмнің қарқынды дамуының  соңғы 10 жылында Костаңдель Маресменің ең гүлденген курорттарынын біріне айналды. Қала  екі бөлімге шартты бөлінеді: “кәрі қала” – тұңғыш шыққан түрде сақталған тарихи бөлігі және “жаңа қала” – сауықтыру орталықтары мен көптеп  салынған қонақ үйлері бар бөлігі. /12/
  •      Санта Сусанна (Барселонадан солтүстікке 55 шақырым) туристік орталығы каталондық жағажайда  қазіргі түрдегі қонақ үйлерді  ұсынады. Бұл курорттық аймақ  соңғы жылдары аса қарқынды дамып  келеді. Санта Сусанна жиекті бойлай орналасқан көп санды дүкендер, сауда орталықтары,  мейрамханалар, кафе, бар, би кештері мен түнгі көңіл көтеру орталықтары  арқасында жанданған туристік жағалауға айналды. Мұнда 16-ғасырдың айбынды күзетші мұнарасын, castell de Can Rates сарай-қорғанын көруге болады.

         Пинеда-деп-Мар – осы уақытқа дейін айрықша ауыл шаруашылық сипаты сақталған ескілікті теңіз жағалауындағы қалашық. Қаланың негізгі көрікті орындарының бірі – 16-ғасырда салынған Iglesia de Santa Maria шіркеуі.

         Коста-Дель-Гарраф. Ситжес (Барселонадан оңтүстікке 35 шақырым) – ескілікті каталондық қала және Коста-Дель-Гаррафтың ең әйгілі теңіз жағалауы курорты. Осында  ортағасырлық заманнан сақталған ескілікті шіркеулер мен сарайларды көруге болады. Жыл сайын қалада үлкен көрермендер жиындарын жинайтын шулы карнавалдар, сонымен қатар фантастикалық фильмдер мен қорқынышты фильмдердің халықаралық фестивальдері өтеді.

         Коста – Дорада. Осында  Европадағы көлемі бойынша екінші орындағы көңіл көтеру паркі (француздықтардың Диснейлендінен кейінгі) салынған. Коста-Дорададағы негізі қалалар Таррагона (провинция астанасы) және Салоу.

         Таррагона – Испанияның ең көне қалаларының  бірі. Таррагонада аймақтың бірегей  тарихи және мәдени мұрасын сақтаушы мұражайлардың жиыны орналасқан.

         Таррагона – жылдың әр мезгілінде де келіп  тамашалағанда қызықты болатын, Испанияның ең әйгілі тарихи және мәдени орталықтарының бірі. Сонымен қатар, Таррагона – барлық Испанияға белгілі көз тартарлық мейрамдар мен карнавалдарды өткізудің дәстүрлі орны.

         Салоу – Коста Дорада орталығы және сәнді  жағажайлармен 7 шақырымға созылған Европаның ең жақсы курорттарының  бірі. Ол  Каталонияның және барлық Испанияның негізгі туристік орталығы болып табылады. Салоудан небары бірнеше километр қашықтықта әйгілі испан Диснейлендісі, Европада көлемі жөнінен  екінші орнындағы аттракциондардың паркі - Port Aventura сауықтыру орны орналасқан.

         Коста – Бланка. Бенидорм – Коста Бланканың ең ірі туристік жағалау орталығы, Испания ең әйгілі курорттарының бірі болып табылады. Бенидорм өзінің қолайлы климаттық факторлары арқасында қонақтарды жыл бойы қабылдаушы теңіз курорттарының қатарына кіреді.

         Гандия, Валенсия жағалауының маңызды туристік және мәдени орталығы болып табылады. Осында  көптеген теңіздік  спорт  түрлерін жетілдірілуге болады –  желкенді яхталарда жүру, виндсерфинг, су астындағы жүзу. /12/

         Хавея курорттық орталығы, Коста Бланка жағалауының «інжу моншағы» деп аталады. Хавея көркем теңіз пейзаждармен ғана емес, сонымен қатар керемет сақталған сәулет ескерткіштерімен, солардың ішіндегі өте маңыздысы – қасиетті Бартоломе готикалық шіркеуімен әйгілі.

         Коста-Калида. Испанияның Жерорта теңіз жағалауы Мурсия провинциясында, Андалусия мен Валенсия аралығында орналасқан. Мұнда Испанияның ең сәнді, мәртебелі және перспективалы курорттарының бірі – Ла Манга-дель-Мар Менор курорты жайғасқан. Туристерді бұл жерге су спортының қандай болмасын түрімен айналысуға шектелмеген мүмкіншіліктері мен керемет қонақ үйлік инфрақұрылым тартады.

