Баскетбол

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2012 в 22:48, автореферат

Краткое описание

Зерттеу міндеттері:
1. Технологиялық тәсілдердің жүзеге асырылуының басты бағыттарын баскетбол бойынша ойын техникасын қалыптастыруда қолдану.
2. Динамикалық ойын жағдайларының мазмұнын оқушыларды техникалық дайындаудың бастапқы кезеңінде қолдану негіздемесін беру.
3. Баскетбол ойынының техникасын қалыптастыру технологиясын жасаудың және динамикалық ойын жағдайларын дене шынықтыру сабақтарында қолданудың эксперименталді негіздемесін беру.
4. Оқушыларды дене шынықтыру сабақтарында баскетбол ойынының негіздеріне үйретудің тимділігін арттыру бойынша ғылыми-педагогикалық ұсыныстар түзу.

Содержимое работы - 1 файл

Автореферат Ескалиева.doc

— 377.50 Кб (Скачать файл)

    1 мектептегі дене шынықтыруда оқушылармен жұмыс кезінде психологиялық, морфофункциялық даму деңгейін, дене жағынан, техникалық дайындығын ескерудің қажеттілігі туралы түсінік берік орныққан. Бұл жағдай заңдылық деп саналады және оқу-тәрбие сабақтарын өткізудің тиісті мазмұны мен ұйымдастырудың әдістемелерін қолдануға бағыттайды. Алайда бұл заңдылық спорттың түрлеріндегі, соның ішіндегі баскетболдағы  көрініс беруінің арнайылығын білдірмейді.

    Әдеби туындыларда және спорттық-педагогикалық тәжірибеде бұл алуан түрлі нұсқаларда көрініс береді. Нәтижесінде дене  шынықтыру мұғалімдерінің сабақты өткізудің нақты құралдарын таңдап алу мен ұйымдастыру мәселелері бойынша қажетті білімдері жоқ, тиісті міндеттерді ішкі түйсігімен, ең бастысы, жеке педагогикалық және спорттық тәжірибесін басшылыққа алып, шешеді.

    Басқа авторлар жүргізген зерттеулерде,  оқушылардың дене шынықтыру үдерісін жетілдіруді зерттеудің объективті маңыздылығын атап өтеді. Оқушылардың дене жағынан, техникалық дайындығы көрсеткіштерінің төмендеу себептерінің бірі- бағдарламалық құжаттарда мектептегі дене шынықтыру негіздері бойынша жұмыстың бағдарының жоқтығы.  Оқу-тәрбие жұмысын оқуларды дайындауды бейімдеуге өту мәселесі де өз шешімін күтіп тұр.

    2 Жалпы мектеп бағдарламасын орындау оқушылардан ақыл-ой және денені жетілдірудегі қабілетілігінің жоғары деңгейін талап етеді, ал бұлар дене шынықтырумен және, спортпен, соның ішінде баскетболмен жүйелі түрде айналысқанда дамиды: а) жоғарыда аталған факторлардың барлығы қандай да бір түрде дене шынықтырудың мектептегі бағдарламасында ескеріледі. Сонымен қатар,  осы бағдарламаға бір жағынан, мазмұны тұрғысынан, екінші жағынан- оны ұйымдастыру мен өткізудің әдісінде жаңаланған мазмұн мен дене жаттығуларын орындаудың реттілігіне түзетулер енгізу қажеттігі туындап отыр; ә) дене жағынан қалыптасу қасиеттері оқушылардың осы контингентіне қойылатын талаптарға сай болмай отыр. Бұл туралы олардың дене жағынан қалыптасу қасиеттері деңгейінің төмендегі дәлелдеп отыр; б) мектептегі қалыптасқан дене шынықтыруды әдістемелік қамту  да қажетті деңгейіне жетпей отыр. Осы тұрғыдан алғандағы динамикасының оң болуына қарамастан, бірқатар мәселелер өзгертуді және жаңалауды қажет етеді; в) баскетболшының дене шынықтыру жүйесінде қолдану, осы негізде оқу-тәрбие үдерісін және   үйретудің нәтижелері мен оның барысын педагогикалық бақылауды ұйымдастыру  жалпы білім беретін мектептің 4 сынып оқушыларымен баскетбол техникасының негіздеріне үйретудің бастапқы кезеңін жетілдірудің балама бағыттары  ретіндегі технологиялық қадамын жасаудың негізі бола алды.