         Коста - Дель – Азахар. Пенискола – Валенсияның ең ірі курорттық орталықтарының бірі. Қала Коста-дель-Азахар жиегінде – аудармасында: «апельсинді гүлдер жағасында» орналасқан. Мұнда ең әйгілі ортағасырлық Валенсия ескерткіштерінің бірі — көлемді қабырғалармен қоршалған, орасан күрделі қорған.

         Коста-Дель-Соль. Малага – Коста дель Соль астанасы, көлемі бойынша екінші Андалусияның қаласы. Малага – Испанияның ең үлкен порттарының бірі және ең әйгілі әлем орталықтарының бірі. Алькасабуға кіре бергенде, сол жақта төбе баурайында 1-ғасырлық рим амфитеатрын көруге болады.

         Малагада  әсем өнер мұражайы мен Пабло Пикассо мұражайын қызықтауға болады, сонымен қатар Сервантес театрында спектакльдерді көруге болады.

         Балеар  аралдары. Иберия түбегінің шығысы мен Жерорта теңізінің батысында Балеар архипелагы орналасқан. Балеар архипелагі Майорка, Менорка, Ибиса (Ибица), Форминтера, Кабрера аралдарынан тұрады.

         Майорка аралы  – Балеар аралдарының ең ірісі. Арал территориясы 3640 шаршы шақырымға  жетеді, ал жағалауының ұзындығы – 554 шақырым. Пальма де Майорка – Майорка  аралының және барлық архипелагтың астанасы. Пальма де Майорка бір уақытта өз аралының ғана емес, сонымен қатар бүкіл архипелагтың бас орталығы болып табылады.

         Иллетас  – ең мәртебелі курорттардаың  бірі. Мұнда көп шақырымды жағажайлар жоқ. Нақ  осы  қаланың жанында испандық корольдердің жазғы резиденциясы – Маривент сарайы орналасқан.

         Пальма  Нова – Пальма де Майорка қаласынан 14 шақырым жерде орналасқан әйгілі туристік аудан. Бұл курорт Майоркадағы ең жақсы казиносы "Палладиуммен" және Маринелэнд" паркімен туристерді өзіне қызықтып тартады. Бұл  жер өзінің пейзаж сұлулығымен ғана емес, сонымен қатар тыныш  өмірі мен арманшыл сипатымен белгілі.

         Санта Понса – аралдың ең тыныш курорттарының  бірі. Қылқанды қарағайлар ормандарында қаланың шуылы мен әбігерлігінен  демалып, денсаулығыңды қалпына  келтіруге болады.

          Ибица аралы – ең сәнді европалық курорт. Ол өзінің айқын ерекше атмосферасы, адамдары, табиғаты және де ең негізгісі - мегаклубтарымен ерекшеленеді. Ибицаның клубтары тек Европаның ғана емес, бүкіл әлемнің ең жақсы клубтардың қатарына кіреді.

         Канар аралдары. Тенерифе – архипелагтың ең  үлкен аралы. Осында  Испанияның ең биік нүктесі – Тейде сөнген жанартауы – үлкен Лас Каньядас деп аталатын шұңқыр орталығында орналасқан. Мұнда 50-жылдардың басында Тейде ұлттық паркінің негізі салынған болатын.

         Лансароте – ең тартымды демалыс орындары бірі болып танылады. Климат аралда ерекше жұмсақ. Осында спорттың кез келген түрлерімен айналысуға үлкен мүмкіншілік бар.

         Гран-Канария  – көлемі бойынша үшінші орында тұрған арал. Мұнда демалу, сауығу және спортпен шұғылдануға көптеген көрнекті орындар ұйымдастырылған. /13/

         «Ұйымдастырылған  туризм» – туристік қызметтердің стандартталған пакеттер ұсынысы, ол өз жиынтығында «туристік саяхатты»  құрастырады. Турфирма қызметтер пакетіне, өз қарауы мен клиент тілектері негізінде, қонақ үйлердің, транспорттық кәсіпорындардың, экскурсиялық бюроның және т.б. тікелей өндірушілердің қызметтері – кіреді. Осындай қызметтер жиынтығын жасайтын турфирмалар,  яғни туроператорларды  турагенттер арқылы өтімді тауып алады.

         Туроператор тікелей өндірушілердің (қонақ үйлердің, әуекомпаниялардың және т.б.) қызметтерін  нарықта іске асырып қана қоймай, бұл қызметтің ерекшелігі – негізгі және қосымша туристік қызметтерді (экскурсия, спорт және т.б.) іріктеу және қиыстыру, туристік саяхатты алдын ала жоспарлау және стандарттау, яғни қызметтерді бірыңғай бағамен бағдарламалық пакетін құру.

         Испания ең ірі операторлары «Turespana» мемлекеттік  ұйымы. Оның 28 елде өкілдіктері бар. Осыдан басқа туризм жөнінде мемлекеттік  емес ұйымдар – туроператорлар бар. Испанияның ең ірі мемлекеттік емес туроператорларының бірі – «Sol Melia». Бұл испандық туроператорлар туристік қызметтің бағдарламалық пакетін құруымен айналысады.

         Бұл дегеніміз – туристік қызметтердің бағдарламалық пакеттің құрама бөлімдерін іріктеп, шығару: 1. Қонақ үй, көлік, қызмет етуші персонал және басқалардың барлығын өзінің ішіне сыйдыратын инфрақұрылым; 2. Экскурсиялық бюро. Кейіннен сондай турпакеттерді іске асыру жүргізіледі –  көбінесе делдалдар арқылы.

         Туроператордың  қызметін жоғары сапа сипаттайтын негізгі  жұмысы екі бағытта жүреді.

         Біріншісі – «бөтендердің» құрастырған  турпакетін қиыстыру және жүзеге асыру  негізінде, яғни өз инфрақұрылымы немесе өзінің экскурсиялық бюросы бар басқа  туроператорлармен ұйымдастырылған  қызметтер жиынтығы.

         Екінші  бағыты – тек өзінің жеке құрастырған турпакеттері негізінде (инфрақұрылым, экскурсиялық бюро және т.б.). Бұл жұмыс бағыттары «Sol Melia» жұмысының негізі болып табылады.

         Инфрақұрылым  сапасы жөнінен бұл туроператор  ең жақсылардың катарына кіреді.

         «Sol Melia» туроператоры керемет қонақ үйлер тізбегімен (барлық деңгейлер – 2-жұлдыздылардан 5-жұлдыздыға дейін) жайғасады. «Sol Hotels» қонақ үйлер тізбегі – 4 және 5-жұлдызды, «Melia Hotels» қонақ үйлер тізбегі – қалған қонақ үйлер кешендері.

         Бұл қонақ үйлер тізбектері тек Испанияда ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемде таралған – 25 елде 200-жуық қонақ үйлер (орындардың саны – 90000-ға жуық). /14/

         Испанияда бұл қонақ үйлердің саны көбірек  (70%-ға жуық).

    Басқа аймақтарда бұл қонақ үйлер тізбектерінің  орналасуы:

      1. Европа (Андорра, Бельгия, Португалия, Тунис, Франция, Греция, Турция, Германия);
      2. Азия (Индонезия, Малайзия, Сингапур, Таиланд, Израиль);
      3. Оңтүстік Америка (Венесуэла, Колумбия, Мексика, Коста-Рика, Уругвай, Бразилия және Куба);
      4. Африка (Марокко, Мысыр, Доминика).

           Бұл қонақ үйлер Оңтүстік Америка мен Европада көп таралған. «Sol Melia» туризм индустриясы жақсы дамитын, туристердің ағымдары жоғары аймақтарында өз қонақ үйлерін жайғастырады.

         Көптеген  елдерде оператор турөнімін тарататын  агенттіктердің жұмысын бақылайтын «Sol Melia» өкілділіктері орналасқан.  12 елде бұл туроператордың негізгі өкілділіктері бар: Европада (Бельгия, Франция, Германия, Италия, Испанияның түрлі аймақтарында), Жапонияда, АҚШ-та және Оңтүстік Африка елдерінде. Осындай кең таралған өкілділіктер тізбегі «Sol Melia» туроператорларының бүкіл әлемдегі жоғары даму дәрежесі туралы айтады.

         Испания туроператорларының тағы бір жарық  үлгісі – «SolTour» фирмасы –  туроператорлардың ішіндегі ең ірілердің  бірі. 20 жылдан астам уақыт халықаралық  туристік нарықта табысты жұмыс істеп келе жатыр. Бұл уақыт ішінде «SolTour» 0,5 миллион туристерге қызмет көрсетті, соның көпшілігі тұрақты клиенттері болып қалды. 1997 жылы «SolTour» Испанияның ең  жақсы туроператоры деген атаққа ие болды.

         Жоғарыда  қарастырылған туроператорлардың  үлгілеріне қарап, елдің туристік индустриясының бұл элементтерінің жоғары дамығандығы жайлы айтуға болады. Бұл бүтінде Испанияның халықаралық деңгейде туризмнің жоғары даму дәрежесін көрсетеді. /15/ 
     
     

    Қорытынды 

         Халықаралық туризм жекелеген елдердің, сондай-ақ әлемдік экономиканың дамуына әсер етеді. Халықаралық сауда және халықаралық қатынастардың басқа да нысандары кеңейген сайын, мәдениет пен білім беру деңгейі жоғарылаған сайын халықаралық туризм де дамиды. Халықаралық туризм Батыс Еуропа елдерінде аса жоғары дамыған. Осы аймақтың үлесіне әлемдік туристтік нарықтың 70% - нан астамы және валюталық түсімдердің 60% жуық түсімдер келеді.

    Информация о работе Испания