    3 Оқушыларды баскетболға үйретудің бастапқы дайындығы кезіндегі технологиялық қадамның негізгі құрылымдары: мақсатты- баскетбол ойынының техникалық тәсілдерін кезеңдеп қалыптастыруға және жан-жақты дене жағынан дайындығы мен психомоторлы үдерістердің үндесе дамуына  бағытталған; ұйымдастырушылық- оқу-тәрбие үдерісін жоспарлы даралауды жүзеге асыру үшін модулді оқытуды жобалаумен байланысты; бақылау-   жекелеген операциялар мен қозғалыс қимылдарын дер кезінде түзету үшін ойынның техникалық тәсілдерінің өлшемдерін өзіндік бақылаудың объективті бақылау қызметін қалыптастыруды білдіреді.

      Құрылымдық бөлімдерге сәйкес қозғалыс әрекеттерін кезеңдеп қалыптастыру негізінде баскетболды үйреніп жүрген  оқушылардың техникалық дайындығының технологиясы негізделген.

    4 Оқу үдерісінің бастапқы кезеңіндегі модулдік оқыту баскетболшылардың интегралды дайындығының талаптары, әдістері мен құралдары түріндегі динамикалық ойын жағдайларын қарастырады.

    Оқу үдерісіндегі динамикалық ойын жағдайлары  ойын және оқу тәжірибесін, оқушылардың қысқартылған, дене жағынан қалыптасудың қарқындатылған қасиеттерінде белсенді ойын әрекеттеріне  дайындығын қалыптастыруды моделдеуге қажетті және жеткілікті, бірегей динамикалық жүйеге жалпы мақсатта біріктірілген әрекеттердің жиынтығы түрінде қарастырылады: а) Дене жағынан және техникалық дайындықтағы, экспериментті режимде оқитын оқушылардың психомоторлы үдерістерінің өтуіндегі қол жеткізілген оң өзгерістер  оқу үдерісінің бастапқы кезеңінде технологиялық қадамды қолданудың тиімділігін дәлелдейді; ә) алынған материалдар оқу үдерісін технологиялық қадамды қолдану негізінде ұтымды басқару мүмкіндігі туралы ережелер бойынша жалпы білім беретін мектептерде баскетболға оқытудың бастапқы кезеңінде теориялық және тәжірибелік базасын кеңейтуге,  динамикалық ойын жағдайлары сабақтарында жүзеге асырғанда үйрету әсерінің және денеге түсетін салмақтың өлшемдері мен талаптарын нақтылауға мүмкіндік береді.

    Жан-жақты  талдау, алдын ала жүргізілген  сараптама мен эксперименттік мұқият тексеру біздер ұсынған ғылыми болжамның растығын дәлелдейді және мектептегі дене шынықтыруды бұдан әрі тереңдете дәлелдеуге негіз бола алады. 

    Тәжірибелік ұсыныстар 

      Жүргізілген зерттеудің көп қырлылығы,  соның барысында анықталған заңдылықтардың өзіндік маңыздылығы тәжірибелік кеңестердің бірқатар сериясын жасауға мүмкіндік береді. Осы жағдайды және  мектептегі дене шынықтыру туралы қалыптасқан ғылыми-педагогикалық түсінікті ескере отырып, біз бұл кеңестерді қалыптасқан мазмұнымен және ғылыми-әдістемелік қамтылуына сәйкес, баяндауды жөн көрдік.

    1 Мектептегі дене шынықтырудың тиімділігін ұдайы арттыру мақсатында сабақтарды өткізудің әдістемелері мен ұйымдастырылуын, бағдарламаның мазмұнын сипаттайтын деректерді үнемі зерттеп-зерделеп, талдап және жалпылап отыруымыз қажет, және соның негізінде оқу-тәрбие сипатында туындайтын мәселелерді шешудің әдістерін тиісті түрде нақтылап  отыруымыз керек:

    - бұндай деректерді әрбір оқу-тәрбие  жұмысының  басында, яғни, тоқсан, жарты жылдық және  оқу жылына жинақтап отыруымыз керек. Бұны жүзеге асырмай оқушылардың қандай да бір түрдегі дайындығының объективті, дәл және талғамды әсеріне қол жеткізу өте қиын, және көп жағдайда мүмкін де емес; нәтижелер негізінде оқушыларды баскетбол ойыны техникасы мен тактикасына үйретудің технологиялық қадамының мазмұнын және жағдайларын зерттеп дайындау мүмкін емес; сабақтарда қолданылатын құралдардың баскетболды үйрене бастаған оқушылардың ықыластары мен мүдделеріне тигізер әсерін зерделеу, оқу бағдарламасының үйренушілердің мақсатына және олардың ойын-оқу стратегиясына сәйкестігін анықтау; оқушы-баскетболшылардың техникалық дайындығының бастапқы кезеңінің тиімділігін арттыруды шартын оқытудың және оқу үдерісін ұйымдастырудың дәстүрлі емес үлгісін қолдану арқылы, зерттеп дайындау.

    2  Сабақтар циклын оқу жылына жоспарлағанда баскетбол ойынының техникалық тәсілдерін толыққанды қалыптастыру үшін, негізгі оқу сабақтарының жүйесін дайындау қажет. Бұның нақты бағдары болып табылады: ойын техникасының негізгі тәсілдерінің  мазмұнды және процессуальды сипаттамасы; оқушы-баскетболшылардың оқу және ойын әрекетіне түсетін салмақтың сипаты мен дәрежесі; оқу үдерісін, инновациялық әрекетті қоса алғандағы ұйымдастырушылық және әдістемелік қамту.

    3 Оқу сабақтарының құрылымы мен мазмұнын дайындағанда, міндеттерді тиімді шешу мақсатына сәйкестілік: жалпы алғандағы ойынның техникалық тәсілдері мен  негізгі тірек нүктелерін қалыптастырудың дене шынықтыру жаттығуларының минималданған бағдарламасын қолдану, техникалық дайындыққа мақсатты түрде бағытталған жаттығулар үшін динамикалық ойын жағдайларын жиі пайдалану; ойын техникасының негізгі тәсілдерін үйретудің реттілігі мен сабақтастығын, құрылымдық бөлімдердің (негізгі тірек нүктелерінің) және  оқу кезеңдерінің- материалды, дауыстап айту, ақыл-ой формасы жалпылығы есебінен, қамтамасыз ету; оқу бағдарламасын меңгеру дәрежесін, қосымша және үй тапсырмаларын жедел бақылаудың құралдарын қосу; үйренушілердің модулдерді қолдана отырып, өзіндік оқуларын жүзеге асыруларын қарастыру.

    4 Баскетболдың арнайылығы мен оның  бағыттылығының ерекшелігін сәйкес оқу-тәрбие процесін ұйымдастырумен, жарыстарды, атап айтқанда, жұмысты ұйымдастырудың түрлі әдістерін қолданумен: фронталды, топтық, жеке-дара, жаттығуларды түрлі әдістерін: бір мезетті, кезекпен, аралас орындаумен үйлесуі тиіс. Жалпы алғанда  осы процестің ұйымдастырушылық негізі, әрбір сабақты ұтымды құруды қамтамасыз ететіндей, оқушы-баскетболшылар әрекетінің барлық қырын толыққанды бақылай алатындай етіп, жолға қойылуы тиіс.

    5 Оқытудың техникалық құралдарына сәйкес келетін көрнекілік оқу құралдарымен дене шынықтыру сабақтарының бастапқы кезеңінде баскетбол ойыны техникасының негіздерін қалыптастыруды оқу-әдістемелік тұрғыдан толық қамтамасыз ету үшін, әрбір білім беретін мекеме үшін, жеткілікті түрдегі педагогикалық (баскетбол мұғалімдері), оқу, әдісметелік және қосалқы әдебиетпен,  дене шынықтырудың бағдарламалары ұсынған, баскетбол алаңымен, құрал-жабдықтармен, залмен және қосалқы бөлмелермен арнайы жабдықталуы керек.

    Қорыта  айтқанда, ұсынылған тәжірибелік кеңестер біздер жүргізген зерттеудің таңдап алынған тұстарын  көрсетеді, оқу әрекетін ескере отырып,   оқушылардың дене  тәрбиесінің тиімділігін арттырудың,  маңызды жолдарын қамтиды.

     

      ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕР ТІЗІМІ 

      1 Ескалиев М.З., Орехов Л.И. Инновационные технологии начального обучения юных баскетболистов // Теория и методика физической культуры. - 2007 - №1. – С.161-166.

      2 Орехов Л.И., Ескалиев М.З. Начальное обучение и отбор юных баскетболистов с учетом биологического возраста // Вестник физической кльтуры. – 2009. - №2. – С.70-74.

     3 Е.Л. Караваева, М.З. Ескалиев, Н.А. Ахметов. Методологические проблемы сохранения здоровья при занятиях спортом // III Межд.конгресс «Человек, спорт, здоровье».- Санкт-Петербург: Олимп СПб, 2007. – С.76.

         4 Л.И. Орехов, Е.Л. Караваева, М.З. Ескалиев. Инновационный подход к обучению и укреплению здоровья на начальном этапе подготовки юных баскетболистов // III Межд.конгресс «Человек, спорт, здоровье».-Санкт-Петербург: Олимп СПб, 2007. – С.118-119.

        5 Л.И. Орехов, С.И. Касымбекова, М.З. Ескалиев. Эффективность развития координационных способностей на начальном этапе обучения юных баскетболистов // III Межд.конгресс «Человек, спорт, здоровье».-Санкт-Петербург, Олимп СПб, 2007. – С.119.

        6 М.З. Есқалиев. Баскетболдағы бастапқы үйрету кезеңінде ойын техникасы негіздерін қалыптастыру // Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. - 2010.- №1. -  Б.206-210. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     РЕЗЮМЕ 

         Ескалиев Мухтар Зайнулдинович 

Оптимизация обучения технике  игры в баскетбол  на уроках физической культуры с учащимися 10-11 лет 

    13.00.04 – Теория и методика физического  воспитания, спортивной тренировки, оздоровительной и адаптивной физической культуры 

    Актуальность      исследования. Среди многообразных средств, баскетбол занимает ведущее место. Баскетбол включен в программу общеобразовательной школы с 3 класса как наиболее эффективное средство повышения двигательной активности учащихся.

    Гипотеза  исследования. Научную основу гипотезы составляют теоретические положения об обучении как интегративной Форме общественного бытия человека, определяющим результатом которого является превращение явлений бытия в факты жизнедеятельности. Предполагалось, что начальное обучение технике игры в баскетбол на уроках физической культуры можно существенно улучшить за счет реализации в системе занятий следующих методических подходов:

    – поэтапного формирования приемов техники игры;

    – отбора содержания учебного материала  и построения учебных занятий  на основе динамических игровых ситуаций (модулей).

    Объект  исследования: урок физической культуры в общеобразовательной школе.

    Цель  исследования: повышение эффективности процесса обучения учащихся основам техники игры в баскетбол на уроках физической культуры.

    Методы  исследования: теоретические исследование научной и методической литературы по теме исследования, обобщение практического опыта специалистов, анкетирование, тестирование физической подготовленности и специальных качеств баскетболиста, антропометрия (масса тела, рост, ЖЕЛ и др.), педагогический эксперимент, методы математической статистики.

Информация о работе Баскетбол